Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау icon

Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау



НазваниеҮстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
Дата конвертации29.04.2013
Размер122.41 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген 


Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау

қағидалары (540.00-нысан)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (540.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы
10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және үстеме пайда салығын есептеуге арналған үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі
– декларация) жасау тәртібін айқындайды. Үстеме пайда салығы бойынша декларацияны өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар), кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруге арналған келісімшарттар, сондай-ақ барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындарды қоспағанда, бұл келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жасайды.

2. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

4. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының бірінші сол жақ торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі.

5. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

6. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

7. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен төлеушіге қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште
– салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

8. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы Заң) сәйкес декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының
4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының
4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірін (бизнес-сәйкестендіру нөмірін) міндетті түрде толтыруы тиіс.

 

 2. Декларацияны жасау (540.00-нысан)

 

9. 540.00-нысаны жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық кезеңі үшін төлеуге жататын үстеме пайда салығының сомасын көрсетуге арналған.

10. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;

3) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

4) салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған жағдайда жолда сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

5) декларацияның түрі.

Тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып, белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Торкөздер Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;

7) валюта коды.

«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 378 шешімімен (бұдан әрі – шешім) бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

8) келісімшарт пен кен орнының атауы.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың және кен орындарының атауы көрсетіледі;

9) келісімшарттың жасалған күні.

Уәкілетті мемлекеттік органмен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан күн көрсетіледі;

10) келісімшарттың нөмірі;

Уәкілетті мемлекеттік орган берген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі көрсетіледі;

11) резидент емес.

Декларацияны резидент емес табыс еткен кезде белгіленеді.

11. «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығы есептелді» деген бөлімде:

1) 540.00.001 жолында Салық кодексінде белгіленген тәртіппен үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыстың сомасы көрсетіледі;

2) 540.00.002 жолында «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Трансферттік баға белгілеу туралы Заң) сәйкес айқындаған табыс сомасы көрсетіледі;

3) 540.00.003 жолында 540.00.001 және 540.00.002 (540.00.001 + 540.00.002) жолдары сомасының айырмасы ретінде айқындалатын, Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес түзету ескеріле отырып, ол бойынша Салық кодексінде белгіленген тәртіпте үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс сомасы көрсетіледі;

4) 540.00.004 жолында 540.00.007, 540.00.010 және 540.00.011 жолдарынан 540.00.014 (540.00.007 + 540.00.010 + 540.00.011 – 540.00.014) жолдарын алып тастаған сома ретінде айқындалатын, ол бойынша үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша шегерімдер сомасы көрсетіледі;

5) 540.00.005 жолында ол бойынша үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша Салық кодексінің 348-4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылған шығыстар сомасы көрсетіледі;

6) 540.00.006 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес 540.00.005 жолында көрсетілген шығыстарды түзетулер сомасы көрсетіледі;

7) 540.00.007 жолында 540.00.005 және 540.00.006 (540.00.005 + 540.00.006) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес түзету ескеріле отырып, ол бойынша үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша Салық кодексінің 348-4-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылған шығыстар сомасы көрсетіледі;

8) 540.00.008 жолында Салық кодексінің 384-4-бабының 1-тармағы
2) тармақшасына
сәйкес салық кезеңі ішінде тіркелген активтер құруға және (немесе) сатып алуға нақты жұмсалған шығыстардың сомасы көрсетіледі. Осы шығыстар жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша кез келген мөлшерде (нақты жұмсалған шығыстар шегінде) және кез келген салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылады;

9) 540.00.009 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес 540.00.008 жолында көрсетілген салық кезеңі ішінде іс жүзінде жұмсалған шығыстарды түзету сомасы көрсетіледі;

10) 540.00.010 жолында 540.00.008 және 540.00.009 (540.00.008 + 540.00.009) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес түзету ескеріле отырып, Салық кодексінің 384-4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес салық кезеңі ішінде тіркелген активтерді құруға және (немесе) сатып алуға нақты жұмсалған шығыстардың сомасы көрсетіледі;

11) 540.00.011 жолында Салық кодексінің 348-4-бабы 1-тармағының
3) тармақшасына сәйкес алдыңғы салық кезеңдері ішінде жұмсалған залалдар сомасы көрсетіледі;

12) 540.00.012 жолында Салық кодексінің 348-4 бабының 3-тармағына сәйкес амортизациялық аударымдар сомасына шегерімдер сомасының түзетуі көрсетіледі;

13) 540.00.013 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес 540.00.012 жолында көрсетілген шегерімдерді түзетулер сомасы көрсетіледі;

14) 540.00.014 жолында 540.00.012 және 540.00.013 (540.00.012 + 540.00.013) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес түзету ескеріле отырып, ол бойынша үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша Салық кодексінің 348-4-бабының 3-тармағына сәйкес амортизациялық аударымдар сомасына шегерімдер сомасының түзетуі көрсетіледі;

15) 540.00.015 жолында 540.00.003 және 540.00.004 (540.00.003 – 540.00.004) жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын, Салық кодексінің 133-бабына сәйкес жүзеге асырылатын азайту ескеріле отырып, Салық кодексінің 348-2-бабына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін салық салынатын табыс көрсетіледі. Егер Салық кодексінің 133-бабына сәйкес 540.00.003 және 540.00.004 жолдарының айырмасы нөлден кем болса, осы жолда нөлге тең мән көрсетіледі;

16) 540.00.016 жолында ол бойынша үстеме пайда салығын есептеу жүргізілетін Салық кодексінің 348-5-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша келісімшарттық қызметі бойынша корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

17) 540.00.017 жолында Салық кодексінің 349-бабына сәйкес келісімшарттық қызметі бойынша таза табыс бойынша туындайтын таза табысқа салынатын салық сомасы көрсетіледі. Тұрақты мекеме арқылы жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшарттық қызметті жүзеге асыратын резидент емес толтырады;

18) 540.00.018 жолында 540.00.015 жолы алу 540.00.016 жолы және алу 540.00.017 жолы (540.00.015 – 540.00.016 – 540.00.017) ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін нақты алынған таза табыс сомасы көрсетіледі;

19) 540.00.019 жолында 540.00.004 жолының және 25 пайыздың туындысы (540.00.004 х 25%) ретінде айқындалатын шегерімдердердің
25 пайыздық сомасы көрсетіледі;

20) 540.00.020 жолында 540.00.018 және 540.00.019 жолдарының айырмасы (540.00.018 – 540.00.019) ретінде айқындалатын шегерімдер сомасының 25 пайызынан асатын жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бөлігі ретінде есептелетін үстеме пайда салығының салықтық базасы көрсетіледі. Егер жолдардың айырмасы теріс мәнде болса, нөлге тең мән көрсетіледі;

21) 540.00.021 жолында деңгейлер бойынша үстеме пайда салығы сомасының есебі көрсетіледі, оның ішінде:

540.00.021А бағанында деңгейлер көрсетілген;

540.00.021В бағанында жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының жоғарғы шектерінің мәндері келтірілген;

540.00.021С бағанында Салық кодексінің 348-4-бабына сәйкес үстеме пайда салығы мақсатындағы шегерімдер көрсетіледі;

540.00.021D бағанында Салық кодексінің 351-бабына сәйкес белгіленген әрбір деңгей бойынша үстеме пайда салығы мақсатында таза табысты бөлудің шекті сомалары көрсетіледі.

540.00.021 E бағанында мынадай тәртіпте есептелген Салық кодексінің 351-бабында көзделген бөлінген нақты таза табыс көрсетіледі:

1 деңгей үшін:

егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығының мақсаттары үшін таза табыстың сомасы бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан көп болса, онда бірінші деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасына тең болады;

егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығы мақсатында таза табыстың сомасы бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан кем болса, онда бірінші деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі салық кезеңі үшін үстеме пайда салығы мақсатындағы таза табыстың сомасына тең болады.

Бұл ретте келесі деңгейлер үшін үстеме пайда салығы мақсатында таза табысты бөлу жүргізілмейді;

2-7 деңгейлер үшін:

егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығы мақсатында таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлінген бөліктерінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан артық не тең болса, онда бұл деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі осы тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасына тең болады;

егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығы мақсатында таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлінген бөліктерінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан кем болса, онда осы деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі сондай айырмаға тең болады. Бұл ретте келесі деңгейлер үшін үстеме пайда салығы мақсатында таза табысты бөлу жүргізілмейді.

Таза табыстың бөліктерінің деңгейлері бойынша бөлінген жалпы сома салық кезеңі үшін үстеме пайда салығы мақсатындағы таза табыстың жалпы сомасына тең болуға тиіс;

540.00.021 F бағанында Салық кодексінің 351-бабына сәйкес салық ставкалары пайызда келтірілген;

540.00.021 G бағанында 540.00.021 Е бағындағы әрбір жолдың 540.00.013 F бағанындағы тиісті ставкасына туындысы ретінде жол-жолмен айқындалатын үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі;

22) 540.00.022 жолында 540.00.021 G бағанының жолдарының сомасы ретінде айқындалатын төлеуге тиіс үстеме пайда салығының есептелген сомасы көрсетіледі.

12. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде салық төлеуші мына мәліметтерді көрсетеді:

1) «Салық төлеушінің Т.А.Ә.» жолында.

Декларацияны заңды тұлға табыс еткен кезде құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

Декларацияны жеке тұлға табыс еткен кезде деректер жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;

2) декларация тапсырылған күн.

Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған салық органының лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы беретін құжаттың тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

 ____________________________




Похожие:

Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау iconҮстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының бірінші сол жақ торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі
Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау iconКөлік құралы салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
Декларация айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 365, 373, 394-баптарында көрсетілген, салық төлеушілер, сондай-ақ Салық кодексінің...
Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау iconРоялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (500. 00-нысан)
Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және роялти бойынша салықты есептеуге арналған...
Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау iconКорпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (130. 00
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (130. 00-нысан)
Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау iconКорпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (130. 00
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (130. 00-нысан)
Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау iconҚазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (200. 00-нысан)
Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары...
Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау iconҚазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (200. 00-нысан)
Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары...
Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау iconШетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (210. 00-нысан)

Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау iconҚосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (300. 00-нысан)
Республикасы Заңының (бұдан әрі – Енгізу туралы Заң) 2, 12, 24, 25, 28, 34, 35, 44, 47, 48, 49, 49-1-баптарына сәйкес қосылған құн...
Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау iconКорпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110. 00-нысан)

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы