1. Жалпы ережелер icon

1. Жалпы ережелер



Название1. Жалпы ережелер
Дата конвертации30.04.2013
Размер35.62 Kb.
ТипДокументы
источник




Әкімдіктің

2012 жылғы 19 қазандағы

№ 467 қаулысымен бекітілген


«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi





1. Жалпы ережелер


1. «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынады.

2. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңы 22-бабының 1-тармағы және «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 754 қаулысымен бекiтiлген, Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету ережесiнiң, «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде ұсынылады.

3. Осы мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай термин пайдаланылады: тұтынушы – Стандарттың 6-тармағында көрсетілген жеке тұлға.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Өтiнiш берушi алатын көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi кресло-арба беру үшiн құжаттарды ресiмдеу туралы хабарлама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiште дәлелдi жауап болып табылады.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар


6. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкiлеттi органдардың стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.

7. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден бастап 14.00-ге дейін түскі үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейiн.

      Қабылдау алдын ала жазылмай және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден мынадай негiздемелер бойынша:

1) тұтынушының мүгедектердiң кресло-арбалармен қамтамасыз етiлуiне қарсы медициналық көрсетiлiмдерi болғанда;

2) аталған мемлекеттiк қызмет көрсетуге қажеттi құжаттардың бiреуi болмаған, құжаттарды ресiмделуiнде қате анықталған кезде;

3) жалған мәлiметтер мен құжаттар ұсынылғанда бас тартылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

9. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң қорытындысын шығару сәтіне дейiнгі мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы уәкілетті органға өтініш береді;

2) кресло-арба алуға құжаттарды ресiмдеу (ресiмдеуден бас тарту) туралы хабарламаны беру және жеткiзудi тұтынушының тұрғылықты жерiндегi уәкiлеттi органға жеке өзiнiң баруы арқылы не почта байланысы арқылы жүзеге асырылады.


^ 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер

(өзара іс – әрекет) тәртібінің сипаттамасы


10. Тұтынушы уәкiлеттi органда барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн мемлекеттiк қызметке тұтынушының тiркелген және алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi

11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерiн көрсете отырып, белгiленген үлгiдегi өтiнiштi, әлеуметтiк жеке кодының нөмiрiн (жеке сәйкестендiру нөмiрi болғанда);

      2) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын;

      3) жұмыс берушi – жеке кәсiпкер қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушiнiң кiнәсiнен еңбек жарақаты немесе кәсiптiк ауру салдарынан мүгедек болғандар үшiн – жазатайым оқиға туралы актiнiң көшiрмесiн және жұмыс берушiнiң – жеке кәсiпкердiң қызметiнiң тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы туралы құжатты ұсынады.

      Мүгедектiң өзiнiң баруға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтiн сенiмхат негiзiнде кресло-арба беруге өтiнiш жасауға басқа адамдарға уәкiлеттiк бере алады.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекет етеді:

1) уәкілетті органның қызметкері;

2) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;

3) уәкілетті органның басшысы.

13. Әрбiр iс-қимылдың орындалу мерзiмiн көрсете отырып, мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелердiң немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерiнің iс-қимылы (рәсiмдер, функциялар, операциялар) дәйектiлiгiнiң мәтiндiк, кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтірілген.

14. Олардың сипаттамасына сәйкес мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелердiң немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерi iс-қимылының қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.



Похожие:

1. Жалпы ережелер iconЖалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Негiзгi ережелер
Кодексте белгiленген қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезiнде еңбек нормаларын (еңбек мiндеттерiн) орындаған...
1. Жалпы ережелер icon1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Негiзгi ережелер 1-бап. Осы Кодексте реттелетiн қатынастар
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу, енгiзу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөнiндегi...
1. Жалпы ережелер icon1-БӨлім. Жалпы ережелер 1-тарау. ӘКімшілік қҰҚЫҚ БҰзушылық туралы заңнама
...
1. Жалпы ережелер iconЕрежесі жалпы ережелер
Білім ұйымдарының түлектері «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестаттың иегерлеріне берілетін естелік сыйлықтың үздік эскизына...
1. Жалпы ережелер iconЖалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер
Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің өз қызметін...
1. Жалпы ережелер icon1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер
Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)
1. Жалпы ережелер iconЖалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 22 мамыр n 132-135 (24710)
1. Жалпы ережелер iconЖалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 22 мамыр n 132-135 (24710)
1. Жалпы ережелер icon«бекітемін»
Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер icon«бекітемін»
Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер iconЖалпы бөлiм 1 бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы