«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті icon

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті



Название«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Дата конвертации30.04.2013
Размер84.98 Kb.
ТипДокументы
источник


Әкімдіктің

2012 жылғы «31» қазандағы

№ 482 қаулысымен бекітілген


«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті


1. Негізгі ұғымдар


1. Осы «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік білім беру мекемесінің білім алушысы мен тәрбиеленушісі (бұдан әрі - алушы);

2) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушылар (уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері) (бұдан әрі - ҚФБ).


^ 2. Жалпы ережелер


2. «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) алушыларға «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, 3-тармағының 21) тармақшасына, 4-тармағының 14) тармақшасына сәйкес көрсетіледі және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартымен (бұдан әрі - Стандарт) белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады.


^ 3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


6. Мемлекеттік қызмет алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған облыстың, қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органының қарамағындағы жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарында көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы көрсетіледі:

белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Стандарттың 3, 4 - қосымшаларында тізбесі көрсетілген облыстың білім басқармасының, аудандардың, қалалардың білім беру бөлімдерінің фойелерінде орналасқан стендтерде, сондай-ақ облыстың білім басқармасының, аудандардың, қалалардың білім беру бөлімдерінің интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру бес жұмыс күнін (өтініш түскен мерзімнен бастап бес күн ішінде) құрайды;

2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің барынша шекті уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;

3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін алушыға қызмет көрсетудің барынша шекті уақыты – 30 минуттан аспайды.

9. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға алушының осы Регламенттің 12-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы негіз болады.

10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгі мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:

1) алушы жалпы білім беретін мектепке осы Регламенттің 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері алушыға қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат береді;

3) жалпы білім беретін мектептің басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады;

4) жалпы білім беретін мектептің басшысы жалпы білім беретін мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтамаға немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауапқа қол қояды;

5) жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері жалпы білім беретін мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауапты береді.

11. Жалпы білім беретін мектепте мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.


^ 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiндегі іс-әрекет (өзара іс-әрекет)

тәртiбiнiң сипаттамасы


12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы жалпы білім беретін мектепке мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

1) Стандарттың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

2) Стандарттың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін табысы туралы мәліметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);

3) Стандарттың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген отбасыларда тәрбиеленетін адамдар санаты үшін, уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы шешімі;

4) Стандарттың 6-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатын отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде алқалық орган айқындайды. Алқалық орган қажет болған жағдайда көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды сұратуға құқылы.

13. Мемлекеттік қызметті алуға арналған Стандарттың 6-қосымшасына сәйкес өтініштің үлгісі және қажетті құжаттар тізбесі жалпы білім беретін мектептердің фойесінде орналастырылады, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің қызмет көрсетуге жауапты қызметкерінен алуға болады.

14. Осы Регламенттің 12-тармағында көрсетілген құжаттар аталған қызметті көрсетуге жауапты жалпы білім беретін мектеп қызметкерінің кабинетіне тапсырылады.

15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде алушыға Стандарттың 7-қосымшасына сәйкес қызметті алатын күнін көрсете отырып, қолхат берген жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, өтінішті қабылдап алған күні мен нөмірі көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат беріледі.

16. Алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін жеткізу алушы немесе оның өкілі жеке өтінішпен жүгінген кезде (ресми бекітілген тиісті құжаттар болған жағдайда) өтініш түскеннен бастап 5 жұмыс күн өткен соң жүзеге асырылады.

17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ әрекет етеді:

1) жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері;

2) жалпы білім беретін мектептің басшысы.

18. Әрбір әкiмшiлiк іс-әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, әрбір ҚФБ әкiмшiлiк іс-әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.

19. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісiндегі әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.


^ 5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


20. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға жалпы білім беретін мектептің басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.

Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi іске асыруға жауап береді.


______________________________________


«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша


Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің сипаттамасы


Негiзгi үдерістiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекеттің №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері

Жалпы білім беретін

мектептің басшысы

Жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері

3

Әрекеттің

(үдерістiң,

рәсiмнiң,

операцияның)

атауы және олардың сипаттамасы

Осы Регламенттің

12-тармағында көрсетілген, алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау

Келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығын және сенімділігін тексеру, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiне қол қою

Алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру

4

Аяқтау нысаны

Алушыға қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхатты беру

Жалпы білім беретін мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап

5

Орындау

мерзімдері

30 минуттан аспайды

5 жұмыс күні

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

-



________________________________________


«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша


Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба


Жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері алушыға қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат береді








Жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері жалпы білім беретін мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауапты береді





________________________________________



Похожие:

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті icon«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызмет регламенті
Осы «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін...
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті icon«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
Тептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік...
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті iconЖалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну үшін құжаттар...
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті iconЖалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды
Птерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік...
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті iconЖалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы анықтама үлгісі
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар...
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті iconЖалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар...
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті iconМемлекеттік қызмет
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар...
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті iconП/п Бөлімдердің атауы
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар...
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті iconОблыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының тізімі
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар...
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті iconАудандық, қалалық білім бөлімдерінің тізімі
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы