«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon

«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты



Название«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты
страница1/10
Дата конвертации07.12.2012
Размер1.18 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «12» мамырдағы

№ 501 қаулысымен

бекітілген


«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру»

мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

  1. «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары көрсетеді.

Қазақстан Республикасының салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының (бұдан әрі – Орталық) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада келтірілген.

  1. Мемлекеттік қызмет ішінара автоматтандырылған.

  2. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
    10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 13-бабы 1-тармағының
    7)-8) тармақшалары, 598-бабының 1-тармағы, 20-бабы 1-тармағының 15) және 21) тармақшалары негізінде көрсетіледі.

  3. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсынан www.salyk.kz мекенжайы бойынша, сондай-ақ салық заңнамасын түсіндіру бойынша Call-орталығына 8 (7172) 58-09-09 телефоны бойынша өтініш жасай отырып алуға болады.

Мемлекеттік қызмет стандарты:

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Салық комитеті» бөлімінің «Салықтық қызметтерді көрсету стандарттары» кіші бөлімінде;

  2. салық органдарының ақпараттық стенділерінде орналастырылған.

  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

  1. Резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі мен тұрақты мекемесін таратуды, қызметін тоқтатуды, сондай-ақ заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуын мемлекеттік тіркеуге арналған салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту;

  2. салық төлеуші Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты көшіп кеткен кезде заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу есебінен шығару жағдайында қажетті салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелденген бас тарту;

  3. осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өзге жағдайларға арналған салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелденген бас тарту;

  4. салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірме беру болып табылады.

Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама – салықтық өтініш берген күнге салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екенін растайтын құжат.

Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама – салықтық өтініш берген күнге салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша міндеметтелерді орындауы бойынша бюджетпен есеп айырысу жағдайын көрсететін құжат.

Анықтаманы салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу есебінің орны бойынша салық органдарында ашық дербес шоттарының деректерін ескере отырып жасайды.

Құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаның анықтамасы оның құрылымдық бөлімшелерінің дербес шоттары бойынша есеп айырысу сальдосы ескеріле отырып жасалады.

Салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме үзінді көшірме – салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтінішінде көрсетілген кезең ішіндегі салық төлеушінің дербес шотына сәйкес салық міндеттемелерін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі бюджетпен есеп айырысу жай-күйін көрсететін құжат.

  1. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының салық төлеушілеріне көрсетіледі.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

  1. қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

анықтама беру немесе анықтама беруден бас тарту үшін – 5 (бес) жұмыс күні:

құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаға;

таратылған, бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда заңды тұлғаға;

қызметін тоқтатқан жағдайда резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесіне, құрылымдық бөлiмшесіне;

өзге жағдайларда анықтама беру немесе анықтама беруден бас тарту үшін – 3 (үш) жұмыс күні;

үзінді көшірме беру үшін – 2 (екі) жұмыс күні;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) құжаттарды алу кезінде кезекте рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут.

  1. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Орталықтардың жұмыс тәртібі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін. Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу қажет емес. Жеделдетілген қызмет көрсету режимі көзделмеген.

10. Орталық салық төлеушілерге қызмет көрсетуге бөлінген операциялық залды немесе бірнеше бөлек кабинеттерді білдіреді. Онда күту орындары, құжаттарды толтыру мен қалыптастыруға арналған үстелдер, анықтамалық, консультациялық қызметтерді көрсетуге арналған «терезелер», ақпараттық стенділер, дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін белгіленген нысандар бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алуға салықтық өтінішті (бұдан әрі – анықтама алуға салықтық өтініш) немесе салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуларының жай-күйі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан үзінді көшірме алуға салықтық өтінішті (бұдан әрі – үзінді көшірме алуға салықтық өтініш) табыс ету қажет.

Салықтық өтініші:

1) анықтама алу үшін:

заңды тұлға – заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;

құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға – заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің дербес шоты бойынша есеп-қисап сальдосы ескеріле отырып, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;

заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі – құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша;

резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі – резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша;

дара кәсіпкер – дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша;

жеке тұлға – тұрғылықты немесе келген орны бойынша, салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектісінің орналасқан орны бойынша;

2) үзінді көшірме алу үшін – тіркеу есебінің орны бойынша Орталыққа табыс етіледі;

Салықтық өтініш төлеушінің таңдауы бойынша:

1) салық төлеушінің (өкілінің) қолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өз атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің (өкілінің) мөрімен куәландырылған қағаз жеткізгіште өзі келу тәртібімен екі данада немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;

2) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін салық органынан (салық органдырының телекоммуникация және компьютерлік жабдықтарын пайдалану мүмкіндігі тегін негізде беріледі) немесе интернет желісіне қолжетімділігі бар салық төлеушінің (салық агентінің) жұмыс немесе үй компьютерінен, «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы, http://egov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы «электронды үкіметінің» веб-проталы арқылы үзінді көшірме алуға салықтық өтінішті салық органдарының бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана отырып электронды түрде табыс еткен кезде салық органы берген электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе анықтамаларды беруге және үзінді көшірмелер алуға салықтық өтініштер Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде табыс еткен кезде Қазақстан Республикасының куәландырушы орталығы берген электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылып табыс етіледі;

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы мен тіркеу куәлігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын тану үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді www.pki.gov.kz сайтынан алуға болады.

  1. Салықтық өтініштердің бланкілері салық төлеушіге Орталықта тегін беріледі. Сондай-ақ салық төлеушінің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша («Ұсынылған сілтемелер» бөлімінің «Салықтық өтініштер» кіші бөлімінде) орналасқан салықтық өтініштердің нысандарын өзі дербес қағазға басып шығара алады.

  2. Салықтық өтініштер тапсырылатын Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада келтірілген.

  3. Мыналар анықтама немесе үзінді көшірме алуға қажетті құжаттардың қабылданғандығын растау болып табылады:

  1. қағаз жеткізгіште өзі келу тәртібімен тапсырған кезде:

салық төлеушіде қалатын салықтық өтініштің екінші данасына қызметкердің тегін, аты-жөнін, қолын, құжаттың кіріс нөмірін және қабылданған күнін қоюды білдіретін салықтық өтініштің қабылданғандығы туралы салық органы қызметкерінің белгісі;

кіріс кұжатын қабылдау және шығыс құжатын беру туралы мәліметтер көрсетілген талон;

  1. пошта арқылы тапсырған кезде – пошта хабарламасында салық органы белгісінің болуы;

  2. электронды түрде табыс еткен кезде:

Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» веб-порталында «Менің Порталым» бөлімінің «Қызметті алу тарихы» кіші бөліміндегі «Сұрау МО АЖ берілді» мәртебесі;

«Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында «Сервис» бөлімінің «Салықтық өтініш» кіші бөліміндегі «Өңделуде» мәртебесі;

«Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында «Дербес шоттан үзінді көшірме» кіші бөлімінің «Үзінді көшірме жетімді» мәртебесі.

  1. Салық төлеуші анықтаманы/анықтаманы беруден бас тартуды:

    1. салық төлеуші анықтаманы, үзінді көшірмені алу үшін келген кезде – құжаттар тапсырған жері бойынша Орталықтың тиісті «терезесінен»;

    2. анықтаманы, үзінді көшірмені беру үшін белгіленген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде салық төлеуші анықтаманы, үзінді көшірмені алуға келмеген кезде – пошта арқылы;

    3. салықтық өтінішті электронды түрде тапсырған кезде – «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында немесе Қазақстан Республикасының «электронды үкімет» веб-порталында «Дербес кабинетте» алады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден:

  1. салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту жағдайларын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі салықтық өтінішті беру күніне салық кезеңі үшін салық есептілігін тапсырмаған;

  2. заңды тұлға таратылған, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатқан кезде – тарату балансын; банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етпеген;

  3. резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтатқан кезде – банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етпеген;

  4. заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде – бөліну балансын; банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етпеген жағдайларда бас тартылады;

  5. заңды тұлға таратылған, оның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесі, тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатқан жағдайда, сондай-ақ жеке кәсіпкердің (патент, оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын жеке кәсіпкерді қоспағанда), жеке нотариустың, адвокаттың қызметі тоқтатылған жағдайда анықтама салық тексеруі жүргізілгеннен кейін беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздер жоқ.


^ 3. Жұмыс қағидаттары

 

  1. Салық қызметі органдарының жұмыс қағидаттары:

  1. салықтық қызмет көрсету рәсімі туралы толық ақпарат беру;

  2. қызмет көрсету кезінде салық төлеушілердің құқықтарын сақтау;

  3. салықтық қызметтерді тегін көрсету;

  4. салық қызметі органдарының қызметкерлері тарапынан сыпайы қарым-қатынас;

  5. салық төлеуші ұсынған ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялылығы болып табылады.



^ 4. Жұмыс нәтижелері


  1. Салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде салық қызметі органдарының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі.



^ 5. Шағымдану тәртібі

 

  1. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін салық органдарында лауазымды адамдар түсіндіреді, олардың байланыс деректері осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген, сондай-ақ 8 (7172) 58-09-09 телефон нөмірі бойынша салық заңнамасын түсіндіру бойынша Call-орталықта беріледі.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда берілетін шағымдар таңдауы бойынша:

    1. мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасалатын салық органына қатысты жоғары тұрған салық органының басшысына тікелей. Салық органдары басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі осы стандартқа 1-қосымшада келтірілген, сондай-ақ салық органдарының ақпараттық стенділерінде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша орналастырылған;

    2. мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасалатын салық органына қатысты жоғары тұрған салық органының «сенім телефонына» және (немесе) 8 (7172) 717963 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «сенім телефонына». Республика салық органдарының «сенім телефондарының» тізбесі осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген;

    3. call-e-tax@mgd.kz мекенжайы бойынша электрондық шағым кітабына;

    4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Төрағаның блогы» бетінде);

    5. салық органдарында немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер арқылы;

    6. жазбаша шағыммен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасалатын шағымдалып жатқан салық органынына қатысты жоғары тұрған салық органының немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің кеңсесіне жүгіну жолымен жіберіледі.

  1. Дөрекі қызмет көрсетуге шағымдар таңдауы бойынша:

  1. тікелей Орталықтың басшысына. Орталықтардың басшыларының байланыс деректері осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген;

  2. қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органының немесе жоғары тұрған салық органының басшысына басшысына тікелей. Салық органдары басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген, сондай-ақ салық органдарының ақпараттық стенділерінде және www.salyk.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған;

  3. қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органының «сенім телефонына», қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органына қатысты жоғарғы салық органының «сенім телефонына» және (немесе) 8 (7172) 717963 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «сенім телефонына». Республика салық органдарының «сенім телефондарының» тізбесі осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген;

  4. call-e-tax@mgd.kz мекенжайы бойынша электрондық шағым кітабына;

  5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына (www.salyk.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті интернет-ресурсының «Төрағаның блогы» бетінде);

  6. салық органдарында немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер арқылы;

  7. жазбаша шағыммен қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органдарының, қызметкерлерінің дұрыс емес қызмет көрсетуі шағымдалып жатқан салық органдарына қатысты жоғары тұрған салық органының немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кеңсесіне жіберіледі.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

  2. Салық қызметі органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ерікті түрде мынадай мәліметтерді көрсете отырып беріледі:

    1. шағым берілетін салық қызметі органының атауы;

    2. шағым беретін адаиның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан орны);

    3. шағымның мәні;

    4. шағым жасалатын салық қызметі органы қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

    5. салық төлеушінің (салық агентінің) шағымға қол қойған күні.

  1. Салық қызметі органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымның қабылданғанын мыналар растау қызметін атқарады:

1) «сенім телефонына» жүгінген кезде – «сенім телефонына» қоңырау шалу және салық қызметі органы қызметкерінің жауабы;

2) call-e-tax@mgd.kz мекенжайы бойынша электрондық шағым кітабына жүгінген кезде – электрондық хабарламаның жеткізілгендігі туралы хабарлама;

3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына жүгінген кезде – интернет-ресурста жариялау;

4) келу тәртібімен қағаз жеткізгіште берген кезде – талон. Талонда күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетіледі.

Шағымды қарау барысы және қарау нәтижелері туралы:

1) «сенім телефонына» жүгінген кезде – «сенім телефонына» қоңырау шала отырып;

2) егер шағым электрондық шағым кітабына берілген болса – электрондық хабарлама жібере отырып;

3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына жүгінген кезде – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Төрағаның блогы» бетінен;

4) егер шағым келу тәртібімен қағаз жеткізгіште берілген болса – шағымды қабылдаған тұлғадан білуге болады.

Салық қызметі органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым мынадай мерзімдерде қаралады:

1) егер шағымды қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін болса – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;

2) егер шағымды қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін болса – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде шағым берушіге хабарланады.

Егер шағымда жазылған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда шағым түпкілікті орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.

Қаралған шағымның нәтижесі:

1) егер шағым қағаз жеткізгіште келу тәртібімен, пошта немесе шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы берілген болса – салық төлеушіге беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі;

2) «сенім телефонына» жүгінген кезде – пошта арқылы жіберіледі және телефон арқылы хабарланады;

3) егер шағым электрондық шағым кітабына берілген болса – шағым жіберілген электронды мекенжайға электронды хабарлама түрінде жіберіледі.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша салық төлеуші:

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жүргізетін іс-шаралар туралы ақпарат, салық органдарының байланыс деректерін, жаңалықтар мен басқа да анықтамалық ақпараттарды ала алады;

  2. нормативтік құқықтық актілерді және салық салу мәселелері бойынша түсіндірме сипаттағы хаттарды қарай алады;

  3. салық салудың және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ақпараттық жүйелерінің әртүрлі мәселелерін талқылау бойынша форумға, сондай-ақ салық төлеушілерге жүргізілетін сауалнамаға қатыса алады;

  4. салық қызметі органдары ұсынатын электрондық қызметтерді пайдалана алады, сондай-ақ салықтық қызмет көрсету бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді көшіріп ала алады.



_____________________


«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Похожие:

«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon20 жылғы орталыққа жіберілетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар,
Жасалған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт туралы...
«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon00 жылғы " " Орталыққа жіберілетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңадан жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтер
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі
«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары,
Орталық) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру...
«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconПатент құнының салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (911. 00-нысан) Жалпы ережелер
Патент құнына жеке табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары...
«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconҚағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен...
«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconМіндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) сомалары, есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (201. 00-нысан)
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік...
«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconЖұмыспен қамтуға жәрдемдесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдар бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (651. 00-нысан)

«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconМiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi
Дерекқор, бiрыңғай тiзiм бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынатын мәлiметтердiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon2010 жылғы жтс, мзж, Әлеуметтік аударымдар мен Әлеуметтік салық ставкалары және төлеу мерзімдері Дара кәсіпкерлермен 2010 жылы төленетін жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік салықты төлеу мерзімдері
Жтс, мзж, Әлеуметтік аударымдар мен Әлеуметтік салық ставкалары және төлеу мерзімдері
«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру»
«Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметi (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы