Өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) icon

Өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан)



НазваниеӨндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан)
Дата конвертации07.12.2012
Размер50.64 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « 8 » қарашадағы

№ 1310 қаулысымен

бекітілген


Өндіру бонусы бойынша салық есептілігін

(декларацияны) жасау қағидалары (550.00-нысан)


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы
2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және өндіру бонусын есептеуге арналған өндіру бонусы бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

Декларацияны Салық кодексінің 308-бабы 1-тармағына сәйкес салық режимі белгіленген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа немесе өнімді бөлу туралы келісімшартқа (бұдан әрі – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт) сәйкес қызыметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.

Декларацияны жер қойнауын қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда және осындай келісімшарт жасалған күні қолданыста болған салық заңнамасының нормаларында белгіленген салық режимінің ерекшеліктерін ескере отырып, Салық кодексінің 308-бабы 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.

2. Декларация (550.00-нысан) өндіру бонусын салу объектілері туралы ақпараттан тұрады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

6. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

7. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

8. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

9. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен төлеушіге қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

10. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөліміндегі көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

11. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес Декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының
4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының
4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірін (бизнес-сәйкестендіру нөмірін) міндетті түрде толтыруы тиіс.

 

 2. Декларацияны жасау (550.00-нысан)

 

12. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) ЖСН/БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

3) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – Декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

4) салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

5) Декларацияның түрі – тиісті торкөздер Декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып, белгіленеді.

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Торкөздер Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген Декларация түрі табыс етілген жағдайда толтырылады;

7) валюта коды.

«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 378 шешімімен (бұдан әрі – Шешім) бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

8) А бағанында уәкілетті орган берген келісімшарттың тіркеу нөмірі көрсетіледі, В бағанында Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен жасалған келісімшарттың күні көрсетіледі;

9) өлшем бірлігі. Келісімшартқа сәйкес өндірілген пайдалы қазбалардың өлшем бірлігі көрсетіледі (тоннада, текше/м., унцияда, грамда және т. б.).

13. «Төлеуге өндіру бонусы» бөлімінде:

Бұл бөлім келісімшарттық аумақта коммерциялық табу және уәкілетті орган өндірудің жылдық жоспарын бекіткен жағдайда толтырылады;

1) 550.00.001 жолында келісімшарт бойынша пайдалы қазбаны өндірудің қол жеткізілген жинақталған көлемі көрсетіледі;

2) 550.00.002 жолында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген салық режиміне сәйкес есептелген өндіру бонусының сомасы көрсетіледі;

3) 550.00.003 жолында жыл басынан өндіру бонусының жиналған сомасы көрсетіледі.

14. «Коммерциялық табуға дейінгі өндіру бонусы» бөлімінде:

Бұл бөлім жер қойнауын пайдалауға арналған келісімшартта көзделген салық режиміне сәйкес толтырылады;

1) 550.00.004 жолында жер қойнауын пайдалауға арналған келісімшартта көзделген салық режиміне сәйкес салық кезеңі үшін есептелген өндіру бонусының сомасы көрсетіледі;

2) 550.00.005 жолында жыл басынан өндіру бонусының жиналған сомасы көрсетіледі.

15. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлімінде салық төлеушi мынадай деректерді көрсетеді:

1) «Салық төлеушінің аты-жөні» жолында:

құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

2) Декларацияның тапсырған күні.

Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының аты-жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

5) Декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес Декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;

6) Декларацияның кіріс нөмірі.

Салық органы берген құжаттың тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

______________________________

 





Похожие:

Өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) iconКоммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (520. 00-нысан)

Өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) iconРоялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (500. 00-нысан)
Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және роялти бойынша салықты есептеуге арналған...
Өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) iconҮстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
Осы Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (540. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық...
Өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) iconТіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (720. 00-нысан)
Декларация жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 420-бабында айқындалған ойын бизнесі саласындағы қызмет көрсету...
Өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) iconҮстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомасы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (860. 00-нысан)
Декларация жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді...
Өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) iconҚағидалары (220. 00-нысан) Жалпы ережелер
Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және...
Өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) iconҚоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (870. 00-нысан)
Декларация жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді...
Өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) iconАукциондардан алым бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (810. 00-нысан)
Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 464-бабына сәйкес аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк...
Өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) iconҚазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (200. 00-нысан)
Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары...
Өндіру бонусы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (550. 00-нысан) iconҚазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (200. 00-нысан)
Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы