Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар icon

Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар



НазваниеКәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар
Дата конвертации27.05.2013
Размер95.46 Kb.
ТипДокументы
источник


Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар


Кәсіпкерлік бастаманы қолдау, шағын кәсіпкерлік субъектілері және кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің беделін көтеру және қызметін ынталандыру мақсатында 2009 жылы келесі бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.

26 қаңтарда облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.А Смаиловтың төрағалығымен қаржы ұйымдарымен шағын және орта бизнестің жобаларын бюджеттік кредиттеу мәселесі жөніндегі отырысы өткізілді. отырысқа кәсіпкерлік және өнеркәсіп, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары басшылары, «ЦентрКредитБанкі» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «БТА банкі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ филиалдары өкілдері қатысты.

3 наурызда «Солтүстік Қазақстан Фармацевтикалық ұйымдар ассоциациясы» ЗТБ мемлекеттік және жеке құрылымдардың қатысуымен «Фармацевтикалық қауымдастықтың бақылау-қадағалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылы» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен 12 наурызда – облыстың кәсіпкерлік субъектілер, с. і. қала құрайтындарының қатысуымен ішкі нарықты қорғау жөніндегі ҚР қолданыстағы заңнамасын түсіндіру жөніндегі семинар-кеңес, 20 наурызда «Бірлестіктер қызметін жандандыру» тақырыбы бойынша кәсіпкерлер бірлестіктері үшін семинар-тренинг өткізілді.

25 наурызда облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.А Смаиловтың төрағалығымен қаржы ұйымдарымен «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу» тақырыбына кеңес өткізілді. Кәсіпкерлерге көрсетілген қаржылық қолдау және облыста әрекет ететін шағын және орта бизнесті кредиттеу жөніндегі бағдарламалар туралы ақпарат ұсынылды. Аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, микрокредиттік ұйымдар, кредиттік серіктестіктер басшылары, екінші деңгейлі банк филиалдарының директорлары, аудандық кәсіпкерлік бөлімдерінің бастықтары қатысты.

27 наурызда «Атамекен» Одағы» Республикалық Ұлттық экономикалық палатасы СҚФ «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2009 жылғы 6 наурыздағы Жолдауын іске асыру аясында мемлекеттік бақылау органдарының кәсіпкерлермен кездесуін өткізді.

17 сәуірде «СТ-КZ сертификаты» мәселесі жөніндегі кеңес өтті, онда сертификатты ресімдеу, беру және сараптау мәселелері қаралды. Кеңеске кәсіпкерлер, өнеркәсіп кәсіпорындары, кәсіпкерлер бірлестіктері, мемлекеттік құрылымдар өкілдері қатысты.

23 сәуірде Аққайың ауданының жеке кәсіпкері неміс кәсіпкерлерімен кооперацияласу үшін ілгеріде Германияда бір айлық сыналуымен Қазақстан-Герман «Сыртқы экономикалық байланысты дамыту» бағдарламасы бойынша ақысыз негізде Астана қ. айлық оқуға жіберілді.

2009 жылғы 15 мамырда СӨП-де «Жалған кәсiпкерлiк» мәселелері және өңірдiң бірқатар кәсiпорындарын сот тәртібінде «жалған кәсiпкерлер» деп танудың салдары» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткiзiлді. Адал кәсiпкерлерді жалған кәсiпкерлерден қорғау тетiгiн пысықтау бөлігінде заңнаманы өзгерту жөніндегі ұсыныс енгiзілді. Қатысты: депутат, прокуратура, қаржы полициясы, салық департаментi, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп, iшкi саясат басқармалары, қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерi, кәсiпкерлер.

Ү.ж. мамырында 600 данамен «Зияткерлік меншік құқықтарын, авторлық құқықтарды қорғау» тақырыбына кітапша әзірленді және басылып шығарылды және шаруашылық етуші субъектілер арасында таратылды.

Ү.ж. 7 шілдесінде Германдық Техникалық Ынтымақтастық жөніндегі Қоғаммен (GTZ) «Экономикалық дамуға жәрдемдесудің үлгілік құрылымдарын құру» жобасы аясында SEQUA компаниясымен бірлесе қоғамдық құрылымдар өкілдері мен шаруашылық етуші субъектілер үшін прессамен кәсіби жұмыс жөніндегі семинар өткізілді. Семинарда коммуникациядағы қызмет саласының бірі – пресса және жұртшылықпен жұмыс қаралды. Коммуникацияның негізгі міндеттері, ережесі, стратегиялық пайымдаулар аталды, Интернетте осы тақырып бойынша біліктілік арттыру мәселесі жөніндегі сайттар мекенжайы (неміс тілінде) ұсынылды.

Ү.ж. 29 шілдесінде М.Жұмабаев ауданында Аққайың, Қызылжар және М.Жұмабаев аудандарының кәсіпкерлері үшін «Кәсіпкерлік саласында бақылау-қадағалау органдарының негізгі талаптары, 2008 жылғы ақпаннан 2009 жылғы маусымға дейінгі мерзімде болған нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер, кәсіпкерлік субъектілері қызметіне тексеріс жүргізу тәртібі» тақырыбына семинар өткізілді. Семинарда сөз сөйледі: М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы және М.Жұмабаев ауданы мемқұрылымдарының өкілдері (Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Сауда-өнеркәсіп палатасы, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті, Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, аудандық салық басқармасы, М.Жұмабаев ауданының әділет басқармасы).

Ү.ж. 8 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы А.Т. Перуашевпен және облыстың бизнес өкілдерімен «Мемлекеттік-жеке әріптестіктің дамуы» тақырыбына кездесуі өтті. Кездесуде сондай-ақ индустрияландыру картасы және облыста кәсіпкерліктің дамуына қатысты мәселелер қаралды. Аудандар мен Петропавл қ. әкімдерінің экономика жөніндегі орынбасарлары, аудандар мен Петропавл қ. кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің бастықтары, қоғамдық бірлестіктер, қаржы ұйымдары өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Ү.ж. 24-26 қыркүйегінде GTZ Германдық Техникалық Ынтымақтастық жөніндегі Қоғаммен «Экономикалық дамуға жәрдемдесудің үлгілік құрылымдарын құру» жобасы аясында SEQUA компаниясымен бірлесе «Өз бетімен гүлденуге апаратын жол» тақырыбына семинар-тренинг өткізілді, оған 20 адамнан астам қатысты.

Ү.ж. 25 қыркүйекте Индустрия және сауда министрлігі басқарма және «Атамекен» Одағы» Қазақстан ҰЭП» ЗТБ ӨФ-дарымен бірлесе шаруашылық етуші субъектілерге арналған «Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігу жолдары» тақырыбына семинар өткізді. Кедендік одақ құру үрдісі, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі және отандық кәсіпкерлерді тауар импортында қорғаудың негізгі құралдарына қатысты мәселелер жарықтандырылды.

2009 жылғы 6 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында «Бизнес Кеңесші» Бағдарламасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы Бағдарлама аясында 4 тоқсанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері және халық үшін 14 үйретуші тренинг жоспарланған.

2009 жылғы 21 қазанда кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Солтүстік Қазақстан облысының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесе «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер контексінде кәсіпкерлік субъектілері қызметіне жүргізілетін тексерулер тәртібі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді. Мақсаты кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібіндегі жаңа енгізілімдермен таныстыру болып табылатын «дөңгелек үстел» жұмысына облыстың 12 бақылау-қадағалау органының өкілдері, өңірлік 5 бизнес бірлестігінің өкілдері мен 100-ден астам мүдделі бизнес субъектілері қатысты.

Талқылау және ұсыныс енгізу мақсатында қатысушылар назарына қатысып отырған бақылау-қадағалау органдарының «қатерлерді басқару жүйесінің» жобасы ұсынылды (көшiрiп алу). Кәсіпкерлік субъектілері қызметін тексеруге мораторий тоқтатылған мезеттен бизнес субъектілерінің қызметін тексеруді талдау негізінде кәсіпкерлермен өз қызметінде жиі жіберілетін негізгі құқық бұзушылықтар айтылды.

Өткізілген іс-шараның аяқталар бөлігінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен өңірлік 4 бизнес бірлестігі (СҚО Сауда-өнеркәсіп палатасы, «Солтүстік Қазақстан Фармацевтикалық ұйымдар ассоциациясы» ЗТБ, «Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясы» СҚОФ, «Солтүстік Қазақстан құрылысшылар ассоциациясы» ЗТБ) бақылау-қадағалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға үндеу әзірледі және жолдады (көшiрiп алу).

2009 жылғы қараша-желтоқсанда 2009 жылғы 6 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында қол қойылған «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандум аясында облыс аудандарында облыстың әрекет ететін және әлеуетті кәсіпкерлерінің білімі мен машығын арттыру, жеке бизнес құру және кәсіпкерлік қызметті тиімді басқаруға бағытталған қысқа мерзімді үйретуші курстар өткізілді. Курстарда 667 кәсіпкер оқытылып, 517 сертификат берілді.

2009 жылғы 3 желтоқсанда басқарманың қатысуымен «Экономиканың нақты секторына, шағын және орта бизнеске инновациялық технологияны енгізу туралы» тақырыбына қоғамдық тыңдалым өткізілді. Іс-шара мақсаты - «Нұр Отан» ХДП Халық тұғырнамасын, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаепен партияның ХII съезінде қойылған міндеттерді, 2003-2015 жылдарға арналған ҚР Индустриялдық-инновациялық стратегиясын іске асыру. Мемқұрылымдар, қоғамдық бірлестіктер, облыс кәсіпкерлері қатысты.

Кәсіпорындардың отандық өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметті жандандыру мақсатында 2009 жылы «Алтын сапа» төртінші өңірлік конкурсы өткізілді, оған қатысуға 52 кәсіпорын өтінім берді. Конкурсқа өтінілген өнімдердің сараптамалық бағалануы 3 номинация бойынша жүргізілді: шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі; шағын кәсіпкерлік субъектісі - екі санатты есепке алумен «Үздік азық-түлік тауарлары», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар». Конкурс қорытындысы бойынша 18 жеңімпаз айқындалды және 7 қатысушы қосымша дипломмен атап өтілді.

Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің беделін арттыру және қызметін ынталандыру мақсатында жыл сайын «Жылдың үздік кәсіпкері» конкурсы өткізіледі. 2009 жылы комиссиямен 6 номинация бойынша 72 өтінімнен 18 жеңімпаз айқындалды.

Ішкі сату нарығында тұғырды нығайту және сыртқысына шығу үшін ұдайы негізде Ресей Федерациясының шекара маңы өңірлері кәсіпкерлерімен сауда-экономикалық ынтымақтастық жүзеге асырылады.

11 наурызда Петропавл қ. Ресей Федерациясы Свердлов облысының сауда-экономикалық миссиясы өткізілді. Іс-шараларға Свердлов облысынан 11 кәсіпорын және Солтүстік Қазақстан облысынан құрылыс, энергетика мен тамақ өнеркәсібінің 53 кәсіпорны қатысты. Келіссөздер өтті және бірлескен қызмет туралы 15 шарт-пиғыл жасалды.

12 наурызда Орал сырты халықтары Ассамблеясы Кеңесі делегациясының жұмысы аясында облыстың мемлекеттік құрылымдары, қоғамдық бірлестіктері және шаруашылық етуші субъектілері кәсіпкерлікке қолдау көрсету мәселесінде тәжірибе алмасу жөнінде Қорған облысы өкілдерімен кездесу өткізді.

Мамырда Новосибирск қ. (18-20 мамыр) мен Кемерево қ. (20-21 мамыр) өңірдің іскер топтарының сауда-экономикалық миссиясы өткізілді. Делегация құрамына облыс кәсіпорындарының 11 өкілі кірді. Плазмалық және энергия сақтайтын технологиялар саласындағы бірегей инновациялық тәжiрибемен, өндiрiстің жаңа технологиялары туралы ақпаратпен, коммерциялық ұсыныстармен, кәсiпкерлiктi дамыту тәжiрибесімен алмасу өтті. Перспективалық ынтымақтастық мәселесі талқыланды, бірқатар бірлескен жобалар дайындалды.

2009 жылғы 27-28 қазанда Пермь өлкесі кәсіпорындарының Солтүстік Қазақстан облысына сапары өтті. Келіссөздерге Пермь өлкесінің 13 компаниясы мен Петропавл қ. 50-ден астам бизнес өкілі қатысты, 120-дан астам кездесу өтті, олардың нәтижесінде ынтымақтастық туралы шарттар жасалды, пиғыл туралы хаттамаларға қол қойылды.

23 желтоқсанда Петропавл қаласында Ресей Федерациясы Қорған облысының сауда-экономикалық миссиясы өткізілді. Іс-шараларға Қорған облысының 7 кәсіпорны және Солтүстік Қазақстан облысының 30 кәсіпорны қатысты, 100 кездесу өтті, 7 шарт жасалды.

Петропавл қ. Ресей Федерациясының Мәскеу, Новосібір, Омбы, Челябі, Пермь, Барнаул мен Қорған сияқты қалаларының Солтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешенінде пайдаланылатын энергия үнемдейтін жабдықтарды жобалау және шығарумен шұғылданатын өндірістік кәсіпорындарының өкілдерімен «Энергия үнемдеу. Қазақстанның құрылыс индустриясы. Энергетика. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» тақырыбына көрме мен конференция өткізілді.

Ү.ж. 20 тамызында Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының инновациялық дамуына арналған халықаралық жаңа технологиялар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде қазақстандық және ресейлік нарыққа шығатын халықаралық компаниялардың (АҚШ, Германия, Финляндия) жаңа технологиялары, шетел инвестициясын тартуға бағытталған Солтүстік Қазақстан облысы инвестициялық жобаларының тұсаукесері өтті, жаңа полимерлік жабындарды жағу жүйесінің демонстрациясы өтті. Жәрмеңке қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Lahti Precision Oy, Lahti, Finland халықаралық компаниялары және Alkor International (Branch), Dubay UAE шетел инвесторының өкілдері арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі пиғыл туралы меморандумдарға қол қойылды.

Өңірдің ұқсату өнеркәсібінің әлеуетін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы мен Жапония Yкiметiнiң арасындағы Келісім аясында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен JICA Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі (Джайка) арасында Солтүстік Қазақстан облысында тамақ және ұқсату өнеркәсіптерінде жалпы кластерлік даму жоспарын әзірлеу үшін зерттеу жүргізу туралы келісімге қол қойылды. Кластерлік даму жоспарын және өңірдің экспорттық бәсекеге қабілеттігін нығайту жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу ынтымақтастықтың нәтижесі болады.

Келісімге сәйкес өнеркәсіп кластерлерінің дамуымен танысу үшін 2009 жылғы 7-18 қыркүйекте Жапонияда екі апталық оқыту курсы өтті, онда зерттеуді тиімді жүргізу мақсатында құрылған жұмыс тобы құрамынан 10 адам оқу курсынан өтті. Оқу барысында кластерлік даму саясаты, тамақ және ұқсату өнеркәсібінің дамуы, кластерлік даму қорының роліне байланысты мәселелер қаралды. Қатысушылар тамақ өнеркәсібін дамыту қозғалысына қатысатын Жапония кәсіпорындары мен ғылыми-зерттеу институттарына барды.

«ҚР экономикасы саласында басқарушы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру курстары» халықаралық Бағдарламасын іске асыру аясында кәсіпкерлік қызметті ынталандыру мақсатында 2009 жылғы 2 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Тұран-Профи» Халықаралық Кәсіби Академиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бағдарлама мақсаты: сыртқы экономикалық байланысты дамыту.

Тыңдаушылар үшін келесі жоспарланған: халықаралық оқу орталығында оқу және Германияда сынақтан өту, бұл неміс бизнесмендерімен өзара тиімді тура байланысты баптау және бірлескен кәсіпорындар құру, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді Германия нарығына шығару мүмкіндігін береді.

Өнеркәсіптің, шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері үнемі БАҚ-та жарықтандырылады. Облыстық және республикалық телеарналарында облыстың шағын және орта бизнес субъектілерін бюжеттік қаржылық қолдау және шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметіне тексеріс жүргізілуін кейінге қалтыруды жариялау мәселелері жөнінде сөз сөйлеу ұйымдастырылды.




Похожие:

Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар icon2010 жылдың 11 қарашада Қызылорда қаласында Кәсіпкерлікті қолдау орталығының (әрі қарай КҚО) салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған Орталық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ң бастауымен «прэко қызылорда консалтингтік компаниясы»
Кәсіпкерлікті қолдау орталығының (әрі қарай КҚО) салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған Орталық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»...
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар iconКәсіпкерлікті қолдауда
Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша кәсіпкерлерге кешенді қызмет көрсетудің үш деңгейлі жүйесі енгізілуде: облыстық қалалар...
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар iconЗырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы №519 қаулысы. Халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 Қаулысының негізінде және...
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар iconЖарма ауданында шағын және орта бизнесті дамытудағы әкімшілік тосқауылдарды төмендету жөніндегі жұмыстар туралы
Ықтық жағдайын жетілдіру және кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік тосқауылдарды төмендету жөніндегі жұмыстардың тиімділігін көбейту...
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар iconҚазақстан Республикасының
Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар iconОңтүстік Қазақстан облысында халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысында халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар iconОңтүстік Қазақстан облысында халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысында халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар iconШығыс Қазақстан облысы әкімінің сайтына 2005 жылғы 9 айдағы ақпарат
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бөлім 2005 жылғы 4 қазанда облыста «2005 жылы шағын кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» республикалық...
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар iconИсточник: ис параграф, 28. 01. 2011 08: 58: 20 Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іс-шаралар iconАуыл шаруашылығы 596 (5,6 %)
Облыста кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту шараларын іске асыру оның ырғақты дамуын қамтамасыз етеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы