Мемлекеттiк мүлiк туралы icon

Мемлекеттiк мүлiк туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiк туралы
страница1/14
Дата конвертации15.02.2013
Размер2.06 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Мемлекеттiк мүлiк туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 10 наурыздағы № 72-75 (26477); 2011 жылғы 11 наурыздағы № 76-80 (26482); "Казахстанская правда" от 10.03.2011 г., № 86-87 (26507-26508)




      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 219-баптан қараңыз.

      Осы Заң мемлекеттiк мүлiктiң құқықтық режимiн, мемлекеттiк мүлiктi, оның iшiнде мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктi және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесiлi акциялар мен қатысу үлестерiн басқарудың құқықтық негiздерiн, мемлекеттiк мүлiкке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негiздерiн айқындайды және мемлекеттiң мемлекеттiк мүлiкке меншiк иесiнiң құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушiнiң тиiмдi жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.

^ 1-БӨЛIМ. МЕМЛЕКЕТТIК МҮЛIК ТУРАЛЫ НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК МҮЛIКТI БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аудандық коммуналдық заңды тұлғалар – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары құрған аудандық мемлекеттiк кәсiпорындар мен аудандық мемлекеттiк мекемелер;
      2) аудандық коммуналдық мүлiк – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мүлкi, оның iшiнде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджетi және аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мүлiк, сондай-ақ аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiк;
      3) даму жоспары – акцияларының бақылау пакетi (жарғылық капиталындағы қатысу үлесi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорын, акционерлiк қоғам және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, оның iшiнде ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметiнiң бесжылдық кезеңге арналған негiзгi бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметiнiң көрсеткiштерiн айқындайтын құжат;
      4) даму стратегиясы – ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерiн айқындайтын және негiздейтiн құжат;
      5) есепке алу объектiсi – мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнде есепке алынатын мемлекеттiк мүлiк;
      6) жекешелендiру – мемлекеттiң осы Заңда белгiленген арнайы рәсiмдер шеңберiнде мемлекеттiк мүлiктi жеке тұлғаларға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға сатуы;
      7) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкi коммуналдық меншiкте тұрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелер;
      8) коммуналдық мүлiк – әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң мүлкi;
      9) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiге ие болуының басым құқығы – стратегиялық объект тиесiлi жеке тұлғадан немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғадан, осындай тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару жөнiнде мәмiле жасасуды ниет етiп отырған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу жүргiзiлген не оңалтушы немесе конкурстық басқарушы конкурс (тарату) массасының құрамында стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттың қарауынан тыс тәртiппен өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу жүргiзiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiлердi нарықтық құны бойынша сатып алуға үшiншi тұлғалар алдындағы басым құқығы;
      10) қазыналық кәсiпорын – мемлекет жедел басқару құқығында бөлiп берген мүлкi бар коммерциялық ұйым;
      11) мемлекет мұқтажы – мемлекеттiң функцияларынан туындайтын және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздейтiн мемлекет мүддесiн қанағаттандыру үшiн жеке меншiктегi мүлiктiң мемлекеттiк меншiкке өту қажеттiгiнiң болуы;
      12) мемлекет меншiгiне алу – Қазақстан Республикасының мемлекет меншiгiне алу туралы заңының негiзiнде жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға тиесiлi мүлiктi Қазақстан Республикасы мүлкiнiң құрамына мәжбүрлеп өтеулi түрде иелiктен шығару;
      13) мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласын (аясын) басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – тиiстi саланың уәкiлеттi органы) – мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласында (аясында) мемлекеттiк басшылықты жүзеге асыратын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлiкке қатысты құқықтарды иеленетiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған орталық атқарушы орган. Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық мүлiкке қатысты құқықтарды өзге де мемлекеттiк органдарға берген жағдайда осы Заңның тиiстi саланың уәкiлеттi органы туралы қағидалары осындай мемлекеттiк органға қолданылады;
      14) мемлекеттiк заңды тұлғалар – мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелер;
      15) мемлекеттiк мекеме – басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшiн мемлекет құрған және қаржыландырудың қосымша көздерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын коммерциялық емес ұйым;
      16) мемлекеттiк мекеменi немесе қазыналық кәсiпорынды жедел басқару құқығы (бұдан әрi – жедел басқару құқығы) – мемлекеттен меншiк иесi ретiнде мүлiк алған және өз қызметiнiң жарғылық мақсаттарына, уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тапсырмаларына және мүлiктiң мақсатына сәйкес осы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық кәсiпорынның заттық құқығы;
      17) мемлекеттiк мүлiк – республикалық және коммуналдық мүлiк;
      18) мемлекеттiк мүлiктi басқару – мемлекеттiң (Қазақстан Республикасының немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң) мемлекеттiк меншiк құқығын және өзге де мүлiктiк құқықтарды жүзеге асыруы;
      19) мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi қоспағанда, республикалық мүлiктi басқару, мемлекеттiң республикалық мүлiкке құқығын iске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншiктi және стратегиялық объектiлердi жекешелендiру мен мемлекеттiк мониторинг жүргiзу саласындағы басшылықты өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      20) мемлекеттiк мүлiктi есепке алу – осы Заңның 15-тарауында көзделген қағидаларға сәйкес мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн қалыптастыру үшiн есепке алу объектiлерi туралы ақпаратты жинау мен қорытудың ретке келтiрiлген жүйесi;
      21) мемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған, өзiне мемлекеттiк мүлiктi ұйымдастыру мен есепке алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру бойынша мiндеттер жүктелген заңды тұлға;
      22) мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмi – мемлекеттiк мүлiктi есепке алудың бiрыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесi;
      23) мемлекеттiң мүлiктiк құқықтары – мемлекеттiң мыналарды:
      мемлекеттiк меншiк құқығын;
      мемлекеттiң өзге де заттық құқықтарын (сервитутты, жалға алуды, мүлiктi өтеусiз пайдалануды және басқаларын);
      мемлекеттiң мiндеттi құқықтарын (талап ету құқықтарын);
      мемлекетке тиесiлi зияткерлiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықтарды;
      мұрагерлiк құқықтарды;
      мемлекеттiң Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мүлiктiк құқықтарын қамтитын мүлiкке құқықтары;
      24) мүдделер қайшылығы – байқау кеңесi мүшесiнiң жеке мүдделiлiгi мен оның өз лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше орындауы немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерi арасындағы осы заңды мүдделерге зиян келтiре алатын қарама-қайшылық туындайтын кездегi жағдай;
      25) мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару – жер учаскесiн мемлекеттiк мүлiк құрамына алып қоюға байланысты жеке тұлғаларға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға тиесiлi жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi алып қою, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ерекше жағдайларда және құны тең бағамен өтелген жағдайда мемлекет мұқтажы үшiн жүргiзiлетiн реквизициялау, мемлекет меншiгiне алу;
      26) облыстық коммуналдық заңды тұлғалар – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары құрған облыстық мемлекеттiк кәсiпорындар мен облыстық мемлекеттiк мекемелер;
      27) облыстық коммуналдық мүлiк – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мүлкi, оның iшiнде облыстық бюджет және облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мүлiк, сондай-ақ аудандық коммуналдық мүлiктi қоспағанда, облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiк;
      28) реквизициялау – дүлей зiлзала, авариялар, эпидемия, эпизоотия жағдайында, соғыс жағдайындағы iс-қимыл кезеңiнде немесе соғыс уақытында және төтенше сипаттағы өзге де мән-жайлар кезiнде мүлiктiң құнын меншiк иесiне төлей отырып, мүлiктi мемлекеттiк органдардың шешiмi бойынша меншiк иесiнен қоғам мүддесi үшiн алып қою;
      29) республикалық заңды тұлғалар – мүлкi республикалық меншiкте тұрған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттiк мекемелер;
      30) республикалық мүлiк – коммуналдық мүлiктi қоспағанда, Қазақстан Республикасының мүлкi;
      31) стратегиялық объект – қазақстандық қоғамның орнықты дамуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық маңызы бар мүлiк, оны иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билiк ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiнiң жай-күйiне әсер етедi;
      32) ұлттық басқарушы холдинг – ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн) тиiмдi басқару үшiн құрылған, құрылтайшысы және жалғыз акционерi Қазақстан Республикасының Үкiметi арқылы Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлiк қоғам;
      33) ұлттық даму институттары - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен акционерлiк қоғамдардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, қызметiнiң басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму және кәсiпкерлiктi қолдау саласындағы жобаларды iске асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтiк, инновациялық, сервистiк ұйымдар;
      34) ұлттық компания – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен құрылған, акцияларының бақылау пакетi мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесiлi және қызметiн ұлттық экономиканың негiзiн құрайтын салаларда жүзеге асыратын немесе өңiрлердiң экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшiн құрылатын (әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар) акционерлiк қоғам;
      35) ұлттық холдинг – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлiк қоғамдардың акцияларын және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн тиiмдi басқару үшiн құрылған, құрылтайшысы және жалғыз акционерi Қазақстан Республикасының Үкiметi арқылы Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлiк қоғам;
      36) шаруашылық жүргiзу құқығы – мемлекеттен меншiк иесi ретiнде мүлiк алған және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген шекте осы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы;
      37) шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын – мемлекет шаруашылық жүргiзу құқығында бөлiп берген мүлкi бар және өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап беретiн коммерциялық ұйым.

      ^ 2-бап. Мемлекеттiк мүлiктiң түрлерi

      1. Мемлекеттiк мүлiк республикалық және коммуналдық мүлiк болып бөлiнедi.
      2. Республикалық мүлiктiң құрамына:
      1) мемлекеттiк қазынаның мүлкi:
      республикалық бюджеттiң қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
      республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк;
      2) республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiк кiредi.
      3. Коммуналдық мүлiктiң құрамына:
      1) жергiлiктi қазынаның мүлкi:
      жергiлiктi бюджеттiң қаражаты;
      коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк;
      2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiк кiредi.

      ^ 3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы
              заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      Мемлекеттiк мүлiктiң құқықтық режимi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
      2. Республикалық мүлiк Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, ал коммуналдық мүлiк – осы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген басқа да негiздер бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуы мүмкiн.
      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мүлкiнiң құқықтық режимi, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мүлiк орналасқан шет мемлекеттiң заңнамасында айқындалады.
      4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      ^ 4-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы

      1. Осы Заң мемлекеттiң мемлекеттiк мүлiктi басқару саласындағы құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды, мемлекеттiң меншiк құқығында мемлекетке тиесiлi мүлiктi иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi қоса алғанда, мүлiктiк құқықты жүзеге асыру тәртiбiн, мемлекеттiк мүлiкке, оның iшiнде мүлiктi мемлекет меншiгiне алу және жекешелендiру кезiнде құқықтарға ие болу және тоқтату, сондай-ақ жеке тұлғалардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың оларды иелену және (немесе) пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Заң мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктi, акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларын және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесiлi қатысу үлестерiн және өзге де мемлекеттiк мүлiктi басқару тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Стратегиялық объектiлердiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
      4. Бюджет қаражатына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатына мемлекеттiң құқықтарды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiмен реттеледi. Осы Заңда көзделген мемлекеттiк мүлiк ұғымы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде көзделген ерекшелiктерiмен қоса Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде пайдаланылатын мемлекет активтерi ұғымына қолданылады.
      Мемлекеттiк немесе жергiлiктi қазынаға жатқызылған өзге де мүлiкке мемлекеттiң құқықтарды жүзеге асыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
      5. Тарих және мәдениет ескерткiштерiне, мәдени құндылықтарға мемлекеттiң құқықтарды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледi.
      6. Зияткерлiк меншiк объектiлерiне мемлекеттiң ерекше құқықтарды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледi.
      7. Осы Заңның ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдингтер бақылайтын өзге де заңды тұлғалар туралы ережелерi, егер «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, Ұлттық әл-ауқат қорына және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына және оның бақылауындағы өзге де заңды тұлғаларға қолданылады.
      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өзiне бекiтiлiп берiлген, өзiнiң балансында тұрған мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құрған заңды тұлғалардың мүлкiн басқаруды, сондай-ақ олардың қызметiн реттеудi Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      ^ 5-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      Осы Заңның күшi:
      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттiк мүлiкке;
      2) мемлекеттiк мүлiктi басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға, мемлекеттiк заңды тұлғаларға, сондай-ақ олар көзделген жағдайларда – жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға;
      3) «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкiн, арнайы экономикалық аймақтың мемлекеттiк мүлкiн, мемлекеттiк материалдық резервтi басқару жөнiндегi қатынастарға қолданылады.

      ^ 6-бап. Мемлекеттiк мүлiктi басқару принциптерi

      Мемлекеттiк мүлiктi басқару:
      1) заңдылық
      2) есеп берушiлiк және бақылауда болу;
      3) жариялылық
      4) мемлекеттiк мүлiктi қоғам игiлiгi үшiн тиiмдi пайдалану;
      5) бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайларды қамтамасыз ету принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      ^ 7-бап. Мемлекеттiк мүлiктi басқару субъектiлерi

      1. Мемлекеттiк мүлiктiң түрiне қарай мемлекеттiк мүлiктi басқаруды Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттiк мүлiктi басқаруды ұйымдастырады және республикалық мүлiктi басқарады.
      3. Жергiлiктi атқарушы органдар әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң атынан коммуналдық мүлiктi басқаруды жүзеге асырады.

      ^ 8-бап. Мемлекеттiк мүлiктi басқару

      1. Республикалық мүлiктi басқару кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңның 2-тарауында және осы мемлекеттiк органдардың мәртебесiн айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актiлерде белгiленген өздерiнiң құзыретi шеңберiнде республикалық мүлiкке Қазақстан Республикасының құқықтарын iске асыру бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өзара iс-қимылын ұйымдастырады.
      2. Коммуналдық мүлiктi басқару кезiнде жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның 2-тарауында және осы мемлекеттiк органдардың мәртебесiн айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актiлерде белгiленген өздерiнiң құзыретi шеңберiнде коммуналдық мүлiкке құқықтарын iске асыру бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың өзара iс-қимылын ұйымдастырады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң коммуналдық мүлiкке қатысты құзыретi осы Заңның 11-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалады.
      3. Республикалық және коммуналдық мүлiктiң сақталуына бақылау жасауды тиiстi салалардың уәкiлеттi органдарының және облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың iшкi бақылау қызметi жүзеге асырады. Мемлекеттiк мүлiктiң сақталуына бақылау жасауды мемлекеттiк қаржылық бақылаудың өзге де органдары жүзеге асыруы мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк мүлiк шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлуi мүмкiн.
      5. Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс) акционерлiк қоғамдардың, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң және мемлекеттiк заңды тұлғалардың құрылтайшысы (акционерi, қатысушысы) болуы мүмкiн.
      Мемлекеттiң өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда коммерциялық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, мүшесi) болуына жол берiлмейдi.
      6. Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс) коммерциялық емес ұйым болып табылатын мемлекеттiк қордың құрылтайшысы болуы мүмкiн. Мемлекеттiк қорды, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардағы басқа да коммерциялық емес ұйымдарды құру және олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

      ^ 9-бап. Мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен
              екiншiсiне беру

      1. Мүлiктi республикалық мүлiк құрамынан коммуналдық мүлiк құрамына немесе керiсiнше беру мүлiкке мемлекеттiң құқығын тоқтатуға әкеп соқпайды, бiрақ Қазақстан Республикасының республикалық мүлiкке құқығын тоқтатуға және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң коммуналдық мүлiкке құқыққа ие болуына немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң коммуналдық мүлiкке құқығын тоқтатуға және Қазақстан Республикасының республикалық мүлiкке құқыққа ие болуына негiз болып табылады.
      2. Мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.

      
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconCыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болу қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторды айқындау туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдаудың (жалға берудiң) үлгi шартын бекiту туралы
Мемлекеттiк мүлiк туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 мамырдағы Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Мемлекеттiк мүлiк туралы icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
Мемлекеттiк мүлiк туралы iconМемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидаларын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы