Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе icon

Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе



НазваниеКөмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе
страница1/21
Дата конвертации10.11.2012
Размер3.28 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды және

өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау комитетінің

2012 жылғы «28» тамыздағы

№ 48 бұйрығымен келісілген


Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар


Кіріспе


Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар тау-кен жұмыстарын жүргізу және көмір мен газдың оқыс лақтыруларын болжалдау, ескерту бойынша іс-шараларды орындау және көмір шахталарын олардың зардабынан сақтау бойынша ұсынымдарды танытады. Әдістемелік ұсынымда көмір мен газдың оқыс лақтырулары және қазба қыртысынан газдың кенеттен жарылып шығуын болдырмау тәсілдерін, олардың тиімділігін бақылау әдістерін, жұмысшылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар берілген.

Әдістемелік ұсынымдар «АрселорМиталл Теміртау» АҚ КД тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы» Акционерлік қоғамымен өңделген.

Әдістемелік ұсынымдарды өңдеуге ҚР ТЖМ «ӨҚҰҒТО» АҚ-нан − т.ғ.д., профессор Б. Ж. Хамимолда, өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің бастығы, т.ғ.к., М. С.Усенбеков, технологиялық процесстер қауіпсіздігінің ҒЗЗ меңгерушісі, к.т.н., К. Д. Ли, аға ғылыми қызметкерлер ― И. А. Винникова, В. А. Буданов, Д. М. Хамиев, В. Н. Веснин, «АрселорМиталл Теміртау» КД АҚ – техникалық директоры Стефлюк Ю. М., ЕҚ және ҚТ жөніндегі директоры Майер Я. Р., аэрогаз басшылығы және қадағалау жөніндегі техн.директордың орынбасары А. И. Полчин, Қарағанды облысының ТЖД – бастықтың орынбасары В. В. Пфаргер, ТЖД мемлекеттік қадағалау бойынша басқарманың бастығы С. Г. Сытник, көмір өнеркәсібіндегі тау-кен техникалық бақылау бөлімінің бас маманы Е. В. Югай қатысты. Әдістемелік ұсынымдарды мемлекеттік тілге аударған – мемлекеттік тіл маманы Б. Б. Даркешева.


^ 1-бөлім. Жалпы ережелер


1-бөлімше. Газдинамикалық құбылыстар


1. Газдылықты қаттардың кен қазбалар кенжарларында жұмыстар жүргізуде газдинамикалық құбылыстар орын алады және тау-кен қысымы, газ қысымы және көмірдің өз салмағы әсерлерімен көмір сілем бөлігінің кенжар маңындағы тезағымды бұзылуы болып табылады, көмірдің кен қазбаға лақтырысы немесе жылжуымен және аса жоғары көлемде газ шығумен жалғасады.

Газдинамикалық құбылыстарға көмір мен газдың оқыс лақтырындылары, аса жоғары көлемде газ шығумен, көмірдің оқыс сығып шығарылуы (сығымдар), аса жоғары көлемде газ шығуымен көмірдің оқыс опырылуы (үгілуі), қазба табанының динамикалық ұсақталуымен газдың оқыс бұзып шығуы, жарылыс жұмыстары кезіндегі көмір мен газдың лақтырындылары жатады.

2. Көмір мен газдың оқыс лақтырындысы – аз уақыттың ішінде көмірдің қазбаға опырыла лақтырысының арақашықтағы, табиғи қиябет бұрышымен жайғасқан шамасынан асып кететін құбылыс. Айрықша ерешеліктер: көмір қатында қуыс пайда болуы; бұзылған көмірдегі көмір шаңы ұсақбөлшектілігі; бекітпелер мен жабдықтаулардың бұзылуы; кейде таза желдетіс ағыншасының бағытын өзгертетін ауа соққысы; сілемдегі дыбысты эффекттер; салыстырмалы газбөлісі, қаттың табиғи газдылығы мен лақтырылған көмірдің қалдық газдылығының арасындағы айырмашылықтан артып кететіндігі, қазбаға газдың қарқынды бөлінуі.

Көмір мен газдың оқыс лақтырысы бірнеше сатыда өтеді:

а) көмір қаты мен оның ішіндегі жыныстардың серпімді деформацияларының потенциалды энергиясының жиналуы мен жаңадан таратылуы, забой маңындағы көмір қатының шектік қысымы деңгейіне өтуі, көмір жарықшақтығының өсуі, көмір беріктілігінің төмендеуі және бос газ мөлшерінің көбеюі (дайындық сатысы);

б) қаттың қысымды кенжары мыңындағы бөлігінің жылдам бұзылуы жарықшақ пайда болуы, көмір ұсатылуы, бос газдың энергиясын көбейуіне келтіретін, метанның қарқынды десорбциясымен өтеді;

в) тау-кен және газ қысымының әсерімен көмір сілемінің көшкінді бұзылуы;

г) көлемі үлкейіп келе жатқан газ ағымында бұзылған көмір шығарылуы;

д) көмір сілемінің бұзылу процессі аяқталады және газбөліну бірте-бірте азаяды.

Сақтандыру белгілері: кенжардан көмірді сығып шығаруы (төгуі), сілемдегі әртүрлі күшпен және жиілікпен соққылар мен сатырлар, көмір кесектерінің бөлініп тусуі және забойдың түлеп түсуі, көмірдің беріктігінің өзгеруі, бекітпеге тұрақты қысым әсері, шаңды бұлттың пайда болуы, қазбаға газ шығудың кенет өсуі, бұрғылау аспаптарының қысылуы және ұнғымаларды бұрғылау кезіндегі ұнтақ пен газдын лақтырысы.

3. Көтерінкі газбөлінуімен көмірдің оқыс сығып шығарылуы (сығымдау) - көмір сілемінің жұмыс кеңістігіне жылжуы 0,2 м көбірек болады. Айрықша ерешеліктер: көмір қатта бұзылған ірі кесек көмірмен толған кеңістіктің пайда болуы; көпшілік жағдайларда төбе және қат арасында саңылау болуы айқын; сығып шығарылған көмір сілемі құрылымын сақтайды; бұзылған көмірде қуыстар, үңірейген жарықшақтар байқалады; бұзылған көмірдің салыстырмалы газшығуы сығымды көмірдің табиғи газдылық пен қалдықты газдылығының арасындағы айырымынан асады.

Алдынала сақтандыру белгілері жие байқалмайды. Жекеленген жағдайларда кенжар алдындағы бекітпеге көтерінкі қысым; көтерінкі газбөліну; сілемдегі дыбысты эффекттер, бұрғылау аспаптарының қысылуы байқалады.

4. Аса жоғары көлемде газ шығумен көмірдің кенет опырылуы (төгілуі) – табиғи қиябет бұрышына жақын, бұзылған көмірдің бұрышпен орналасуымен төніп тұрған көмір сілемінің бұзылуы. Айрықша ерешеліктер: қуыс үстіне белгіленген және оның өсі қаттың өрлеме сызығына жақын; процесс көмір лақтырындысын тастаусыз өтеді; салыстырмалы газбөлінуі опырылған көмірдің табиғи және қалған газдылықтарының айырымынан асады.

Алдынала сақтандыру белгілері, әдетте, байқалмайды. Кейде қаттың шеткі бөлігінде, аздаған жерлерде, көмірдің төгілуі байқалады, III-V бұзылым дәрежелердегі көмір бумаларының пайда болуы, бұзылым дәрежелердегі, төніп тұрған сілемдегі көмірдің қабыршақтануы, кенжар алдындағы бекітпеге көтеріңкі қысым түсуі.

5. Қазба табанын динамикалық ұсақталуымен газдың оқыс жарып шығуы – кенжар маңындағы қазбада үңгілеу комбайнының астында оны барынша көтерумен қазба табанындағы көмірдің бұзылуы. Айрықша ерешеліктер: газдың қарқынды шығуы, кейде қаттың астынғы қабатынан көмірді ала шығуы; үңірейген жарықшақ пайда болуы, көмірдің (жыныстың) қаттануына қалыптылық бойынша белгіленген және, әдеттей, қазба қабырғалары бойымен, кейде кенжар сызығы бойымен жарықшақтануы.

Алдынала сақтандыру белгілері негізінде байқалмайды, бірақ кейде қазба табанының теңселуі түрінде байқалуы мүмкін.

6. Жарылыс жұмыстары кезіндегі көмір мен газдың лақтырындылары кенет лақтырындылар белгілерімен сипатталады, бірақ оқыс лақтырынды категориясына жатпайды, өйткені жарылыс жұмыстарымен жасалған, олар жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру режимінде жүргізіледі.


^ 2-бөлімше. Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша шахты қабаттарын қауіптілік категорияларына бөлу


7. Шахтықаттарды лақтырысқауіпсіз, I, II категориялы лақтырысқауіпті және аса лақтырысқауіптілер деп бөледі. Жекелеген жағдайларда I категориялы лақтырысқауіпті қаттарда аса лақтырысқауіпті аймақтар немесе учаскелерге бөледі.

8. Лақтырысқауіптісіз қаттарға: 0,3 м және кемірек, кеулеуден (шала қазылымнан), бұрын жүргізілген қазбадан қауіпсіз аймақтағы; газсыздану аймағынан жоғары тереңдіктегі және газ бен көмірдің оқыс лақтырындысы пайда болу аумалы тереңдігінен жоғары (1 кесте); шағын деңгейде көмір құрылымында өзгешеліктері бар, кейбіреулері арнаулы ұйымның зертханалық жағдайларында анықталады.

9. Осы Әдістемелік ұсынымдардың (2-кесте) 48 п. сәйкес анықталған тереңдіктен шахты алабының шегіндегі қаттар II категориялы лақтырысқауіпті болып табылады.

ҚР ТЖМ жүйесіне кіретін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамсыздандыру саласында жұмыстар жүргізу құқығына лицензия және аттестаты бар ғылыми-зерттеу ұйымдарда жасалған, I категориялы және аса лақтырысқауіпті бойынша шахтықаттардың бөлшектеуі сараптамалық бағалау негізінде іске асады. Шахтыларды бірлестіру кезінде ертерек өткізілген лақтырысқауіпті қаттар категориясының сараптамалық бағаларының қорытындылары есепке алынады.

10.Күнделікті болжаудың қауіпті мәнінен немесе бірінші ГДҚ белгісінен 20 м жоғары орналасқан шахтықат +20 м белгіден бастап I категориялы лақтырысқауіпті деп саналады.

11. Тектоникалық бұзылымдар және I категориялы жоғары тау-кен қысымы (13 кесте) аймақтарындағы I категориялы лақтырысқауіпті қаттардың учаскелері аса лақтырысқауіптілерге қатысты болып саналады; көмір кеспектердің тектоникалық құрылымының өзгеруімен аймақтарда; қат қалындығының азаю немесе өсуінде; бұзылымдардың қиылысында; табан жағынан лақтырысқауіпті қаттарды ашу және кейін кетуде; 50 м қашықтықта (1 кестені қара), сонымен қатар 1,0 м ден 3,0 м дейін теңселу арасымен 20 м қашықтықта ірі, өте ірі және блокты тектоникалық бұзылымдар бойымен қазбалар жүргізуде;


1 Кесте - Тектоникалық құрылымдардың көлемдері бойынша топтастырмасы


Класс

Көлемі

Жарылатын тектоникалық бұзылымдар, м

I

өте ірі

1000 м артық

II

ірі

100 м ден 1000 м дейін

III

орташа

15 м ден 100 м дейін

IV

ұсақ

3 ден 15 м дейін

V

өте ұсақ

Метрдің ондаған бөліктері – 3 м
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21



Похожие:

Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе iconЭнергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар
Осы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – ӘҰ) металлдарды, жартылай дайындалған өнімдерді, бөлшектерді, құрастыру бірліктері мен пісірілген...
Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе iconШығыс Қазақстан облысының
...
Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе iconШығыс Қазақстан облысының 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
...
Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе icon2013 жылға арналған Қамысты ауданы төлқұжат Қамысты с. 2013 жыл
Южно-Тохтаровск алтын кен орнында тау жұмыстарын жүргізу; «Костанай жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Адаев құрылыс...
Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе iconӘлемнің ең озық аффинаж зауыты Астанада салынды астана. 30 қазан. ҚазАқпарат – Технологиялық жарақталуы бойынша Астанадағы «Тау Кен Алтын»
Астана. 30 қазан. ҚазАқпарат – Технологиялық жарақталуы бойынша Астанадағы «Тау Кен Алтын» зауыты әлемде ең заманауи аффинаж кәсіпорны...
Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе icon«Әуежай (әуеайлақ) аймағында және әуежай (әуеайлақ ) маңындағы аумақтарда авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша апаттық жоспарды» әзірлеудің
Түрлі әуежай қызметтерін және өзара іс-қимылдағы ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың әрекеттерінің тиімділігін көтеру үшін...
Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе iconТуризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Республикасы Статистика агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының «Статистикалық әдіснама мен статистикалық...
Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе iconБу және су жылытатын қазандарының, бу және ыстық су құбырларының, қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстардың пісірілген қосындыларының сапасын ультрадыбыстық бақылау бойынша әдістемелік ұсынымдар
Осы Әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – ӘҰ) бу және су жылытатын қазандарының, бу және ыстық су құбырларының, қысыммен жұмыс істейтін...
Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе iconМетодические рекомендации по определению стоимости эксплуатации объектов уличного освещения Проект, первая редакция
Көше жарығы объектілерін эксплуатациялаудың құнын анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар
Көмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе iconРұқсат беру рәсімдерін онтайлаңдыру бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат
Осы мақсатпен ҚР Үкіметімен 2009-2011 жылдарға арналған рұқсаттамалық жүйені қайта құру Тұжырымдамасы мен рұқсаттамалық құжаттарға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы