Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
страница3/3
Дата конвертации07.12.2012
Размер461.59 Kb.
ТипДокументы
источник
1   2   3
2.4. Мемлекеттік қызметшілерді бағалау және мансаптық жоспарлау жүйесін енгізу

 

Әлемдік практикада мемлекеттік қызметшілердің қойылған мақсаттар мен міндеттерді, лауазымдық нұсқаулықты, орындалатын жұмыс пен қол жеткізілген нәтижелерді салыстыруға негізделген жұмысының түпкілікті нәтижелерін бағалау қолданылады.

Бағалау нәтижелері қызметкерлерді ынталандыру, оларды қызметтік саты бойынша жоғарылату, қосымша оқыту қажеттігі туралы кадрлық шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.

Жаңа модельде мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүйесі жетілдірілетін болады.

Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін бағалау түпкілікті нәтижеге бағдарланатын болады және мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру мен оларды көтермелеу, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру қажеттігін айқындау, қызмет бойынша жоғарылату үшін негіз болады.

Жаңа модельде мемлекеттік қызметшілердің аттестациядан өту тетігі де жетілдірілетін болады, ол бағалау нәтижелері бойынша қызметі тиімсіз болып табылған мемлекеттік қызметшілерге ғана қолданылатын болады.

Мемлекеттік қызметшілердің бағалау және аттестациядан өту тәртібі мен шарттары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша тиісті нормативтік құқықтық актімен айқындалатын болады.

Мемлекеттік қызметші мансабының белгіленген әлеуметтік және лауазымдық мәртебеге жоғарылатуды сипаттайтын және мемлекеттік қызметшінің біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесіне сәйкес оның кәсіби және әлеуметтік тұрғыдан өзін өзі көрсетуі қамтамасыз етілетін ынталандыру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатындығы ескеріле отырып, «мансаптық жоспарлау» ұғымы нормативтік тұрғыдан бекітілетін болады.

Мемлекеттік қызметшілерді мансаптық жоғарылату мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымындағы қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелеріне негізделетін болады.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мансаптық жоспарлау жүйесі заңнамалық тұрғыдан көзделіп, мансаптық жоғарылату критерийлері нормативтік тұрғыдан айқындалатын болады.

 

 

^ 2.5. Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесін жетілдіру

 

Сапалы әрі тиімді еңбекті ынталандыру мемлекеттік орган ұжымында жайлы атмосфераны қамтамасыз ететін, мемлекеттік қызметтегі еңбек қатынастарының маңызды элементі болады.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде ынталандырудың тиімді жүйесін қалыптастыру жеке сектормен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың тиімді жүйесі жұмыстағы жоғары көрсеткіштер үшін тікелей ынталандыруларды құрушы, кадрларды мемлекеттік қызметте ұстап қалуды қамтамасыз етуші фактор және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға арналған қосымша шара болады.

Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесінде еңбекақы төлеу басты рөл атқарады, жаңа модельде еңбекақы төлеу жүйесі олардың жұмысын бағалауға негізделетін болады.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру еңбек нарығының ағымдағы ахуалын талдау негізінде жүргізілетін болады.

Еңбекақы төлеу атқаратын лауазымы мен мемлекеттік қызмет өтіліне де, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалауға да негізделетін болады.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделіндегі еңбекақы төлеу жүйесі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығын, дағдыларын, еңбек жүктемесін (жұмыс қарқындылығын), сондай-ақ орындалатын жұмыс пен қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілік деңгейін ескеретін болады.

Мейлінше құзыретті әрі тиімді қызметкерлерді ынталандыру мақсатында мемлекеттік органда жеке сыйақы қорын құрған жөн, оны бөлу мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалауға негізделетін болады.

Мемлекеттік орган ішінде сыйақы қорын бөлу кезінде транспаренттік пен ашықтықты қамтамасыз ететін тетіктер көзделетін болады.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделіндегі еңбекақы төлеу мәселелері тиісті қаржылық және экономикалық негіздемені келтіруге мүмкіндік беретін жеке нормативтік құқықтық актімен реттелетін болады.

Халықаралық практикаға сәйкес, ынталандыру жүйесінде мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі маңызды орын алатын болады.

Ынталандырудың монетарлық емес әдістері, мысалы, оң тәжірибе мен кәсіби білім трансфертіне, мемлекеттік органдардың жұмысында сабақтастықты қамтамасыз етуге және жаңа қызметкерлердің жылдам бейімделуіне бағытталған тәлімгерлік институтын бекіту жолымен мемлекеттік қызметшінің жеке кәсіби сіңірген еңбегін мойындау мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесінің маңызды бөлігі болады.

Тәлімгерлік қызметтік сатыдағы маңызды баспалдақтардың бірі ретінде қарастырылатын болады. Тәлімгер мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органда жас мамандар қызметіне сараптамалық және консультациялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін болады, соның ішінде олардың жұмыс сапасын бағалауға және аттестаттауды өткізуге қатысады.

Моральдық ынталандырудың адамның қоғамдық мойындау қажеттігіне негізделген, ынталандырудың ең маңызды түрі болып табылатындығы ескеріле отырып, ең үздік қызметкер және ең үздік құрылымдық бөлімше атағын беру, мақтау қағаздарымен, грамоталармен марапаттау, салалық курстарда, кәсіби (бейінді) семинарлар мен тренингтерде қосымша оқыту сияқты ынталандыру әдістерін тиімдірек пайдалану керек.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде ішкі ынталандыруға бағытталған корпоративтік рухты қалыптастыру және мемлекеттік орган қызметіне өзінің жеке үлесін сезіну қажет.

Ынталандыру жүйесінде мемлекеттік органның тұтастай кадр саясаты шеңберінде жеке тәсілдер қолданылатын болады.

Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін монетарлық емес әдістерді қолдану мәселелері мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада нормативтік тұрғыдан реттелуге, сондай-ақ жалпы алғанда мемлекеттік секторды реттейтін еңбек заңнамасымен үйлесім табуға тиіс.

 

 

^ 2.6. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару процесін жетілдіру

 

Жаңа модельде мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың тұтастай жүйесі қалыптастырылатын болады, оның ішінде мемлекеттік органдардың кадр қызметтері мен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның өзара әдістемелік іс-қимылы қамтамасыз етілетін болады.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқару жүйесінің қазіргі заманғы үрдістері ескерілетін, мемлекеттік қызметтің жаңа моделін нормативтік және әдістемелік ресімдеуді жүйелі негізде қамтамасыз ететін болады.

Жаңа кадр саясатын іске асыру және мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің жұмысы мемлекеттік органдағы кадр қызметінің құрылымы, саны, функциялары мен міндеттері айқындалатын үлгілік ереженің және тиісті әдістемелік ұсынымдардың негізінде жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің басшыларын не өздеріне кадр қызметтерінің функциялары жүктелген лауазымды адамдарды тағайындау мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілетін болады.

Мемлекеттік органдардың кадр қызметтері жұмысының бір бағыты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген еңбек режимінің сақталуын қамтамасыз ету болады.

Мемлекеттік органдардың кадр қызметтері жұмысында «электрондық үкіметтің» мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану кадрлық шешімдерді қабылдау тиімділігін арттыруға бағытталатын болады, өз кезегінде электрондық құжат айналымы жүйесін және мемлекеттік органдардың интранет-порталын пайдалану мемлекеттік органдар қызметінің ішкі және сыртқы рәсімдерін барынша оңайлату мен оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Озық әлемдік практикаға сәйкес (Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Сингапур, Малайзия және т.б.), мемлекеттік қызмет саласындағы кадр саясатын тиімді іске асыру, оның ішінде жоғары мемлекеттік әкімшілік қызметшілер корпусына қатысты іске асыру мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың біртұтас жүйесіне және оны автоматтандыруға негізделген.

«Е-қызмет» жүйесінің жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне персоналды басқаруды озық әлемдік практикаға сәйкес жүзеге асыруға, мемлекеттік органдардың кадр қызметтері жұмысының өнімділігін жоғарылатуға және ақпаратты алу мен өзекті етуге кететін уақыт және еңбек шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

«Е-қызмет» жүйесі онлайн режимінде орталық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерге қатысты толық кадрлық ақпаратты: дербес деректерді, ұйымдастырушылық мәліметтерді (кадрлық есеп), кәсіби және жеке құзыреттері, білімі, біліктілігі, жұмыс өтілі, кәсіби тәжірибесі, бағалау және аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтерді; ротациялаудың жедел мониторингін жүргізуді, оқытудан өтудің жедел есебін, курстардың мерзімдері мен тақырыптарын, ынталандыру туралы және әкімшілік және тәртіптік жазалау туралы мәліметтерді, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы құқық қорғау және сот органдарының деректерін алуға мүмкіндік береді.

 

 

^ 2.7. Мемлекеттік қызметтегі этикалық нормаларды жетілдіру

 

Халықаралық практикада әкімшілік этика сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды тәсілдерінің бірі болып есептеледі. Бірқатар елдерде арнайы заңдар мемлекеттік қызмет этикасы мәселелерін реттейді және мемлекеттік басқару жүйесінің моральдық климатын жақсартуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық стандарттары «мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық кодекстері» деген жалпы атауға ие болған арнайы нормативтік құқықтық актілерде қамтылған.

Нормативтік құқықтық актілерде бекітілген мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін атқаруы кезіндегі мінез-құлқының негізгі бағыттарын айқындауға арналған.

Осы стандарттар мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызмет құндылықтары мен қағидаттарына және қоғамның үмітіне сай келетін белгілі бір мінез-құлық стилін қалыптастыруға ықпал етеді.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде шет елдердің оң тәжірибесі негізінде әкімшілік этиканы басқарудың екі деңгейден тұратын жүйесі әзірленетін болады.

Бірінші деңгейде мемлекеттік қызметшілердің жалпы мінез-құлық стандарттарын айқындайтын нормативтік құқықтық акт әзірленеді.

Екінші деңгейде әрбір мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері үшін мейлінше нақтыланған мінез-құлық қағидалары мен нормалары әзірленеді.

Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының ведомстволық қағидаларында нақты мемлекеттік органның қызметшісі өзінің лауазымдық міндеттерін атқару процесінде кездесетін, этикалық тұрғыдан алғанда проблемалы болып табылатын жағдайлар толық сипатталады және осындай жағдайлардағы нақты мінез-құлық қағидалары көзделеді.

Әкімшілік этиканы басқару жүйесін қалыптастыру үшін «мемлекеттік қызмет этикасы» ұғымын және мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлқы жөніндегі негізгі қағидаттарды заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет етіледі.

Мемлекеттік қызмет жүйесінде мүдделер қақтығысы мәселелері бойынша заңнамалық база да жетілдірілетін болады.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейту, оның ішінде осы органдардағы басшы адамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған жағдайда оның орнынан түсуіне дейінгі тетік пысықталатын болады.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары мен ережелерін біртұтас құжатта біріктірген жөн, оның қолданысы мемлекеттік қызметтің барлық түрлеріне, атап айтқанда мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттерін, оларға қолданылатын шектеулер мен әлеуметтік және құқықтық кепілдерді көздейтін мемлекеттік қызмет кодексінде қолданылатын болады.

Кейіннен осы кодекстің нормалары азаматтық қызметшілерге және қамтылуы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдарда жұмыс істейтін адамдарға қолданылатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тәртіптік кеңестері қызметінің тиімділігі арттырылатын болады.

Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың мемлекеттік қызметке кіру фактілерінің жалпы алғанда азаматтардың мемлекеттік аппаратқа деген сеніміне теріс әсер ететінін атап өту керек.

Осыған байланысты, мұндай адамдардың мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігін заңнамалық деңгейде айқындаған жөн.

Осы шаралар мемлекеттік қызметшілерге қойылатын этикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды күшейтуге және халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

^ 2.8. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру

 

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болады, басқаша айтқанда, мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халыққа бағдарланатын болады.

Мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттеуге қатысты жаңа тәсілдерге сәйкес мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіліктерінен туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағдарлануға тиіс.

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік органдарда еңбекті ұйымдастыру мен менеджменттің, транспаренттік және нақты лауазымды адамдардың жауапкершілігі қағидаттарына негізделген шешімдерді қабылдау процестері мен рәсімдерінің сапасын арттыруға бағытталған нормативтік құқықтық, әдістемелік және ұйымдастырушылық шаралар айқындалатын болады.

Осыған байланысты, ақпараттық технологияларды қолдану қажеттігі арта түседі, бұл халыққа және бизнеске қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органның функцияларын оңтайландыру мен автоматтандыруға, әкімшілік кедергілерді және халық пен бизнестің мемлекеттік органдармен тікелей байланысын азайтуға бағытталған.

«Электрондық үкімет» порталында көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету санының ұлғаюы да мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың басты құралдарының бірі болып табылады, осыған орай мемлекеттік органдардың әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер көрсетуі электрондық форматқа ауыстырылатын болады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің сақталуына бақылау орнату тиімді шара болуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағалау өкілеттіктері берілген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және оларды көрсету процесін басқару үшін тиімді сыртқы бақылауды енгізу қажет, ол заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді және уәкілетті мемлекеттік органды айқындауды талап етеді.

Заңнамада мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсеткені, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерін бұзғаны үшін адамдардың жауапкершілігін қарастыру керек.

Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалау үшін халықпен кері байланыс тұрақты негізде, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді тікелей алу кезінде сауалнамалық сауалдарды және жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану дәрежесін айқындауға бағытталған әлеуметтік сауалдарды өткізу жолымен орнатылатын болады.

 

 

^ 2.9. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру

 

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, оның ішінде уақтылы ақпарат беру мен азаматтардың өтініштерін қарау және қол жеткізілген нәтижелері негізінде мемлекеттік органдардың қызметі туралы оң пікірді қалыптастыру басты бағыт болуға тиіс.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және жұртшылықпен байланыстар орнату тиісінше негізгі бағыттар болып табылады.

Азаматтарға бағдарлану, кәсібилік, шұғыл әрекет ету, ашықтық және қолжетімділік мемлекеттік органдар жұмысының негізгі қағидаттары болуға тиіс.

Мемлекеттік қызмет пен жұртшылық, оның ішінде қоғамдық-саяси бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы диалог мемлекеттік органдардың өз қызметі туралы азаматтарға жүйелі түрде ақпарат беріп отыруын, сондай-ақ халықпен байланысты дамытуды және солардың негізінде өзара тиімді шешімдер қабылдауды көздейді.

Осы жұмыста мемлекеттік органдар мен жұртшылық арасындағы тиімді интерактивті байланысты қамтамасыз етуге, әлеуметтік топтардың мұқтаждары мен пікірін барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарға жеткізуге қауқарлы баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін толық көлемде пайдалану қажет.

Әрбір мемлекеттік органның жұмысында мыналар: ақпараттық материалдарды БАҚ-та орналастыру; оңтайлы басқару шешімін қабылдау үшін ақпараттық кеңістік пен жұртшылық пікіріне мониторингі жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің жұртшылықпен тікелей байланыстары (азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау, халықпен ресми және бейресми кездесулер, жұртшылықтың қандай да бір топтары тартылатын әртүрлі кеңейтілген кеңестер, әртүрлі әлеуметтік және басқа да жобалар таныстырылымы); азаматтардың әртүрлі санаттарының өкілдерімен өзара интерактивті іс-қимыл жасасу және басқалары осы бағыттағы тетіктер болуға тиіс.

Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мемлекеттік органдардың қоғамның сындарлы ынтымақтастыққа ниетін айқындайтын, реформалаудың басты құрамдас бөліктерінің бірі болады.

 

^ 3-бөлім. Тұжырымдаманы іске асыру құралдары

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлықтарында, сондай-ақ осы Тұжырымдаманың ережелерінде айқындалатын міндеттер мен индикаторларды мемлекеттік қызмет саласын реттейтін заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жолымен іске асыру көзделеді.

Осы Тұжырымдаманың ережелері мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру арқылы іске асырылатын болады.

Осы Тұжырымдамамен енгізілетін ұғымдар заңнамалық тұрғыдан бекітілетін болады, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға осы Тұжырымдаманың ережелерінен туындайтын жаңа функцияларды беру көзделетін болады.

 

 

 

 

 

 

 
1   2   3



Похожие:

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны
Азақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» iconБалаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы