|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2012 жылғы «29» желтоқсандағы № 586 бұйрығына 13-қосымша «Этил спиртін техникалық мақсаттарда немесе алкогольдік емес өнімдерді өндіру кезінде пайдаланатын ұйымдардың оны акциз төлей отырып сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. Осы «Этил спиртін техникалық мақсаттарда немесе алкогольдік емес өнімдерді өндіру кезінде пайдаланатын ұйымдардың оны акциз төлей отырып сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметтің регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекітілген «Этил спиртін техникалық мақсаттарда немесе алкогольдік емес өнімдерді өндіру кезінде пайдаланатын ұйымдардың оны акциз төлей отырып сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді. 2. Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) алушы - заңды тұлға; 2) Қағида – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1572 қаулысымен бекітілген этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидасы; 3) «Құжат айналымы» АЖ – кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу үшін салық қызметі органының ақпараттық жүйесіне арналған; 4) құрылымдық-функционалды бірліктер - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын лауазымды адамдар; 5) Рұқсат деп – алушыға этил спиртін одан кейін техникалық мақсатқа немесе алкогольді емес өнімдерді өндіруде пайдалану үшін ұйымдарға олар тиісті уәкілетті орган бекіткен шығыс нормалары мен қажеттерін табыс еткен кезде өткізуге құқық берілетін акті танылады; 6) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті. 3. «Этил спиртін техникалық мақсаттарда немесе алкогольдік емес өнімдерді өндіру кезінде пайдаланатын ұйымдардың оны акциз төлей отырып сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттерінде (бұдан әрі – салық департаменті) Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді. 4. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы ҚРЗ) 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және «Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1572 қаулысына сәйкес көрсетіледі. 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі этил спиртін техникалық мақсаттарда немесе алкогольдік емес өнім өндіруге қолданатын ұйымдардың сатып алуы үшін акциз төлей отырып рұқсат (бұдан әрі – Рұқсат) берілуі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша уәжделген жауап беруі болып табылады. Стандарттың 16-тармағында көрсетілген жағдайлар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады. ^ 7. Мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша салық департаментінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша алуға болады. 9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген. 11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
3) құжаттарды өндеу, салық департаментінің Комиссиясының отырысын өткізуді ұйымдастыру, Комиссияның шешімін (Хаттаманы, Рұқсатты немесе бастарту туралы жауапты) қалыптастыру; 4) Комиссияның шешімімен (Хаттамамен) Комиссияның мүшелерімен келісу және дайын құжаттарды (Рұқсатты немесе бастарту туралы жауапты) беру; 5) іс жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға дайын құжатты қол қойғызуға және тіркеуге беру; 6) дайын құжаттарды алушыға немесе алушының өкіліне өзі келуі немесе пошта байланысы арқылы шығыс құжаттарды беру Журналында белгілеп беру; 7) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды тұлға Рұқсат берілгені туралы есепті және этил спиртін алушы мақсатқа сай пайдаланғаны туралы ақпаратты және оны уәкілетті органға жөнелтуді дайындайды. 12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін алушының құжаттарын салық департаментінің жұмыс кестесі бойынша бір тұлға қабылдайды. ^ (өзара іс-әрекеттер) іс-әрекеттер тәртібін сипаттау 13. Алушы (не болмаса сенімхат бойынша өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін салық департаментіне Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады. 14. Құжаттардың тапсырылғанын растау, алушыға (не болмаса сенімхат бойынша өкіліне) құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты, салық департаментінің қызметкерінің аты-жөні мен тегі көрсетілген талон болып табылады. 15. Құрылымдық-функциональдық бірліктердің реті мен өзара баламалы іс-қимылдарын (үдерістерін) сипаттау осы Регламентке қосымшада келтiрiлген. _______________ «Этил спиртін техникалық мақсаттарда немесе алкогольдік емес өнімдерді өндіру кезінде пайдаланатын ұйымдардың оны акциз төлей отырып сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет Регламентіне қосымша Құрылымдық-функциональдық бірліктердің әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарын сипаттау
Кестенің жалғасы
_____________________ |