Мемлекеттiк мүлiк туралы icon

Мемлекеттiк мүлiк туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiк туралы
страница2/14
Дата конвертации15.02.2013
Размер2.06 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
10-бап. Коммуналдық мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк
               басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне беру

      1. Коммуналдық мүлiк жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейi бойынша облыстық коммуналдық мүлiк және аудандық коммуналдық мүлiк болып бөлiнедi.
      Аудандық коммуналдық мүлiктiң құрамына, атап айтқанда, осы Заңның 23, 24, 26, 30, 31 және 32-баптарында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк меншiкке түскен мүлiк кiредi.
      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкiн жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейi облыстың коммуналдық мүлкiн жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейiне теңестiрiледi. Республикалық маңызы бар қалада және астанада коммуналдық мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқару аудандық деңгейге бөлiнбейдi және құрылмайды. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық мүлiктi басқару жөнiндегi ауданның жергiлiктi атқарушы органының осы Заңда көзделген құзыретiн республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
      Облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкiн жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейi ауданның коммуналдық мүлкiн жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейiне теңестiрiледi.
      2. Коммуналдық мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне мемлекеттiк мүлiктi беру облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен жүзеге асырылады.
      3. Коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген коммуналдық мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне мемлекеттiк мүлiктi беру мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) облыстық коммуналдық мүлiк деңгейiне жататын облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлiктiк кешендерi, акционерлiк қоғамдардың акциялары мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерi аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша аудандық коммуналдық мүлiк деңгейiне берiледi;
      2) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкi аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша аудандық коммуналдық мүлiк деңгейiне берiледi;
      3) аудандық коммуналдық мүлiк деңгейiне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлiктiк кешендерi, акционерлiк қоғамдардың акциялары мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерi аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi және облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi негiзiнде облыстық коммуналдық мүлiк деңгейiне берiледi;
      4) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкi аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының және облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмдерiнiң негiзiнде облыстық коммуналдық мүлiк деңгейiне берiледi.
      4. Коммуналдық мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне мемлекеттiк мүлiктi беру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн мүлiктi беретiн және қабылдайтын тараптардың уәкiлеттi лауазымды адамдары қол қоятын және облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының басшылары бекiтетiн беру актiсi отыз күн мерзiмде ресiмделедi.
      Беру актiсi оны ресiмдеуге қатысатын әрбiр тарап үшiн екi данадан, қазақ және орыс тiлдерiнде төрт данада жасалады.
      5. Осы баптың қағидалары, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше қағидалар белгiленбесе, мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген коммуналдық мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне беруге қолданылады.

^ 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК МҮЛIКТI БАСҚАРУ ЖӨНIНДЕГI ҚҰЗЫРЕТI

      11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк
               мүлiктi басқару саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) мемлекеттiк мүлiктi тиiмдi басқару саясатын жүзеге асырады;
      2) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк мүлiктi басқару саласында нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
      3) мемлекеттiк мүлiктi басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады, мемлекеттiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi;
      4) Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын республикалық заңды тұлғаларды, ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық компанияларды, сондай-ақ өзге де акционерлiк қоғамдарды және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешiмдер қабылдайды;
      5) стратегиялық объектiлерге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту не оларды иелiктен шығару туралы шешiм қабылдайды;
      6) акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау тәртiбiн айқындайды;
      7) мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау тәртiбiн айқындайды;
      8) акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң және ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептердi әзiрлеу және ұсыну тәртiбiн айқындайды;
      9) мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң және мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептердi әзiрлеу және ұсыну тәртiбiн айқындайды;
      10) жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудың басталуы немесе жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығарудың тоқтатылуы туралы қаулы қабылдайды;
      11) кәсiпорындарды мүлiктiк кешендер ретiнде немесе нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие, табиғи монополия субъектiлерi немесе нарық субъектiлерi болып табылатын ұйымдардың мемлекетке тиесiлi акциялары мен жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн жекешелендiру туралы шешiм қабылдайды;
      12) республикалық мемлекеттiк мүлiктi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына не акционерлiк қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешiм қабылдайды;
      13) акционерлiк қоғамның акцияларын және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн республикалық мүлiктiң құрамына сатып алу туралы шешiм қабылдайды;
      14) мемлекеттiң акционер (қатысушы) ретiнде ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық компанияларды, мемлекет қатысатын өзге де акционерлiк қоғамдарды және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi басқаруға қатысу құқығын жүзеге асырады немесе осы құқықты мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi;
      15) жұмылдыру мұқтаждары, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды қабылдау, гуманитарлық көмек көрсету және нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшiн мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын пайдалану туралы шешiм қабылдайды;
      16) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де  заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      ^ 12-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
               мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi құзыретi

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi басқару саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi басқарады, мемлекеттiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi иелiктен шығаруды жүзеге асырады, мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), сенiмгерлiкпен басқаруға бередi;
      4) өзi құрған мемлекеттiк кәсiпорындарды, акционерлiк қоғамдарды құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және оларды тарату, иелiктен шығару туралы шешiм қабылдайды;
      5) Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өзiне жүктелген функцияларын жүзеге асыруға ықпал ететiн және (немесе) қаржы нарығының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын акционерлiк қоғамдардың құрылтайшысы болады, мемлекеттiң акционерлiк қоғамды басқаруға акционер ретiнде қатысу құқығын жүзеге асырады, сондай-ақ осы акционерлiк қоғамдардың акцияларына ие болу не иелiктен шығару туралы шешiм қабылдайды;
      6) Қазақстан Республикасының атынан өзi құрған мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiне қатысты республикалық меншiк құқығының субъект құқығын жүзеге асырады;
      7) өзi құрған мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорынның түрiн (шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы) дербес айқындайды, олардың жарғысын, оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiтедi;
      8) өзi құрған мемлекеттiк кәсiпорынға бекiтiлiп берiлген мүлiктi (ол өндiрген өнiмдi сатуды қоспағанда) иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, филиалдар мен өкiлдiктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешектi беруге және есептен шығаруға келiсiм бередi;
      9) өзi құрған мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын және олардың қызметi бойынша есептердi қарайды және бекiтедi, сондай-ақ олардың қаржы-шаруашылық қызметiне тексеру жүргiзудi жүзеге асыруға құқылы;
      10) өзi құрған мемлекеттiк кәсiпорындар өндiретiн және сататын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағасын келiседi немесе белгiлейдi;
      11) мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне мемлекеттiк мүлiк объектiлерi туралы мәлiметтердi бередi;
      12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      ^ 13-бап. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi
               органның құзыретi

      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
      1) мемлекеттiк мүлiктi басқару саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар тұжырымдайды, өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк мүлiктi басқару саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, бекiтедi;
      2) мемлекеттiк мүлiктi басқаруға талдау жасауды және оны бағалауды жүзеге асырады;
      3) мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып:
      акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау;
      мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау;
      акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң және ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептердi әзiрлеу және ұсыну;
      мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң және мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептердi әзiрлеу және ұсыну тәртiбiн әзiрлейдi;
      4) мемлекеттiк органдардан, мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдардан, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестерден мемлекеттiк мүлiктi басқаруға дәйектi және объективтi талдау жасау үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады;
      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      ^ 14-бап. Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның
               құзыретi

      Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк мүлiктi басқару саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, бекiтедi;
      2) республикалық мүлiктiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      3) республикалық мүлiктiң жекешелендiрiлуiн жүзеге асырады, оның iшiнде республикалық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм қабылдайды, объектiнi жекешелендiруге дайындау процесiнде республикалық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi, жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тартады, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз етедi, жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншiк құқығының субъект құқығын жүзеге асырады;
      5) тиiстi саланың уәкiлеттi органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметтi жүзеге асыратын республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның түрiн (шаруашылық жүргiзу құқығындағы немесе қазыналық кәсiпорын) айқындайды және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғысын, оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiтедi;
      6) республикалық заңды тұлғаға берiлген немесе шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде ол ие болған мүлiктi тиiстi саланың уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша алып қоюды немесе қайта бөлудi жүзеге асырады;
      7) мемлекеттiк мүлiктiң нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелерi бойынша анықталған, республикалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкiн, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиiстi саланың уәкiлеттi органының келiсiмiнсiз алып қоюды жүзеге асырады;
      8) республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға алып қойылған мүлiктi күтiп ұстау және оны кейiннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейiн сақталуын қамтамасыз ету мерзiмiн белгiлейдi;
      9) республикалық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе кейiннен өтеусiз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), сенiмгерлiк басқаруға бередi;
      10) тиiстi саланың уәкiлеттi органына республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келiсiм бередi;
      11) республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға бекiтiлiп берiлген мүлiктi (ол өндiрген өнiмдi сатуды қоспағанда) иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, филиалдар мен өкiлдiктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешектi беруге және есептен шығаруға келiсiм бередi;
      12) республикалық мүлiк мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, Қазақстан Республикасына тиесiлi мүлiктiк құқықтарды қорғауды жүзеге асырады;
      13) республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргiзедi;
      14) Қазақстан Республикасына тиесiлi акцияларға дивидендтердiң уақтылы және толық есептелуiне және олардың төленуiне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесi Қазақстан Республикасына тиесiлi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушылары арасында таза табыстың бөлiнуiне бақылауды жүзеге асырады;
      15) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асырады;
      16) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың, Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жұмыс iстеуi мен оларды басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингiн ұйымдастыруды және жүргiзудi жүзеге асырады;
      17) сенiмгерлiкпен басқарушының республикалық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша мiндеттемелерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      18) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, сондай-ақ республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болады;
      19) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша акционерлiк қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес ақша енгiзу жолымен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ республикалық мүлiктi, оның iшiнде акцияларды, қатысу үлестерiн енгiзудi жүзеге асырады;
      20) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан мемлекеттiң акционерлiк қоғамды (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi) басқаруға акционер (қатысушы) ретiнде қатысу құқықтарын жүзеге асырады;
      21) жалғыз акционерi (қатысушысы) Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) тиiстi директорлар кеңесiнiң (байқау кеңесiнiң) құрамына өз өкiлiн тағайындайды, ал Қазақстан Республикасы қатысатын өзге де акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде – директорлар кеңесiне немесе байқау кеңестерiне кандидатураны акционерлердiң немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына бекiтуге ұсынады;
      22) осы Заңның 5-тарауында белгiленген жағдайлар мен шарттарда мемлекет меншiгiне алынатын мүлiкке өтем төлейдi;
      23) мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын әзiрлейдi;
      24) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн жүргiзедi және мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн пайдаланушыларға ақпарат ұсынады;
      25) мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнде мемлекеттiк мүлiктiң бiрыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi және ұйымдастырады;
      26) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес республикалық мүлiктi жекешелендiру бойынша сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспа басылымын айқындау жөнiнде конкурс өткiзедi;
      27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      ^ 15-бап. Тиiстi саланың уәкiлеттi органының құзыретi

      Тиiстi саланың уәкiлеттi органы:
      1) тиiстi саладағы мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асырады, өз құзыретi шегiнде тиiстi салада мемлекеттiк мүлiктi басқару аясындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, бекiтедi;
      2) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды;
      3) республикалық мемлекеттiк мекеме қызметiнiң нысанасы мен мақсатын айқындайды;
      4) мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органға республикалық мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметтi жүзеге асыратын республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның түрiн (шаруашылық жүргiзу құқығындағы немесе қазыналық кәсiпорын) айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      5) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөнiндегi есептерiн қарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда келiседi және бекiтедi;
      6) республикалық заңды тұлғалар мүлкiнiң сақталуын және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      7) акционерi мемлекет болып табылатын тиiстi саладағы ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуын бақылау мен және талдауды жүзеге асырады;
      8) тиiстi саладағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
      9) мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органға республикалық заңды тұлғаға берiлген немесе ол өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде сатып алған мүлiктi алып қоюға немесе қайта бөлуге келiсiмiн бередi;
      10) республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
      11) республикалық мемлекеттiк мекемелердiң жарғысын (ережесiн), оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiтедi;
      12) республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептiлiгiн бекiтедi;
      13) республикалық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) баға белгiлейдi;
      14) республикалық мемлекеттiк мекемелердi республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекiтедi;
      15) республикалық мемлекеттiк мекемелердiң филиалдар мен өкiлдiктер құруына келiсiм бередi;
      16) мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
      17) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiге ие болудың басым құқығын iске асыру туралы шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi;
      18) акциялардың мемлекеттiк пакетiн (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн) иелену және пайдалану құқықтары өзiне берiлген жағдайларда, мемлекет жалғыз акционерi (қатысушысы) болып табылатын, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) тиiстi директорлар кеңесiнiң (байқау кеңесiнiң) құрамына өз өкiлiн тағайындайды, ал мемлекет қатысатын өзге де акционерлiк қоғамдарда және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде директорлар кеңестерiне немесе байқау кеңестерiне кандидатураны акционерлердiң немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына бекiтуге ұсынады;
      19) мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның өкiлiн мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң немесе мемлекет қатысатын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесiнiң құрамына енгiзу үшiн қажеттi шараларды қамтамасыз етедi немесе қабылдайды;
      20) мәлiметтердi, оның iшiнде, өзiнiң басқаруындағы мемлекеттiк заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттiң акционер (қатысушы) ретiнде басқаруға қатысу құқығын өзi жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тiзбесiн, бұл мәлiметтердi мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiнде көрсету үшiн дайындайды;
      21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде айқындалған өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconCыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болу қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындау туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы
Мемлекеттiк мүлiк туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы