Аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан) icon

Аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан)



НазваниеАукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан)
Дата конвертации29.04.2013
Размер87.24 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген 


Аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810.00-нысан)


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы есептеуге арналған аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияға 810.01-нысанының қосымшасын Салық кодексінің 464-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар жасайды. Декларацияға 810.02-нысанының қосымшасын Салық кодексінің 525-бабына сәйкес мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жасайды.

2. Декларация Салық кодексінің 468-бабына және 527-бабының
8-тармағына
сәйкес жасалады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

6. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

7. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық жеткізгіште – нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

8. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

9. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігін салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.

10. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы Заң) сәйкес декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтыруы тиіс.  


^ 2. Декларацияны жасау (810.00 – нысаны)


11. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы төлеушінің СТН;

2) аукциондардан алым, кеме жүpетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы төлеушінің ЖСН/БСН;

3) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (ай, жыл)
– декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандармен көрсетіледі).

Тек 810.02 қосымшасы толтырылған жағдайда салық кезеңін – жылды ғана көрсету қажет;

4) салық төлеушінің атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның (немесе заңды тұлғаның шешімі бойынша құрылымдық бөлімшенің) атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

5) декларация түрі.

Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түріне декларацияны жатқызуды ескере отырып, тиісті торкөздер белгіленеді.

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жол Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады.

7) салық төлеушінің санаты.

Торкөздер, егер салық төлеуші А немесе B жолында көрсетілген санаттардың біріне жататын болса белгіленеді;

А – талаптары салық міндеттемесін орындауды сенімгерлікпен басқарушыға жүктейтін мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеуші;

В – талаптары салық міндеттемесін орындауды сенімгерлікпен басқарушыға жүктейтін мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын салық төлеуші;

8) валюта коды.

«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі.

9) қосымшалар саны.

Табыс етілген қосымшалардың саны көрсетіледі.

12. «Бюджетке төленуге жататын аукциондардан алымы» деген бөлімде:

810.00.001 жолында 810.01-нысанының 810.01.005 жолынан көшірілетін салық кезеңі үшін есептелетін және бюджетке төлеуге жататын аукциондардан алым сомасы көрсетіледі.

13. «Бюджетке төлеуге жататын кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы» деген бөлімде:

810.00.002 жолында салық кезеңі үшін бюджетке есептелген және төленуге тиіс кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы көрсетіледі, ол 810.02-нысанының барлық қосымшалары бойынша 810.02.010 жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

14. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» деген бөлімде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) Т.А.Ә.» деген жолда құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі. Егер декларацияны жеке тұлға табыс еткен жағдайда, жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылатын салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;

2) декларация тапсырылған күн.

Декларацияның салық органына тапсырған күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Төлемақы төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы берген декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

6) декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларация табыс етілген күн көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

^ 3. 810.01-нысанын жасау


15. 810.01-нысаны салық кезеңі үшін аукциондардан алым сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

16. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) аукциондардан алым төлеушінің СТН;

2) аукциондардан алым төлеушінің ЖСН/БСН;

3) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (ай) – декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандармен көрсетіледі);

4) салық кезеңі ішінде өткізілген аукциондар саны.

Салық кезеңі ішінде өткізілген аукциондар саны көрсетіледі.

17. «Бюджетке төлеуге жататын аукциондардан алым» деген бөлімде:

1) 810.01.001 жолында салық кезеңі ішінде өткізілген барлық аукциондардың нәтижелері бойынша өткізілген мүліктің (мүліктік құқықтардың) жалпы сомасы көрсетіледі;

2) 810.01.002 жолында бюджетке төлеуге жататын атқарушылық санкцияның жалпы сомасы көрсетіледі;

3) 810.01.003 жолында 810.01.001 және 810.01.002 (810.01.001 – 810.01.002) жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын Салық кодексінің 467-бабы 2-тармағына сәйкес атқарушылық санкцияның сомасына кемітілген өткізілген мүліктің (мүліктік құқықтардың) жалпы құны көрсетіледі;

4) 810.01.004 жолында Салық кодексінің 466-бабына сәйкес аукциондардан алым ставкасы көрсетіледі;

5) 810.01.005 жолында 810.01.003 және 810.01.004 (810.00.003 х 810.01.004) жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, алымды төлеушінің орналасқан орны бойынша салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын аукциондардан алымның жалпы сомасы көрсетіледі.


^ 4. 810.02-нысанын жасау


18. 810.02-нысаны салық кезеңі (жыл) үшін кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы сомаларын есептеу туралы ақпаратты көрсетуге арналған және әрбір кеме бойынша бөлек толтырады.

19. «Бюджетке төленуге жататын, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу үшін мәліметтер» деген бөлімде:

1) 810.02.001 жолында кеменің атау көрсетіледі;

2) 810.02.002 жолында кеменің түрі көрсетіледі;

3) 810.02.003 жолында кемені мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні көрсетіледі;

4) 810.02.004 жолында ағымдағы жылға көлік саласындағы уәкілетті органның деректеріне сәйкес кеменің (тіркелімдік тоннамен) жалпы сыйымдылығы (көлемі) көрсетіледі;

5) 810.02.005 жолында айларда, ағымдағы жылға көлік саласындағы уәкілетті органы белгілейтін навигацияның кезеңі көрсетіледі.

20. «Бюджетке төленуге жататын, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы» деген бөлімде:

1) 810.02.006 жолында кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақының ставкасы көрсетіледі, ол республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,26 есебінен және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданатын жалпы тіркелімдік 1 тоннасы үшін
(0,26 х АЕК) есебінен айқындалады. Егер төлемақының сомасы 0,5 және одан жоғары бөлшек мәнін құраған жағдайда, онда мұндай мән бүтін бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, егер 0,5 кем болса – дөңгелектеуге жатпайды;

2) 810.02.007 жолында кеме жүзетін су жолдарын нақты пайдалану мерзімі көрсетіледі.

3) 810.02.008 жолында төлемақының ставкасынан, тіркелімдік тоннада кеменің жалпы сыйымдылығына және кеме жүзетін су жолдарын нақты пайдаланудың, бірақ бір күнтізбелік ай үшін төлемақы мерзімінен кем емес мерзіммен айқындалатын, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақының жылдық сомасы көрсетіледі (810.02.006 х 810.02.004 х 810.02.007);

4) 810.02.009 жолында ағымдағы жылға көлік саласындағы уәкілетті органы белгілейтін навигацияның кезеңіне кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақының есептелген жылдық сомасын бөлу жолымен айқындалатын кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн ай сайынғы төлемақының мөлшері көрсетіледі (810.02.008 /810.02.005);

5) 810.02.010 жолында кеме жүзетін су жолдарын нақты пайдаланған мерзіміне кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақының ай сайынғы сомасының мөлшерін көбейту жолымен, бюджетке төленуге жататын төлемақының нақты сомасы көрсетіледі (810.02.009 х 810.02.007).

Бұл ретте шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар, резидент емес шетелдік заңды тұлғалар бір жолғы кеме кіретін кезде бюджетке төлемақының бір айлық ставкасы мөлшерінде кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы төлейді. Олар Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарында бір айдан астам мерзімде болған кезде, олар кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақыны бюджетке Салық кодексінің
527-бабында белгіленген тәртіпте төлейді.

__________________________





Похожие:

Аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан) icon890. 00-нысан Жалпы ережелер
Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
Аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан) iconАукциондардан алым бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан)
Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 464-бабына сәйкес аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк...
Аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан) iconЖер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан)

Аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан) iconҚоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан)
Декларация жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді...
Аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан) iconҚоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан)
Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, Салық кодексінің...
Аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан) iconҮстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан)
Декларация жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді...
Аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан) iconРоялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (500. 00-нысан)
Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және роялти бойынша салықты есептеуге арналған...
Аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан) iconӨндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан)
Осы өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке...
Аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан) iconҮстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
Осы Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (540. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық...
Аукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан) iconТіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан)
Декларация жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 420-бабында айқындалған ойын бизнесі саласындағы қызмет көрсету...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы