|
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға кредит беру шарттарын бекіту туралы «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ^ 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға кредит беру шарттары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды; 2) кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін. 4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы № қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға кредит беру шарттарын бекіту туралы 1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қарыз алушылар) тиісті мәслихаттар 2012 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынады. 2. Кредитор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарттардың 1-тармағы орындалғаннан кейін «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысының 1-қосымшасына сәйкес қарыз алушыларға кредиттік шарттар жасасу арқылы жалпы сомасы 9 535 400 000 (тоғыз миллиард бес жүз отыз бес миллион төрт жүз мың) теңгеге бюджеттік кредиттер (бұдан әрі – кредиттер) береді. 3. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді: 1) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға кредиттер қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы ставкасы бойынша теңгемен беріледі; 2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2015 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады. 4. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді. _____________ |