|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы «11» ақпандағы № 45 Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Министрінің 2011 жылғы «17» ақпандағы № 39 бірлескен бұйрығына Нысан Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi (бұдан әрі - Критерийлер) «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді. 2. Критерийлер жоспарлы тексерістер жүргізу үшін ұйымдарды, қауіпті өндірістік объектілер мен техникалық құрылғыларды, Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын анықтағанда және жоспарлы тексерістер жүргізу үшін тәуекел дәрежесіне жатқызғанда қолданылады. 3. Тәуекел – адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, өрттің, авариялардың, қақтығыстардың туындауы және Бақылау субъектілерінің Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындамауы нәтижесінде мүлікке және қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығы. ^ тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері 11. Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын тәуекел дәрежелеріне жатқызу бастапқы және кейінгі бөлу арқылы жүзеге асырылады. Бастапқы бөлу кезінде Азаматтық қорғаныстың басқару органдары: 1) жоғары тәуекел тобы: өнеркәсіптің, көлiк-коммуникация кешенiнiң, энергетиканың, байланыстың жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, қайта жаңартылатын және жобаланатын қауiптi өндiрiстік объектiлерi бар әрi маңызды мемлекеттiк және экономикалық мәнi бар ұйымдарына; тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен уларды шығарумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, сатумен, пайдаланумен және жоюмен айналысатын ұйымдарына; аумағында тыныс-тіршілiктi қамтамасыз ету объектiлерi орналасқан ұйымдарға; 2) орташа тәуекел тобы: Базасында Азаматтық қорғаныстың аумақтық ұйымдары мен штаттық авариялық-құтқару қызметтері құрылған кәсіпкерлік субъектілеріне; 3) төмен тәуекел тобы: білім беру объектілеріне (Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалар мектептері, жоғарғы және орта-арнайы оқу орындары); 50 адам асатын стационарлық денсаулық сақтау объектілеріне бөлінеді. 12. Азаматтық қорғаныс саласындағы Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын кейінгі бөлу кезінде осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес әр Бақылау субъектіге тиісті балл беріледі. 13. Жиынтық қорытындының нәтижелері Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау үшін қолданылады. 14. Тәуекел дәрежелері бойынша Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын саралау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: жоғары тәуекел тобына 60-тан жоғары және одан көп балл; орташа тәуекел тобына – 30-дан аса 60-қа дейінгі балл; шамалы тәуекел тобына - 0-ден 30-ға дейінгі балл алған Азаматтық қорғаныстың басқару органдары жатады. 15. Бір тәуекел топ ішінде Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын тексеруді басымды жоспарлау негіздері: 1) ең үлкен тексерілмеген кезең (тексерілмеген кезеңді айқындау кезінде жоспардан тыс тексерулер саналмайды); 2) ең үлкен баллдың сомасы болып табылады. _________________________ Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік қызметінің аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымша ^
_________________________ |
![]() | Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi Ағалау критерийлерi (бұдан әрі Критерийлер) «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік... | ![]() | Өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясына жатпайтын объектілер үшін тәуекелдер дәрежесiн бағалау критерийлерi Ағалау критерийлерi (бұдан әрі Критерийлер) «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік... |
![]() | Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тексеру парағы Азаматтық қорғаныс саласындағы ұйымдастырушылық қызметті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау | ![]() | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жер қойнауын зерттеу және пайдалану аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы |
![]() | Азаматтық қорғаныс саласындағы 20 жылға арналған жеке кәсіпкерлік аясында тексерілетін субъектілерді тексеру | ![]() | Ғарыш қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төраға міндетін атқарушысының 2012 жылғы 16 сәуірдегі №46/НҚ және |
![]() | Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдері Ша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежелерін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) Қазақстан Республикасының «Тұрғын... | ![]() | Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік қызметінің аясындағы тексеру парағы Азаматтық қорғаныс саласындағы ұйымдастырушылық қызметті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау |
![]() | Өрт қауіпсіздігі саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тексеру парағы Адамдар жаппай жиналатын қоғамдық және өндірістік ғимараттарда, ұйымдарда, жарылыс, өрт және өрт қауіптілігі бойынша А, б және в... | ![]() | Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер Сы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) дәрілік заттар, медициналық... |