Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы icon

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
страница1/3
Дата конвертации26.05.2013
Размер0.67 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысы



ҮЗIНДI:


Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Тууды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерiнiң
жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi
енгiзу» мемлекеттiк қызмет стандарты

      Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Тууды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi енгiзу» мемлекеттiк қызметiн мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi – уәкiлеттi органдар), сондай-ақ баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – орталық) арқылы көрсетiледi.
      Шалғай жатқан елдi мекендердiң тұрғындарына мемлекеттiк қызмет көрсетудiң қолжетiмдiлiгi мақсатында мемлекеттiк қызметтi Мобильдi орталықтар арқылы көрсетуге жол берiледi.
      Тууды тiркеуге электрондық өтiнiш беру бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi – ЭЦҚ) болған ретте, «электрондық үкiметтiң» веб-порталы» www.e.gov.kz (бұдан әрi – портал) арқылы да көрсетiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексiнiң, «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 3 және  9-баптарының және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және тiзбесi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органдардың үй-жайларындағы стендiлерде орналастырылған;
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның (бұдан әрi – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
      3) порталда;
      4) ресми ақпарат көздерiнде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларындағы стендiлерде орналастырылған.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат call-орталық телефоны (1414) арқылы да ұсынылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi:
      1) уәкiлеттi органда:
      тууды мемлекеттiк тiркеу және тууды тiркеу туралы куәлiктi қағаз жеткiзгiште беру не электрондық құжат нысанында немесе қағаз жеткiзгiште мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      Туу туралы актiлiк жазбаға өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзiлгеннен кейiн мемлекеттiк қызмет алушыға құжатты қағаз жеткiзгiште беретiн өкiлеттi тұлғаның қолы қойылған, енгiзiлген өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулермен жаңа куәлiк не электрондық құжат нысанында немесе қағаз жеткiзгiште дәлелдi бас тарту туралы жауап берiледi.
      2) орталықта:
      тууды тiркеу туралы куәлiктi қағаз жеткiзгiште не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты электрондық құжат нысанында беру болып табылады.
      Құжатты қағаз жеткiзгiште беретiн өкiлеттi тұлғаның қолы қойылған, енгiзiлген өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулермен жаңа куәлiк не электрондық құжат нысанында немесе қағаз жеткiзгiште дәлелдi бас тарту туралы жауап берiледi.
      3) порталда:
      уәкiлеттi органның өкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы тууды тiркеуге электрондық өтiнiштiң қабылданғаны туралы хабарламасын алу не электрондық құжат нысанындағы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет көрсетудi тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      уәкiлеттi органға жүгiнген кезде:
      1) тууды тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет 2 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмiне кiрмейдi).
      Осы стандарттың 11-тармағында белгiленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi күнтiзбелiк 15 күнге дейiн ұзартылады, басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады мемлекеттiк қызмет алушыны 2 жұмыс күнi iшiнде хабарландыра отырып (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмiне кiрмейдi).
      Заңнамада белгiленген мерзiмдi бұза отырып, тууды тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет күнтiзбелiк 15 күн iшiнде көрсетiледi.
      Туу туралы актiлiк жазбаға өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш Жеке тұлғалар туралы мемлекеттiк дерекқордың Орталық серверiнде республика бойынша актiлiк жазбалардың электрондық нұсқасы болғанда, күнтiзбелiк 15 күн iшiнде қаралады, басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызмет көрсетудi тұтынушыны 2 жұмыс күнi iшiнде хабарландыра отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      2) құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
      орталыққа жүгiнген кезде:
      1) тууды тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет 2 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмiне кiрмейдi).
      Осы стандарттың 11-тармағында белгiленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi күнтiзбелiк 15 күнге дейiн ұзартылады, басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызмет алушыны 2 жұмыс күнi iшiнде хабарландыра отырып, күнтiзбелiк 30 күнге дейiн ұзартылады.
      Баланың тууы белгiленген мерзiмдi бұза отырып тiркелген жағдайда: мемлекеттiк қызмет күнтiзбелiк 15 күн iшiнде көрсетiледi.
      Туу туралы актiлiк жазбаға өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiш Жеке тұлғалар туралы мемлекеттiк дерекқордың орталық серверiнде республика бойынша актiлiк жазбалардың электрондық нұсқасы болғанда, күнтiзбелiк 15 күн iшiнде қаралады, басқа мемлекеттiк органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызмет алушыны 2 жұмыс күнi iшiнде хабарландыра отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады;
      2) мемлекеттiк қызмет алушының жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiнгi күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
      3) жүгiнген күнi мемлекеттiк қызмет алушыға сол жерде қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
      Портал арқылы өтiнiш бiлдiрген кезде тууды тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет 1 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi.
      8. Тууды мемлекеттiк тiркеу ақысыз көрсетiледi, өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу үшiн мемлекеттiк баж алынады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк баж белгiленедi. Мемлекеттiк баж сомасы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде белгiленген мөлшерде есептеледi және заңдық маңызы бар iс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленедi.
      9. Құжаттарды қабылдау:
      1) уәкiлеттi органның жұмыс iстеу кестесi:
      күн сайын, сенбi, жексенбi және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, кезекке тұру тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      2) орталықтың жұмыс iстеу кестесi:
      мемлекеттiк қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
      Құжаттарды қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiнде, жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Мобильдiк орталықтар бекiтiлген орталықпен кестеге сәйкес құжаттар қабылдайды, бiрақ бiр елдi мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты iшiнде жүзеге асырады.
      3) Порталдың жұмыс iстеу кестесi – тәулiк бойы.
      10. Уәкiлеттi органның үй-жайында мүмкiндiгi шектеулi мемлекеттiк қызмет алушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттерi болады. Кабинеттерде толтырылған бланкi үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналасқан.
      Мемлекеттiк қызмет, сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет алушының тұратын жерi бойынша орталықтың ғимаратында да көрсетiледi, онда мүмкiндiгi шектеулi тұтынушылар үшiн жағдайлар қарастырылған. Залда анықтама бюросы, күту креслосы, толтырылған бланкi үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылған.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Тууды тiркеу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы не оның өкiлеттi өкiлi уәкiлеттi органға немесе орталыққа:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы стандартқа 3-қосымша);
      2) 2008 жылға дейiн неке қиюды тiркеген тұлғалар үшiн ата-анасының неке қию (ерлi-зайыптылық) туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
      3) баланың тууы туралы емдеу мекемесiнiң анықтамасын;
      4) өкiлдiң өкiлеттiктерiн растайтын құжатты ұсынады.
      Баланың тууы белгiленген мерзiмдi бұза отырып тiркелген жағдайда:
      1) ата-анасының түсiнiктемесi;
      2) баланың туған жерi мен ата-анасының тұратын жерi бойынша туу туралы актiлiк жазбаның жоқтығы туралы аумақтық әдiлет органының анықтамасы (бала 2008 жылға дейiн туған жағдайда);
      3) баланың тұратын жерi бойынша оның денсаулығы туралы медициналық анықтамасы;
      4) өкiлдiң өкiлеттiктерiн растайтын құжат.
      Мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу куәлiктерiн, егер тiркеу 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, уәкiлеттi орган немесе орталық тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден қойылған ЭЦҚ-ларды электрондық құжаттар нысанында алады.
      Уәкiлеттi органның қызметкерi немесе орталықтың қызметкерi құжаттардың түпнұсқалығының мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен алған мәлiмметтерiмен түпнұсқалылығын салыстырып тексерiп, содан кейiн түпнұсқаларды мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарады.
      Туу туралы актiлiк жазбаға өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзудi тiркеу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы:
      1) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiштi;
      2) мемлекеттiк қызмет алушының туу туралы куәлiгiн, егер куәлiктiң төлнұсқасы жоғалған болса – туу туралы тiркеу анықтамасын.
      3) өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзудiң қажеттiгiн растайтын құжаттарды;
      4) мемлекеттiк баждың бюджетке төленгенiн растайтын құжатты немесе салықтық жеңiлдiктердi берудiң негiзi болып табылатын құжатты;
      5) өкiлдiң өкiлеттiктерiн растайтын құжатты ұсынады.
      Порталда тууды тiркеу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу куәлiктерiн, егер тiркеу 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден қойылған ЭЦҚ-ларды электрондық құжаттар нысанында алады.
      Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы мәлiметтер 2008 жылға дейiн жүргiзiлсе, электрондық сұрау салуға сканерленген көшiрме түрiндегi құжат бекiтiледi.
      4) мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйесiнiң баланың туу фактiсiн растайтын мәлiметтерiн ұсынады.
      12. Өтiнiштiң үлгiсi порталда, сондай-ақ Министрлiктiң интернет-ресурсында: www.minjust.kz («Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету» бөлiмi «Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты» кiшi бөлiмi) немесе мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органның күту залындағы арнайы тағандарда орналасқан.
      Орталықтарда бекiтiлген нысандағы өтiнiштердiң бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ « Орталық» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырылады: www.con.gov.kz.
      Порталға жүгiнген кезде сұрау салуды электрондық құжат нысанында толтыру қажет.
      13. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн құжаттар уәкiлеттi органның маманына тапсырылады, олардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      Мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген орталықтарда құжаттарды қабылдау «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      Порталда электрондық сұрау салудың қабылдануы мемлекеттiк қызмет алушының «жеке кабинетi» арқылы жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге қажеттi құжаттарды қабылдау кезiнде уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызмет алушыға:
      1) сұрау салуды қабылдау күнi;
      2) қоса берiлген құжаттардың саны;
      3) құжаттарды беру күнi мен уақыты;
      4) құжаттарды рәсiмдеуге өтiнiштi қабылдаған маманның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттар қабылданғаны туралы қолхат бередi.
      орталыққа жүгiнген кезде:
      1) сұрау салуды қабылдау нөмiрi мен күнi;
      2) сұрау салынған мемлекеттiк қызмет көрсетудiң түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) мемлекеттiк қызмет көрсетудi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, өкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттар қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      Порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет алушының порталдағы «жеке кабинетiне» мемлекеттiк қызмет алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiле отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы есеп-хабарламасы жiберiледi.
      15. Дайын құжаттарды беру уәкiлеттi органның маманы мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiшпен келген кезде, онда мерзiмi көрсетiлген қолхаттың негiзiнде жүзеге асырады.
      Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттiк қызмет алушыға берудi орталық қызметкерi күн сайын «терезе» арқылы онда мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде жүзеге асырады.
      Порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсету нәтижесi оның «жеке кабинетiне» жiберiледi.
      16. Мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
      Құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда, (оның iшiнде мiндеттi жолдар толтырылмағанда) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар берiлген күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыға жазбаша дәлелдi бас тарту берiледi.
      Уәкiлеттi органдағы құжаттарды сақтау мерзiмi мен жою тәртiбi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.
      Мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiрiн ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкерi мемлекеттiк қызмет алушыға жетiспейтiн құжаттарды көрсете отырып, қолхат бередi.
      Егер мемлекеттiк қызмет алушы құжаттарды белгiленген мерзiмде алуға өтiнiш бiлдiрмесе, орталық олардың 1 ай iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға берiп жiбередi.
      Порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты мемлекеттiк қызмет алушы жазбаша түрде уәкiлеттi органнан не порталдағы «жеке кабинетiнен» электрондық құжат түрiнде алады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын өтеу кезiндегi заңдылықты сақтауға негiзделедi және сыпайылық, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттары негiзiнде жүзеге асырылады.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасы және тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын осы мемлекеттiк қызмет стандартын әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның басшысының тиiстi бұйрығымен бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Қызметкерлердiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбi түсiндiрiлуi және шағымды жазуға жәрдем көрсетiлуi үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органға жүгiнедi.
      Мемлекеттiк қызмет алушы орталыққа немесе порталға жүгiнген кезде орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбi туралы ақпаратты call-орталықтың телефоны (1414) бойынша не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым уәкiлеттi орган басшысының атына, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi. Уәкiлеттi орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      Уәкiлеттi органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң атына, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi.
      Орталықта шағым тiкелей орталықтың басшысына берiледi.
      Орталықтың берген жауабымен келiспеген жағдайда, шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген «Орталық» РМК атына берiледi.
      22. Орталық қызметкерi тиiсiнше қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым орталық басшысының атына берiледi. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген.
      Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттiк қызмет алушының заңнамада белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      23. Қолданыстағы заңнамада көрсетiлген жағдайларда шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде не осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
      Шағымға уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызметтi сапасыз көрсеткенiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
      24. Шағымның уәкiлеттi органға қолма-қол әрi пошта арқылы түскенiнiң дәлелi, оның уәкiлеттi органның кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi журналында тiркелуi болып табылады (шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi қойылады).
      Өтiнiшпен қолма-қол жүгiнген жағдайда, шағымды қабылдаған адам мемлекеттiк қызмет алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
      Мемлекеттiк қызмет алушыға шағымды қараудың нәтижелерi туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      Мемлекеттiк қызмет алушы орталыққа жүгiнген кезде шағымның қолма-қол әрi пошта арқылы түскенiнiң дәлелi, оның орталықтың кеңсесiнде немесе «Орталық» РМК-да тiркелуi болып табылады (шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi қойылады).
      Мемлекеттiк қызметтi алушының шағымын қабылдаған адам оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
      Мемлекеттiк қызмет алушыға шағымды қараудың нәтижелерi туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      Портал арқылы жүгiнген кезде:
      Электрондық өтiнiш портал арқылы жiберiлгеннен кейiн мемлекеттiк қызмет алушыға «жеке кабинеттегi» өтiнiштiң мемлекеттiк органда қаралуы барысында жаңаланып отыратын өтiнiш туралы ақпарат (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетiмдi болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiпте және мерзiмде жүргiзiледi.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
      26. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй, телефоны: 77172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz

«Тууды тiркеу, оның iшiнде азаматтық  
хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстердi,
толықтырулар мен түзетулердi енгiзу» 
мемлекеттiк қызмет стандартына   
1-қосымша             

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
  1   2   3



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
«Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы