Тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан) icon

Тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан)



НазваниеТіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан)
Дата конвертации07.12.2012
Размер78.13 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « 8 » қарашадағы

№ 1310 қаулысымен

бекітілген


Тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны)

жасау қағидалары (720.00-нысан)

 


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және тіркелген салықты есептеуге арналған тіркелген салық бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 420-бабында айқындалған ойын бизнесі саласындағы қызмет көрсету бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жасайды.

2. Декларация Декларацияның өзінен (720.00-нысан) және оған салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшадан (720.01-нысан) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшіруге жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.

6. Декларацияға қосымша Декларациядағы оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электронды тасығышта – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабының 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің мөрімен не оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

12. Декларацияны тапсырған кезде:

1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады. 

13. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

14. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес Декларация табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтыруы тиіс. 


^ 2. Декларацияны жасау (720.00-нысаны)

 

15. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес- сәйкестендіру нөмірі);

3) салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

4) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

5) декларацияның түрі. Тиісті торкөздер Декларацияның Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні. А және В торкөздері Салық кодексінің 63-бабының 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген Декларация түрін тапсырған жағдайда толтырылады;

7) салық төлеушінің санаты. Торкөздер егер салық төлеуші А немесе В торкөздерінде көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді;

8) «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды;

9) табыс етілген қосымшалардың саны.

16. «Тіркелген салық» бөлімінде:

720.00.001 жолында барлық 720.01-нысандар бойынша 720.01.007 C жолынан көшірілетін, салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын есептелген тіркелген салықтың жалпы сомасы көрсетіледі;

17. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлімінде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) аты-жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, есімі, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға тапсырған жағдайда жолда салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі, деректер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылатын;

2) Декларацияның тапсырған күні.

Декларацияның салық органына тапсырған күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының аты-жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

5) Декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес Декларация табыс етілген күн көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы берген Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

^ 3. 720.01-нысанын жасау

 

18. 720.01 нысаны салық кезеңі үшін (тоқсан) Салық кодексінің
412-бабында айқындалған барлық салық салынатын объектілер (олар болған жағдайда) бойынша есептелген тіркелген салық сомасы туралы ақпараттарды көрсетуге арналған.

19. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде:

1) 4 жолда мөлшері «2011–2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңымен тиісті қаржы жылына белгіленетін АЕК – айлық есептік көрсеткіш көрсетіледі;

2) 5 А торкөзі айдың 15-не дейін енгізілген толық ай пайдалануында болған және 15-нен кейін шығарылған салық салу объектілері болған кезде белгіленеді;

3) 5 В торкөзі айдың 15-нен кейін енгізілген және 15-не дейін шығарылған салық салу объектілері болған кезде белгіленеді.

Салық кезеңінде салық салу объектілерінің болуына қарай торкөздердің бірі ғана белгіленеді.

Әрбір белгіленген торкөз бойынша 720.01 нысаны бойынша бөлек қосымша толтырылады.

20. «Бюджетке төленуге жататын тіркелген салықты есептеу» бөлімі мынадай жолдардан тұрады: 720.01.001 – бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы, 720.01.002 – бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы, 720.01.003 – ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютер, 720.01.004 – ойын жолы, 720.01.005 – карт, 720.01.006 – бильярд үстелі, 720.01.007 – тіркелген салық – барлығы.

Бұл жолдарда:

1) А бағанында – салық кезеңінің әр айы үшін салық салынатын объектілердің саны көрсетіледі;

2) В бағанында – Салық кодексінің 422-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын объектінің тиісті түріне қолданылатын тіркелген салық ставкасы теңгеде көрсетіледі.

«Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің 8 А торкөзінде белгіленген, айдың 15-не дейін енгізілген толық ай пайдалануында болған және 15-нен кейін шығарылған салық салу объектілері бойынша теңгедегі салық ставкасы тиісті салық салу объектісі бойынша АЕК–те жергілікті өкілді орган белгілеген салық ставкасы мен «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің «АЕК» торкөзінде көрсетілген АЕК мөлшерінің туындысы ретінде айқындалады.

«Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің 8 В торкөзінде белгіленген, айдың 15-нен кейін пайдалануға енгізілген және 15-не дейін шығарылған салық салу объектілері бойынша теңгедегі салық ставкасы АЕК–те белгіленген салық ставкасы мен «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің «АЕК» торкөзінде көрсетілген АЕК мөлшерінің туындысының 1/2 ретінде айқындалады;

3) С бағанында А бағаны мен В бағанының тиісті жолдарының туындысы ретінде айқындалатын салық кезеңінің әр айы үшін тіркелген салық сомасы көрсетіледі;

Мысалға, бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары бойынша көрсетілген бағандар бойынша тиісті жолдарды толтыру былайша жүргізіледі.

720.01.001 А – жолында салық кезеңінің әр айы үшін тіркелген салық салынатын объектілердің – бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтарының саны көрсетіледі.

720.01.001 В – жолында былайша айқындалатын бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтарына қолданылатын теңгедегі тиісті салық ставкасы көрсетіледі:

айдың 15-не дейін енгізілген толық ай пайдалануында болған және айдың 15-нен кейін шығарылған бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары бойынша салық ставкасы жергілікті өкілді орган белгілеген тіркелген салық ставкасы мен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК мөлшерінің туындысы ретінде айқындалады;

айдың 15-нен кейін енгізілген және айдың 15-не дейін шығарылған ойын үстелдері бойынша бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары бойынша белгіленген тіркелген салық ставкасы мен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК мөлшерінің туындысының 1/2 ретінде айқындалады.

720.01.001 С жолында 720.01.001 А және 720.01.001 В жолдарының туындысы (720.01.001 А х 720.01.001 В) ретінде салық кезеңінің әр айы үшін бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматының санына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалатын салық кезеңінің әр айы үшін салық сомасы көрсетіледі;

Объектілердің өзге түрлері (бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматтары, ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлер, ойын жолдары, карттар, бильярд үстелдері) бойынша жолдарды толтыру бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары бойынша жолдарды толтырғанға ұқсас жүзеге асырылады;

720.01.007 С жолында 720.01.001 С жолынан бастап 720.01.006 С жолына дейінгі жолдардың жиынтығымен айқындалатын салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын объектілердің барлық түрлері бойынша есептелген тіркелген салықтың жалпы сомасы көрсетіледі.

___________________________




Похожие:

Тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан) iconРоялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (500. 00-нысан)
Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және роялти бойынша салықты есептеуге арналған...
Тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан) iconӨндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан)
Осы өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке...
Тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан) iconҮстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан)
Декларация жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді...
Тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан) iconҮстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
Осы Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (540. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық...
Тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан) iconҚоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан)
Декларация жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді...
Тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан) iconҚоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан)
Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, Салық кодексінің...
Тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан) iconҚағидалары (220. 00-нысан) Жалпы ережелер
Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және...
Тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан) iconАукциондардан алым бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан)
Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 464-бабына сәйкес аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк...
Тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан) iconНысан Жалпы ережелер
Осы корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (140. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар)...
Тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан) iconШетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (210. 00-нысан)

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы