Бастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж icon

Бастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж



НазваниеБастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж
Дата конвертации12.01.2013
Размер47.38 Kb.
ТипДокументы
источник

Бастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж.

ҚҚББ әдіскері –Тажибекова Р.Б.

Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми – білімділік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол әрбір мұғалім мен тәрбиенің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан – жақты арттыруға бағытталған шаралар.Осы мақсатта әдістемелік жұмыстар жүргізіліп келеді.Барлық мектептерде бастауыш бірлестіктері белгіленген ,мектеп әкімшілігі бекіткен жыл бойына әдістемелік жұмыс жоспары бойынша жұмыс істейді.Мектептерде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруда әдістемілік жұмыс жақсы жолға қойылған.

Жыл басында әдістемелік жұмыстың жоспары жасалды.

Мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы:

Қарағанды қаласы бойынша 80 мектептің 78-де бастауыш мектеп бар.Бір мектеп техлицей , екіншісі №73 мектеп мүмкіншілігі шектеулі оқушылар оқиды. Білім ұйымы бастауыш сыныптарында - 1030 мұғалім қызмет етеді, оның 835 жоғары білімді, 195 орта арнаулы білімді, білімі жоқ мұғалім -0. Мемлекеттік тілде оқытатын мұғалімдердің саны -450, оның ішінде жас маманы-49 , зейнеткерлері-23.

Қала бойынша бастауыш мектептегі мұғалімдердің сапалық құрамы :

Жоғарғы санатты - 164 - 15,9 %

Бірінші санатты – 380 - 36,8 %

Екінші санатты - 408 – 39,6 %

Санатсыз - 78 - 7,7 %

Жалпы жоғарғы және бірінші санатты қоса алатын болсақ – 52,7 % сапалық құрам орта есептен жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.

Қараша айы аттестаттауға өтініш берген мұғалімдердің біліктілік тест тапсырумен басталды, оның 80 % -ы алғашқы айналымда-ақ тест сұрақтарына қажетті мөлшерде жауап беріп, екінші кезеңге өтті. Қалған 20% -ы 20-21 желтоқсан күндері тапсырды. Биыл қала бойынша 38 мұғалім жоғарғы санатқа, 81 мұғалім бірінші санатқа аттестацияға өтініш жазып,нәтижесінде кәсіби шеберлігін көтеруде 119 мұғалім санаттарын растады және көтерді.

Бастауыш мектеп мұғалімдері қалалық « Флипчарт » байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

1 орын -№ 4инт. Бекешова А.Т.

2 орын- № 93 гимн. Гарбер Е.Н.

3 орын- № 93гимн. Швец Г.В.

Білім жетілдіру институтынан 3 жылда 829 мұғалім арнаулы курсынан өтті.

Бастауыш мектеп «Білім туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында Білім беру Стандартына және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010-11 о.ж. Әдістемелік хатына сай жасалған, гуманитарлық кафедра, пән бірлестіктері отырысында қаралып, қалалық білім бөлімінде бекітілген және облыстық Білім басқармасымен келісілген оқу жоспары, оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Бастауыш мектептердің кейінгі 2008-2011 оқу жылдарындағы білім сапасының және үлгерімдер көрсеткіштеріне тоқталсақ:

^ 2008-2009 ж үлгерім -99,9 сапа- 83,8

2009-2010 ж. 99,9 84,6

2010-2011ж. 100 85,5

Пәндер бойынша қаз/т р/я мат әд/оқу д/тану қортындысы

2008-2009 ж 99,9 72 68 75 72 81 99,9 /80

2009-2010 ж 99,8 73 71 72 82 82 99,9 / 81

2010-2011ж 99,9 74 72 77 83 82 100 / 82

өздеріңіз көріп отырғандай жылдан –жылға білім сапалары 1,4 пайызға өсу динамикасын көрсетеді

Оның басты себебі бастауыш сыныптарда жұмыс жасайтын мамандардың біліктерінің , санаттарының көтерілуі және шығармашылық ізденіспен жұмыс жасайтындығы деп айта кетуге болады.

Қала бойынша 3 жылғы оқу техникасын салыстыратын болсақ, оқушылардың оқу машығы жылдан – жылға көтерілуде.

Қарағанды облысы мектептерінде 14 наурыз 2011ж. мемлекеттік аралық бақылау өткізілді. Жалпы орташа балл 17,8 болды. Бұл 99,9 пайызды құрады.

Бәсе­кеге қабілетті тұлғаны қалыптас­тыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шебер­лігін талап етері сөзсіз.

Жыл бойына –10 семинар өткізілді

  1. Қыркүйек –№ 81ОМ

  2. Қазан –№93 гимназия

  3. Қараша –№36 ОМ

  4. Желтоқсан –№ 21НМ

  5. Қаңтар –№ 44 НМ

  6. Ақпан –№ 88 ОМ

  7. Наурыз –№1 3 НМ

  8. Сәуір –№ 38гимназия ,36 ОМ Облыстық

  9. Мамыр - № 63ОМ

Өтілген семинарлардың тақырыптары:

  1. Пәнді оқытуда Мемлекеттік стандарттың орындалуына қойылатын талаптар .МАБ-қа жүйелі дайындық жүргізу жолындағы іс-шаралар.

  2. «Білім беру және тәрбиелеу үдерісінде қазіргі заманғы білім беру технологияларын қолдану»

Оқушылардың ғылыми жобаларын қорғау(мектеп, қала,облыс,республика ).            2010-2011 оқу жылында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, ғылыми тұжырымдамалармен жұмыс істеу, жаңалық енгізу мақсатында жоспарлы жұмыс жасалды.   

  1. Облыстық деңгейде №39 гимназия мектебінің бастауыш сынып мұғалімі ^ Бейсямбекова Т.М. «Ұстаздың ұлы болуы –рухы биік шәкіртінде....» атты шығармашылық есеп берді. «Бабалар өсиеті» әдістемелік нұсқауына пікір жазылып, әдістемелік кеңес берілді.

  2. ЖББ №77 МББК-нің бастауыш сынып мұғалімі ^ Г.А. Жанабекованың іс-тәжрибесімен бөлісуі және математикадан кіріктірілген практикалық, қарым- қатынас және дамыту сабақтарын беріп, шығармашылық есебі тыңдалды . Жүргізілген жұмыстарына әдістемелік кеңес арқылы көмек көрсетілді.

Аттестациядан өтетін мұғалімдерге ,ғылыми конференцияларға қатысатындарға,әдістемелік құрал жазғандарға пікір жазып әдістемелік кеңестер берілді.

Бастауыш сынып мұғалімдері ХІІI қалалық ғылыми –практикалық конференциясына қатысып, 56 мұғалімнің жұмысы кітапта басылды.

^ Тажибекова Р.Б. Республикалық ғылыми –конференциясына қатысып, мына тақырып бойынша: « Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту арқылы тұлғаның адамгершілік – рухани және азаматтық – патриоттық қасиеттерін қалыптастыру» кітапқа басылымы шықты.

Бастауыш мектеп құжаттарын реттеуде шығармашылық топ мүшелерімен бірлесіп: « Бастауыш мектеп құжаттарын бірыңғай тәртіпке келтіру» әдістемелік құралын облыс көлемінде жасалды.

Мына мектептер №6,56,59,81,35,83,77,91,65,34, 74, мемлекеттік аттестациядан өтті .

Қала мұғалімдеріне үнемі жекелей ,топпен әдістемелік кеңес беріледі.

Нәтижесінде қалалық, облыстық ,республикалық көлемде басылымдар шықты. Бастауыш мектеп мұғалімдері оқу жылында қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі ғылыми – теориялық, ғылыми – практикалық конференцияларға қатысып өз шеберліктері мен ғылыми – теориялық білімдерін көрсете білді.

Әдістемелік жұмыстарды атқару арқылы мұғалімдерінің республикалық, облыстық, қалалық шараларға қатысуына, педагогикалық басылымдарға жазылуына және озат тәжірибені таратуға, МАБ сынама тестісін жасауға, дайындық жұмыстарын бақылауға, оқушыларға кәсіптік бағдар беруге, мектеп мұғалімдерінің интерактивті тақтамен жұмыс жасауына, мектепте қолайлы педагогикалық – психологиялық ахуал қалыптасуына оң ықпал етті.



Похожие:

Бастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж iconӘдістемелік бірлестік туралыереж е
Бм әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша...
Бастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж iconОрыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау
«Мұғалім құзырлылығы – оқушы құзырлылығының алғышарты» тақырыбымен жұмыс жүргізуді жалғастырды. Әдістемелік бірлестік бірнеше бағытта...
Бастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж iconЗайсан аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар
Орви) -516 (2011ж-1124) өткен жылмен 1,8 есе азайды желшешек-95 (2011ж-38) 2,5 есеге өсті; скарлатниа 2 (2011ж-6) 4 жағдайға төмендеді;...
Бастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж iconРудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық білім беру бөлімі» мм «№9 бастауыш мектеп» мм қалалық педагогикалық оқу
«Мұғалімнің кәсіптік біліктілігі – оның қазіргі замаңға сай қазақстандық моделді білімін іске асыруға теориялық және тәжірибелік...
Бастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж icon№11 жалпы орта мектеп бойынша Ұбт ға дайындау тестілеудің нәтижесі. 12. 10. 2011ж

Бастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж iconОблыстық мектеп басшыларының секциясы
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда білім беру...
Бастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж iconТарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан
Аудандық білім беру бөліміне қарасты 50 мектеп, оның ішінде 1 гимназия–интернаты, 36 орта мектеп, 2 негізгі мектеп 11 бастауыш мектеп...
Бастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж iconБілім саласы туралы ақпарат (мектеп, балабақша)
Аудан бойынша 42 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 36-сы орта, 6-уы негізі мектеп. Аудан бойынша 15127 оқушы болса,...
Бастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж icon«ШҚО бойынша Көліктік бақылау басқармасы» мм су көліктік бақылау бөлімінің 2005 ж. үшінші тоқсандағы су көлігіндегі бақылау жөнінде атқарған жұмысына талдау

Бастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж icon«Спектр» стилоскопында кремний, көміртегі және күкіртке спектрлік талдау әдістемесі
Энергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдарға
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы