Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы icon

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
страница1/3
Дата конвертации26.05.2013
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысы



ҮЗIНДI:


Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен    
бекiтiлген        

«Қазақстан Республикасының әдiлет органдарынан және өзге
мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттiк қызмет cтандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының әдiлет органдарынан және өзге мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет көрсету) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi (бұдан әрi – Комитет) және мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшасында көрсетiлген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әдiлет департаменттерi (бұдан әрi – уәкiлеттi органдар) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – орталық) арқылы көрсетiледi.
      Шалғай жатқан елдi мекендердiң тұрғындарының мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Мобильдi орталық арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге жол берiледi.
      Сонымен қатар, электрондық апостильдеу үшiн өтiнiш беру бөлiгiнде мемлекеттiк қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда (бұдан әрi – ЭЦҚ) www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы.
      Комитеттiң заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесi, 8-үй, № 13-кiреберiс.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасының Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, «Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудiң күшiн жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 сәуiрдегi № 545 қаулысы және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және тiзбесi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органдардың үй-жайларындағы стендiлерде;
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетi «Халыққа қызмет көрсету» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – «Орталық» РМК): www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) ресми ақпарат көздерiнде және тiзбесi осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген орталықтардың үй-жайларындағы стендiлерде;
      4) порталда орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты сонымен қатар call-центр телефоны (1414) арқылы да берiледi.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi қағаз жүзiнде «апостиль» мөртаңбасы бар құжаттарды беру (осы стандартқа 3-қосымша), не электрондық құжат нысанында немесе қағаз жүзiнде дәлелдi бас тарту туралы жауап беру болып табылады.
      Порталда – құжаттарды апостиль қою үшiн электрондық өтiнiштi қабылдау туралы хабарлама алу, не электрондық құжат нысанында мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      Комитетте - мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды ұсынған кезден бастап 1 жұмыс күнi (қабылдау күнi мен беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды ұсынған кезден бастап 2 жұмыс күн iшiнде көрсетiледi (қабылдау күнi мен беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi).
      Тиiстi құжаттарды қосымша тексеру қажет болған жағдайда, мемлекеттiк қызмет алушыны 2 жұмыс күнi iшiнде хабарландыра отырып, қызмет көрсету мерзiмi 10 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады, ұйымның қол таңба мен мөр үлгiсiн сұрату қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi күнтiзбелiк 30 күнге дейiн ұзартылады (қабылдау және беру күндерi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) мемлекеттiк қызмет алушы жүгiнген жерде, сол күнi мемлекеттiк қызмет көрсетудi алғанға дейiнгi кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызмет алушы жүгiнген жерде, сол күнi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк баж белгiленедi. Мемлекеттiк баж сомасы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде белгiленген мөлшерде есептеледi және заңдық маңызы бар iс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленедi.
      Мемлекеттiк бажды төлеу үшiн қажет Комитеттiң банктiк деректемелерi осы стандартқа 4-қосымшада көрсетiлген.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн портал арқылы электрондық сұрау салынған жағдайда, төлем «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы жүзеге асырылады.
      9. Орталықтың жұмыс кестесi:
      мемлекеттiк қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
      Қабылдау жедел қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезекке тұру тәртiбiмен жүргiзiледi.
      Мобильдiк орталықтар бекiтiлген орталықпен кестеге сәйкес құжаттар қабылдайды, бiрақ бiр елдi мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты iшiнде жүзеге асырады.
      Порталдың жұмыс кестесi – тәулiк бойы.
      10. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызмет алушының тұрған жерi бойынша орталық ғимаратында көрсетiледi, онда мүмкiндiгi шектеулi мемлекеттiк қызмет алушылар үшiн жағдайлар қарастырылған. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланкiлер үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналасқан.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызмет алушылар не оның уәкiлеттi өкiлi мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн:
      орталыққа:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы стандартқа 5-қосымша);
      2) апостиль қойылуға тиiс құжатты;
      3) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжатты;
      4) өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжатты ұсынады.
      Мемлекеттiк электрондық ресурс болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн уәкiлеттi орган және орталық тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен орталықтың ақпараттық жүйесi арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Порталда мемлекеттiк қызмет алу үшiн:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;
      2) апостиль қойылуға тиiс құжат сканерленген көшiрмесi түрiнде электрондық сұрау салуға тiркеледi;
      3) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн туралы мәлiметтi;
      4) мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын мәлiметтi ұсынады.
      Мемлекеттiк электрондық ресурс болып табылатын мәлiметтердi уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен портал арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкерi құжаттардың түпнұсқаларының дұрыстығын мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен алынған мәлiметтермен салыстырады, кейiн түпнұсқаларды мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарады.
      12. Бекiтiлген нысандардағы өтiнiш бланкiлерi орталықтардың күту залындағы арнайы тағандарда, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның: www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      Порталға жүгiнген кезде электрондық құжат нысанында сұрау салуды толтыру қажет.
      13. Құжаттарды қабылдау мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген орталықтарда операциялық залда «кедергiсiз» қызмет көрсету арқылы жүргiзiледi.
      Порталда электрондық сұрау салу мемлекеттiк қызмет алушының «жеке кабинетiнде» жүргiзiледi.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттарды қабылдау кезiнде мемлекеттiк қызмет алушыға:
      1) сұрау салудың қабылдаған нөмiрлерi мен күндерi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны;
      4) құжаттарды беру күнi, уақыты мен орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге қабылдаған орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттар қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      Порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет алушының порталдағы «жеке кабинетiне» мемлекеттiк қызмет алушының мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiлген сұрау салуды қабылдау туралы есеп-хабарлама жiберiледi.
      15. Дайын құжаттарды мемлекеттiк қызмет алушыға берудi орталықтың қызметкерi «терезе» арқылы күн сайын онда көрсетiлген мерзiмде қолхат негiзiнде жүзеге асырады.
      Портал арқылы жүгiнген кезде қызмет көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушының «жеке кабинетiне» жiберiледi.
      16. Орталық мемлекеттiк қызмет алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда орталық қызметкерi мемлекеттiк қызмет алушыға ұсынылмаған құжаттарды көрсете отырып қолхат бередi.
      Мемлекеттiк қызмет алушы құжаттарды мерзiмiнде алуға келмеген жағдайларда орталық 1 ай iшiнде оның сақталуын қамтамасыз етедi, одан кейiн оны уәкiлеттi органға жiбередi.
      Мемлекеттiк қызмет алушы портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты уәкiлеттi органда жазбаша түрде немесе порталдағы «жеке кабинетiнде» электрондық құжат түрiнде алады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитеттiң, уәкiлеттi органның және орталықтардың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын өтеу кезiндегi заңдылықты сақтауға және әдептiлiк, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негiзделедi.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасы және тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын осы мемлекеттiк қызмет стандартын әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның басшысының тиiстi бұйрығымен бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Әрекетке (әрекетсiздiкке) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органға жүгiнедi.
      Мемлекеттiк қызмет алушы орталыққа және портал арқылы жүгiнген кезде орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-центр телефоны (1414) арқылы не осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады.
      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым уәкiлеттi орган басшысының атына демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi. Уәкiлеттi органдар басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
      Уәкiлеттi органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiне демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi.
      Орталықта шағым тiкелей орталықтың басшысына берiледi.
      Орталықтың жауабымен келiспеген жағдайда шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген «Орталық» РМК-на берiледi.
      22. Орталықтың қызметкерi тиiсiнше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына берiледi. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген.
      Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқылы.
      23. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не жұмыс күндерi қолма-қол осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы қабылданады.
      Шағымға уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызметтi сапасыз көрсеткенiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
      24. Қолма-қол арқылы да және пошта арқылы да уәкiлеттi органға түскен шағымның қабылданғанын растау оны уәкiлеттi органның кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерi журналына тiркеу болып табылады (шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатта мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi қойылады).
      Мемлекеттiк қызмет алушы шағымын қолма-қол өткiзген жағдайда оны қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiпте және мерзiмде жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк қызмет алушы орталыққа жүгiнген кезде қолма-қол арқылы да және пошта арқылы да түскен шағымның қабылданғанын растау оны орталықтың немесе «Орталық» РМК-ның кеңсесiнде тiркеу болып табылады (шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi қойылады).
      Мемлекеттiк қызмет алушының шағымын қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiпте және мерзiмде жүргiзiледi.
      26. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.
       «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 А үй, телефон: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.

«Қазақстан Республикасының әдiлет   
органдарынан және өзге мемлекеттiк  
органдарынан, сондай-ақ нотариустерден
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттiк қызмет стандартына 1-қосымша

^ Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының
уәкiлеттi органдарының тiзiмдерi мен мекенжайлары

Р/с


Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан мекенжайы

Телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1

Ақмола облысының Әдiлет департаментi

Көкшетау қаласы, М. Горький көшесi, 37

8 (7162) 41-21-65

25-09-39 қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi

Ақтөбе қаласы, Әбiлхайыр хан даңғылы, 51 а

8 (7132) 56-30-16

55-09-59 қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының Әдiлет департаментi

Талдықорған қаласы, Қабылиса Жырау көшесi, 69 а

8 (7282) 24-43-47

21-08-15 қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының Әдiлет департаментi

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесi, 16 а

8 (7122) 46-53-15
46-53-12

35-75-38 қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесi, 6

8 (7232) 55-59-26

22-19-83 қабылдау бөлмесi

6

Жамбыл облысының Әдiлет департаментi

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 а

8 (7262) 43-67-17

43-05-05 қабылдау бөлмесi

7

Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Орал қаласы, Достық көшесi, 208

8 (7112) 50-82-91

51-80-43 қабылдау бөлмесi

8

Қарағанды облысының Әдiлет департаментi

Қарағанды қаласы, Прогресс көшесi, 1

8 (7212) 56-64-12

42-05-33 қабылдау бөлмесi

9

Қостанай облысының Әдiлет департаментi

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 38

8 (7142) 50-65-40

54-82-23 қабылдау бөлмесi

10

Қызылорда облысының Әдiлет департаментi

Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесi, 29

8 (7242) 23-03-57

26-24-03 қабылдау бөлмесi

11

Маңғыстау облысының Әдiлет департамент

Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 8

8 (7292) 50-32-20

42-05-70 қабылдау бөлмесi

12

Павлодар облысының Әдiлет департаментi

Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 18

8 (7182) 32-43-02

32-32-58 қабылдау бөлмесi

13

Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 72

8 (7152) 33-27-53

33-23-80 қабылдау бөлмесi

14

Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесi, 16

8 (7252) 23-31-70

23-23-76 қабылдау бөлмесi

15

Алматы қаласының Әдiлет департаментi

Алматы қаласы, Байзақов көшесi, 287

8 (727) 392-16-16

392-25-75 қабылдау бөлмесi

16

Астана қаласының Әдiлет департаментi

Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 15

8 (7172) 48-88-36

39-12-13 қабылдау бөлмесi
  1   2   3



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
«Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы