88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу icon

88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу



Название88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу
Дата конвертации07.12.2012
Размер35.52 Kb.
ТипДокументы
источник

88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу.


3-бөлімі.

Жеке тұлғаның, жеке кәсiпкердiң, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының:

салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша пайдасына берешек өндiрiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;

салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;

есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;

жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстамауы (есептеп қоспауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы);

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша касса жөніндегі барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздан­дыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы,-

жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4-бөлімі.

Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - алпыс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5-бөлімі.

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша агенттердің – заңды тұлғалардың немесе дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;

міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органдарының міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұл сомаларын өндіріп алуы жөніндегі инкассалық өкімдерін орындамауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыз­дандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы – лауазымды адамдарға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыз­дандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде агенттердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс опера­циялары сомасының – бес процент мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.



Похожие:

88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу iconҚазақстан республикасының заң «Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Бап; 2010 ж. №5, 23-бап; №7, 32 -бап; №15, 71-бап; №24, 149-бап, 152-бап; 2011 ж., №1, 2-бап, 3-бап; №2, 21-бап; №11, 102-бап; №12,...
88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу iconМіндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6-1...
88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу iconҚазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы №136-1 Заңы
Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебi мен есеп берiп отыруы, жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы
88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу icon20 жылғы орталыққа жіберілетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар,
Жасалған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт туралы...
88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу iconМөлшерін арттыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 5-бабы 3-тармағына...
88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу iconМіндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) сомалары, есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (201. 00-нысан)
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік...
88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, уағдаластық міндеттерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзу үшін жауапкершілікті қатандату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Бап. Қазакстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, уағдаластық міндеттерді қорғауды кепілдендіру...
88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу iconҚағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен...
88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу iconҚазақстан Республикасы Үкіметі нің қаулысы жобасына
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, уағдаластық міндеттерді қорғауды кепілдендіру...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы