Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы icon

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
страница1/2
Дата конвертации27.05.2013
Размер0.61 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2

Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысы



ҮЗIНДI:


Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен   
бекiтiлген        

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың
телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

      Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлiк орталықтары» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – орталық) арқылы көрсетедi.
      Шалғай жатқан елдi мекендердегi тұрғындардың мемлекеттiк қызметтерге қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мақсатында Мобильдiк орталықтар арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге жол берiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызметi «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы 4-тармағына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында: www.minjust.kz «Ақпараттық материалдар» бөлiмiнде;
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетi «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
      3) Орталықтардың үй-жайларындағы стендiлерде;
      4) ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты, сондай-ақ call-орталықтың телефоны (1414) бойынша да алуға болады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесi жылжымайтын мүлiк объектiсiне техникалық паспорттың телнұсқасын (қағаз жүзiнде) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелдi хабарламаны беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет құқық иесi болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрiне байланысты:
      пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге, жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорттың телнұсқасы бiрiншi жұмыс күнi берiледi (құжаттарды қабылдау күнi, ал орталыққа өтiнiш бергенде беру күнi де мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      алаңы 1000 шаршы метрге дейiнгi жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасы екiншi жұмыс күнi берiледi (құжаттарды қабылдау күнi, ал орталыққа өтiнiш бергенде беру күнi де мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспорттың телнұсқасы үшiншi жұмыс күнi берiледi (құжаттарды қабылдау күнi, ал орталыққа өтiнiш бергенде беру күнi де мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi):
      1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты (мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш беру) - 20 минуттан аспайды;
      2) өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
      3) дайын құжаттарды алу кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты - 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсеткенi үшiн төлемақы мемлекеттiк басқару органы бекiткен Баға прейскурантына сәйкес айқындалады және уәкiлеттi органның есеп шотына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрiнде енгiзiледi.
      9. Орталықтардағы жұмыс кестесi еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден сенбi күндi қоса алғанда, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн түскi үзiлiссiз, орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Қабылдау жеделдетiлген қызмет көрсетусiз «электронды» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Мобильдi орталықтар құжаттарды қабылдауды аумақтық полиция басқармалары мен жергiлiктi атқарушы органдар бiрлесiп бекiткен кестеге сәйкес, бiрақ бiр елдi мекенде кемiнде алты жұмыс сағаты iшiнде жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттiк қызмет мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар көзделген мемлекеттiк қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша орталықтың ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтамалық бюро, күтуге арналған креслолар, толтырылған бланкi үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылады.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызмет алушы немесе оның уәкiлеттi өкiлi мемлекеттiк қызмет алу үшiн жеке басты куәландыратын құжатты және мынадай құжаттарды:
      1) уәкiлеттi органның атауы, жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрi, оның орналасқан жерi, мемлекеттiк қызмет алушының (уәкiлеттi өкiлдiң) деректерi, жеке тұлғаның тұрғылықты жерi, заңды тұлғаның атауы мен деректемелерi көрсетiлген жазбаша өтiнiштi;
      2) мемлекеттiк қызмет алушының жеке басты куәландыратын құжатын (заңды тұлғалар құрылтай құжаттарының көшiрмелерiн ұсынады);
      3) заңнамада белгiленген жағдайларда өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты;
      4) жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттарды;
      5) техникалық паспорттың телнұсқасын бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжатты ұсынады.
      Жеке басты куәландыратын құжат туралы мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған мәлiметтi орталықтың қызметкерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесi арқылы уәкiлеттi тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
      12. Орталықтарда өтiнiштердiң бекiтiлген нысандағы бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның интернет ресурсында www.con.gov.kz орналастырылады.
      13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
      14. Қажеттi барлық құжаттар тапсырылған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушыға:
      1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;
      2) сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiле отырып, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      15. Дайын құжаттарды мемлекеттiк қызмет алушыға берудi орталық қызметкерi «терезелер» арқылы күн сайын мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде жүзеге асырады.
      Дайын құжаттарды жеткiзу курьерлiк қызмет арқылы жүзеге асырылады.
      16. Орталық құжаттарды қабылдаудан мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн ұсынбаған жағдайда бас тартады.
      Орталықтың қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде, мемлекеттiк қызмет алушыға жетiспейтiн құжаттар көрсетiлген қолхат бередi.
      Уәкiлеттi орган жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық тексеруден өткiзуден мынадай жағдайларда:
      1) тиiстi емес адам өтiнiш жасағанда;
      2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiн ұсынбағанда;
      3) құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген кезде бас тартады.
      Қызмет көрсетудiң белгiленген мерзiмi iшiнде уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызмет алушыға (мемлекеттiк қызмет алушының уәкiлеттi өкiлiне) бас тартудың себептерiн көрсетiп, күту залының «терезесi» арқылы хабарлама бередi.
      Мемлекеттiк қызмет орталық арқылы көрсетiлген кезде уәкiлеттi орган қызмет көрсетудiң белгiленген мерзiмi iшiнде орталыққа одан әрi мемлекеттiк қызмет алушыға (мемлекеттiк қызмет алушының уәкiлеттi өкiлiне) беру үшiн бас тарту себебiн көрсете отырып, хабарлама жiбередi.
      Жылжымайтын мүлiкке техникалық тексеру жүргiзуден бас тартылған кезде мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсеткенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжаттың түпнұсқасы қайтарылып берiледi. Мемлекеттiк қызмет алушы осы құжатты техникалық паспорт алу үшiн қайта сұрау салу бергенде немесе төленген соманы уәкiлеттi орган қайтарып беруi үшiн ұсына алады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi орган өзiнiң қызметiн мына:
      1) әдептiлiк;
      2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толымды ақпарат ұсыну, адамның конституциялық құқықтарын сақтау;
      3) қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықты сақтау;
      4) мемлекеттiк қызметтi алушының құжаттарының қорғалуын, сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттiк қызметтi алушының белгiленген мерзiмде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырады.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi мен уәкiлеттi органдардың жұмыстары бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Әдiлет министрiнiң тиiстi бұйрығымен бекiтiлiп отырады.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiру және өтiнiштердi дайындауға жәрдемдесу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 2-қосымшасында телефондары көрсетiлген орталық басшыларына жүгiнедi.
      Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбi туралы ақпаратты ақпараттық-анықтамалық қызметтiң call-орталығының 1414 телефон нөмiрi бойынша не осы стандарттың 2-қосымшасынында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым жұмыс күндерi демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30 аралығында түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден бастап 17.00-ге дейiн уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi. Уәкiлеттi органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
      Уәкiлеттi органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi мен құқықтық көмек көрсету комитетiне жұмыс күндерi демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30 аралығында түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi.
      22. Орталық қызметкерi тиiсiнше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталықтың немесе «Орталық» РМК-на берiледi. Орталықтардың мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген, «Орталық» РМК-ның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген.
      23. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көрсетiлген жағдайда электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң электронды мекен-жайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымның кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
      Қажет болған жағдайларда мемлекеттiк қызмет алушылар шағымға уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк қызметтердi сапасыз ұсынғанын немесе орталықтың, уәкiлеттi орган қызметкерiнiң тиiстi қызмет көрсетпегенiн растайтын құжаттарын қоса бередi.
      25. Қабылданған шағымдар өтiнiштер мен шағымдарды есепке алу кiтабында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген тәртiпте және мерзiмде қаралады. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды уәкiлеттi органның немесе орталықтың кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалар өтiнiштер журналында тiркеу болып табылады (шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi қойылады).
      Шағымды қабылдаған адам мемлекеттiк қызметтi алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi. Шағымның қаралу нәтижесi туралы мемлекеттiк қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      Уәкiлеттi органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.
      26. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
      «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 А, телефоны: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне
техникалық паспорттың телнұсқасын
беру» мемлекеттiк қызмет   
стандартына         
1-қосымша          

^ Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
уәкiлеттi органдарының тiзiмi мен мекенжайы

Р/с


Уәкiлеттi органның атауы

Орналасқан мекенжайы

Телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1

«Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесi, 9-үй

(87162) 23-32-58

қабылдау бөлмесi
40-21-91

2

«Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 108 «а» үй

(87132) 55-73-13

қабылдау бөлмесi
55-73-07

3

«Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 76-үй

(87282) 27-33-93

қабылдау бөлмесi
27-33-91

4

«Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Атырау қаласы, Азаттық көшесi, 96 «б» үй

(87122) 45-15-19

қабылдау бөлмесi
45-15-34

5

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Өскемен қаласы, Буров көшесi, 51-үй

(87232) 53-79-73

қабылдау бөлмесi
53-79-99

6

«Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Орал қаласы, Театральная көшесi, 16/2-үй

(87112) 50-91-96

қабылдау бөлмесi
51-10-44

7

«Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын-мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Тараз қаласы, Төле би көшесi, 69-үй

(87262) 45-56-48

қабылдау бөлмесi
45-58-22

8

«Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Қарағанды қаласы, Ленин көшесi, 72/2-үй

(87212) 56-51-34

қабылдау бөлмесi
56-56-63

9

«Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Қостанай қаласы, Досжанов көшесi, 84-үй

(87142) 50-62-87

қабылдау бөлмесi
50-63-45

10

«Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Қызылорда қаласы, Скатков көшесi, 96-үй

(87242) 23-07-34

қабылдау бөлмесi
23-03-84

11

«Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, 59-үй

(87292) 50-45-26

қабылдау бөлмесi
50-76-11

12

«Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Павлодар қаласы, Есеналиев көшесi, 24-үй

(87182) 32-19-86

қабылдау бөлмесi
32-03-24

13

«Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Петропавл қаласы, Көшеков көшесi, 10-үй

(87152) 33-38-38

қабылдау бөлмесi
33-96-30

14

«Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Шымкент қаласы, Оспанов көшесi, 61-үй

(87252) 54-12-72

қабылдау бөлмесi
53-50-53

15

«Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

(8727) 378-46-58

қабылдау бөлмесi
378-46-50

16

«Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Астана қаласы, Иманов көшесi, 149-үй

(87172) 37-99-12

қабылдау бөлмесi
37-65-58
  1   2



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
«Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы