Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы icon

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
страница1/3
Дата конвертации26.05.2013
Размер0.75 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысы



ҮЗIНДI:


Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен    
бекiтiлген       

«Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу, оның iшiнде
азаматтық хал актiлерi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар
мен түзетулер енгiзу» мемлекеттiк қызмет cтандарты

      Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар), сондай-ақ баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – орталық) арқылы көрсетiледi.
      Шалғай жатқан елдi мекендердiң тұрғындарына мемлекеттiк қызмет көрсетудiң қолжетiмдiлiгi мақсатында мемлекеттiк қызметтi Мобильдi орталықтар арқылы көрсетуге жол берiледi.
      Мемлекеттiк қызметтi алушының неке (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеуге өтiнiш беру бөлiгiнде электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi - ЭЦҚ) болған ретте «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы да көрсетiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексiнiң 238-247-баптарының, «Салық және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексi 537-бабының, «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және тiзбесi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органдардың үй-жайларындағы стендтерде;
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Мемлекеттiк қызмет көрсетулердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) ресми ақпарат көздерiнде және тiзбесi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде;
      4) порталда орналастырылған.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi туралы ақпаратты «электрондық үкiметтiң» call-орталық ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 1414 телефоны бойынша да алуға болады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi:
      1) уәкiлеттi органда:
      некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу және некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi қағаз жеткiзгiшпен беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанында немесе қағаз жеткiзгiшпен дәлелдi жауап беру болып табылады.
      Өзгерiстер, толықтырулар және түзетулер енгiзгеннен кейiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қағаз жеткiзгiшпен құжат берген уәкiлеттi адамның қолымен бекiтiлген енгiзiлген түзетулерiмен, толықтырулармен және өзгерiстерiмен қағаз жеткiзгiштегi жаңа куәлiк берiледi не мемлекет қызмет көрсетудi ұсынудан бас тарту туралы электронды нысанында құжат немесе қағаз жеткiзгiш дәлелдi жауап берiледi.
      2) орталықта:
      некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi қағаз жеткiзгiшпен беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанында дәлелдi жауап беру болып табылады;
      енгiзiлген өзгерiстерiмен, толықтыруларымен және түзетулерiмен құжатты берген уәкiлеттi тұлғаның қолтаңбасымен бекiтiлген қағаз жеткiзгiшпен жаңа куәлiк беру не электронды құжат нысанында дәлелдi бас тарту туралы жауап беру болып табылады.
      3) порталда:
      некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттiк тiркеуге уәкiлеттi тұлғаның ЭЦҚ қойылған электронды нысандағы өтiнiштi қабылдау туралы хабарламаны алу не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанында дәлелдi жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) уәкiлеттi орган арқылы жүгiнген кезде:
      сот шешiмiнiң негiзiнде некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу, сот шешiмiнiң негiзiнде белгiленген тәртiпте хабар-ошарсыз кеткен деп немесе жан күйзелiсi сырқатының немесе ақыл-есi кемдiгiнiң салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет көрсету сот шешiмiнiң негiзiнде 2 жұмыс күнiнiң iшiнде (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмiне кiрмейдi) көрсетiледi.
      Осы стандарттың 11-тармағында белгiленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi күнтiзбелiк 15 күнге дейiн ұзартылады, басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi, қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап 2 жұмыс күнiнiң iшiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға хабарландырыла отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмiне кiрмейдi) ұзартылады.
      Кәмелеттiк жасқа толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некесiн бұзуын тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет көрсету күнтiзбелiк 30 күннiң iшiнде (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмiне кiрмейдi) қаралады.
      Өзгерiстер, толықтырулар және түзетулер енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет күнтiзбелiк 15 күннiң iшiнде көрсетiледi, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде қарау мерзiмi, қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап 2 жұмыс күнiнiң iшiнде мемлекеттiк қызметтi алушыны хабарландырыла отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
      құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
      2) орталыққа жүгiнген кезде:
      сот шешiмiнiң негiзiнде некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу, сот шешiмiнiң негiзiнде белгiленген тәртiпте хабар-ошарсыз кеткен деп не жан күйзелiсi сырқатының немесе ақыл-есi кемдiгiнiң салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет көрсету сот шешiмiнiң негiзiнде 2 жұмыс күнiнiң iшiнде (құжаттарды қабылдау және беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмiне кiрмейдi) көрсетiледi.
      Кәмелеттiк жасқа толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некесiн (ерлi-зайыптылығын) бұзуын тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет көрсету күнтiзбелiк 30 күннiң iшiнде (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмiне кiрмейдi) қаралады.
      Осы стандарттың 11-тармағында белгiленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi күнтiзбелiк 15 күнге дейiн ұзартылады, басқа органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызметтi алушыны хабарландыра отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
      Өзгерiстер, толықтырулар және түзетулер енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет күнтiзбелiк 15 күннiң iшiнде көрсетiледi, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi, қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап 2 жұмыс күнiнiң iшiнде мемлекеттiк қызметтi алушыны хабарландырыла отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
      мемлекеттiк қызмет көрсетудi тұтынушы жүгiнген жерде, сол күнi мемлекеттiк қызмет көрсетудi алғанға дейiнгi кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      мемлекеттiк қызмет көрсетудi тұтынушы жүгiнген жерде, сол күнi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк баж белгiленедi. Мемлекеттiк баж сомасы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде белгiленген мөлшерде есептеледi және заңдық маңызы бар iс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленедi.
      Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетудi алуға электрондық сұрау салынған жағдайда төлем «электрондық үкiметтiң» шлюзi арқылы жүзеге асырылады.
      9. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның жұмыс кестесi:
      сенбi, жексенбi және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, кезекке тұру тәртiбiмен ұсынылады.
      Орталықтың жұмыс кестесi:
      мемлекеттiк қызмет еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда күн сайын, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, белгiленген жұмыс кестесiне сай үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20. 00 дейiн.
      Қабылдау жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Мобильдiк орталықтар бекiтiлген орталықпен кестеге сәйкес құжаттар қабылдайды, бiрақ бiр елдi мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты iшiнде жүзеге асырады.
      Порталдың жұмыс кестесi – тәулiк бойы.
      10. Уәкiлеттi органның үй-жайында мүмкiндiгi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттерi болады. Кабинеттерге толтырылған бланкi үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналасқан.
      Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрған жерi бойынша орталықтың ғимаратында да көрсетiледi, онда мүмкiндiгi шектеулi тұтынушылар үшiн жағдайлар қарастырылған. Залда анықтама бюросы, күтушiлерге арналған креслолар, толтырылған бланкi үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналасқан.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу үшiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушылар не оның уәкiлеттiк берген өкiлi уәкiлеттi органға немесе орталыққа:
      сот шешiмiнiң негiзiнде некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес);
      2) некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;
      3) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат;
      4) өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат;
      кәмелеттiк жасқа толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некесiн бұзуын тiркеу үшiн:
      белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес);
      2) неке қию (ерлi-зайыптылық) туралы куәлiк;
      3) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат;
      сот шешiмiнiң негiзiнде белгiленген тәртiпте хабар-ошарсыз кеткен немесе жан күйзелiсi сырқатының немесе ақыл-есi кемдiгiнiң салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес);
      2) сот шешiмiнiң немесе үкiмнiң көшiрмесi;
      3) неке қию (ерлi-зайыптылық) туралы куәлiк;
      4) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат;
      5) өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат;
      өзгерiстер, түзетулер және толықтырулар енгiзу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес);
      2) некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiк, егер куәлiктiң төлнұсқасы жоғалған болса – некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу туралы тiркеу анықтамасын;
      3) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат;
      4) өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат;
      Мемлекеттiк қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу куәлiктерiн, егер тiркеу 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, уәкiлеттi орган немесе орталық тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қолтаңбасы қойылған электронды құжат нысанында алады.
      Уәкiлеттi органның немесе орталықтың қызметкерi мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен берiлген мәлiметтерi бар құжаттардың түпнұсқалығын тексерiп, содан кейiн түпнұсқаларды мемлекеттiк қызмет көрсетудi алушыға қайтарады.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзу кезiнде порталда:
      кәмелеттiк жасқа толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некесiн (ерлi-зайыптылығын) бұзуын тiркеу үшiн:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушының ЭЦҚ қолтаңбасы қойылған электронды құжат нысанында сұрау салу;
      2) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат;
      3) мемлекеттiк қызметтi алуышының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу куәлiктерiн, егер тiркеу 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қолтаңбасы қойылған электронды құжат нысанында алады.
      Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы мәлiметтерi 2008 жылға дейiн жүргiзiлген болса,құжаттың сканерден өткiзiлген көшiрмесi электронды сұрау салуға қоса тiркеледi.
      12. Өтiнiштiң үлгiсi порталда, сондай-ақ Министрлiктiң Интернет-ресурсында: www.minjust.kz («Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету» бөлiмi «Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты» кiшi бөлiмi) немесе мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органның күту залындағы арнайы тағандарда орналасқан.
      Орталықтарда бекiтiлген нысандағы өтiнiштердiң бланкiлерi күту залының арнайы тағанында, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасады.
      Порталға жүгiнген кезде сұрау салуды электрондық құжат нысанында толтыру қажет.
      13. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органның маманына тапсырылады.
      Мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген орталықтарда құжаттарды қабылдау «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау мемлекеттiк қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» жүзеге асырылады.
      14. Тиiстi құжаттарды қабылдау кезiнде уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызметтi алушыға:
      1) сұрау салуды қабылдаған күнi;
      2) қоса берiлген құжаттардың саны;
      3) құжаттарды беретiн күнi мен уақыты;
      4) құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған маманның тегi, есiмi, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттар қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      орталыққа жүгiнген кезде:
      1) сұрау салудың нөмiрi мен қабылдаған күнi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызмет көрсету түрi
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беретiн күнi (уақыты);
      5) құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттар қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      Порталына жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алушыға, порталдағы «жеке кабинетке» хабарлама - мемлекеттiк қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн алған күнi және уақыты көрсетiлген сұрау салуды қабылдағаны туралы есеп жiберiледi.
      15. Дайын құжаттарды берудi уәкiлеттi органның маманы мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiшпен келген кезде онда мерзiмi көрсетiлген қолхаттың негiзiнде жүзеге асырады.
      Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттiк қызметтi алушыға берудi орталықтың инспекторы «терезе» арқылы онда мерзiмi көрсетiлген қолхаттың негiзiнде жүзеге асырады.
      Порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң нәтижесi туралы «жеке кабинетке жiберiледi.
      16. Уәкiлеттi орган осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды мемлекеттiк қызметтi алушы ұсынбаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
      Тапсырған құжаттары толық болмау фактiсi анықталған жағдайда (оның iшiнде мiндеттi жолдар толтырылмағанда) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар берiлген күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша дәлелдi бас тарту берiледi.
      Уәкiлеттi органдағы құжаттарды сақтау мерзiмi мен жою тәртiбi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiрiн ұсынбаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкерi мемлекеттiк қызметтi алушыға жетiспейтiн құжаттарды көрсете отырып қолхат бередi.
      Егер мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарды алуға мерзiмiнде жүгiнбеген жағдайларда орталық оның 1 ай бойы сақталуын қамтамасыз етедi де, содан соң оны уәкiлеттi органға қайтарады.
      Порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттiк қызметтi алушы жазбаша түрде уәкiлеттi органнан, не порталдағы «жеке кабинетiнде» электрондық құжат нысанында алады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын өтеу кезiндегi заңдылықты сақтауға және әдептiлiк, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негiзделедi.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тұтынушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасы және тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын осы мемлекеттiк қызмет стандартын әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның басшысының тиiстi бұйрығымен бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Әрекетке (әрекетсiздiкке) шағым беру тәртiбiне түсiндiрме және шағымды әзiрлеуге жәрдем алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органға жүгiнедi.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы орталыққа және портал арқылы жүгiнген кезде орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбi туралы ақпаратты call-орталықтың телефоны (1414) не осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым уәкiлеттi орган басшысының атына жұмыс күндерi, 13.00-ден 14. 30-ға дейiн түскi үзiлiспен демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi. Уәкiлеттi орган басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
      Уәкiлеттi органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң атына жұмыс күндерi, 13.00-ден 14. 30-ға дейiн түскi үзiлiспен демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi.
      Орталық көрсеткен мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда шағым мекенжайы мен телефонды осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген «Орталық» РМК атына берiледi.
      22. Орталық қызметкерi тиiсiнше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына берiледi. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
      Көрсетiлген қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      23. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не осы стандарттың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
      Шағымға уәкiлеттi органдар ұсынған сапасыз мемлекеттiк қызмет көрсетудi растайтын құжаттар қоса берiледi.
      24. Шағымдардың уәкiлеттi органда пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды уәкiлеттi органның кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалар өтiнiшiн журналға тiркеу болып табылады (шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi қойылады).
      Өтiнiшпен қолма-қол жүгiнген жағдайда шағымды қабылдаған адам мемлекеттiк қызметтi алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
      Мемлекеттiк қызметтi алушыға шағымды қараудың нәтижелерi туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы орталыққа жүгiнген кезде шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды орталықтың кеңсесiнде немесе «Орталық» РМК-да тiркеу болып табылады (шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi қойылады).
      Шағымды қабылдаған адам мемлекеттiк қызметтi алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
      Мемлекеттiк қызметтi алушыға шағымды қараудың нәтижелерi туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      Портал арқылы электронды өтiнiш жiберiлгеннен кейiн «жеке кабинеттегi» мемлекеттiк қызметтi алушыға өтiнiшi туралы мемлекеттiк органда қаралу барысында жаңаланып отыратын ақпаратына (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетiмдi болады
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiпте және мерзiмде қаралады.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
      «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы,43 үй, телефоны: 77172- 94-99-95, интернет ресурс: www.con.gov.kz

«Некенi (ерлi-зайыптылықты) бұзуды тiркеу,  
оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбасына
өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзудi»
мемлекеттiк қызмет стандартына       
1-қосымша                  

Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының
  1   2   3



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
«Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы