Үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан) icon

Үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан)



НазваниеҮстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан)
Дата конвертации07.12.2012
Размер84.17 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « 8 » қарашадағы

№ 1310 қаулысымен

бекітілген

 

 

Үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860.00-нысан)


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 28 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеуге арналған жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, Салық кодексінің
485-бабында айқындалған төлемақы төлеушілер жасайды.

2. Декларация Салық кодексінің 491-бабына сәйкес жасалады, Декларацияның (860.00-нысан) өзінен және оған салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшадан (860.01-нысан) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөзі толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымша тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.

6. Декларацияға қосымша онда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабының 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің мөрімен не оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

12. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз тасығышта екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) қағаз тасығышта хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен салық есептілігін қабылдағаны не қабылдамағаны туралы хабарламасын алады.

13. Декларацияға қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

14. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес Декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтыруы тиіс.


^ 2. Декларацияны жасау (860.00-нысан)

 

15. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушінің СТН;

2) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушінің ЖСН/БСН;

3) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (тоқсан, жыл) – Декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

4) салық төлеушінің атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;

5) Декларация түрі.

Тиісті торкөздер Декларацияның Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігі түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген Декларация түрі тапсырылған жағдайда белгіленеді;

7) салық төлеушінің санаты.

Торкөздер егер салық төлеуші А немесе В жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді;

8) валюта коды.

«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

9) қосымшалар саны.

Табыс етілген қосымшалардың саны көрсетіледі.

16. «Бюджетке төлеуге жататын жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы» бөлімінде:

860.00.001 жолда белгіленген лимиттің шегінде (860.01-нысанының барлық қосымшалары бойынша 860.01.006 жол) және белгiленген лимиттен жоғары (860.01-нысанының барлық қосымшалары бойынша 860.01.007 жол) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін есептелген және бюджетке төлеуге жататын арнайы су пайдаланудың барлық түрлері бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының жалпы сомасы көрсетіледі;

17. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлімінде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) аты-жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға тапсырған жағдайда, жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес төлемақы төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

2) Декларацияның тапсырған күні.

Салық органына Декларацияның тапсырған күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Рұқсат құжатында көрсетілген арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны куәландырған арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңірлік уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының аты-жөні» жолында Салық кодексінің 491-бабы
4-тармағына
сәйкес Декларацияны куәландырған арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңірлік уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

5) арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңірлік уәкілетті мемлекеттік органда Декларацияның куәландырылған күні.

Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңірлік уәкілетті мемлекеттік органда Декларацияның куәландырылған күні көрсетіледі;

6) арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңірлік уәкілетті мемлекеттік органның коды.

Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы алу объектілерінің орналасқан орны бойынша арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңірлік уәкілетті мемлекеттік органның коды көрсетіледі;

7) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының аты-жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

8) Декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес Декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;

9) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы берген Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

10) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

  

^ 3. 860.01-нысанын жасау

 

18. 860.01-нысаны салық кезеңі үшін әрбір арнаулы су пайдалану түрі бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы сомаларын есептеу туралы ақпараттарды көрсетуге арналған және әрбір арнаулы су пайдалану түрі бөлек толтырылады.

19. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде:

1) арнаулы су пайдалануға рұқсат құжаты болған кезде А торкөзінде рұқсат құжатының берілген күні, В торкөзінде рұқсат құжатының нөмірі көрсетіледі;

2) арнаулы су пайдалану түрі.

Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген арнаулы су пайдалану түріне қарай бір торкөз белгіленеді;

3) суды пайдаланудың өлшем бірлігі.

«Арнаулы су пайдалану түрі» жолында көрсетілген жүргізілетін арнаулы су пайдаланудың өлшем бірлігі белгіленеді.

20. «Төлемақы есептеу үшін су пайдалану көлемі туралы мәліметтер» бөлімі 6-жолда көрсетілген су пайдалану өлшем бірліктерінде толтырылады:

1) 860.01.001 І, 860.01.001 ІІ, 860.01.001 ІІІ жолдарында салық кезеңінің әрбір айы үшін белгіленген лимит (есепті салық кезеңі үшін есептен) көрсетіледі;

2) 860.01.002 І, 860.01.002 ІІ, 860.01.002 ІІІ жолдарында салық кезеңінің әрбір айы үшін су пайдаланудың нақты көлемі көрсетіледі;

3) 860.01.003 І, 860.01.003 ІІ, 860.01.003 ІІІ жолдарында 860.01.002 және 860.01.001 жолдарының әртүрлі түрінде есептелетін, салық кезеңінің әрбір айы үшін белгіленген лимиттен артық арнаулы су пайдалану көлемі көрсетіледі.

860.01.003 ІV жолында салық кезеңі (тоқсан) үшін белгіленген лимиттен жоғары арнаулы су пайдалану көлемі көрсетіледі.

21. «Төлемақыны есептеу үшін белгіленген ставкалар туралы мәліметтер» бөлімінде:

1) 860.01.004 жолында Салық кодексінің 487-бабы 1-тармағына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді орган бекіткен лимит шегінде жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы көрсетіледі:

2) 860.01.005 жолында Салық кодексінің 487-бабы 2-тармағына сәйкес белгіленген төлемақы ставкаларын (860.01.004) бес есеге ұлғайта отырып айқындалатын, белгіленген лимиттен жоғары жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы көрсетіледі.

22. «Бюджетке төленуге жататын төлемақыны есептеу» бөлімінде:

1) 860.01.006 жолында бюджетке төленуге жататын салық кезеңі үшін белгіленген лимит шегінде жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының есептелген сомасы көрсетіледі.

Мысалы:

Егер салық кезеңі үшін белгіленген лимит салық кезеңінің әрбір айы үшін 2 мыңды, ал бірінші айда су пайдаланудың нақты көлемі 1 мың 800 болса, екінші айда 3 мың және үшінші айда 2 мыңды құраса, онда 860.01.006 жол былайша есептеледі:

(1 мың 800 х 860.01.004 + 2 мың х 860.01.004 + 2 мың х 860.01.004). Екінші айда белгіленген лимиттің 1 мыңнан асып кетуіне байланысты, белгіленген лимиттен жоғары төлемақы сомасы 860.01.007 жолда есептелетін және көрсетілетін болады;

2) 860.01.007 жолда бюджетке төленуге жататын, салық кезеңі үшін белгіленген лимиттен жоғары жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының есептелген сомасы көрсетіледі:

860.01.007 жолы 860.01.003 IV және 860.01.005 жолдарының туындысы (860.01.003 IV х 860.01.005) ретінде айқындалады.




Похожие:

Үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан) iconЖер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан)

Үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан) iconЖер телімдерін пайдаланғаны үшін бойынша салық есептілігін (ағымдағы төлемдер сомасы есебін) жасау қағидалары (851. 00-нысан)

Үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан) iconЖер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (ағымдағы төлемдер сомасы есебін) жасау қағидалары (851. 00-нысаны)

Үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан) iconӨндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан)
Осы өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке...
Үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан) iconКөлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігін
Осы Көлік құралдары салығы бойынша салық есептілігін ағымдағы төлемдер (есебін) жасау қағидалары (701. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар)...
Үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан) iconҮстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
Осы Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (540. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық...
Үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан) iconРоялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (500. 00-нысан)
Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және роялти бойынша салықты есептеуге арналған...
Үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан) iconҚағидалары (220. 00-нысан) Жалпы ережелер
Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және...
Үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан) iconАукциондардан алым, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан)

Үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан) icon890. 00-нысан Жалпы ережелер
Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы