1. Жалпы ережелер icon

1. Жалпы ережелер



Название1. Жалпы ережелер
Дата конвертации30.04.2013
Размер38.26 Kb.
ТипДокументы
источник




Әкімдіктің

2012 жылғы 19 қазандағы

№ 467 қаулысымен бекітілген


«Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi





1. Жалпы ережелер


1. «Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынады.

2. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы 20-бабының 3-тармағы, «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі 754 қаулысымен бекітілген, Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесінің, «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде ұсынылады.

3. Осы мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай термин пайдаланылады: тұтынушы – Стандарттың 6-тармағында көрсетілген жеке тұлға.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi өтiнiш берушiге санаторийлiк-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн құжаттарын ресiмдеу туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген қағаз жеткiзгiштегi жауап болып табылады.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар


6. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкiлеттi органдардың стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.

7. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейiн.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

      8. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден мынадай:

      1) тұтынушыны санаторийлiк-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге қарсы медициналық көрсетiлiмдер болған;

      2) аталған мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн талап етiлетiн құжаттардың бiреуi болмаған, құжаттарды ресiмдеуде қателiктер табылған;

      3) ұсынылған мәлiметтер мен құжаттар дұрыс болмаған негiздемелер бойынша бас тартылады.

      Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

9. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң қорытындысын шығару сәтіне дейiнгі мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы уәкілетті органға өтініш береді;

2) Санаторийлiк-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу (ресiмдеуден бас тарту) туралы хабарламаны беру және жеткiзу тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға тұтынушының өзi келгенде, сондай-ақ пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.


^ 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер

(өзара іс – әрекет) тәртібінің сипаттамасы


10. Тұтынушы қажеттi құжаттардың барлығын уәкiлеттi органға тапсырғаннан кейiн тiркелген және тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдап алған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

11. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет алу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерiн, әлеуметтiк жеке кодының нөмiрiн (болса, жеке сәйкестендiру нөмiрiн) көрсете отырып белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

3) мүгедек балалар үшiн – баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн және оның заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

4) денсаулық сақтау ұйымы берген санаторлық-курорттық картасының көшiрмесiн;

5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);

6) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме;

7) мүгедектiң жазбаша келiсiмiмен басқа адам өтiнiш беретiн кезде – оның жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесi.

Құжаттардың көшiрмелерi мен салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiледi, кейiн құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекет етеді:

1) уәкілетті органның қызметкері;

2) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;

3) уәкілетті органның басшысы.

13. Әрбiр iс-қимылдың орындалу мерзiмiн көрсете отырып, мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелердiң немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерiнің iс-қимылы (рәсiмдер, функциялар, операциялар) дәйектiлiгiнiң мәтiндiк, кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтірілген.

14. Олардың сипаттамасына сәйкес мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелердiң немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерi iс-қимылының қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.



Похожие:

1. Жалпы ережелер iconЖалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Негiзгi ережелер
Кодексте белгiленген қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезiнде еңбек нормаларын (еңбек мiндеттерiн) орындаған...
1. Жалпы ережелер icon1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Негiзгi ережелер 1-бап. Осы Кодексте реттелетiн қатынастар
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу, енгiзу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөнiндегi...
1. Жалпы ережелер icon1-БӨлім. Жалпы ережелер 1-тарау. ӘКімшілік қҰҚЫҚ БҰзушылық туралы заңнама
...
1. Жалпы ережелер iconЕрежесі жалпы ережелер
Білім ұйымдарының түлектері «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестаттың иегерлеріне берілетін естелік сыйлықтың үздік эскизына...
1. Жалпы ережелер iconЖалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер
Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің өз қызметін...
1. Жалпы ережелер icon1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер
Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)
1. Жалпы ережелер iconЖалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 22 мамыр n 132-135 (24710)
1. Жалпы ережелер iconЖалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 22 мамыр n 132-135 (24710)
1. Жалпы ережелер icon«бекітемін»
Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер icon«бекітемін»
Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер iconЖалпы бөлiм 1 бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы