«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер icon

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер



Название«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
страница1/8
Дата конвертации30.04.2013
Размер1.32 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
2011 жылғы 7 сәуірдегі    
№ 394 қаулысымен       
бекітілген         

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
      Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетіледі. Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 2-тарауы және жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімдері негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкілетті органдардың, орталықтардың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады, сондай-ақ нөмірлері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны арқылы беруге болады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге әлеуеттік көмекті тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар, аталған жерде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
      уәкілетті органда – күнтізбелік он күн ішінде;
      орталықта – күнтізбелік он күн ішінде көрсетіледі (мемлекеттік қызметке құжат (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге уәкілетті органда 15 минуттан, орталықта 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты уәкілетті органда 15 минуттан аспайды, орталықта – 30 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады;
      орталықтың жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, орталықтың филиалдары мен өкілдіктерінде демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның үй-жайында;
      залда анықтамалық бюро, кресло, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетіледі.
      Уәкілетті органның және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай режимі – еркін.

^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) өтініш;
      2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      4) тіркеу кітабының көшірмесі;
      5) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      7) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және кондоминиум объектісін басқару органы басшының мөрімен, қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      8) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      10) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың түпкілікті тізбесі жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімімен айқындалады.
      12. Уәкілетті органда өтініштердің нысандары күту залындағы арнайы тағанда не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.
      Орталықта бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналасады.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті толтырылған өтініш пен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмірі туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде ақпарат жазылған уәкілетті органның стендісінде орналастырылған.
      Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілгенде құжаттар «терезелердің» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы қабылданады, сондай-ақ орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
      14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:
      1) уәкілетті органда – тұтынушыны тіркеу және оның мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;
      2) орталықта:
      өтініштің нөмірі мен қабылдаған күні;
      сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған жауапты инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
      15. Тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама беру:
      уәкілетті органға жүгінген кезде тұтынушының тікелей өзі баруы не пошталық хабарлама арқылы;
      орталыққа өзі барған кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
      16. Уәкілетті орган, егер телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу ақысы және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтыну отбасының осы мақсаттарға жергілікті өкілді орган (мәслихат) белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса, мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтата тұрудың негіздемесі жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімімен айқындалады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті органның және орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік міндетін орындау барысында заңдылықтың сақталу қағидаттарына негізделеді және ол сыпайылық, толыққанды ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

^ 4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Уәкілетті органның және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

^ 5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі және шағымды дайындауда жәрдем көрсетілетін мемлекеттік органдардың атаулары, электронды пошталары олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері осы стандартқа 1, 4-қосымшаларда көрсетілген.
      Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтардың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінің телефондары бойынша түсіндіріледі.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефондары, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген аталған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкілетті органның басшысының атына беріледі.
      22 Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым кабинет нөмірі уәкілетті органның, облыс әкімі аппаратының, орталықтың ақпараттық стендісінде көрсетілген уәкілетті органның, облыс әкімі аппаратының, орталықтың басшысының атына беріледі. Уәкілетті органның жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, облыс әкімі аппаратының және орталықтың телефоны мен мекенжайы осы стандартқа 1, 2, 6-қосымшаларда көрсетілген.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қоюға тиіс. Шағым бергенде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш және талап беру себебі көрсетіледі.
      25. Жазбаша шағым берген тұтынушыға жауап алу күні, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 6-кіреберіс, интернет-ресурс: www.enbek.gov.kz.

Мемлекеттік қызмет
стандартына 1-қосымша

^ Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен байланыс деректері Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020100, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81 akkol_ozsp@mail.ru

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020200, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020300, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020400, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020500, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 bulandy_rozsp@mail.ru

8-71646 2-14-26

6

Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020600, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6 egindykol_ozsp@mail.ru

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020700, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 64 oz_sp.enbek@bk.ru

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020800, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесі, 87 eremzsp@mail.ru

8-71633 2-37-44

9

Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020900, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 5 esil_sobes@mail.ru sobes@kokshetau.online.kz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021000, Жақсы ауылы, Достық көшесі, 3 soc_zahita_21@kokshetau. online.kz socasp@mail.ru

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021100, Державин қаласы, Ленин көшесі, 32 rusz_irk@kokshetau. online.kz

8-71648 9-17-02

12

Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021200, Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 64 sobes_zer_08@mail.ru

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021300, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесі, 9 kszn@kokshetau.online.kz

8-71637 2-11-83

14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021400, Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 117 Sondyktau_OZSP@kokshetau. online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

010021, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 otdelakmol@mail.ru

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021600, Шортанды кенті, Абылайхан көшесі, 22 shortsobes@mail.ru

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021700, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесі, 24 soczachita@kokshetau. online.kz

8-716-36 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021500, Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru

8-71645 6-26-33, 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020000, Көкшетау қаласы, Локомативная көшесі, 9 «а» Sobes_kokshe@kokshetau. online.kz

8-7162 31-92-76, 31-92-78




^ Ақтөбе облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Әйтеке би ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030100, Комсомол ауылы, Балдырған көшесі, 10 aitekebi_ozisp@mail.ru

8-71339 2-12-18 2-14-69

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Алға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030200, Алға қаласы, Сейфуллин көшесі, 17 alga_zanytos@mail.ru

8-71337 3-11-52 3-14-07

3

Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030300, Байғанин кенті, Қонаев көшесі, 37 aset2306@mail.ru

8-71345 2-25-73 2-24-33

4

Ырғыз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030400, Ырғыз кенті, Әбілхайыр хан көшесі, 52 irgizsobez@mail.ru

8-71343 2-14-81 2-16-50

5

Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030500, Бадамша ауылы, Патсайы көшесі, 11 «а» kargala_zzsp@mail.ru

8-71342 2-22-98 2-27-31

6

Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031000, Қобда кенті, Әбілхайыр хан көшесі, 47 hobda6161@mail.ru, hobda_sobes@mail.ru

8-71341 2-13-24 2-10-06

7

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030600, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 38 kazaevanatalja@mail.ru

8-71331 2-16-37 2-28-15

8

Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030700, Қандыағаш қаласы, Шынтасов көшесі, 2 zhamald@mail.ru

8-71333 3-62-02 3-68-62

9

Темір ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030800, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 13 temir-sobes@mail.ru

8-71346 2-30-93 2-22-95

10

Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030900, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69 s_nauyrizbaev@mail.ru

8-71332 2-19-42 2-19-45

11

Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031100, Хромтау қаласы, Жеңіс даңғылы, 4 hromtay_s@mail.ru

8-71336 2-16-57 2-18-63

12

Шалқар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031200, Шалқар қаласы, Үргенішбай көшесі, 13 shalkarsobes77@yandex.ru

8-71335 2-30-11 2-15-77

  1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Тұрғын үй көмегін тағайындау»
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер «Тұрғын үй көмегін тағайындау»
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың...
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы «Тұрғын үй көмегін тағайындау»
Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың...
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Тұрғын үй көмегін тағайындау» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті Жалпы ережелер Мемлекеттік қызмет «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеу-меттік бағдарламалар бөлімі»
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» электрондық мемлекеттік қызметінің осы регламентінің 1 қосымшасында көрсетілген (бұдан әрі – Регламент),...
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Тұрғын үй көмегін тағайындау»
...
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер icon"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағы...
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Тұрғын-үй көмегін тағайындау»
ХҚко-ның инспекторы– халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері тұтынушының өтініштерімен құжаттарын қабылдайды
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Тұрғын-үй көмегін тағайындау»
ХҚко-ның инспекторы– халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері тұтынушының өтініштерімен құжаттарын қабылдайды
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Тұрғын үй көмегін тағайындау» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Жергілікті...
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер iconМемлекеттік қызмет көрсету регламенті Тұрғын үй көмегін тағайындау
«Табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы