Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан) icon

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан)



НазваниеҚоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан)
Дата конвертации07.12.2012
Размер114.37 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « 8 » қарашадағы

№ 1310 қаулысымен

бекітілген


Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870.00-нысан)


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны есептеуге арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, Салық кодексінің 493-бабында белгіленген төлемақы төлеушілер жасайды..

2. Декларация Салық кодексінің 498-бабына сәйкес жасалады, Декларацияның өзінен (870.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (870.01 нысан) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөзі толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымша тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.

6. Декларацияға қосымша онда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабының 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің мөрімен не оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

12. Декларацияны беру кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз тасығышта екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) қағаз тасығышта хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен салық есептілігін қабылдағаны не қабылдамағаны туралы хабарламасын алады.

13. Декларацияға қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

14. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес Декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтыруы тиіс. 




^ 2. Декларацияны жасау (870.00-нысан)


15. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) Салық кодексінің 493-бабына сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушінің СТН;

2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушінің ЖСН/БСН;

3) құрылымдық бөлімшесі филиал, өкілдік болып табылатын заңды тұлғаның СТН.

Бұл жол егер 1-жолда қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған құрылымдық бөлімшенің СТН көрсетілсе толтырылады;

4) филиал, өкілдік құрылымдық бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның БСН;

5) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (тоқсан, жыл) – Декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

6) салық төлеушінің атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның (немесе заңды тұлғаның шешімі бойынша құрылымдық бөлімшенің) атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның (немесе заңды тұлғаның шешімі бойынша құрылымдық бөлімшенің) толық атауы көрсетіледі;

7) Декларация түрі.

Тиісті торкөздер Декларацияның Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігі түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді;

8) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген Декларация түрі тапсырылған жағдайда белгіленеді;

9) 9 жол егер Декларацияны қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеуші жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін төлем көлемімен жасаған және табыс еткен жағдайда толтырылады. Қоршаған ортаға эмиссияға экологиялық рұқсат болған кезде А торкөзінде рұқсат нөмірі, В торкөзінде рұқсаттың берілген күні көрсетіледі;

10) 10 жолда қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілердің санаты көрсетіледі:

10 I жол егер Декларацияны коммуналдық қызметтер көрсету кезінде қалыптасатын эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектісі болып табылатын қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеуші және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары жасаған және табыс еткен жағдайда толтырылады;

10 II жол егер Декларацияны коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондардың иесі болып табылатын қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеуші тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін жасаған және табыс еткен жағдайда толтырылады;

11) салық төлеушінің санаты.

Торкөздер егер салық төлеуші А немесе В жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді;

12) валюта коды.

«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

13) қосымшалар саны.

Табыс етілген қосымшалардың саны көрсетіледі.

16.« Бюджетке төленуге жататын қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы» бөлімінде:

870.00.001 жолда 870.01-нысанының барлық қосымшалары бойынша 870.01.012 және 870.01.013 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, арнаулы табиғат пайдаланудың барлық түрлері бойынша бюджетке төленуге жататын салық кезеңі үшін есептелген қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының жалпы сомасы көрсетіледі.

17. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлімінде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) аты-жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға тапсырған жағдайда, жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес төлемақы төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

2) Декларацияның тапсырған күні.

Салық органына Декларацияның тапсырған күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Ластау объектісі (стационарлық ластау көздері бойынша) орналасқан орын бойынша немесе жылжымалы көздерiн мемлекеттік тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының аты-жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

5) Декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес Декларацияның тапсырылған күні көрсетіледі;

6) құжаттын кіріс нөмірі.

Салық органы берген Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.


^ 3. 870.01-нысанын жасау


18. 870.01-нысаны салық кезеңі үшін арнайы табиғат пайдаланудың әрбір түрі бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы сомасының есептелуі туралы ақпаратты көрсетуге арналған және ластаудың (арнаулы табиғат пайдаланудың) әрбір түрі үшін бөлек толтырылады.

19. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде:

1) қоршаған ортаға эмиссияға экологиялық рұқсат болған кезде А торкөзінде рұқсаттың нөмірі көрсетіледі, В торкөзінде рұқсаттың берілген күні көрсетіледі, С торкөзінде объектілердің санаты (I, II, III, IV) көрсетіледі, D торкөзінде рұқсатты алған күні және рұқсаттың қолданыс мерзімінің нақты аяқталу күні көрсетіледі;

2) арнаулы табиғат пайдаланудың түрі.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген арнайы табиғат пайдаланудың түріне қарай бір торкөз белгіленеді;

3) ластайтын заттың түрі.

Салық кодексінің 495-бабы тиісті тармағының тармақшасының нөмірі көрсетіледі.

Мысалы, техникалық және элементарлық күкірт бойынша 870.01 қосымшасын толтырған кезде бұл торкөзде Салық кодексінің 495-бабы 6-тармағының 1.3.7 тармашасының нөмірі көрсетіледі;

4) табиғатты пайдаланудың өлшем бірлігі.

«Арнаулы табиғат пайдаланудың түрі» жолында көрсетілген арнаулы табиғат пайдалану жүргізілетін өлшем бірліктің тиісті торкөзі белгіленеді.

20. «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы есептеу үшін 9-жолда көрсетілген өлшем бірліктерде ластау көлемдері туралы мәліметтер» бөлімінде:

1) 870.01.001 жолында тоқсанның басына лимит қалдығы көрсетіледі. Бұл жолды төлем көлемі жылдық жиынтық көлемде 100 АЕК дейін болатын төлемақы төлеушілерді қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер толтырады.

Декларация күнтізбелік жылдың бірінші тоқсаны үшін жасалған кезде 870.01.001 жолда белгіленген жылдық лимиттің шамасы көрсетіледі.

Декларация күнтізбелік жылдың екінші – төртінші тоқсандары үшін жасалған кезде тоқсандар арасындағы айырма көрсетіледі;

Мысалы:

Егер жылдық лимит 1 млн. 500 мың болып белгіленген болса және бірінші тоқсанда 500 мың мөлшерде лимит пайдаланылса, онда екінші тоқсанда 870.01.001 жолда белгіленген лимит пен бірінші тоқсанда пайдаланылған лимит арасындағы айырма, яғни 1 млн. көрсетіледі.

Салық кезеңінің үшінші, төртінші тоқсандары үшін лимит қалдығы да осыған ұқсас айқындалады;

2) 870.01.002 жолында тоқсанның басына лимиттің асып кетуі көрсетіледі. Бұл жолды төлем көлемі жылдық жиынтық көлемде 100 АЕК дейін болатын төлемақы төлеушілерді қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер толтырады.

3) 870.01.003 жолында қоршаған ортаға эмиссияға сатып алынған лимиттің көлемі көрсетіледі. Бұл жолды төлем көлемі 870.00 Декларациясының 9 жолында белгіленген жылдық жиынтық көлемде 100 АЕК дейін болатын қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы төлеушілер толтырады. Бұл ретте 870.01.003 жолының мәні 870.01.004 жолына кошіріледі;

4) 870.01.004 жолында белгіленген нормативтер шегінде салық кезеңі үшін қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі көрсетіледі;

5) 870.01.005 жолында белгіленген нормативтерден жоғары (ол болған жағдайда) қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі көрсетіледі.

21. «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы есептеу үшін белгіленген ставкалар туралы мәліметтер» бөлімінде:

1) 870.01.006 жолында Салық кодексінің 495-бабына сәйкес белгіленген лимит шегінде қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкасы көрсетіледі.

Мысалы, дизель отыны бойынша 870.01-қосымша толтырылған кезде Салық кодексінің 495-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін 0,45 АЕК ставкасы қолданылады;

2) 870.01.007 жолында Салық кодексінің 495-бабы 9-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша төлемақы ставкасының асып кету мөлшері көрсетіледі.

Мысалы, меркаптан бойынша (Салық кодексінің 495-бабы 3-тармағының 8) тармақшасы) 870.01-қосымшасын толтырған кезде жергілікті өкілді органдары төлемақы ставкаларының мөлшерін жиырма еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар;

3) 870.01.008 жолында 870.01.006 және 870.01.007 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша ставканың арту мөлшері ескеріле отырып, белгіленген лимит шегіндегі төлемақы ставкасы көрсетіледі;

4) 870.01.009 жолында Салық кодексінің 495-бабында көзделген төлемақы ставкаларын немесе жергілікті өкілді органдардың шешіміне сәйкес төлемақы ставкаларының асып кету мөлшері ескерілген төлемақы ставкаларын он есеге көбейтіліп (870.01.006 х 10) немесе (870.01.008 х 10) айқындалатын белгіленген лимиттен артық қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкасы көрсетіледі. Бұл ретте белгіленген лимиттен артық ставкаларды айқындау кезінде 870.01.010 жолда көрсетілген коэффициент ескерілмейді;

5) 870.01.010 жолында Салық кодексінің 495-бабы 7-тармағына сәйкес төлемақы төлеушілерге қолданылатын тиісті коэффициенттің торкөзі белгіленеді. Бұл ретте, Салық кодексінде салық төлеушілердің санатына қарай ставкаларға мынадай коэффициенттер белгіленген:

коммуналдық қызметтер көрсету кезінде қалыптасқан эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін:

А торкөзінде стационарлық көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін коэффициент көрсетіледі – 0,3;

С торкөзінде ластағыш заттардың төгінділері үшін коэффициент көрсетіледі – 0,43;

D торкөзінде күл мен күлшлактар қалдықтары бойынша өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін коэффициент көрсетіледі – 0,05;

– тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін:

В торкөзінде коммуналдық қалдықтарды (тұрмыстық қатты қалдықтар, кәріздік немесе тазарту құрылыстары) орналастырғаны үшін коэффициент көрсетіледі – 0,2;

6) 870.01.011 жолында 870.01.006 және 870.01.010 А (В, С немесе D) жолдарының туындысы (870.01.006 х 870.01.010 А (В,С немесе D) немесе 870.01.008 және 870.01.010 А (В, С немесе D) жолдарының туындысы (870.01.008 х 870.01.010 А (В,С немесе D) ретінде айқындалатын Салық кодексінің 495-бабы 9-тармағына сәйкес жергілікті органдардың шешімі бойынша төлемақы ставкаларының мөлшері және Салық кодексінің 495-бабы 7-тармағына сәйкес төлемақы төлеушілерге қолданылатын коэффициенттер ескеріле отырып, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкасы көрсетіледі.

22. «Бюджетке төленуге тиіс қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны есептеу» бөлімінде:

1) 870.01.012 жолында 870.01.004 және 870.01.008, немесе 870.01.004 және 870.01.006, немесе 870.01.004 және 870.01.011 жолдарының туындысы (870.01.004 х 870.01.006 (870.01.008 немесе 870.01.011)) ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін белгіленген лимит шегінде қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының есептелген сомасы көрсетіледі;

Егер Салық кодексінің 495-бабы 9-тармағына сәйкес жергілікті органдардың шешімі бойынша төлемақы ставкасы жоғарылатылған болса, онда 870.01.004 х 870.01.008 формуласы қолданылады.

Егер төлемақы ставкасы Салық кодексінің 495-бабы 9-тармағына сәйкес коэффициенттері қолданыла отырып, лимит шегінде болса, онда 870.01.004 х 870.01.011 формуласы қолданылады.

2) 870.01.013 жолында 870.01.005 және 870.01.009 жолдарының туындысы (870.01.005 х 870.01.009) ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін белгіленген лимиттен артық қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының есептелген сомасы көрсетіледі.

_________________________





Похожие:

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан) iconҚоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан)
Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, Салық кодексінің...
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан) iconЖер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан)

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан) iconРоялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (500. 00-нысан)
Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және роялти бойынша салықты есептеуге арналған...
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан) iconӨндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан)
Осы өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке...
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан) iconҮстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан)
Декларация жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді...
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан) iconАукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан)

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан) icon890. 00-нысан Жалпы ережелер
Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан) iconҮстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
Осы Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (540. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық...
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан) iconТіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан)
Декларация жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 420-бабында айқындалған ойын бизнесі саласындағы қызмет көрсету...
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан) iconҚағидалары (220. 00-нысан) Жалпы ережелер
Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы