Мемлекеттiк мүлiк туралы icon

Мемлекеттiк мүлiк туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiк туралы
страница4/14
Дата конвертации15.02.2013
Размер2.06 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

              жағдайлар кезiнде реквизицияланатын мүлiктi
              есепке алу

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялауды жүзеге асырған мемлекеттiк орган реквизицияланған мүлiктiң есебiн жүргiзуге мiндеттi, онда алып қойылған мүлiктiң тiзбесi және реквизицияланған мүлiк пайдалану үшiн берiлген авариялық-құтқару қызметiнiң жасақтары (бөлiмшелерi) немесе өзге де ұйымдар туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
      2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшiн, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде берiлген реквизицияланған мүлiктi есепке алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды және оны табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган ұйымдастырады.

      ^ 47-бап. Реквизициялау кезiндегi меншiк иесi құқықтарының
              кепiлдiгi

      1. Реквизициялауды жүргiзу кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
      2. Реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесi реквизициялау туралы шешiмге, сондай-ақ реквизицияланған мүлiктi бағалау және өтем мөлшерiне, оның iшiнде өтелетiн залалдардың мөлшерiне де сот тәртiбiмен дау айтуы мүмкiн.
      3. Реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесiнiң мүлiктiң құнын және реквизициялаудан туындаған залалдарды өтеу туралы талабына талап қоюдың өту мерзiмi қолданылмайды.

^ 2-параграф. Соғыс жағдайындағы iс-қимыл кезеңiнде және соғыс уақытында қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялаудың ерекшелiктерi

      48-бап. Соғыс жағдайындағы iс-қимыл кезеңiнде қорғаныс
              мұқтажы үшiн реквизициялаудың негiздерi мен
              тәртiбi

      1. Соғыс жағдайы енгiзiлген және жұмылдыру жарияланған (толық немесе iшiнара) кезде қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялау Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында және тауарларды өндiрудiң, жұмыстарды орындау мен қызметтердi көрсетудiң тиiстi кезеңге арналған жоспарында көзделмеген мүлiкке жаңадан қажеттiлiк туындаған жағдайда жүргiзiледi.
      2. Соғыс жағдайындағы iс-қимыл кезеңiнде қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялау Штабтар бастықтары комитетiнiң нұсқамалары бойынша жүзеге асырылады.
      3. Қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi негiзiнде Штабтар бастықтары комитетiнiң нұсқамасы бойынша жүзеге асырылады.
      4. Әскери басқару органдары мен әскери бөлiмдердiң қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялау жөнiндегi қызметiне жалпы басшылық жасауды және оны үйлестiрудi «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысының бұйрықтары негiзiнде Штабтар бастықтарының комитетi жүзеге асырады.

      ^ 49-бап. Қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялауға жататын
              мүлiк

      1. Соғыс жағдайы енгiзiлген және жұмылдыру жарияланған (толық немесе iшiнара) кезде қорғаныс мұқтажы үшiн қажеттi көлiк құралдары және өзге де мүлiктер реквизициялауға жатады.
      2. Соғыс жағдайы енгiзiлген және жұмылдыру жарияланған (толық немесе iшiнара) кезде соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз ету шаралары ретiнде реквизициялау қажет болған кезде реквизициялауға жататын мүлiктiң тiзбесiн Штабтар бастықтарының комитетi айқындайды.
      3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қорғаныс мұқтажы үшiн мүлкiн реквизициялауға болмайтын ұйымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      4. Жеке тұлғалардың реквизициялауға жатпайтын мүлкiнiң тiзбесi мен нормативтерiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, Қазақстан Республикасының халқын соғыс уақытында жабдықтау нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      ^ 50-бап. Соғыс уақытында қорғаныс мұқтажы үшiн
              реквизициялаудың ерекшелiктерi

      1. Соғыс уақытында соғыс iс-қимылдары жүрiп жатқан және жергiлiктi атқарушы органдар жұмыс iстемейтiн аумақта қорғаныс мұқтажы үшiн қажеттi реквизициялауды, бұл туралы кейiннен Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарлай отырып, Штабтар бастықтарының комитетi дербес жүргiзедi. Реквизициялауды жүргiзу үшiн Штабтар бастықтарының комитетi жергiлiктi әскери басқару органдарына немесе әскери бөлiмдердiң командирлерiне (мекеме басшыларына) нұсқама бередi.
      2. Мүлiктi алып қою реквизициялау туралы акт бойынша жүзеге асырылады, ол:
      1) Штабтар бастықтары комитетi нұсқамасының деректемелерi көрсетiлген реквизициялау жүргiзу туралы негiздердi;
      2) алып қоюды жүргiзу уақыты мен орнын;
      3) реквизициялауды жүргiзетiн лауазымды тұлғаның лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауға уәкiлеттi тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың деректемелерi көрсетiлген, реквизицияланатын мүлiктiң иесi туралы, алып қою кезiнде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәлiметтердi;
      4) салмағы, мөлшерi, сапасы мен буып-түю түрi, құқық белгiлейтiн құжаттар, мемлекеттiк тiркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәлiметтер көрсетiлген реквизицияланатын мүлiктiң тiзiмдемесiн;
      5) мүлiктi бағалау және өтем мөлшерi туралы мәлiметтердi;
      6) реквизициялау және реквизицияланатын мүлiк туралы өзге де қажеттi мәлiметтердi қамтуға тиiс.
      3. Жүргiзiлген реквизициялау туралы есеп жасалады, ол қоса берiлген реквизициялау туралы актiлермен бiрге Штабтар бастықтарының комитетiне жiберiледi.

      ^ 51-бап. Соғыс iс-қимылдарын жүргiзу кезiнде қорғаныс
              мұқтажы үшiн реквизициялаудың ерекшелiктерi

      1. Соғыс iс-қимылдары жүрiп жатқан аймақта жекелеген әскери бөлiмдердiң мұқтажы үшiн реквизициялауды ерекше жағдайларда әскери бөлiмнiң командирi дербес жүргiзедi.
      2. Мүлiктi алып қою реквизициялау туралы акт бойынша жүргiзiледi, ол:
      1) реквизициялау үшiн негiз болған ерекше мән-жайлар туралы нұсқауды;
      2) алып қоюды жүргiзудiң уақыты мен орнын;
      3) реквизициялауды жүргiзетiн әскери бөлiм командирiнiң лауазымы, атағы және аты, сондай-ақ реквизициялауды тағайындалған тұлға жүргiзетiн болса, реквизициялауға уәкiлеттi тұлғаларды тағайындау туралы жазбаша бұйрықтың деректемелерi көрсетiлген, реквизицияланатын мүлiктiң меншiк иесi туралы, алып қою кезiнде қатысатын өзге де тұлғалар туралы мәлiметтердi;
      4) салмағы, мөлшерi, сапасы мен буып-түю түрi, құқық белгiлейтiн құжаттар, мемлекеттiк тiркеу туралы және өзге де жеке айқындалған сипаттамалар туралы мәлiметтер көрсетiлген реквизицияланатын мүлiктiң тiзiмдемесiн;
      5) реквизициялау және реквизицияланатын мүлiк туралы өзге де қажеттi мәлiметтердi қамтуға тиiс.
      3. Бiр данасы реквизицияланған мүлiктiң меншiк иесiне немесе оның уәкiлеттi өкiлiне берiледi.
      4. Әскери бөлiмнiң командирi Штабтар бастықтарының комитетiне реквизициялау туралы есеп пен актiнi қоса бере отырып, жүргiзiлген реквизициялау туралы дереу хабарлауға мiндеттi.

      ^ 52-бап. Қорғаныс мұқтажы үшiн реквизицияланған мүлiктiң
              өтемiн төлеу

      1. Штабтар бастықтарының комитетi реквизицияланған мүлiктiң меншiк иелерiне кейiннен өтем жасау үшiн мүлiктi алып қоюды жүргiзу есебiн және реквизициялау туралы актiлердi қоса бере отырып, қорғаныс мұқтажы үшiн жүргiзiлген реквизициялау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне дереу хабарлауға мiндеттi.
      2. Қорғаныс мұқтажы үшiн реквизицияланған мүлiкке өтем Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес бюджет қаражатынан төленедi.
      3. Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшiн реквизицияланған, сондай-ақ берiлген мүлкiнiң құнын мемлекеттiң өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      ^ 53-бап. Қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялауға жататын
              және қорғаныс мұқтажы үшiн реквизицияланған
              мүлiктi есепке алу

      1. Бейбiт уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң соғыс уақытына арналған қажеттiлiгiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялануы мүмкiн көлiк құралдары мен өзге де мүлiктi есепке алуды жүзеге асырады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мүлiктi есепке алу мүлiктiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ведомстволық және жалпы мемлекеттiк статистикалық байқауды жүргiзетiн мемлекеттiк органдардың мәлiметтерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Мүлiктiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ведомстволық және жалпы мемлекеттiк статистикалық байқауды жүргiзетiн мемлекеттiк органдардың қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялауға жататын мүлiкке қатысты ақпаратты жергiлiктi атқарушы органдарға беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      4. Қорғаныс мұқтажы үшiн реквизициялауға жататын мүлiктi есепке алу осы мүлiктi бейбiт уақытта еркiн иелену, пайдалану және (немесе) оған билiк ету құқығын шектеуге тиiс емес.
      5. Реквизицияланған мүлiктi бастапқы есепке алуды реквизициялауды жүргiзген жергiлiктi әскери басқару органдары немесе әскери бөлiмдердiң командирлерi (мекемелердiң бастықтары) жүргiзедi, олар алып қойылған мүлiктiң тiзбесiн және реквизицияланған мүлiк пайдалану үшiн берiлген әскери бөлiмдер немесе өзге де ұйымдар туралы мәлiметтердi анықтауға тиiс.
      6. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген реквизицияланған мүлiктi есепке алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi және оны Штабтар бастықтарының комитетi ұйымдастырады.

^ 5-тарау. МЕМЛЕКЕТ МЕНШIГIНЕ АЛУ

      54-бап. Мемлекет меншiгiне алуды жүзеге асыру принциптерi

      1. Мемлекет меншiгiне алу тиiстi заң тәртiбiн сақтай отырып Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық мүдделер үшiн жүзеге асырылуы және мемлекет меншiгiне алынатын мүлiк пен басқа да залалдардың нарықтық құнын Қазақстан Республикасы алдын ала және тең құнымен өтеген жағдайда кемсiтусiз жүргiзiлуi мүмкiн.
      2. Мемлекет меншiгiне алу жеке тұлғалардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi мүлiктi иелiктен шығарудың ерекше жағдайы (ерекше нысаны) болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мүлiктi иелiктен шығарудың барлық өзге де мүмкiн болатын нысандары толық бiткеннен кейiн ғана жүзеге асырылады.
      3. Мемлекет меншiгiне алу мемлекет меншiгiне алу рәсiмдерiнiң жариялылығы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.

      ^ 55-бап. Мемлекет меншiгiне алудың негiздерi

      Мемлекет меншiгiне алу Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке өндiрiп алу туралы заңының (бұдан әрi – Қазақстан Республикасының мемлекет меншiгiне алу туралы заңы) негiзiнде жүзеге асырылады.

      ^ 56-бап. Мемлекет меншiгiне алынатын мүлiктiң құнын өтеу
              мөлшерi

      1. Мемлекет меншiгiне алған кезде мемлекет меншiгiне алынатын мүлiктiң құны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 249-бабының 4-тармағына және 266-бабына сәйкес өтелуге жатады.
      2. Мемлекет меншiгiне алынатын мүлiктiң меншiк иесiне төленетiн өтемнiң мөлшерi мүлiктiң нарықтық құнын негiзге ала отырып айқындалады.
      3. Өтем мөлшерi бағалау (қайта бағалау) жүргiзген күнге айқындалады.

      57-бап. Өтем төлеу тәртiбi

      1. Мүлiктiң құнын және басқа залалдарды өтеу мемлекет меншiгiне алынатын мүлiкке меншiк құқығы Қазақстан Республикасына өткен кезге дейiн толық көлемде жүргiзiледi.
      2. Өтемдi төлеу ақшалай нысанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, ал Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда шетел валютасымен төленедi.
      3. Өтемдi төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      4. Өтемдi өзге мүлiкпен төлеуге мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган арқылы Қазақстан Республикасы мен мүлiктiң меншiк иесiнiң арасындағы келiсiм бойынша жол берiледi. Көрсетiлген келiсiм жазбаша нысанда жасалуға тиiс.
      5. Өтем төлеу бiр мезгiлде жүргiзiледi, өтемдi бөлiп-бөлiп төлеудi көздейтiн мемлекет меншiгiне алуды жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
      6. Мемлекет меншiгiне алынған мүлiктi iс жүзiнде беру мемлекет меншiгiне алынатын мүлiкке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе мемлекет меншiгiне алған кезде шектелетiн меншiк иесi мен өзге де тұлғалар тең құнымен өтем алғаннан кейiн ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

      ^ 58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекет меншiгiне
              алынатын мүлiк құқықтарына ие болуы

      Қазақстан Республикасының мемлекет меншiгiне алынатын мүлiк құқықтарына ие болуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

      ^ 59-бап. Мемлекет меншiгiне алу кезiндегi мемлекеттiк
              органдардың функциялары

      1. Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекет меншiгiне алынған мүлiктi iс жүзiнде қабылдауға байланысты барлық қажеттi iс-қимылдарды жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекет меншiгiне алынған мүлiк туралы мәлiметтердi мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне енгiзедi.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының атынан мемлекет меншiгiне алынған мүлiктiң меншiк иесi құқықтарын жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекет меншiгiне алынған мүлiктi республикалық заңды тұлғаларға бекiтiп бередi не осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша мемлекет жүз пайызбен қатысатын арнайы құрылған акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң немесе ұлттық басқарушы холдингтiң немесе ұлттық холдингтiң немесе ұлттық компанияның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерiн төлеуге бередi.
      5. Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекет меншiгiне алынған мүлiктi басқаруды ол осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен берiлген кезге дейiн жүзеге асырады.
      6. Республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген, мемлекет меншiгiне алынған мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуына бақылау жасауды мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекет меншiгiне алынған мүлiктi берген кезден бастап жүзеге асырады.

      ^ 60-бап. Мемлекет меншiгiне алынатын мүлiктiң меншiк     
              иесiнiң құқығын қорғау

      Мемлекет меншiгiне алынатын мүлiктiң меншiк иесiнiң және мемлекет меншiгiне алынатын мүлiкке байланысты құқықтары тоқтатылатын немесе мемлекет меншiгiне алған кезде шектелетiн өзге де тұлғалардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.

^ 6-тарау. ЖЕР УЧАСКЕСIН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШIН АЛЫП ҚОЮҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕР УЧАСКЕСIН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛIКТI МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛIКТЕН ШЫҒАРУ

      61-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға
              байланысты жер учаскесiн немесе өзге де
              жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудың
              нысанасы мен жалпы шарттары

      1. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару тек қана жер учаскесiне қатысты жүзеге асырылады.
      Егер жер учаскесiне жеке меншiк құқығын құқықтық кадастрдағы мәлiметтердiң және (немесе) құқық белгiлейтiн құжаттардың негiзiнде растау мүмкiн болмаса, онда мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару осы учаскеде орналасқан ғимараттарға, құрылыстарға және жылжымайтын өзге де объектiлерге (тұрғын жайларға, тұрғын үйлерге (тұрғын үй ғимараттарына), тұрғын үй-жайларға (пәтерлерге), тұрғын емес үй-жайларға) қатысты жүзеге асырылады.
      2. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару мәжбүрлеп иелiктен шығару рәсiмдерiнiң жариялылығы сақталған кезде жүргiзiлуi мүмкiн. Алып қойылатын мүлiктiң меншiк иесi тарапынан талаптар болған кезде жариялылықтың болмауы мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюдан бас тартуға негiз болып табылады.
      3. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы хабарлама алған сәттен бастап, мемлекеттiң оны сатып алуға басым құқығы болады.
      4. Мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын мүлiктiң меншiк иесiнiң құқықтарын қорғау сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      5. Мемлекет мұқтажы үшiн алып қойылатын мүлiктiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулыны қабылдағаннан кейiн кез келген сәтте және атқарушы орган жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгiнгенге дейiн осы Заңның 69-бабының қағидаларына сәйкес келiсiм рәсiмдерiне бастама жасауға құқылы.
      6. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы қағидалар осы Заңның 67-бабында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, жер учаскесi жеке тұлғаның немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғаның жер пайдалануында болған жағдайларда да қолданылады.

      ^ 62-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға
              байланысты жер учаскесiн немесе өзге де
              жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруды
              жүзеге асыру принциптерi

      1. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару жеке тұлғалардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi мүлiктi иелiктен шығарудың ерекше жағдайы болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мүлiктi иелiктен шығарудың барлық өзге де ықтимал жағдайларын пайдалану мүмкiн болмаған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
      2. Мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге (балама) тәсiлi болған кезде жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруға жол берiлмейдi.
      3. Мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың коммерциялық мақсаттарын және мемлекеттiк емес мүдделердi қанағаттандыру мақсаттарын көздейтiн мүлiктi кез келген алып қою не мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру мақсатынан туындамайтын және қоғамдық маңызды мақсаттарды көздемейтiн мүлiктi өзге де алып қою мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн алып қою болып танылмайды. Бұл жағдайларда мүлiктi иелiктен шығаруға мүлiктiң меншiк иесi мен коммерциялық мақсаттарды көздейтiн тұлға арасындағы келiсiм бойынша олардың арасында жасалған мүлiктi сатып алу-сату шарты негiзiнде жол берiледi.
      4. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруға мемлекет мұқтажын қанағаттандыру үшiн қаншалықты қажет болса, сондай көлемде ғана жол берiледi.
      5. Осы баптың ережелерiн орындамау жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудан соттың бас тартуы және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетiлген қаулының күшiн жою үшiн негiз болып табылады.

      ^ 63-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға
              байланысты жер учаскесiн немесе өзге де
              жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудың
              басталуы және тоқтатылуы

      1. Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 84-бабында көзделген ерекше жағдайларда, жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудың басталуы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде көзделген құзыретiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органның қаулысы қабылданады.
      2. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудың басталуы туралы қаулыда:
      1) мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың мақсаты мен негiздерi;
      2) жер учаскесiнiң орналасқан жерi, алаңы, кадастрлық нөмiрi;
      3) мүлiктiң меншiк иесi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушы;
      4) мәжбүрлеп иелiктен шығару күнi көрсетiледi, бiрақ ол бұл қаулының ресми жариялану күнiнен үш айдан ерте болмауға тиiс;
      5) келiсiм рәсiмдерiн жүзеге асыру асыру үшiн меншiк иесiнiң немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушының жүгiнетiн орны көрсетiледi.
      Егер көрсетiлген қаулыға осы тармақтың 2) және 4) тармақшалары бөлiгiнде өзгерiстер енгiзiлген жағдайда, мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару рәсiмi бұл қаулыға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы қаулы жарияланған күннен бастап қайтадан жүзеге асырылады.
      Көрсетiлген қаулы, қажет болған жағдайда, жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығаруға байланысты өзге де мәлiметтердi қамтуы мүмкiн.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген қаулыны қабылдау, жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiрген жағдайда, осы қаулыны қабылдау үшiн, сондай-ақ сотқа талап-арыз келтiру үшiн материалдар дайындауды және сотта оның мүдделерiн бiлдiрудi жер учаскесi орналасқан жер бойынша төмен тұрған атқарушы орган жүзеге асырады.
      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген қаулыны қабылдаған атқарушы орган мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың тоқтатылғаны туралы қаулы қабылдау арқылы мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару рәсiмiн тоқтатуға құқылы.
      5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетiлген қаулылар олар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде тиiсiнше республикалық немесе жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиiс.
      6. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген қаулыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.
      7. Егер жер учаскесiне жеке меншiк құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген болса, меншiк иесi осы баптың 2-тармағында көрсетiлген қаулы қабылданғаннан кейiн оған қатысты қаулы қабылданған жер учаскесiне жеке меншiк құқығын растау бойынша қажеттi iс-шараларды жүзеге асыра алады.
      Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген қаулыда белгiленген мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару мерзiмi алты айдан аспайтын уақытқа ұзартылады.

      64-бап. Жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconCыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болу қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындау туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы
Мемлекеттiк мүлiк туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы