Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы icon

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
страница1/2
Дата конвертации26.05.2013
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2

Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысы



ҮЗIНДI:


Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен    
бекiтiлген       

«Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi –мемлекеттiк қызмет) мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi-орталық) арқылы аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi – уәкiлеттi органдар), сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi алушының электрондық-цифрлық қолы бар (бұдан әрi- ЭЦҚ) болған жағдайда, «электрондық үкiмет» www.e.gov.kz(бұдан әрi –портал) арқылы көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету «Жылжымайтын мүлiкке құқығын мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрi – Заң) және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында: (www.minjust.kz) «Ақпараттық материалдар» бөлiмiнде.
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетi «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорынының (бұдан әрi – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында www.con.gov.kz;
      3) ресми ақпарат көздерiнде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес орталықтың үй-жайындағы стендiлерде.
      4) порталда орналасады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты, сондай-ақ call-орталықтың телефоны (1414) бойынша да алуға болады.
      5.Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесi:
      1) орталықта жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгiн туралы анықтама беру (электронды және қағаз тасымалдағышта) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелдi хабарламаны беру болып табылады.
      2) порталда уәкiлеттi органның уәкiлеттi өкiлiнiң электронды цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электронды құжат түрiнде жылжымайтын мүлiктiң бар (жоқ) екендiгi туралы анықтама немесе электрондық құжат ретiнде мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету жеке тұлға және заңды тұлғаларға (бұдан әрi-мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7.Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтама бiр жұмыс күнi iшiнде берiледi (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi).
      Орталыққа жүгiнген кезде:
      1) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты (мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш беру) 20 минуттан аспайды.
      2) өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) дайын құжаттарды алу кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты 20 минуттан аспайды.
      Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы көрсету 20 минут.
      8.Мемлекеттiк қызмет көрсету тегiн көрсетiледi.
      9. Орталықтардағы жұмыс кестесi еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден сенбi күндi қоса алғанда, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн түскi үзiлiссiз, орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Қабылдау жеделдетiлген қызмет көрсетусiз «электронды» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Порталдың жұмыс кестесi – тәулiк бойы.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      1) орталықта мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар көзделген, күтудiң және қажеттi құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары жасалған, орталықта толтырылған бланкiлердiң үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналасқан күту залында көрсетiледi.
      2) порталда жеке кабинетте көрсетiледi.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алушылар немесе оның өкiлдерi (сенiмхат бойынша) мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн мынадай құжаттарды:
      1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы сұрау салуды;
      2) мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжатын;
      3) заңнамада белгiленген жағдайларда өкiлдiң өкiлеттiктерiн куәландыратын құжатын ұсынады.
      Жеке басты куәландыратын құжат туралы мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған мәлiметтi орталықтың қызметкерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесi арқылы уәкiлеттi тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталықтың қызметкерi құжаттарды қабылдаған кезде осы тармақтың  2) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды мемлекеттiк органның мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнен берiлген мәлiметтермен салыстырып тексередi, содан кейiн ол құжаттарды мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарады.
      порталда:
      электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу.
      12. Орталықтарда бланкiлердiң бекiтiлген нысаны күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның интернет-ресурсында www.con.gov.kz орнастырылады.
      Порталға жүгiнерде осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында сұрау салу толтыру қажет.
      13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
      Порталға жүгiнерде электрондық сауалды мемлекеттiк қызмет алушының «жеке кабинетiнен» жiбередi. Сауал автоматты түрде уәкiлеттi органға – таңдап алынған қызмет түрiне сәйкес, тиiстi мекенжайға жолданады.
      14. Мемлекеттiк қызмет алушыға мыналар:
      1) сауал салудың нөмiрi және қабылдау күнi;
      2) сұралып отырған мемлекеттiк қызмет көрсету түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты және байланыс телефоны көрсетiлiп, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      Портал арқылы жүгiнгенде порталдағы мемлекеттiк қызмет алушының «жеке кабинетiне» мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн, алған уақытын, күнiн көрсете, мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн (сұрау салу) сауал қабылдау туралы хабарлама-есеп жiберiледi.
      15. Орталықта мемлекеттiк қызмет алушыға дайын құжаттарды берудi орталық қызметкерi «терезелер» арқылы күн сайын мерзiмi көрсетiлген қолхаттың негiзiнде жүзеге асырады.
      Егер мемлекеттiк қызмет алушы қызмет нәтижесiне көрсетiлген мерзiмде келмеген жағдайда орталық бiр ай мерзiмде оны сақтауды қамтамасыз етiп, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға жiбередi.
      Дайын құжаттарды уәкiлеттi органнан орталыққа жеткiзу курьерлiк қызмет арқылы жүзеге асырылады.
      порталда мемлекеттiк қызмет алушының «жеке кабинетiне» жеткiзiледi.
      16.Орталық осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiрiн мемлекеттiк қызмет алушыға ұсынбаған жағдайда, құжатты қабылдаудан бас тартады.
      Орталық қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде мемлекеттiк қызмет алушыға жетiспейтiн құжаттарды көрсетiп, қолхат бередi.
      Уәкiлеттi орган жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтамалар беруден мынадай жағдайларда:
      1) тиiстi емес адам жүгiнгенде;
      2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық ұсынылмағанда;
      3) құжаттар тиiсiнше рәсiмделмегенде бас тартады.
      Қызмет көрсетудiң белгiленген мерзiмi iшiнде уәкiлеттi орган кейiннен мемлекеттiк қызмет алушыға беру үшiн бас тартудың себебiн көрсетiп, хабарламаны орталыққа жiбередi.
      Орталыққа құжат қайтарылған жағдайда орталық қызметкерi мемлекеттiк қызмет алушыны олар алғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде хабарландырады және уәкiлеттi органның ЭЦҚ куәландырған уәкiлеттi адамына мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауабы - электронды құжаттың қағаз көшiрмесiн бередi.
      Егер мемлекеттiк қызмет алушы құжаттарды мерзiмiнде алмаса, орталық бiр ай iшiнде оларды сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға бередi.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi орган өзiнiң қызметiн мына:
      1) әдептiлiк;
      2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толымды ақпарат ұсыну, адамның конституциялық құқықтарын сақтау;
      3) қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықты сақтау;
      4) мемлекеттiк қызметтi алушының құжаттарының қорғалуын, сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттiк қызметтi алушының белгiленген мерзiмде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырады.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң және уәкiлеттi органдардың жұмыстары бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Әдiлет министрiнiң тиiстi бұйрығымен бекiтiлiп отырады.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiру және шағымдарды дайындауға жәрдемдесу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 2-қосымшасында телефондары көрсетiлген орталық басшыларына жүгiнедi.
      Шағым беру тәртiбi туралы ақпаратты 1414 call- орталығының ақпараттық-анықтамалық қызмет телефоны бойынша, сондай-ақ осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн уәкiлеттi органдар басшысының атына берiледi. Уәкiлеттi орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
      Уәкiлеттi органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң атына демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi.
      22. Орталық қызметкерлерi тиiстi деңгейде қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталықтың немесе «Орталық» РМК басшысының атына берiледi. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген, «Орталық» РМК-ның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет алушының заңнамада белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Қолданыстағы заңнамада көрсетiлген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң электронды мекенжайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22 тармақтарында көрсетiлген ұйымның кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
      Қажет жағдайда мемлекеттiк қызмет алушылар шағымға уәкiлеттi органдар ұсынған мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасыздығын және орталық қызметкерлерiнiң тиiсiнше қызмет көрсетпегенiн растайтын құжаттарын қоса бередi.
      Портал арқылы жүгiнгенде электрондық жүгiнудi портал арқылы жiбергеннен кейiн мемлекеттiк қызмет алушыға «жеке кабинетiнен» уәкiлеттi органға жүгiнудi өңдеу барысында жаңартылатын (жеткiзгенi туралы белгi, тiркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту) жүгiну туралы ақпарат қол жетiмдi.
      Уәкiлеттi органның жауабы «Заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылады.
      25. Қабылданған шағымдар өтiнiштер мен шағымдарды есепке алу кiтабында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген тәртiпте және мерзiмде қаралады. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды уәкiлеттi органның немесе орталықтың кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалар өтiнiштер журналында тiркеу болып табылады (шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi қойылады).
      Шағымды қабылдаған адам мемлекеттiк қызметтi алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi. Шағымның қаралу нәтижесi туралы мемлекеттiк қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      Уәкiлеттi органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес ұсынылады.
      26. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй.
      «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43А үй, телефоны: 87172-94-99-95, www.con.gov.kz интернет-ресурсы.

«Жылжымайтын мүлiктiң жоқ  
(бар) екендiгi туралы анықтама
беру» мемлекеттiк қызмет 
стандартына        
      1-қосымша         

^ Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
уәкiлеттi органдарының тiзiмi мен мекенжайы

Р/с


Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан мекенжайы

Телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1

Ақмола облысының Әдiлет департаментi

Көкшетау қаласы, М. Горький көшесi, 37

8 (7162) 25-06-89

25-29-16 қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi

Ақтөбе қаласы, Әбiлхайыр хан даңғылы, 51 а

8 (7132) 56-03-36

56-30-80 қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының Әдiлет департаментi

Талдықорған қаласы, Қабылиса Жырау көшесi, 69 а

8 (7282) 24-63-12

21-08-15 қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының Әдiлет департаментi

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесi, 16 а

8 (7122) 35-75-10
 

35-75-38 қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесi, 6

8 (7232) 22-26-61
55-19-69

22-19-83 қабылдау бөлмесi

6

Жамбыл облысының Әдiлет департаментi

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 а

8 (7262) 45-20-89

43-05-05 қабылдау бөлмесi

7

Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Орал қаласы, Достық көшесi, 208

8 (7112) 51-52-69

51-31-45 қабылдау бөлмесi

8

Қарағанды облысының Әдiлет департаментi

Қарағанды қаласы,  Жамбыл көшесi, 11

8 (7212) 41-44-73

42-05-33 қабылдау бөлмесi

9

Қостанай облысының Әдiлет департаментi

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 38

8 (7142) 54-39-94

54-82-23 қабылдау бөлмесi

10

Қызылорда облысының Әдiлет департаментi

Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесi, 29

8 (7242) 27-03-07

27-04-72 қабылдау бөлмесi

11

Маңғыстау облысының Әдiлет департамент

Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 8

8 (7292) 50-32-20

42-05-70 қабылдау бөлмесi

12

Павлодар облысының Әдiлет департаментi

Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 18

8 (7182) 32-16-21

32-32-58 қабылдау бөлмесi

13

Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 72

8 (7152) 33-76-66

33-26-35 қабылдау бөлмесi

14

Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесi, 16

8 (7252) 23-32-71

23-23-76 қабылдау бөлмесi

15

Алматы қаласының Әдiлет департаментi

Алматы қаласы, Зенков көщшесi, 47

8 (727) 291-90-72, 291-87-50

291-88-16 қабылдау бөлмесi

16

Астана қаласының Әдiлет департаментi

Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 15

8 (7172) 32-22-87, 32-32-95

39-12-13 қабылдау бөлмесi
  1   2



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
«Атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы