|
Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша келісімдердің тізімі 1. Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісім; 2. Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім; 3. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім; 4. Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы келісім; 5. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы келісім; 6. Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісім; 7. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтау саласындағы бірыңғай реттеу қағидаттары туралы келісім; 8. Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердегі қызметтер саудасы мен инвестициялар туралы келісім; 9. Көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісім; 10. Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім; 11. Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы келісім; 12. Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісім; 13. Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім; 14. Баға белгілеу негіздерін және тариф саясатын қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісім; 15. Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісім; 16. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы келісім; 17. Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу қағидасы туралы келісім. |