«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»



Название«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
Дата конвертации26.09.2014
Размер109.26 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 265 қаулысымен
бекітілген

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:

1) Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.
^ 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға не порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

халықаралық техникалық байқау сертификатын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру – 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – халықаралық техникалық байқау сертификаты (бұдан әрі – халықаралық сертификат) қағаз түрінде не мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап қағаз және (немесе) электрондық түрде.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификаттың телнұсқасын бергені үшін мемлекеттік баж 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген баж мөлшерлемесіне сәйкес халықаралық сертификатты және халықаралық сертификаттың телнұсқасын беру орны бойынша төленеді және мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.

Төлеу тәсілі: мемлекеттік баж бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен төленеді.

8. Жұмыс кестесі:

1) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) халықаралық сертификатты беруге мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек;

3) жеке тұлғалардың Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдарына салықты төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;

4) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өту туралы куәліктің көшірмелері.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

1) ХҚО-ға – мыналар:

құжаттың нөмірі және қабылданған күні;

сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;

қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;

құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатын ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
^ 3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алу мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолданады.

ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.

ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тартуы туралы жауап) жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
^ 4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және ХҚО арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
13. Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдардың жеке өздерінің келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің – www.mtc.gov.kz («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде);

2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.


«Халықаралық техникалық байқау 
сертификатын беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша            
_____________________ облысы (қаласы)
бойынша жергілікті атқарушы органның
басшысына                          
^ Халықаралық техникалық байқау сертификатын беруге
Өтініш
____________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
      Мынадай автокөлік құралдарына халықаралық техникалық байқау сертификатын беруді сұраймын:



Р/с


АКҚ маркасы

Мемлекеттік нөмір

Сәйкестендіру нөмірі (VIN)


























ЖСН/БСН _____________________________________________________________
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_____________________________________________________________________
                        (№ және қашан берілген)
Мекенжайы ___________________________________________________________
      (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)
Қоса берілетін құжаттар: _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________   _________________________________________________
      Қолы         (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
      М.О.
20___ жылғы «____»___________

«Халықаралық техникалық байқау 
сертификатын беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша            
_________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі – Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)
_______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат
      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі ____________________ «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» (мекенжайды көрсету) мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1. ___________________________________________________________;
      2. ___________________________________________________________;
      3. ___________________________________________________________;
      4. ___________________________________________________________.
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
      Т.А.Ә. ____________________                        ____________
            (ХҚО қызметкері)                                (қолы)
      Орындаушы: Т.А.Ә._______________      Телефон: ________________
      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
      20__ жылғы «___» ____________



Похожие:

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) халыққа...
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №256 «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы»...
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру»
«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет)
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік
ХҚо ыаж автоматтандырылған жұмыс орнына логинді және парольді енгізеді, қызметті таңдайды, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін...
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» (бұдан әрi – мемлекеттiк...
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon"Техникалық байқау халықаралық сертификатын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы...
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу»
«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет)
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру»
Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша тұрақты көліктік бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасы...
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» icon«Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы