Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» icon

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
страница3/4
Дата конвертации12.11.2012
Размер0.52 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4
Агроөнеркәсіптік кешен

 

Жоспар мақсаты саланың ҒЗТКЖ-ға ішкі қажеттілігін 75%-ға қанағаттандыруға қабілетті қазақстандық ғылымды осы салада дамытуды білдіреді.

Жүргізілген зерттеулер тақырыбын талдау жұмыстардың негізгі көлемі ауыл шаруашылығы дақылдарының бәсекеге қабілетті жаңа сорттары мен будандарын жасап шығару, ауыл шаруашылығы малдар, құстар, балықтар мен аралардың тұқымдарын, типтері мен іздерін жасап шығару, оларды азықтандыру және ұстап бағу; негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, оларды сақтау және өңдеу; ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын әзірлеу; вакциналар мен емдік препараттарды әзірлеу саласындағы зерттеулерге тиесілі екендігін көрсетеді.

ауыл шаруашылығы өнімдерін әзірлеу, қайта өңдеу және сақтау, және тамақтандыру технологиясын әзірлеу,

Сонымен бірге, осы салада инновациялық технологияларды енгізудің жеткіліксіздігі, ауыл шаруашылығы тауарендірушілерінің әлсіз техникалық жарақтануы, кәсіптік секторындағы инновациялық талабының төмен деңгейі сияқты келеңсіз құбылыстар байқалады.

Сонымен қатар, Қазақстанда сыналған шетелдік технологияларды оқшаулаудың бірнеше тәжірибесі бар.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының мынадай бағыттары ұсынылады:

1. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласында:

ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық ресурстарын қалыптастыру, интродукциялау, қорғау және сақтау;

дәстүрлі селекция, клеткалық инженерия, молекулярлық генетика мен биоинженерия әдісін пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі жоғары және орташа стрестік факторларына төзімді сорттары мен будадарын жасап шығару және жетілдіру;

Қазақстанның өңірлері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруды ескере отырып, жерпайдалану бейімді жүйесін және ылғал ресурстарын үнемдеу технологияларын әзірлеу және қолдану;

ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қорғау және карантин жүйесін, оның ішінде тиімділігі жоғары биопрепараттарды әзірлеу жолымен жетілдіру.

Қазақстан Республикасының әртүрлі табиғи және топырақты жағдайларында ауыл шаруашылғы дақылдарының шетелдік селекцияның жоғары өнімді сорттарының экологиялық сортсынағын жүргізу.

2. Мал шаруашылығы және ветеринария саласында:

ауыл шаруашылығы малдарының, құстар мен аралардың тұқымдарын, типтерін, көздері мен желілерін жасап шығару және жетілдіру;

ауыл шаруашылығы малдарының генетикалық ресурстарын қалыптастыру, зерделеу, құжаттау;

ауыл шаруашылығы малдарын, қүстар мен араларды ұстап бағу мен азықтандыру жаңа технологиялары мен биотехнологияларын әзірлеу және қолданыстағыларын жетілдіру;

Қазақстанның әртүрлі аймақтары үшін шетелдік селекцияның ауыл шаруашылық малдарын бейімдеу технологияларын әзірлеу;

ветеринарлық диагностикумдар, емдік препараттар мен вакциналарды жасап шығару;

қауіпті заттарды анықтау тәсілдерін әзірлеу және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау.

3. Ауыл шаруашылығы шикізатын сақтау және қайта өңдеу саласында:

микроорганизмдер генқорын қалыптастыру, зерделеу, қолдау мен құжаттау және оларды ауыл шаруашылығы және тамақ биотехнологияларында қолдану;

мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдірінің терең және кешенді өңдеуін қамтамасыз ететін жаңа технологияларды әзірлеу арқылы ауыл шаруашылығы шикізатының бастапқы өңдеуін жетілдіру мен терең өңдеу өнімдерінің ассортиментін кеңейту;

сақталу мерзімі ұзақ тамақ және биологиялық құндылығы жоғары, оның ішінде ұлттық өнімдерін жасап шығару;

сақтау кезінде жеміс және көкөністердің сапасын максималды сақтауға және жоғалуының азаюына әсер ететін жаңа үнемді технологияларды әзірлеу;

ұсақ кәсіпорындар үшін ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша технологиялық жабдықты әзірлеу.

4. Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру саласында:

ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және азықты дайындау ресурс үнемдейтін технологиялар үшін машиналар кешенін әзірлеу;

энергия қамтамасыз ету және сумен жабдықтаудың балама техникалық құралдарын әзірлеу.

5. Табиғи ресурстарды басқару саласында:

су шаруашылығын дамыту технологиялық және техникалық қамтамасыз ету тиімділігін арттыру (мелиорациялау, суландыру, суару техникасы және технологиясы);

топырақ және орман ресурстарын сақтау және қайта өндіру технологиялық әдістерін жетілдіру.

Қазақстан суқоймалары биоресурстарының экологиялық-эпидемиялық жағдайын кешенді бағалау және аквакультураларды өсіру технологияларын әзірлеу;

Қазақстанның толық жүйелі балық шаруашылығы жағдайларында балықтардың шаруашылық-бағалы түрлері және олардың будандарының тауарлы өсіру технологиясын әзірлеу.

6. Қазақстан Республикасының АӨК экономикасы саласында.

агроөнеркәсіптік әндірісін және ауылдық аймақтарды инновациялық дамытудың ұйымдық-экономикалық және элеуметтік негізі;

АӨК ғылыми-техникалық дамуының технологиялық болжауы.

 

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар экономиканың мұнай-газ, тау-кен металлургия және агроөнеркәсіп секторындағы технологиялық құзыреттілікті қамтамасыз етудің ажырамас құрамдасы ретінде

 

Бұл саладағы Жоспардың мақсаты экономиканың мұнай-газ, тау-кен металлургия және агроөнеркэсіп секторының ҒЗТКЖ-ға ішкі қажеттілігін 75%-ға қанағаттандыруға қабілетті ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қазақстандық секторын кұру болып табылады.

АКТ жалпы экономиканы кешенді дамытудың катализаторы бола отырып, кез келген саланың ажырамас ілеспе бөлігі болып табылады. Тандалған басым бағыттармен АКТ-нің өзара іс-қимылы есептеу ғылымы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті есептеу технологиясын қамтамасыз ете отырып, бірыңғай пәнаралық жұмыс орталығын қалыптастыруды білдіреді.

Мұнай-газ саласында АКТ жұмысты моделдеу, геофизика білімін алу және осы үдерістерді басқару үшін қажетті әзірлемелерді дамыту үшін зор маңызы бар.

Тау-кен металлургия кешенінде АКТ геофизиканы моделдеу, жетілдіру үшін қажет, сондай-ақ олар елдің тау-кен металлургия кешенінің дамуын бақылауды жүзеге асыру үшін маңызды. Бұдан өзге, ақпараттық технологиялар жер қойнауы туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын бірыңғай дерекқор құруға ықпал етеді.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы зерттеулері өзіне жоғары технологиялық процестерді енгізу жолымен пайдалылықты ұлғайту және қоршаған ортаны қорғау үшін жаңа стандарттарды белгілейтін ауыл шаруашылығын жүргізудің инновациялық жүйелерін әзірлеуді қамтиды. Ауыл шаруашылығындағы жаңашылдық тұрақты даму мен талдауды моделдеу үшін пайдаланылатын АКТ, селекция және генетика үшін биология, денсаулықтың жай-күйін жақсарту және талдау үшін химия, агроөнеркәсіп кешенінің жұмысы үшін экономика және менеджмент теориясы сияқты пәндердің салааралық өзара іс-қимылын талап етеді. Барлық жоғары дамыған елдер бұл буындардың өте берік тізбегін жасады.

Айтылғандарға байланысты телекоммуникация мен байланыстың қазіргі заманғы жүйесін құру қажет. Бұл мынадай басым ғылыми-технологиялық бағыттарды атап көрсетуге мүмкіндік береді:

телекоммуникация және байланыстың қазіргі заманғы желілерін құру үшін ғылыми-зертгеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

жергілікті және жаһандық деңгейдегі пайдаланушылардың ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы байланыс кұралдарынын барлық түрлерін енгізу;

ақпаратты манипуляциялау және оны мәтіндік, графикалык, аудиовизуальдық тарату құралдары мен құрылғыларын жасау;

аудиовизуальдық ақпаратты беру және пайдалану жүйесін кұру;

графикалық немесе дыбыстық нысандағы деректерді, цифрлық және кері деректерді беруге өзгерту үшін құрылғыларды енгізу;

мультимедиа, гипермәтін, гипермедиа, телекоммуникация, виртуалды нақтылық технологияларының, сондай-ақ геоақпараттық технологиясының әлеуетін іске асыратын құралдық және қолданбалы құралдар мен жүйелерді пайдалану;

тұманды есептеуді әзірлеу және қолдану.

 

 

^ 4. Қазақстан экономикасынын мұнай-газ, тау-кен металлургия және агроөнеркәсіп секторларындағы

ғылымды дамыту үшін қажетті шаралар кешені

 

Қойылған міндеттерді шешу үшін мына бағыттар бойынша шаралар кешенін іске асыру талап етіледі:

1) Қазақстан экономикасының мұнай-газ, тау-кен металлургия және агроөнеркәсіп секторларындағы отандық өнеркәсіптің қажеттілігін барабар шешуге қабілетті отандық ғылыми инфрақұрылымды дамыту.

Салалардың әрқайсысында негізгі міндеті минералдық қорларды барлаудан, жер қыртысының өнімділігін бағалаудан бастап экологиялық проблемаларды шешкенге дейін зерттеудің толық циклі бойынша ғылыми инфрақұрылым элементтерін әдістемелік қамтамасыз ету болып табылатын басты үйлестіруші институт құрылатын болады.

Бас салалық институттар, мысалы, мұнай-газ саласында - «Қазақ мұнай және газ институты» акционерлік қоғамы базасында, тау-кен металлургия секторында - Шығыс Қазақстан облысында құрылған Металлургия орталығының базасында жұмыс істеп тұрған ғылыми-зерттеу институттарының базасында да құрылатын болады. Агроөнеркәсіп секторында Ақмола облысы Шортанды ауданы Научный кентіндегі А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы базасында АӨК ғылыми-білім беру кешені құрылады.

Мемлекет салалық бас институттарды құруды және қызмет шығынын бірлесіп қаржыландыруды мақсатты бағдарламалар шеңберінде жүргізетін болады.

Бұдан басқа, зерттеу жүргізудің ғылыми-технологиялық тізбегінің барлық элементтері қайта жасалатын болады:

салалық ғылыми-зерттеу институттары - іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

салалық жоғару оқу орындары - негізгі бағыттарды дамыту үшін кажет мамандар даярлау, салалық ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен жұмыс;

жобалау институттары - ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жобалық шешімдерге енгізу тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыру;

тәжірибелік-конструкторлық бюро - экспортқа бағдарланған өнімдердің тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгілерін жасау, сынау және байқаудан өткізу;

эксперименттік өндірістік алаңдар - технологиялық шешімдерді нақты өндіріс жағдайында тестілеу.

2) Зерттеулер жүргізу әдістемесінің трансферті, ғылыми персоналды тағлымдамадан өткізу, мұнай-газ, тау-кен металлургия және агроөнеркәсіп секторларындағы ірі зерттеу жобаларын іске асыру тәжірибесін табыстау арқылы отандық салалық ғылымның бәсекеге қабілеттігін елеулі арттыруға қабілетті әлемнің жетекші технологиялық компанияларының озық шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен зерттеу орталықтарын тарту.

Жетекші шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен технологиялық компаниялардың орталықтарын тарту үшін «Ақылды қала» принципі бойынша «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады, оның шеңберінде зерттеу орталықтары мен ғылыми ұйымдарға, барлық инженерлік-техникалық және коммуникациялық инфрақұрылым жургізілетін, елдің жетекші жоғары оқу орындары орналасатын болады.

Жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдары бірлескен зерттеу және инжиниринг орталықтарын құратын болады. Атап айтқанда, 2012 - 2013 жылдары салалық озық мұнай-газ технологиялар орталығы, ал 2011 - 2015 жылдары - Ақмола облысы Шортанды ауданының Научный кентінді салалық АӨК ғылыми-білім беру кешені және Алматы және Қостанай қалаларында ауылшаруашылық машина жасау тәжірибелік-эксперименттік орталығы құрылатын болады.

3)отандық кәсіпорындарды жаңа әзірлемелер мен технологияларды енгізгені үшін ынталандыру.

Жаңа әзірлемелер мен технологияларды енгізгені үшін кәсіпорындарды ынталандыру жөніндегі жүйелік шаралар ретінде жаңа технологияларға сұраныс үшін тартымды жиынтық ынталандыру жүйесін қалыптастыратын қолданыстағы заңнамаға арнайы түзетулер пакеті әзірленетін болады. Мысалы, өндірістік активтерді жаңартуға және ескірген технологияны пайдалануды шектеуге бағытталған қолданыстағы технологиялық регламенттер мен экологиялық стандарттар күшейтілетін болады.

Жоғары технологиялық өндірістердің дамуын ынталандыру мақсатында отандық өндірушілердің жоғары технологиялық өнімдерді әзірлеуіне және өндіруіне мемлекеттік тапсырыс көзделетін болады.

Мұнай-газ, тау-кен-металлургия кәсіпорындарында және агроөнеркәсіп секторларында технологиялық аудит жүргізілетін болады, оның нәтижесі бойынша кәсіпорындардың жаңа технологияларға қажеттіліктерінің тізбесі жасалатын болады.

Қолда бар жаңа технологиялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін технологиялар трансфертінің қазақстандық желісін, конструкторлық бюро желісін және коммерцияландыру орталықтарын дамытуды қоса алғанда, тиісті инфрақұрылым құрылатын болады.

Бұдан басқа, кәсіпорындарға инновациялық гранттар және өнеркәсіптік қолданбалы зерттеулерді бірлесіп қаржыландыру бағдарламалары түрінде қаржылай қолдау көрсетілетін болады.

Инновациялық гранттар экономиканың тиісті салаларының нақты ғылыми-техникалық және технологиялық даму проблемаларын шешуге және кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған гранттық бағдарламалар шеңберінде берілетін болады.

4)жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерін және студент жастарды белсенді ғылыми қызметке тарту.

Студент жастардың инновациялық болмысын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірленіп Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі, мысалы елдің ұлттық арналарында таратылатын реалити-шоу форматындағы нысанындағы бизнес-жоспарлар конкурстарын ұйымдастыру жолымен

 

^ 5. Жоспардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалауға арналған көрсеткіштер жүйесі

 

Жоспардың нәтижелілігін бағалаудың ұсынылатын өлшемдері:

1. Зерттеулер рейтингі

Ғалымдар мен институттардың зерттеу қызметін бағалаудың барынша жиі пайдаланылатын үш факторды пайдалану қажет, атап айтқанда:

1) белгілі бір уақыт ішінде орындалған зерттеу жұмыстарының саны;

2) дәйексөзділік деңгейі. Аталған фактор өзіндік дэйексөзділікті қоспағанда, мерзімді басылымдардағы отандық ғалымдардың шетелдік ғалымдармен дәйексөзділік деңгейін айқындауды тұспалдайды;

3) дәйексөзділік коэффиценті: бар жұмыстардағы дәйексөз санының арақатынасы.

2. Патенттер

Отандық ғылымның жетістігін бағалаудың екінші факторы тіркелген халықаралық патенттер саны болуы тиіс.

Дәйексөзділік деңгейін бағалау мен жарияланымдар санымен қатар ғылыми әзірлемелер патенттерінің санын бағалау әлемдік тәжірибеде ғылыми-технологиялық даму деңгейін айқындаудың маңызды өлшемі болып есептеледі.

3. Жасалған және енгізілген әзірлемелер мен технологиялар саны.

Отандық ғылымның жетістіктерін бағалаудың үшінші факторы өнеркәсіптік кәсіпорындар енгізген әзірлемелер мен технологиялардың жалпы әзірленген технологиялар санындағы үлесі болып табылады. Өйткені, қазіргі кезде мұндай факторды статистика органдары жүргізбейді және 2011 жылы оны бірінші бағалау болады, 2015 және 2020 жылдар үшін болжамды индикаторлар түзетілуге жатады.

Осылайша, Даму жоспарын бағалау нақты сандық және сапалық көрсеткіштердің көмегімен аралық мониторингпен жүзеге асырылуы тиіс.

Мынадай сандық көрсеткіштер пайдалануға ұсынылады:

 

Параметрлері

Санаттар

 

Болжам

2009

2015

2030

Инвестициялар

ҒЗТКЖ/ЖІӨ,%

0,29

1,0

1,025

Экономикада жұмыс істейтін 10 мың адамға ғылым саласында жұмыс істейтіндердің саны

26

36

60

оның ішінде экономикада жұмыс істейтін 10 мың адамға зерттеушілердің саны, адам.

16,4

26,4

36,4

Нәтижелері

 

Қазақстандағы патенттер

580

1000

2000

Америкалық патент бюросы тіркеген патенттер

4

7

12

Әлемде тіркелген патенттер

5

30

33

2004 жылдан бастап халықаралық жарияланымдар

1139

2960

4784

Жарияланымдар бойынша әлемдік рейтинг

92

80

50

Ғалымдардың дәйексезділік индексі (импакт-фактор)

1,91

2,64

3,84

Әзірленген технологиялардың жалпы санындағы енгізілген технологиялардың үлесі

-

20%

50%

 

 

1   2   3   4



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconҚазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconЗырян ауданында билік органдарындағы сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша ай сайын жұмыстар жүргізіледі. Жыл сайынғы Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Жыл сайынғы Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconЖаңақорған ауданының әкімі Б. Еламановтың кент, ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуінде жасайтын баяндамасының тезисі Құрметті аудан тұрғындары! Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Есепті кезеңде Елбасының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconБекітемін аудан әкімінің орынбасары О. Федорова 2010 жылғы «1» ақпан
Р президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconЖАҢа онжылдық – жаңа экономикалық Өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері – Қр президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» icon«Бекітемі н» Үржар ауданының әкімі Б. Т. Жанақов «8» ақпан 2010 жыл
Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» icon«Жаңа онжылдық Жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconҚұрметті кент тұрғындары! Біз 2010 жылдың 29 қаңтарында болған маңызды саяси оқиға Ел Басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Біз 2010 жылдың 29 қаңтарында болған маңызды саяси оқиға Ел Басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconІс шаралар атауы
Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» iconҚазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Заң жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 24-бабының 2-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы