|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 214 қаулысымен бекітілген «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); 3) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады. ^ 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде; 2) ауылдық округтің әкіміне – жиырма екі жұмыс күнінен асырмай; 3) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты бір қызметті алушыға қызмет көрсетуге 30 минуттан асырмай есептегенде, кезектегі адамдардың санына байланысты; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
8. Жұмыс кестесі:
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады;
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электронды кезекті «броньдауға» болады. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге, ауылдық округтің әкіміне не ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты) (сәйкестендіру үшін); сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі; 3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (2007 жылғы 13 тамызға дейін туған жағдайда); 4) көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (некені бұзу) туралы куәлік (некеге 2008 жылғы 1 маусымға дейін тұрған жағдайда); 5) құжаттардың түпнұсқалары негізінде толтырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтер; 6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер; 7) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат; 8) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе асырап алуды растайтын құжат; 9) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірлері туралы мәліметтерді растайтын құжат; 10) өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдар берген жағдайда – сенімхат. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатын, баланың (балалардың) тууы туралы куәлігін не (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша) туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені, (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша) неке қию туралы куәлікті, сондай-ақ 6), 7), 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды, оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. Құжаттар: көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға түпнұсқаларда ұсынылады сканерден өткізіледі, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады; ауылдық округтің әкіміне салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Көрсетілетін қызметті беруші, ауылдық округ әкімі, ХҚО, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызметті берушіге не ауылдық округ әкіміне – көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны; ХҚО-да – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы: 1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні көрсетілген өтініш; 2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны; 5) орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты; 6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі. 10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден: балалар толық мемлекеттік қамсыздандыруда болған кезде бас тартылады. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе әкімге жіберіледі. ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша және телефондар арқылы ХҚО басшысына беріледі. ХҚО кеңсесіне қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімнің мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. ^ қойылатын өзге де талаптар 13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі баруға мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарын қабылдауды ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. 14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің – www.enbek.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде; 2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарына орналастырылған. 15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. ____________________________________ «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша ^ өтініштің нысаны Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегі уәкiлеттi орган _______________________________________________ (елдi мекен, аудан, облыс) Отбасының тiркеу нөмiрi _____________________ Өтініш беруші туралы мәліметтер (қанат белгі қою): ата-ана ______________________ қорғаншы (қамқоршы)_______________________________________________ ЖСН: ____________________________________________________________ Өтініш берушінің Т.А.Ә.: ____________________________________________ туған күні: _____ ж. «___» _________________ жеке басын куәландыратын құжат түрі: ________________________________ құжаттың сериясы: ________ құжаттың нөмірі: _______ кім берген: _________ берілген күні: ____ ж. «___» _______________ тұрғылықты жерінің мекенжайы: _______________________________________ облыс ______________________________________________________________ қала (аудан) _______________________ ауыл: _____________________________ көше (шағынаудан)_______________________ ________ үй __________ пәтер кәсіп түрі ___________________________________________________________ Банк деректемелері: банктің атауы ________________________________________________________ банк шотының № ____________________________________________________ шоттың түрі: ағымдағы __________________ карточкалық шот ___________ Маған балаларға арналған жәрдемақы тағайындауды өтінемін. Менiң отбасым _____ адамнан тұрады. Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Төленетін жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жердің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы уәкілетті органға он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін. Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы ескертілді. Өтінішке қоса берілген құжаттар тізбесі:
Өтініш берушінің байланыс деректері: телефоны _________________ ұялы _______________ Е-маіl ________________ 20__ ж. «___» _____________ Өтініш берушінің қолы _____________________ ------------------------------------------------------------------------------------------------------ (қию сызығы) Қоса берілген құжаттармен өтініш берушінің Т.А.Ә. ________ өтініші қабылданды, өтініш қабылданған күн: 20__ ж. «___» ________ (қызметті алатын күні өтінішті және (немесе) электрондық өтінішті тіркеген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні): 20__ ж. «___» ________ ____________________________________________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы) Төленетін жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкелетін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жердің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы уәкілетті органға он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін. Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілді. _____________________________________ «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Отбасының тіркеу нөмірі_________ Өтініш берушінің отбасының құрамы туралы мәліметтер ________________________ ______________________ (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
Өтініш берушінің қолы _________ Күні 20____ ж. «___» _________ ______________________ «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Отбасының тіркеу нөмірі______ 20__ жылғы _______ тоқсанда өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алынған табыстары туралы мәліметтер _________________ _____________________________ (Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
Өтініш берушінің қолы__________ Күні 20___ ж. «____» _____________ ____________________ |