Жалған дабылдар бейнесінде ақаулардан жаңғырық-дабылдарды теңдестіру әдістемелері Осы Қосымшада «кедергі келтіретін» icon

Жалған дабылдар бейнесінде ақаулардан жаңғырық-дабылдарды теңдестіру әдістемелері Осы Қосымшада «кедергі келтіретін»



НазваниеЖалған дабылдар бейнесінде ақаулардан жаңғырық-дабылдарды теңдестіру әдістемелері Осы Қосымшада «кедергі келтіретін»
Дата конвертации10.11.2012
Размер105.44 Kb.
ТипДокументы
источник


Бу және су жылытатын қазандарының, бу және ыстық су құбырларының, қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстардың пісірілген қосындыларының сапасын ультрадыбыстық бақылау бойынша әдістемелік ұсынымдарға

5-қосымша


Жалған дабылдар бейнесінде ақаулардан жаңғырық-дабылдарды теңдестіру әдістемелері


Осы Қосымшада «кедергі келтіретін» сәулелерден жалған дабылдар фонында бейнесінде тұтассыздықтардан белгілерді теңдестірудің (танудың) кейбір әдістемелері келтіріледі.



  1. Төсемдік сақиналары жоқ түйіспе пісірілген қосылыстар


Төсемдік сақиналары жоқ жиектің V-іспеттес мүшелегіші бар түйіспе пісірілген қосылыстардың ерекшелігі тігістің түбінде (аспалардың, тартқыштардың) тұтассыздықтардың және жиектердің араласуының болуы болып табылады.



    1. ^ Тігіс түбіндегі аспалар




      1. Аспалардан шығатын дабылдар тура сәулемен бақылағанда уақыты бойынша сәулемен шағылысқан бір рет анықталған түптердің астындағы тұтассыздықтардан шағылысқан белгілермен сәйкес келеді. 1-суретте экранда қарапайым бейне көрсетілген.

      2. Тігіс түбіндегі аспаларды тұтассыздықтардан келесі белгілері арқылы айырады:

  • аспалар әдетте тігіс астындағы тұтассыздықтарды анықтау кезінен гөрі ПТ және тігістің аралығындағы кішкентай аралықта анықталады, яғни Хп Хд-дан әрқашан кіші (1-суретті қараңыз);

  • жаңғырық-дабылдардың аспалардан тігістің әр жағынан дыбысталғанда түрлі амплитудалары болады;

  • аспалардың пайда болуы көбіне төменгі жақта пісіру жұмыстары жүргізілген учаскелерде болуы мүмкін. Көлбеу түйіспелерде аспалар түзу орналасады және жазық түйіспелерден гөрі сирек пайда болады.

      1. Түп (аспа) ойысының ауқымын (тереңдігін) осы әдістемелік нұсқаулықтардың 11 поз. 2-қосымшасында көрсетілген әдістеме бойынша анықтауға болады.

      2. операциялық радиокестелік бақылау кезінде радиограммада тігістің түп бөлігінде аспа белгісі болса ондай жағдайда тігістің түпкі бөлігінің сәйкес учаскелерінің сапасын бағалауды тек радиокестелік бақылау нәтижелері бойынша жүргізуге рұқсат беріледі.






Д –тұтассыздықтан (ақаудан) шығатын жаңғырық-дабыл

П – аспадан шығатын жаңғырық-дабыл

ЗС – түп ақауларынан және аспадан шығатын дабылдардың сәйкес келу аумағы

Экранда пунктирмен пісірілген қосылыстардың төменгі (Н) және жоғарғы (2Н) жақтарының жаңғырық-дабылдары белгіленген.


1.-сурет. Пісірілген жік аспаларынан жаңғырық-дабылдар бейнесінде тұтассыздықтарды анықтау.


1.2. Жиектердің ығысуы


Түйісетін құбырлардың жиектерінің ығысуын тігіс түбіндегі бұдырлардан келесі белгілері арқыла ажыратады:

  • ығысудан пайда болған жаңғырық-дабыл экранда түпкі тұтассыздықтар орналасқан жерде орналасады;

  • түйісетін құбырлардың дуалдарының түрлі болуына (жуандығының әр-түрлі болуы) байланысты жиектердің ығысуы жалпы периметр бойынша немесе периметрдің көп бөлігінде тігістің бір жағынан ғана дыбысталғанда дабылдың болуымен сипатталады (2а-сурет);

  • түйісетін құбырлардың өзекті болмауынан жиектердің ығысуы диаметрлері бір қарама-қарсы нүктелерде тігістің екі жағынан дабыл шыққанда белгінің пайда болуымен сипатталады (2б-сурет);

  • жаңғырық-дабылдың амплитудасы тігістің бір жағынан естілгенде әдетте бір жағынан ақаулық деңгейден жоғары болады, екінші жағынан – бақылау деңгейінен төмен.




  1. Төсемдік сақиналары бар түйіспе қосылыстар




    1. Түпкі қабаттың үстінде орналасқан тұтассыздықтар тек түзу ғана емес, кейде шағылысатын сәуле ретінде анықталуы да мүмкін. Пісірілген тігістің жақын жиегі бойынша балқымауы нақ бір кезде шағылысқан сәулемен сенімдірек анықталады. Бұндай жағдайда төсемдік сақиналары мен тұтассыздықтардың алыс тұрған жиектерінен шыққан дыбыстың келу уақыты бірдей болуы мүмкін, яғни екі дыбыс та ұңғылағыштың бір жерінде пайда болады (3-сурет).

Жаңғырық-дабылдың төсемдік сақинанікі емес, бұдырға жататындығына көз жеткізу үшін келесі белгілерді басшылыққа алу керек:

      1. төсемдік сақинадан пайда болатын дабыл тұтассыздықтан пайда болатын дабылға қарағанда тігіс пен түрлендіргіш аралығындағы ұзындық аз болғанда пайда болады, яғни Хк әрқашан Хд-дан кем (3-суретті қараңыз).

ПТ жіктен алған кезде алдымен сақинадан жаңғырық-дабыл пайда болады, ал кейін экранның сол жерінде тұтассыздықтан жаңғырық-дабыл пайда болады.







2-сурет. Дуалдарының (а) және өзекті болмауының (б) түрлі болуына байланысты түйісетін жиектердің ығысуынан жаңғырық-дабылдарды ұқсастыру







Ультрадыбыстық сәуле жолы мен тура сәуле арқылы бақылау кезіндегі жаңғырық-дабылдың орналасуы пунктирмен белгіленген

Д –тұтассыздықтардан шыққан жаңғырық-дабыл;

К – төсемдік сақинадан шыққан жаңғырық-дабыл;

ЗС – Д мен К-нің сәйкестік аймағы.


3-сурет. Төсемдік сақинадан шыққан жаңғырық-дабылдар көрінісінде тұтассыздықтарды анықтау


Тұтассыздықтардың жатыс тереңдігі, сақинадан жаңғырық дабылдармен уақыт бойынша сәйкес келетін жаңғырық-дабылдар (сәйкес келу аумағының жатыс тереңдігі – 3-суретті қараңыз) +-1,0 дәлдікпен мына қатынастан анықтауға болады:





мұндағы: n – сақинадағы сәулелер саны;

Нк и Lк – сақинаның қалыңдығы мен ені;

Н, hс,  - 3-суретте бейнеленген.


(мм) сақинаның стандартты көлемдері үшін жаңғырық-дабылдың сәйкес келу аумағына сай металл қабатының hс кеніш тереңдігі  = 50 үшін 7,5 мм тең;  = 60 үшін 5,8 мм;  = 65° үшін 5,2 мм.

Бұл үлгіден, мысалы, қалыңдығы 5 мм-ге дейінгі пісірілген қосылыстарды бақылау кезінде сақинадан шығатын жаңғырық-дабылдың ұңғылағыштың жұмыс шегінен тыс болатыны көрініп тұр (экрандағы 2Н белгісі 3-сурет бойынша) және бақылауға кедергі жасамайды.

      1. Тұтассыздықтар ПТ екі күйде анықталады – бір рет шағылысқан және түзу сәулемен, ал сақина – ПТ-нің тек бір күйінен – түзу сәулемен. Бұл ерекше белгіні пайдалану үшін периметрдің сәйкес учаскесінде тігісті күшейтуді жою ұсынылады.

      2. Сақинадан шығатын жаңғырық-дабыл ереже бойынша тігістің барлық периметрі бойынша байқалады, бұдырлардан шығатын дабыл – периметрдің жеке учаскелерінде.

      3. Сақинадан шығатын жаңғырық-дабылдың ереже бойынша тұтассыздықтан шығатын дабылға қарағанда амплитудасы көп.


Ескерту: қалыңдығы 20 мм-ге дейінгі, жиекті бөлетін бұрышы 14° және одан аз элементтердің пісірілген қосылыстарын бақылай отырып, ПТ-ні төсеніш сақиналардан шығатын дабылдың ең жоғарғы шегіне сәйкес түрлендіргіш күйінен тігіске 5-мм ден жақын қоюға болмайды, себебі бұл кезде түпкі бұдырдан пайда болатын бұдыр ретінде қате қабылданған төсемдік сақинадан пайда болатын қосымша дабыл пайда болуы мүмкін.

    1. Жік түбіндегі жарықшақтар ереже бойынша түйісетін құбыр мен төсемдік сақина жиегінен пайда болған саңылаудан басталады. Бағытталған металл бойынша тарала отырып, жарықшақтар оның ортасына бірінші немесе екінші қабатынан кейін шығады. Жік түбіндегі жарықшақтың нақты белгісі олардың бөлшекпен (3-4 мм-ге дейінгі жарықшақтар үшін) немесе толықтай (4 мм-ден жоғары жарықшақтар үшін) тек олар басталатын жиектен құбырлармен түйісетін жақтан бақылағанда ғана төсемдік сақинадан шығатын дабылды экранда көрсететіндігі болып табылады.

Жікті қарама-қарсы жағынан бақылағанда жарықшақ төсемдік сақинаны жаппайды және ультрадыбыстық сәулелер оған еркін кіреді. Ақаутапқыштың экранында екі дабыл пайда болады – төсемдік сақинадан және жарықшақтан. Төсемдік сақинадан шығатын дабылдың амплитудасы мен желісі экранда жарық шақ жоқ учаскелердегі ретінде көрінеді. Бұл жақтан жарықшақатар нашар анықталады. 4-суретте түпкі жарықшақты анықтау көрсетілген.

    1. Пісірілген жіктің түпкі қабаттарының толық пісірілмеуі (толық балқытылмауы) төсемдік сақинадан шығатын сәулені әлсіз немесе мүлде жаппайды.

Экранда тігісті екі жағынан да бақылағанда төсемдік сақинадан және толық пісірілмеуден дыбыстар пайда болады. Бұл дыбыстардың ара қашықтығы тігіс түбінде орналасқан жарықшақтарда кездесетін жағдайдан бірқатар көп.

    1. Төсемдік сақинаны күйдіру келесі сапалы белгілерімен сипатталады. Ақаутапқыш экранында төсемдік сақинадан шыққан дабылдың сол жақ жағында күйдіруден шыққан дабыл пайда болады. Бұл кезде күйдірілген сақинадан шығатын жаңғырық-дабылдың амплитудасы күйдірілген сақинадан шығатын дабылмен салыстырғанда азырақ. Түрлендіргіш құрастырушыны құбырдың маңынан орнын ауыстырғанда ақаутапқыш экранында төсеніш сақинадан шығатын дабыл орналасқан аумақта екі төбесі бар бір дабыл немесе бір-біріне тікелей жақын екі дыбыс пайда болады. Жікті екі жағынан бақылағанда күйдірілген дабылдардың сұлбасы мен өзгеру сипаты ұқсас. Егер күйдірілген жер толық пісірілмегенге ауысса, онда толық пісірілмеген ретінде анықталады.








ЗИ – барлайтын импульс

Д – ақаудан (жарықшақтан) шығатын жаңғырық-дабыл

К – төсеніш сақинадан шығатын жаңғырық-дабыл


4-сурет. Төсемдік сақинасымен пісірілген қосылыстағы түпкі жарықты анықтау



    1. Төсемдік сақина мен құбырдың негізгі металы арасындағы саңылау ақаутапқыш экранында дабылдың жік түбінде (толық піспеген, жарықшақ) тұтассыздықтан пайда болатын дабыл орналасқан жерде пайда болуымен сипатталады, сондықтан пісірілген тігістің ақауының жалған болуына себепкер болуы мүмкін. Саңылауды ақаудан келесі белгілері бойынша ажыратады. Түрлендіргіштің тігіске қарай құрастырушы құбырдың маңына жайлап ауыстырғанда алдымен төсемдік сақинадан, сосын саңылаудан дабыл пайда болады. Бұл кезде төсемдік сақинадан шыққан дабылдың амплитудасы саңылау жоқ жік орнындағы амплитуда сияқты болады. Сондай-ақ 0,5 мм-ге дейінгі саңылаулар ереже бойынша анықталмайтынын ескеру қажет, бір милиметрге дейінгі саңылаулар ақаулық деңгейдегі тең немесе одан аз жаңғырық дабыл береді.




  1. Штуцерлердің (келтек құбырлардың) бұрыштық қосылыстары

    1. Бұрыштық пісірілген қосылыстарды бақылау кезінде пісірілген тігістегі тұтассыздықтар туралы координаттың өлшем нәтижелері бойынша жорамалдайды.

20 мм-ден кем штуцердің қабырға қалыңдығымен пісірілген қосылыстарды бақылағанда тігістегі тұтассыздықтардың болуы туралы тігіс күшейтілген шетіне қатысты түрлендіргіштің орналасуы бойынша жорамалдайды. Ол үшін ұңғылағыштың жұмыс аумағында жаңғырық-дабыл пайда болған кезде егер экранда жаңғырық-дабыл ұңғылағыштың жұмыс аумағының сол жақ шекарасына немесе Х2 –ге жақын орналасса, егер жаңғырық-дабыл оң жақ шекараға жақын орналасса X1-дің түрлендіргіштің енгізу нүктесінен тігісті күшейтудің жақын шекарасына дейінгі аралықты өлшеу қажет (2-сурет бойынша ОЖ негізгі бөлігінің мағынасы). X1 және Х2-нің өлшенген мәндерін 1-кестенің сәйкес мәліметтерімен салыстырады. ±5 мм дәлдікпен өлшенген және кестедегі мәліметтердің сәйкес келуі ақаудың бар екендігін куәландырады.

Штуцер қабырғасының қалыңдығы 20 мм және одан көп пісірілген қосылыстарды бақылау кезінде h және Х координаттарын өлшейді (ақаудың тік және көлбеу координаттары).


1-кесте

Бұрыштық пісірілген қосылыстарды бақылау кезіндегі түрлендіргіштердің орналасуы, мм


Штуцер қабырғасы

ның қалыңдығы,

X1 секторларда

Х2 секторларда

мм

А-В

Б-Г

1-3 и 2-4

А-В

Б-Г

1-3 и 2-4

4,5

7

5

5

17-30

17-30

17-30

6,0

10

5

7

20-32

20-32

20-32

9,0

20

15

17

35-50

35-50

35-50

11-12,0

25

20

23

45-60

45-60

45-60

16

23

15

20

40-60

40-60

40-60

18

25

17

21

45-65

45-65

45-65


^ Ескерту: 1-кестеде секторлар нөмірлері ОП негізгі бөлігінің 2-суретіне сәйкес көрсетілген.


    1. Механикалық тазалаудан кейін штуцердің ішкі қабатында жалған дабылдар көзі болып табылуы мүмкін ұсақ тегіс емес қабаттар (кертіктер, ойықтар, дөңестер) қалуы мүмкін.

Штуцердің ішкі жабынының тегіс еместігінің белгісі ұңғылағыштағы жаңғырық дабыл оранласуының штуцердің беткі қабатындағы түрлендіргіштің орналасуына сәйкес келмеуі болып табылады. Осылайша, егер экранда ұңғылағыштың сол жақ жұмыс аумағында жаңғырық-дабыл пайда болса, ал ол кезде түрлендіргіш сәуле тігіс түбіне кіре алмайтын жағдайда болса, онда жаңғырық-дабылдың пайда болу себебі ішкі беткі қабаттың тегіс емес болуы болып табылады.

    1. Штуцер қабырғасының қалыңдығы 40-50 мм пісірілген қосылыстарды бақылау кезінде Б және Г секторларының ортасында құбыр ішінен қос ішекті бұрыштан жаңғырық-дабыл пайда болады.

Дабылдың екі қырлы бұрышқа тәуелділігінің белгілері дабылдың ұңғылағыштың сол жақ жұмыс аумағында экранда болуы, ал ол кезде түрлендіргіштің күшейткішке тығыз жылжығандығы болып табылады.


_______________________




Похожие:

Жалған дабылдар бейнесінде ақаулардан жаңғырық-дабылдарды теңдестіру әдістемелері Осы Қосымшада «кедергі келтіретін» icon62538С сериялы, Диана 35 жалған препарат туралы
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз» жшс ұсынған ақпаратқа...
Жалған дабылдар бейнесінде ақаулардан жаңғырық-дабылдарды теңдестіру әдістемелері Осы Қосымшада «кедергі келтіретін» icon«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Лар бөлімі (бұдан әрі уәкілетті орган) көрсетеді, олардың тізбесі, мекенжайлары мемлекеттік қызмет көрсетудің осы регламентіне 1...
Жалған дабылдар бейнесінде ақаулардан жаңғырық-дабылдарды теңдестіру әдістемелері Осы Қосымшада «кедергі келтіретін» icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Алар бөлімі (бұдан әрі уәкілетті орган) көрсетеді, олардың тізбесі, мекенжайлары мемлекеттік қызмет көрсетудің осы регламентіне 1...
Жалған дабылдар бейнесінде ақаулардан жаңғырық-дабылдарды теңдестіру әдістемелері Осы Қосымшада «кедергі келтіретін» icon«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Алар бөлімі (бұдан әрі уәкілетті орган) көрсетеді, олардың тізбесі, мекенжайлары мемлекеттік қызмет көрсетудің осы регламентіне 1...
Жалған дабылдар бейнесінде ақаулардан жаңғырық-дабылдарды теңдестіру әдістемелері Осы Қосымшада «кедергі келтіретін» icon«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Алар бөлімі (бұдан әрі уәкілетті орган) көрсетеді, олардың тізбесі, мекенжайлары мемлекеттік қызмет көрсетудің осы регламентіне 1...
Жалған дабылдар бейнесінде ақаулардан жаңғырық-дабылдарды теңдестіру әдістемелері Осы Қосымшада «кедергі келтіретін» icon«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Алар бөлімі (бұдан әрі уәкілетті орган) көрсетеді, олардың тізбесі, мекенжайлары мемлекеттік қызмет көрсетудің осы регламентіне 1...
Жалған дабылдар бейнесінде ақаулардан жаңғырық-дабылдарды теңдестіру әдістемелері Осы Қосымшада «кедергі келтіретін» icon«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Лар бөлімі (бұдан әрі уәкілетті орган) көрсетеді, олардың тізбесі, мекенжайлары мемлекеттік қызмет көрсетудің осы регламентіне 1...
Жалған дабылдар бейнесінде ақаулардан жаңғырық-дабылдарды теңдестіру әдістемелері Осы Қосымшада «кедергі келтіретін» icon«Электромагниттік үйлесімділік» техникалық регламенті Қолданылу саласы
ТҚ-ға ықтимал электромагниттік кедергі болмайтын, осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген Қазақстан Республикасы Сыртқы...
Жалған дабылдар бейнесінде ақаулардан жаңғырық-дабылдарды теңдестіру әдістемелері Осы Қосымшада «кедергі келтіретін» icon«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты
Дарт) тізбесі, мекенжайы 1-қосымшада көрсетілген жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган),...
Жалған дабылдар бейнесінде ақаулардан жаңғырық-дабылдарды теңдестіру әдістемелері Осы Қосымшада «кедергі келтіретін» icon«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты
Арт) тізбесі, мекенжайы 1-қосымшада көрсетілген жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган),...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы