Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар icon

Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар



НазваниеЭнергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар
страница1/4
Дата конвертации10.11.2012
Размер0.79 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің

Төтенше жағдайларды және

өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау комитетінің

2012 жылғы «13» тамыздағы

№ 45 бұйрығымен

келісілген


Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар


1. Жалпы ережелер


1.1 Осы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – ӘҰ) металлдарды, жартылай дайындалған өнімдерді, бөлшектерді, құрастыру бірліктері мен пісірілген қосындылар тігістерін бақылауда таралады.

1.2 Пісірілген қосындылар тігістері мен металлдың химиялық құрамының нормативтік-техникалық құжаттар (НТҚ) талаптарына сәйкестігін дәлелдеу мақсатында стилоскоптау негізгі қосындыланған элементтердің болуы, болмауы және құрамын текесереді. Стилоскоптау, сондай-ақ көміртегі мен күкірттің құрамын да анықтайды.

1, 2-қосымшаларда жартылай дайындалған өнім металлдарының, пісірілген сымдардың және жылу энергетикалық қондырғылар құбырлары мен жабдықтарын дайындау, жөндеу және құрастыру үшін қолданылатын электродтармен бүркеулі балқытылған металлдардың химиялық құрамы көрсетілген.

1.3 Осы ӘҰ таралмайтын өнімдердің пісірілген тігістері мен бөлшектерін, оларды дайындауда, құрастыру және жөндеуде қолданылатын пісірілген материалдарды стилоскоптаудың бақылау өлшемі мен қажеттілігі дайындау және пісіру НТҚ, ЖТҚ немесе құрастырымдық құжаттамамен белгіленеді.

1.4 Металл детальдарын, құрастыру өлшемдерін, пісірілген қосындылар тігістерін стилоскоптау жұмыс барысында, монтаждау немесе жөндеуден кейін кіру тексерісі кезінде жүргізіледі.

Стилоскоптау арқылы бақылауды жүргізу тәртібі мен ұйымдастыру осы ӘҰ сәйкес, ұйымда қолданыстағы НТҚ, ЖТҚ сәйкес жүзеге асырылады.

1.5 Монтаждалған құбырда стилоскоптау пісірілген тораптардың нөмірленуіне сәйкес құбыр сұлбасы бойынша жүргізіледі. Бақылау нәтижелері жазбаларын бақыланатын аумақты шектейтін пісірілген тораптардың нөмірлеріне сәйкес жүргізу қажет.

Бақылау нәтижелері жазбаларының мысалдары.

9 және 10 тораптар арасында (1-сурет) құбырдың бақыланатын бөлігі "Құбыр 9-10" белгіленеді. 7 және 8 тораптар арасындағы ысырма "Ысырма 7-8" белгіленеді және т.с.с. Пісірілген тігістер металы торап нөмірімен белгіленеді.





1-сурет. Құбыр сызбанұсқасы


1.6 Мөлшеріне тәуелсіз әр құбырды бақылауды әрбір пісірілген немесе ернемек арқылы жалғастырылған 60-70 мм аралықтағы екі жақ шегінде және міндетті түрде құбырдың жаңа бөлігін оқшаулау жүргізілгенге дейін жүзеге асыру қажет.

1.7 Жоба бойынша темір арқаудың тіреуін, ернемек арқылы жалғастырылғандарды көшіріп алуды орнатудан кейін жүргізу қажет. Егер тіреуді бақылау кезінде жобаланған металл сәйкессіздігі анықталса, онда хаттамаға қоса тіркелген эскиз құрастырылады (2-сурет).





2-сурет. 7-8 ысырмаларында шпилькалардың орналасу сызбанұсқасы


Тіреуді стилоскоптау нәтижелерінің жазбасы эскиздегі нөмірлеуге сәйкес хаттамада жүргізіледі.

1.8 Турбинаның жұмыс жауырындарын бақылау жауырынның қорғандық бөлігінде жүргізілуі тиіс. Роторлар валын бөрене төселген бетте текесеру керек.

Қалған бөлшектерді бақылау орындары стилоскоп қондырғысының жайлылығымен айқындалады.

Бақылау қорытындыларының нақтылығы мақсатында бақылауды екі жерде жүргізу ұсынылады.

1.9 Тігіс металын стилоскоптау тігіс бетінің металл жарқылына дейін қорғалған бөліктерінде жүргізу керек. Екі пісіруші бір мезгілде орындаған пісірілген қосындыларды қарама-қарсы екі диаметрлік тігіс бөліктерінде стилоскоптау қажет. Қалған жағдайларда стилоскоптауды басқа аумақтарда жүргізе беруге болады. Металл тігісін стилоскоптауды пісірілген қосындыларды термиялық өңдеуге дейін жүргізу қажет.

1.10 Жоғары қосындыланған болаттарды (аустениттелген, ферриттелген, мартенситтелген топтары) стилоскоптау кезінде разрядтан қалған ізді егеумен немесе абразиялық құралмен өңдеп жою қажет.

1.11 Пісірілген электродтардың таңбалық құрамға сәйкестігін тексеру үшін әр түрлі топтама бумасынан үш электродтан алады, стилоскоптаумен бақылау үшін үлгілер балқытылған металлдан дайындалады (3.2. т. қарау).

1.12 Егер тексеріс барысында бақыланатын электродтардың үшеуінен бірі болса да балқытылған металлдың химиялық құрамының НТҚ сәйкессіздігі анықталса, онда әр түрлі топтама бумаларынан алынған 10 электрод көлеміндегі топтама қайта тексеріледі. Егер қайталама стилоскоптау кезінде бір электродтың болса да таңбалық құрамының сәйкессіздігі анықталса, барлық бақыланатын электродтар топтамасын бракқа шығарады.

1.13 Пісірілген сымның әр орамы (орам, орауыш) пісіру алдында негізгі қосындыланған элементтер құрамының НТҚ талаптарына сәйкестігі стилоскоптау арқылы тексеріледі (3.2. т. қарау). Әр орамның (орам, орауыш) соңғы бөліктері стилоскоптаудан өтеді. Стилоскоптаудың қанағаттанарлықсыз нәтижелері кезінде орам пісірілген сымның химиялық сараптаудан нақты химиялық құрамын анықтағанға дейін пісіру үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.


^ 2. Визуалдық сапалық және жартылай сандық спектрлік талдауға арналған аспаптар


2.1 Стилоскоптау арқылы бақылау үшін мынадай типті стилоскоптарды қолдану қажет: бөлшектері көлденеңінен орналасқан тұрақты "Спектр" (СЛ топтамасы), әмбебап СЛУ және бұрынғы шығарылымдардағы стилоскоптар: СЛ-1, СЛ-3, СЛ-10, CЛ-11, СЛП-1, СЛП-2.

Стилоскоптар спектрдің көзге көрінетін бөлігіндегі түсті металлдар мен болаттардың жылдам визуалдық сапалық және жартылай сандық (немесе салыстырмалы сандық) спектрлік талдауы үшін арналады.

Тұрақты стилоскоптар стилоскоп үстелінде орналастыруға болатын ұсақ бөлшектердің визуалдық спектрлік талдауын жүргізу үшін арналған. Жөнделген құралдардағы бөлшектерді бақылау кезінде аспапқа апару қиындық туғызатын ірі габаритті өнімдерді бақылау үшін тасымалданатын стилоскоп пайдаланылады.

Стилоскоптық қондырғылар жиынтығына электр разрядының генераторы, оптикалық құрылғы және электродты және сынамаларды дұрыс орналастыру үшін әр түрлі құралдар жатады.

Стилоскоптық қондырғылар генераторының электр сұлбасы электр доғасын немесе ауыспалы тоқтың төмен вольттық ұшқынын алуға мүмкіндік береді. Типтік стилоскоптық қондырғының қуат көзін тұрақты тоқ доғасына ауыстыру, мысалы пісірілген жабдықтардан тасымалданатын стилоскоптар салмағын азайтуға, жабдықтардың сенімділігі мен жөндеуге қабілеттілігін көтеру және сол арқылы бақылаушының жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Стилоскоптық қондырғылардың әрекет ету принципі мыналардан жасалады:

электродтардың біріне жататын талданатын үлгі мен электрод арасында доға немесе ұшқын жағылады. Бұл металлдың буға айналуы және электрод кеңістігін жарқыраған бумен толтыруға алып келеді;

жарқыраған будың сәулеленуі жарық беру құралымен аспаптың саңылауы арқылы оптикалық жүйеге бағытталады, бұнда жарықтың ыдырауы және сызық спектрінің пайда болуы байқалады;

алынған спектр әрбірі толқынның белгілі бір ұзындығына сәйкес келетін жарық саңылаулары қатарын түзеді;

бақылаушы талданатын металл спектрі көздігіне қарайды, ізделетін элементтердің сипаттық сызықтарының спектрде болуы аталмыш элементтердің талданатын металлда бар екендігін көрсетеді;

ізделетін элементтердің спектр сызықтарының негізгі сызықтармен қатысты қарқындылығын салыстыру металлдағы элементтер құрамының жуықтатылған бағасын беру мүмкін болады.

Алынған нәтижелерді металлдың жобалық таңбасының химиялық құрамымен салғастыру металлдың бақыланатын бөлшегінің жоба талаптарына сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді.

СЛП-1 және СЛП-2 және СЛУ стилоскоптары ПГ-1 және ПГД-1, ПГД-2 типті доғалық генераторлардан жұмыс істейді. Генераторлар салмағы ауыр емес және ықшам болып келеді. Генераторлардың электр сұлбасы – бұл ауыспалы тоқтың активтенген доғасы генераторының сұлбасы. Сұлбадағы ауыстыру жолымен доғалық және ұшқынды разряд алуға болады.

СЛП-1 и СЛП-2 ауыспалы стилоскоптар негізінде құрастырылған СЛУ (1-кестені қарау) әмбебап стилоскоптық қондырғысы монтаждық, сондай-ақ стационарлық жағдайларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.


1-кесте. СЛУ стилоскопының негізгі техникалық көрсеткіштері



Әмбебап СЛУ стилоскопының техникалық көрсеткіштері АЛ2.851.047

Норма

Толқын ұзындығы өрісі, нм

390-нан 700-ге дейін

Кері сызықтық дисперсия, нм/мм




390 өрісінде

1,65

470 өрісінде

3,5

700 өрісінде

13,34

Рұқсат етілетін мүмкіндік шегі, нм

0,089

Объективтің анық көрінетін қашықтығы, мм

322,2

Кіріс саңылауының ені, мм

0,01

Доға тоғы, А

7 ± 1

Ұшқын тоғы, А

3,5 ± 0,5

Қолданатын күші, В·А




Ауыспалы тоқ желісінен алатын қуат көзі:

930

Кернеу, В



Жиілік, Гц

50 ± 1

Габариттары, мм, артық емес:

± 1

стилоскоптың

175190695

қуат көзі блогының

375150350

жарық көзінің

300180380

Жиынтық салмағы, кг, артық емес

35


Әмбебап стилоскоп екі нұсқада құрастырылады.

Бөлшектерді сұрыптау, ірі габариттік құрастырылымдарды, шыңдалған темірлерді, металл сынықтарын талдау кезінде бірінші нұсқасын қолдану қажет (3-сурет).





1 – қуат көзі блогы; 2 – кабель; 3 – стилоскоп


3-сурет. Әмбебап стилоскоптың жалпы түрі (1-нұсқа)


Спектрлік талдау әдістерін өңдеу және нақтылау кезінде, шағын үлгілер таптамасы кезінде – екінші нұсқа (4-сурет).





1 – қуат көзі блогы; 2 – жарық көзі; 3 – стилоскоп; 4 – бекітпе қондырғы; 5 – астына қойылатын сүйемел;

6 – астына қойылатын сүйемел; 7 – жылжымалы бұранда; 8 – рельс; 9 – кабель


4-сурет. Әмбебап стилоскоптың жалпы түрі (2-нұсқа)

Қондырғының қозғалмалы бөлігі (1-нұсқа) СЛП-1 және СЛП-2 қондырғыларына ұқсас жиналған.

«Спектр», СЛ-10, СЛ-11, СЛП-1, СЛП-2, СЛУ аспаптарының оптикалық сұлбасы автоколлимациялық сызба бойынша жасалған. Оптикалық принципті сұлба 5-суретте көрсетілген. 1 доғасынан 4 призмасына түсетін жарық 5 линзасына бағытталады, бұл линза 7 фокалды жазық объективінде бекітілген саңылаумен 6 тіліміне дерекнама көрінісін береді. Параллельді сәуле шоғы диспергіленген призмаға түседі: үлкен катеттің күмістелген қырымен жылжымайтын алты градустық 8 және қайталама отызградустық 9. Сәуленің кері бағытта өтуі кезінде объективте қайта шоғырландыру жүреді және 10 призмасынан сәуле спектрдің көрінісі байқалатын 11 көздігіне бағытталады.





1 – доға; 2 – ауыстырмалы қорғаныс әйнегі; 3 – тұрақты қорғаныс әйнегі; 4 – призма; 5 – линза;

6 – саңылауы бар тілім; 7 – объектив; 8 – жылжымайтын диспергіленген призма;

9 – қайталама диспергіленген призма; 10 – призма; 11 – көздік


5-сурет. Стилоскоптың оптикалық принципті сұлбасы


4 призмасын атмосфералық бу, шаң және балқытылған металл шашырауынан қорғау үшін 3 тұрақты қорғаныс әйнегі және 2 ауыстырмалы қорғаныс әйнегі пайдаланылады.

Жиынтықты оптикалық сұлба арқасында автоколлимациялық стилоскоптар өндірісте кең қолданысқа ие болады, спектрлік сызықтарды жақсы бөледі және рұқсат берілетін жоғары шекті мүмкіндікке ие.

2.2 Әмбебап стилоскоппен жұмыс істеу тәртібі

2.2.1 Стилоскоппен жұмысты бастар алдында қуат көзі блогы генераторы мен байланыстырғыш сымдардың дұрыстығын, стилоскоптың қорғаныс әйнегінің күйін тексеру қажет, сондай-ақ көздіктің ластануын болдырмай жұмсақ таза матадан жасалған сүлгімен көру саптамасын сүрту қажет.

Стилоскопты аса ептілікпен ұстау қажет, әсіресе карболит ажыратқышы бар стилоскоп басын, спектрлік бүйірін және көздікті соғылулардан сақтау қажет.

2.2.2 Тексеруден кейін мынадай операциялар орындалады:

- генератордың қуат көзі блогын қуат көзі блогында орналасқан "Дуга-Искра" тумблерымен қажет жұмыс режиміне қоюды орнатады, генератордың бұзылуын болдырмау үшін жұмыс кезінде қуат көзі блогын бір режимнен келесісіне ауыстыруға болмайды;

- стилоскопқа қуат блогын жалғастырғыш сымдардың сәйкес электр тізбегін біріктіретін және ажырататын электромеханикалық құрылғы арқылы қосады және қуат блогы корпусының жерге тоғытуын 4 мм2 кем емес кесігі бар жерге тоғытылған иілгіш мыс сыммен орындалады;

- қуат блогын желіге штепсельді розетка көмегімен қосады;

- сигнал лампасы жанғаннан кейін тірек электр сымдарының жалғасқан, ұласқан жері немесе тиіп тұрған жері аз қорғалған аумақтарда орналасуы, ал электрод үлкен аналитикалық аумағы ортасына қарсы орналасуынан аспап электродын орнатады (3.1. т. қарау);

- стилоскоп тұтқасында орналасқан сөндіруді іске қосу тетігін қосады және доға (ұшқын) жанғаннан кейін ғана аспапты үлкен аумаққа иілдіреді;

- электрод пен талданатын металл арасына 2-3 мм саңылау орнатады, егер доға жанбаса, генераторды сөндіріп сақтандарғыштарды тексеру қажет;

- доға жанғаннан кейін талдау аумағы бойынша электродты ауыстыруда оның нақты жануына көз жеткізу қажет, сондай-ақ доға асықпай бір қалыпты дыбыс шығара отырып жануы қажет.

2.2.3 Доғаның тұрақты жануына жеткеннен кейін мынадай ретте спектрлік анализ жүргізіледі:

- көздік арқылы спектрді бақылауда және көздіктің тұтқасы мен сақинасының көмегімен қайталама призмамен реттеуде сызықтың шайылуын және спектрдің жеткіліксіз жарықтығын жояды;

- анық сызықтары бар және жеткілікті жарығы бар спектрді алғаннан кейін барабан сермерін айналдыра отырып, көру аумағының ортасына талап етілетін спектр бөлігін шығарады;

- көздік қондырғысымен спектрлік сызықтың максималды ашықтығына жетуге болады және талданатын үлгідегі жағдайлар құрамын бағалауды бастайды.

2.2.4 Талдау аяқталғаннан кейін сөндіру тетігін босатып аспапты сөндіріп қою қажет. Стилоскопты және қуат блогы генераторын сүртіп, жәшікке салып қою қажет.

2.2.5 Егер де жұмыс шуақты күні таза ауада немесе жел болған кезде жүргізілсе, спектрде жарықтың азаюынан бақылау үшін жағдайлар нашарлайды. Бұл жағдай аспапқа шашыранды жарықтың түсуінің, көрудің ұзақ бейімделуін және доғаның ауысуының әсері болып табылады. Бұндай жағдайларда талдау жүргізілетін аумақ бөлігін қалқан экрандармен қоршау ұсынылады.

2.2.6 Қуат блогы генераторының жұмыс жасау тәртібі қызып кетуді болдырмау үшін қайталанатын қысқамерзімді болу керек – 5 минут жұмыс істейді, 5 минут үзіліс.

2.2.7 Генераторды реттеу және жөндеуді жаттыққан оқыған қызметкер жүргізуі қажет.

2.2.8 Аспапты төмен температуралы ортадан жылы үй-жайға ауыстырғанда булануды болдырмау үшін стилоскоп пен генераторды тығыздалып жабылған жәшіктерде тасымалдау қажет. Жәшіктерді аспап қоршаған орта температурасын қабылдағаннан кейін ғана ашуға болады, мысалы, стилоскопты -40 °С ортадан +18 °С бөлмеге ауыстырғанда 2-3 сағат қажет.

2.2.9 Бірінші нұсқа бойынша әмбебап СЛУ стилоскопымен жұмыс 2.2.1-2.2.4 тармақшалары бойынша жүргізіледі.

2.2.10. Екінші нұсқа бойынша әмбебап стилоскоппен жұмыс мынадай кезекпен жүргізіледі:

- үлгіні жарық көзі үстеліне орналастырады және калибр бойынша электродтан талданатын үлгіге дейінгі аралықты орнатады;

- "Дуга-Искра" тумблерімен қажетті режимді қуат блогына орнатады және жарық көзін қосады;

- стилоскоптың және жарық көзінің күйін ауыстыра отырып, көздіктегі спектрді бақылап олардың оптикалық осін сәйкестендіреді;

- 2.2.3, 2.2.4 тармақшалары бойынша жұмысты қайталайды.

2.2.11 Қиын қоздырылатын спектр беретін элементтерді (кремний, фосфор) талдау кезінде қуат блогында "Емкость" тумблерымен қосымша сыйымдылық қосылады. "Дуга-Искра" тумблерын "Искра" қалпына ауыстырады.

2.3 Аппаратқа жасалатын күтім

2.3.1 Стилоскопты алған кезде оны жәшіктен шығарып, сыртқы байқау жүргізу қажет және линзалар бетіндегі шаңды сүрту қажет. Маңызды сыртқы бұзылулар байқалған кезде стилоскоп шығарушы зауытқа жөндеу немесе ауыстыру туралы наразылық актісімен қайтарылады.

2.3.2 Стилоскоп қышқылдар мен сілтілер буы жоқ, қатысты ауа ылғалдылығы 80%-дан аспайтын және 20±10 °C температурадағы бөлмеге орналастырылады. Стилоскопқа қоса берілетін қолдану бойынша нұсқаулықпен танысып, жұмыс қалпына орнатылады және желіге қосады.

2.3.3 Стилоскоптың рұқсат етілетін мүмкінділігін аспап паспортында көрсетілген бақылау сызықтары бойынша тексереді.

Спектрдің болмауы немесе бақылау сызықтарының жеткіліксіз бөлінуі стилоскоптың оптикалық жүйесіндегі ақаулар туралы куәландырады. Бұл жағдайда стилоскопты жөндемейді, ауыстыру үшін шығарушы зауытқа жібереді.

2.3.4 Оптикалық бөлшектердің тазалығына ерекше назар аудару қажет. Оптикалық бөлшектер үстіндегі шаңды жұмсақ матадан жасалған сүлгімен немесе тиін шашағымен ғана сүртуге болады.

Линзалар көздігін МЕМСТ 17299 бойынша этил спиртімен аздап суланған майы алынғын мақтадан жасалған тығындармен тазалау қажет. Оптикалық болшектерді қолмен ұстауға болмайды, өйткені бұл майлы дақтардың пайда болуына алып келеді, ол дақтарды кетіру үлкен тәжірибені қажет етеді. Абайсызда қолдың тиуінен пайда болған дақтарды дереу түгі жоқ матадан жасалған сүлгімен немесе аздап этил спиртіне батырылған мақта тығынымен сүрту қажет. Тұрып қалған дақтарды тазалау қиындық туғызады, ал жеткіліксіз таза еріткіштер қосымша ластануға алып келеді.

2.3.5 Генераторға жасалынатын күтім ұшқын разряды түйісулерін тотықтан (шамамен 500-800 сағ.жұмыстан кейін) ұсақ тегістейтін қағазбен тазалау және ішкі және сыртқы беттерінің шаңдарын сүрту кезеңдік тазалау кезінде жасалынады. Генераторды реттеу және жөндеуді арнайы даярланған қызметкер жүргізеді.

Генератор сымдары изоляциясының кедергісін тексеру 500 В мегомметрмен лаборотория журналында тексеріс қорытындылары жазбасы қалдырылып үш айда бір рет жүргізіледі.

2.3.6 Разряд түйісулерін тазалау тегістейтін қағазбен жүргізіледі. Тазалаудан кейін разряд беті сызатсыз тегіс және механикалық бұзылуларсыз болады.

2.3.7 Жұмыс істемейтін қалыпта тасымалданатын стилоскоптарды жәшіктерде сақтау керек, ал тұрақты стилоскоптарды құндақпен жабу керек.


^ 3. Стилоскоп өнімдерін, пісірілген материалдар мен электродтарды жұмысқа дайындау


3.1 Өнімдерге талдау жүргізу үшін, мүмкіндігінше, 22 см өлшемдегі жердің жазық бетті бөлігі таңдап алынады. Тазалауды абразивті шеңбермен немесе үлгі бетіндегі қабыршақтарды және мүкістіктерді, бояу іздерін егеумен толық жоюға дейін жүргізеді.

Егер талданатын үлгі улау немесе химиялық өңдеуден өткен болса, онда тазалау кезінде бұл қабатты жою қажет.

Шеңбер материалымен бақыланатын өнімнің ластану мүмкіндігін болдырмау үшін, әсіресе кремний мен титанның анықталуы кезінде, талданатын бөлікті соңғы өңдеу егеу арқылы жүргізіледі.

Тасымалданатын стилоскоппен жұмыс істеу барысында 11 см өлшеміндегі 8 см аралықтағы қосымша аумақты тазалау қажет, бояу мен қақты кетірсе жетіп жатыр. Бұл аумаққа бақыланатын бөлшекке электр желісінің бір полюсін жалғастыру үшін тіреулі түйісу бекітіледі.

Сынамаларды таңдау үшін соғу-ұшқындау сынама таңдау көмегімен бөлшектерге 33 см өлшемімен аумақ дайындалады.

3.2 Бақыланатын бөлшек салмағы 50г-нан аспайды, әйтпесе разряд плазмасына сынамалар қарқынды түсуі мүмкін. Салмағы көп емес ұсақ бөлшектер, жоңқа және басқа да өнімдер, егер де олардан үлгілер дайындалатын болса, талдауға жіберіледі.

Пісірілген сымды 40-50 мм ұзындығы бар өзек қалыбындағы пакеттерге жинайды. Мұндай пакеттерді әрбір бухтадан немесе орамадан әзірлейді. Пакеттегі әрбір сым саны диаметрімен анықталады, 0,3-1,0 мм диаметрінде жеті кесілген сым алынады, 1,2-1,6 мм диаметрінде − бесеу және т.б.

Пісірілген электродтарды талдау үшін үлгілерді балқытылған металлдан дайындайды. Балқытуды МЕМСТ 380 бойынша Ст3сп таңбалы болаттан немесе оларды пісіру үшін электродтар дайындалған болаттан жүргізеді; электрод диаметрі кезіндегі тілім қалыңдығы 3 мм дейін 4мм кем болмауы тиіс, ал электрод диаметрі кезінде 3 мм жоғары − 6 мм кем емес. Балқыту қалыбы − цилиндр тәріздес дөңгелек, оның негізі және биіктігі тексерілетін электродтан төрт диаметрден кем болмауы тиіс. Әрбір балқыту бір электродпен жүргізіледі. Бобышканың жоғарғы бөлігіне стилоскоптау жүргізу үшін металлдық жарқырауға дейін қорғайды.

Жоңқаны диаметрі 15 мм аспайтын 50мм ұзындықтағы брикетке сығымдайды. Брикеттерді түрлі типті механикалық сыққыштарда немесе зілбалға көмегімен қалыпқа тығыздау жолымен дайындайды.

3.3 Стилоскопқа жоңқадан жасалған (болаттан жасалған) және дискілі (болаттан және мыстан жасалған) электродтар қоса беріледі.

Болат электродтар (МЕМСТ 1435) У7 таңбалы болаттан, мыс − (МЕМСТ 495) M1T2 таңбалы мыстан жасалады. Болат электродтарды дайындау үшін У8, У9, У10, У12, У7А, У8А, У9А (МЕМСТ 1435) таңбалы болаттарды қолдану рұқсат етіледі.

Тұрақты электродтардың жұмыс істер алдында мынадай өлшемдері болады:

Диск пішіндес электродтар: тасымалданатын стилоскоптар үшін диаметрі 60 мм және стационарлы стилоскоптар үшін 90 мм, қалыңдығы 1,0-1,5 мм;

Жоңқа пішіндес электродтар: диаметрі 8-10 мм, ұзындығы 220-250 мм. Жоңқа электродтарының тік қойылған дөңбек кесіндісі қиық конусқа қайрайды, дискіленгендер − периметрі бойынша.

3.4 Қайрау кезінде электродтар өлшемін қатаң сақтау қажет етілмейді, бірақ оларды дайындауда бірегейлікті ұстану қажет.

Егер белгілі бір себептермен қайрау пішінін өзгерту қажет болса, таңдалған шарттар үшін белгілі химиялық құрамы бар үлгілер бойынша спектроскопиялық белгілерін тексеру қажет.

Әрбір талдау алдында тұрақты электродтарды сақтау қажет. Электродтарды ұштауда диск диаметрінің 40 мм дейін кішіреюі, ал жоңқа ұзындығы − 130 мм дейін рұқсат етіледі.

Электродтарды қайрау және өнімдерді тазалау үшін арнайы қайрау станоктарын, ұштауыштар мен тегістейтін терілерді қолдану қажет. Алдағы талданатын сынамадан қайрау үшін қолданылатын келесі аспапқа заттардың ауысуын болдырмау мақсатында әрбір қолданудан кейін тазалау қажет.

  1   2   3   4



Похожие:

Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар iconЭнергетикалық қондырғылардың құбырлары мен құралдарын дайындауға арналған қолданылатын негізгі қосындыланған болаттардың химиялық құрамы
Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдарға
Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар iconЭлектрод, пісірілген сымның балқытылған металлдарының химиялық құрамы
Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдарға
Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар iconСпектр суреттері
Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдарға
Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар iconҚондыру материалдарының таңбалау құрамына сәйкестігін тексеру актісі №
Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдарға
Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар icon«Спектр» стилоскопында кремний, көміртегі және күкіртке спектрлік талдау әдістемесі
Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдарға
Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар iconБу және су жылытатын қазандарының, бу және ыстық су құбырларының, қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстардың пісірілген қосындыларының сапасын ультрадыбыстық бақылау бойынша әдістемелік ұсынымдар
Осы Әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – ӘҰ) бу және су жылытатын қазандарының, бу және ыстық су құбырларының, қысыммен жұмыс істейтін...
Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар iconПісірілген металдар мен олардың қосындыларын көзбен шола және өлшеу бақылауы бойынша әдістемелік ұсынымдар
Ті өндірістік объектілерде қолданылатын және пайдаланылатын техникалық қондырғылар мен құрылыстарды дайындау, құру, монтаждау, жөндеу,...
Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар iconКөмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе
Таларын олардың зардабынан сақтау бойынша ұсынымдарды танытады. Әдістемелік ұсынымда көмір мен газдың оқыс лақтырулары және қазба...
Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар iconПісірілген металдар мен олардың қосындыларын көзбен шола және өлшеу бақылауы бойынша әдістемелік ұсынымдарға

Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар iconЖылу механикалық жабдық құбыржолдары пісірілген қосылыстарының типтік өлшемдерінің тізбесі
Бу және су жылытатын қазандарының, бу және ыстық су құбырларының, қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстардың пісірілген қосындыларының сапасын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы