Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау icon

Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау



НазваниеОрыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау
Дата конвертации12.01.2013
Размер260.64 Kb.
ТипДокументы
источник

Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ

2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау


2010-2011 оқу жылында қаламыздың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі «Мұғалім құзырлылығы – оқушы құзырлылығының алғышарты» тақырыбымен жұмыс жүргізуді жалғастырды. Әдістемелік бірлестік бірнеше бағытта қызмет атқарды. Олардың негізгілері:

  1. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау;

  2. Жас мамандармен жұмыс;

  3. Жаңа әдістемелік әдіс-тәсілдерді ұстаздар арасында тарату;

  4. Әдістемелік іс-шаралар, байқаулар ұйымдастырып, өткізу;

  5. Оқушылармен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру;

  6. Аттестатталушы мұғалімдермен жұмыс, т.б.

Осы бағыттардың бірі болып табылатын аттестатталушы мұғалімдермен жұмыс нәтижесі төмендегідей:

Қалалық аттестаттау комиссиясына 1 санатқа өтініш берген мұғалімдер саны - 35, жоғарғы санатқа – 20, І санатқа 52 мұғалім.


Қала бойынша қазақ тілі және әдебиетінің барлығы - 576 мұғалім.

Жоғары санатты – 73

І санатты – 151

ІІ санатты – 207

Санатсыз – 145

Жас мамандар – 95.


Оқу жылында өткізілді:

ӘБ 4 отырысы:

  1. «Талдау. Оның түрлері» (8.09.2010.№ 30 ОМ);

  2. «Аналитикалық талдау әрекеті – мұғалім біліктілігінің көрсеткіші» (13.10.2010. №52 ОМ);

  3. «Білім деңгейі төмен және жоғары оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың қазақ әдебиеті пәніне сүйене отырып жоспарлануы» (16.03.2011. 53 МЛ);

  4. «Үштілділік принциптерін қолдана отырып, дарынды оқушылардың өнерге бейімділігін дамыту» (6.04.2011. 62 ОМ);


9 семинар:

  1. «Сыныптан тыс іс-шаралар - оқушыларға тілдік орта жасайтын құрал» (22.09.2010. № 23 ОМ.);

  2. «Қазақ тілі сабақтарында этнопедагогика элементтерін қолдану арқылы оқушы құзырлылығын арттыру» (27.10.2010 ж. № 44 ОМ);

  3. «Ақпараттық технология - қазіргі заман талабы» (24.11.2010 ж. № 16 ОМ);

  4. «Қазақ тілі мен әдебиетін тарихқа сүйене отырып оқыту арқылы оқушылардың құзырлылығына қол жеткізу» ( 8.12.2010 ж. № 27 ОМ);

  5. «Оқу үрдісіндегі жаттығу жұмыстарының оқушы құзырлығына әсері» (19.01.2011. №3 гимназия);

  6. «Қазақ әдебиеті сабақтарын басқа пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы оқушылардың білімін дамыту» (23.02.2011. №10 ОМ);

  7. «Қазақ әдебиеті сабақтарын ақпараттық технологияны қолдана отырып өткізу – мұғалімнің жетістігін қамтамасыз ететін фактор» (02.03.2011. №32 ОМ);

  8. «Сабақта жобалау әрекетін қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін жетілдіру» (20.04.2011. №54 ОМ);

  9. «Білім деңгейі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу арқылы қазақ тілі мен әдебиетінің бағдарламалық материалын игерту» (11.05.2011, №58 ОМ).


1 семинар – тренинг:

«Жобалау, ғылыми жұмыстар – мұғалім құзырлығының көрсеткіші» (22.12.2010. №15 ОМ).


Жас мамандарға арналған 2 семинар:

  1. «Жас маман мен тәлімгер арасындағы іскерлік қатынас – мұғалімнің кәсіби өсуіне апаратын жол» (26.01.2011. №35 ОМ);

  2. «Ситуациялық жаттығулар негізінде негізінде оқушыларға қазақ тілін оқытудағы коммуникативтік бағыт» (16.02.2011. №51 ОМ).


Оn-lain – режимдегі 1 семинар:

«Өзіндік талдау әрекетінің жұмыс нәтижелілігіне әсері», оған 29 қала мектебі қатысып, мынадай сұрақтар бойынша пікір алмасты:

  1. Мұғалімнің өзіндік талдау әрекеті дегенді қалай түсінесіз?

  2. Оның қандай құрылымы болуы керек?

  3. Мұғалімнің өзіндік талдау әрекетінің жұмыс нәтижелілігіне әсері қандай?



Жыл бойы барлығы 17 семинар ұйымдастырылса, оған барлығы 845 қала мұғалімдері қатысты. Оларға белсенді атсалысқан мектептер: №62, 74 ОМ (17), №22 МИ; №11, 20, 25, 30, 37, 40, 46, 51, 54, 61, 73, 82, 83, 137 ОМ, 53 МЛ, 93 гимназия (15). Семинарларға қатысу деңгейі төмен мектептер: №1 гимназия, №43, 60, 134 ОМ (5), №14 ОМ (6), №21, 68, 91 ОМ (7), №15, 44, 79, 100 ОМ (8), №59, 64 ОМ, №38 гимназия, техникалық лицей (9).


Сондай-ақ, жас мамандар күнтізбелік және күнделікті жоспарлардың мазмұны және рәсімделуі туралы, 9, 11 сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер ҰБТ, МАБ-ға дайындық дәне құжаттарды жүргізу бойынша ақыл-кеңес берілді, ӘБ жетекшілері олимпиадаға дайындалуға қойылатын талаптар, МӘБ құжаттарын жүргізу бойынша кеңестер алды.


^ 2010-2011 оқу жылы 1-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламасының өзгеруімен ерекшеленеді. Республиканың әдіскер - ғалымдарының қатысуымен тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, тілдері оқытудың жаңа бағыттары белгіленді. Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің 6 деңгейі мен олардың сипаттарының негізінде, Қазақстан Республикасының өзге тілді жалпы білім беретін орта мектебінің 1-11 сыныптарында қазақ тілін үйретудің 5 деңгейлі құрылымы айқындалды. Қазақ тілінің күтілетін нәтижелері ақпараттық, коммуникативтік, проблеманың шешімін табу секілді түйінді құзіреттердің қалыптасуына мүмкіндік тудыратын қарапайым, бастапқы, негізгі, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлердің өзара сабақтас сатылары бойынша белгіленді. Соған сәйкес оқушының білім, білік, дағдылары бастауыш мектеп жүйесінде тілді меңгертудің 5 деңгейінің ішкі құрылымдық ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді деп көрсетілген. Осыған байланысты оқу жылы ішінде біршама жұмыстар жүзеге асырылды: «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінің оқыту сапасын арттыру жөніндегі» Республикалық семинар – кеңес (17-18.11.2010. №38, 93 гимназиялар) ұйымдастырылды, оның шеңберінде «Еуропалық тілдік стандарт негізінде қазақ тілін деңгейлеп оқыту жолдарымен таныстыру» тақырыбында секция жұмыс жасап, 2010 жылдың қаңтар айынан бері осы бағдарлама бойынша бастауыш сыныптарда сараптамалық жұмыс жүргізіп отырған №38 гимназия ұстаздары баяндама оқып, ашық сабақтар көрсетті, өз іс-тәжірибелерімен алмасты. Сондай-ақ, Облыстық білім беру басқармасы жанынан шығармашылық топ құрылып, оған қаланың №38, 93 гимназия, №15 орта мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосты. Шығармашылық топ жұмыс нәтижесімен аймақтық семинарларда (Саран қаласы – ақпан айы, 2011 жыл; Теміртау қаласы – наурыз айы, 2011 жыл), республикалық семинарда (Астана қаласы – сәуір айы, 2011 жыл) бөлісті.

Маусым айында қала мектептері мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топ Облыстық Біліктілікті арттыру институтымен бірігіп осы бағдарлама бойынша қазақ тілі пәнінен 1-11 сыныптарға арналған күнтізбелік жоспар, оқу-әдістемелік кешен құру үстінде.


Оқу жылы бойынша қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша білім сапасының тоқсандық және жартыжылдық көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіліп тұрды.

Қазақ тілі бойынша білім сапасының көрсеткіштері:




үлгерім

сапа

І тоқсан

99,8 %

59 %

ІІ тоқсан

99,9 %

61 %

ІІІ тоқсан

99,9 %

62,2 %

ІҮ тоқсан

99,9 %

63,9 %

Жылдық

99,9 %

63,9 %


Қазақ әдебиеті бойынша:





үлгерім

сапа

ІІ тоқсан

99,9 %

55,8 %

ІҮ тоқсан

99,9 %

55,2 %

Жылдық

99,9 %

55,2 %



^ МАБ нәтижесіне талдау жасалынды:

МАБ-ға оқытуы орыс тілі мектептерінің 3848 9 сынып оқушылары қатысты.

Қазақ тілі бойынша қалай деңгейінде орташа ұпай - 23,3 ұ. (2010ж. 23,5 ұ., 2009 ж. - 21,8 ұ.). Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 0,02 ұпайға төмендегені байқалады.

Қажетті деңгейден– 3 оқушы өтпей қалды, 0,01 % құрайды (№65 ОМ (1 оқушы), № 74 ОМ (2 оқушы)).


^ Орташа ұпай бойынша (қазақ тілінен) 9 сыныптар арасында 10 үздік мектептер айқындалды:



Мектептер

^ 2011 жылғы орташа ұпай

2010 жылғы орташа ұпай

2009 жылғы орташа ұпай

1

93 гимназия

29,3

28,4

27,1

2

79 ОМ

27,9

27,9

23

3

1 гимназия

27,8

26,8

25,8

4

38 гимназия

27,3

27,7

26

5

97 гимназия

26,6

25,9

25,7

6

Friendship

26,5







7

3 гимназия

26,3

26,3

26

8

63 ОМ

25,9

24,6

23

8

53 МЛ

25,9

25,8

25

9

9 гимназия

25,8

27,3

25,4

9

85 ОМ

25,8

21,6

25



Қазақ тілі бойынша соңғы үш жылда тұрақты көрсеткіштерге қол жеткізіп отырған №№ 93, 1, 38, 97, 3, 9 гимназиялар, №53 МЛ және соңғы екі жыл бойы -79 ОМ.

Қазақ тілі бойынша 9 сыныптарда орташа ұпайды төмен көрсетіп отырған мектептер:



Мектептер

^ 2011 жылғы орташа ұпай

2010 жылғы орташа ұпай

2009 жылғы орташа ұпай

1

87 ОМ

18,4

19,3

22,4

2

44 ОМ

18,9

19,7

20

3

13 ОМ

18,9

20,1

20,5

4

42 НМ

19,0

21,5

21

5

20 ОМ

19,1

21,4

20

6

40 ОМ

19,3

20,8

17,2

7

78 ОМ

19,3

24,5

20

8

4 МИ

19,7

20

14

9

73 ОМ

19,8

22,1

19,6

10

50 ОМ

20,0

22,1

19


Жалпы ұпаймен салыстырғанда орташа ұпайды төмен көрсетіп отырған №№87, 44, 13, 42 мектептерде соңғы үш жылмен салыстырғанда төмендей байқалады, №№40, 78, 73, 50 ОМ, № 4 МИ тұрақсыз нәтижелер көрсетуде.

МАБ дайындық пен өткізуді жақсарту үшін мынадай жұмыстарды жүзеге асыру қажет:

  • МАБ қорытындысы бойынша салыстырмалы талдау жасау, тұрақсыз және төменгі нәтижелердің себебін анықтау, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерінің МАБ-ға дайындыққа деген жауапкершілігін арттыру;

  • Жаңа оқу жылында 9 сынып оқушыларымен қазақ тілінен байқау тестілеулерін өткізу, әр тестілеудің нәтижесіне талдау жасау, динамикасын бақылау;

  • Байқау тестілеуін өткізу және талдауға жауапкершілікті қазақ тілі және әдебиеті МӘБ жетекшілеріне жүктеу

  • Байқау тестілеулерін талдау негізінде оқушылармен және ата-аналармен МАБ-ға дайындық жұмысы бойынша жүйелі түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

  • Мектептердегі үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жүйеге келтіру;

  • МАБ қорытындысын қалалық әдістемелік бірлестік отырысында талдау.



^ Сараптамалық-талдау әрекеті қаланың білім беру ұйымдарын аттестаттау, БКК шеңберінде бару, әдістемелік құралдарға пікір жазу, озық тәжірибені жалпылау, насихаттаудан тұрады.

Аттестаттау шеңберінде № 34, 35, 56, 65, 74, 77, 81, 91 ОМ, 3 гимназия бақылаудан өтті. Онда қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерінің ӘБ құжаттарына талдау жасалынды, іс-әрекеттерді ұйымдастыру жұмысы зерделенді, ӘБ мұғалімдерінің құжаттары тексерілді, пәндердің оқытылу жағдайы мен оқушылардың білім деңгейі анықталды.

^ Жалпы қорытынды: бұл мектептердегі мұғалімдердің сапалық құрамы өз лауазымдарына сәйкес. Барлық мектептерде қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша ӘБ жұмыс жасайды, құжаттарын жетекшісі жүргізеді. Көпшілік мұғалімдердің портфолиолары жинақ папка түрінде жинақталған. Кабинеттердің жағдайы, ӘБ құжаттары, қатысқан сабақтар қанағаттанарлық жағдайда. ӘБ папкаларында жұмыс материалдары жинақталғанымен, әдістемелік тақырыптары, іс-тәжірибе бөлісуге қатысты материалдар жеткіліксіз. Оқу деңгейлері әртүрлі оқушылармен жұмыс жоспары құрылғанымен, соған сәйкес жұмыс жүргізілмейді.

Ұсыныстар:

  1. Білім беру ұйымдарының әкімшілігіне сабақтастық негізінде сыныптармен жұмыс жасау үшін педагогтарға жағдай жасау;

  2. Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін жоғарылату мақсатында тақырыптық ӘБ отырыстарын өткізу;

  3. Оқушылардың дәптерлерінің, мектеп құжаттарының жағдайын жақсарту үшін сабақтарға өзара қатысу, құжаттарды өзара тексеру кестесін жасау, кестеге сәйкес ӘБ жұмысын бақылау;

  4. Педагогтардың жұмысын жүйге келтіру мақсатында әкімшілік тарапынан бақылауды күшейту;

  5. Туындаған проблемаларды шешу үшін ақыл-кеңестер ұйымдастыру;

  6. Кабинеттерді рәсімдеу кезінде сауаттылыққа және эстетикалық безендірілуіне назар аудару;

  7. ӘБ әрекетін, жеке мұғалімдердің жұмысын, оқушылардың білім сапасы мен үлгерімінің көрсеткішін сауатты талдауға аса назар аудару.


ХІІІ аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағына қазақ тілі және әдебиетінің 28 мұғалімі өзінің 25 баяндамасымен қатысты, 7 баяндама авторлары конференцияның секциясы жұмысына қатысты.


^ Педагогтардың курстық қайта даярлықтан өтуі:

2010 - 2011 оқу жылы орыс мектептерінде жұмыс істейтін 152 қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі қайта даярлау курстарынан өтті.


  1. 2010-2011 оқу жылы 4 әдістемелік құралға пікір жазылып, баспадан шықты:

    1. «Қазақ тілін оқып үйренейік» (3-4 сынып), құрастырушы – А.Т.Сабитова (№3 гимназия);

    2. «Дыбыстар әлемінде» (1-2 сыныптар), сотавитель – М.М.Рымбекова (№3 гимназия);

    3. «Диктанттар жинағы» (1-9 сынып), құрастырушылар - А.У.Ташпулатова, Г.С.Сатжанова (№4 МИ);

    4. «Әрі оқу, әрі ойын» (суретті сөздік ойын түрлері), құрастырушы – Ж.А.Идрисова (№77 МББК).


^ Оқушыларға арналған іс-шаралар:

Мектеп оқушыларының олимпиадасы:

Жеңімпаздар :
8 сыныптар арасында:


І орын– Лобынцева Ксения № 38 (92,6 ұ.)- Ахметова Замзагуль Дихановна

ІІ орын – Фятхуллина Юлия № 97 (92 ұ.)-Кайралапова Кенжеш Сеиловна

ІІІ орын - Кензикеева Ксения № 93 (90,6 ұ.)- Ахнаева Бахыт Женисовна

9 сыныптар арасында:

І орын Визнович Юлия № 93 (95,6 ұ.)-Мойылбекова Раушан Аубакировна

ІІ орын Ерёмина Валерия №97 (94,3 ұ.)-Жургимбекова Камарья Табынбековна

ІІІ орын Ким Анастасия №38 (92,3 ұ.)- Аймаганбетова Гульзат Кенжебаевна

^ 10 сыныптар арасында:

І орын Пак Александра № 93 (93 ұ.) - Бейсембаева Клара Зейнекешовна

ІІ орын Васильченко Ольга №93 (88 ұ.)-Мустафаева Гульжамал Шакеновна

ІІІ орын Коновалова Александра № 15(75,6 ұ.)- Кошерханова Айман Нурмагамбетовна

^ 11 сыныптар арасында:

І орын Лаисцева Анастасия №38 (94 ұ.)-Мамежанова Гульнар Маннановна

ІІ орын Грознова Ольга №93 (93 ұ.)-Кубекова Куралай Тулепбергеновна

ІІІ орын Надькина Екатерина Т/л (84 ұ.)-Ахмедиева Бахыт Зейнулаевна


Жеңімпаздар:




Сыныптар

барлығы

мектептер

8

9

10

11

Инновациялық

100 %

100 %

91, 6 %

100 %

91,6 %

Жалпы білім беру

0 %

0 %

8,3 %

0 %

8,3%


Ең үздік ондық:



Мектептер

Сыныптар

Барлығы

8

9

10

11

Инновациялық

14,2%

71,4%

42,8%

28,5%

39,2%

Жалпы білім беру

85,7%

28,5 %

57,1 %.

71,4%

60,7%

Мемлекеттік емес мекемелер

0 %

0 %

0 %

0%

0 %


Қорытынды:

  1. 1 тур тапсырмаларын орындау барысында оқушылар мазмұндама жазу талаптарын білмейді: жоспар құрылмайды;

  2. Мазмұндама жазуда ой жүйесі, бірізділігі сақталмау, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің сақталуы ескерілмеу, өз ойларын айта алмау, мәтін мазмұнын түсінбеу кездесті;

  3. Ауызекі тілді жетік білетін оқушылардың грамматикалық сұрақтардан сүрінуі жиі кездеседі;

  4. Оқушылардың басым көпшілігінің теориялық білімдері таяз (синтаксистік, морфологиялық, фонетикалық талдаулар).

  5. Жаттаған өлеңдерінің басым көпшілігі бағдарламалық материал болып келеді және көпшілігі жатқа айтудың орнына мәнерлеп оқумен ғана шектелген

Ұсыныстар:

  1. Олимпиадаға мектептен 1 баладан артық қатыстырмау (бұл ереже өткен жылы 1-ші орын алған балаға қатысты емес);

  2. Оқушылардың тілдік қорларын дамыту, сөйлемдерді стилистикалық ережелерге сәйкес құрып, талдауға дағдыландыру;

  3. Грамматикалық ережелерді игерудің, сауаттылықты дамытудың заман талабына сай инновациялық жолдармен жүргізу;

  4. Мәтінмен жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру.


«Ана тілі сұлтаны» байқауының қалалық кезеңі болып өтті. Байқауға қала мектептерінен 25 бала қатысып, түрлі өнер көрсетті. Сайыскерлер “Сәлем - сөздің атасы”, “Даналық ойдан дән ізде”, “Тарих айнасы”, “Ақылың болса, сөз тыңда”, “Жігітке жеті өнер де аз” бағыттары бойынша бақ сынасып, мықтылары сытылып, алға шықты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған сұлтандар:

І орын – Саматов Нұрбол, № 91 ОМ оқушысы;

ІІ орын – Саяшев Бекзат, № 137 ОМ;

Рымкулов Нұрсұлтан, № 65 ОМ;

ІІІ орын – Мухитов Данияр, № 9 гимназия;

Мукарамов Ерболат, № 15 ОМ;

Гайнуллаев Ислам, № 25 ОМ.


XІІ қалалық «Абай оқулары» байқауы:

XІІ қалалық Абай оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

- «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы.

- «Көңілім әнді ұғады» –Абайдың әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсы.

- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» –жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер).

Әділқазылар алқасы мүшелері:

1.Саханова Тұрсын Қадырбаевна - №86 орта мектеп мұғалімі

2. Абзалбекова Ардақ Тілеуғабыловна - №15 орта мектеп мұғалімі

5. Алпысбаева Асем Рахимовна - №48 орта мектеп мұғалімі

6. Сағындықова Назым Жолдыбаевна - №58 орта мектеп мұғалімі

7.Нұрмаганов Бақытжан Амантайұлы - №25 орта мектебінің мұғалімі

8. Жуматова С.М. - №77 МББК музыка пәні мұғалімі

9. Топаева Айнұр Жасқайратовна, Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту және қолдану бойынша бас маманы.

Қатысушылар саны: өлеңдерді жатқа айтушылар – 42, әншілер – 37, өз шығармашылығымен қатысушылар – 14, барлығы 93 оқушы.

Жеңімпаздар:

«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша:

І орын – Уматов Мухаммадсидик, № 97 гимназияның 9 сынып оқушысы;

ІІ орын – Кузьмина Анна, №45 гимназияның 7 - сынып оқушысы;

ІІ орын – Ткаченко Юлия, №66 ОМ 10 - сынып оқушысы;

ІІІ орын – Мурина Антонина, №9 гимназияның 9 - сынып оқушысы;

ІІІ орын – Тесля Ксения, №33 ОМ 9 - сынып оқушысы;

ІІІ орын – Ткаченко Елизавета; №32 ОМ 8 – сынып оқушысы.

«Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша:

І орын – Эккарт Анна, № 77 МББК 9-сынып оқушысы;

ІІ орын – Мак Кристина, №81 ОМ 7- сынып оқушысы;

ІІ орын – Коннова Валерия, №86 ОМ 9-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Дремова Екатерина, № 45 гимназияның 9-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Попов Александр, №66 ОМ 5-сынып оқушысы ;

ІІІ орын – Чернова Екатерина, техникалық лицейдің 10-сынып оқушысы.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша:

І орын – Матияшина Екатерина, №16 ОМ 7-сынып оқушысы;

ІІ орын –Шыныбек Балнұр, №93 гимназияның 8-сынып оқушысы;

ІІ орын – Абекенова Аида, №1 гимназияның 7 сынып оқушысы

ІІІ орын- Феодориди Татьяна, №74 ОМ 7-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Брюховецкий Владислав, №66 ОМ 10-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Климпарская Кристина, №86 ОМ 8-сынып оқушысы.


ІІІ қалалық «Халық ауыз әдебиеті әлеміне саяхат» байқауы:

    1. Байқау 4 бағыт бойынша өткізіледі:

1. «Сәлем - сөздің атасы» (3 минут)

Туған жерін, оқитын мектебін көркем ой, кестелі сөзбен суреттеу арқылы өзін таныстыру.

2. «Даналық ойдан дән ізде» (3 минут) Берілген тақырыптар бойынша мақал-мәтелдер айту: «Отан», «Туған жер», «Білім, ғылым», «Адамгершілік», «Ынтымақ, бірлік», «Еңбек», «Батырлық», «Тіл өнері».

3. «Ақылың болса, сөз тыңда» (3 минут)

Қазақ хан, би, шешендерінің ұлағатты сөздерін нақышына келтіре, мәнерлеп жатқа оқу.

4. ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-ұраным!» тақырыбында тарихи жырлардан қойылым көрсету (10-15 минут).

Әділқазылар алқасы:

  1. Төрайымы –Қалалық ББ әдіскері Алтайбаева Толқын Қапашовна

Мүшелері:

  1. Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту және қолдану бойынша бас маманы Топаева Айнұр Жасқайратовна;

  2. Аринов Өрікбай Серикович, №32 ОМ;

  3. Нұрмағамбетова Торғын Амангельдиневна, №51 ОМ;

  4. Сембаева Гүлнар Сембаевна, № 77 ОМ;

  5. Абишева Динара Жоланбаевна, №9 МГ;

  6. Ахнаева Бахыт Женисовна, № 93 МГ;

  7. Ахметова Назгүл Шайхатовна, №1 МГ;

  8. Адамов Даурен Калымкулович, № 87 ОМ;


Жеңімпаздар:

І орын - № 95 гимназияның оқушылар тобы;

ІІ орын - № 93 гимназияның оқушылар тобы;

№ 101 мектеп-лицейінің оқушылар тобы;

ІІІ орын -№ 97 гимназияның оқушылар тобы;

№ 63 ОМ оқушылар тобы;

№ 65 ОМ оқушылар тобы.


^ VІ қалалық оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы:

    1. № 87 ОМ қабырғасында өткізілді. Конференция 5 бағыт бойынша өткізіледі: әдебиеттану, этномәдениет, қазақ тіл білімі, экология, Қазақстан (туған жер) тарихы.

Әділқазылар алқасының мүшелері:

төрайымы – Қалалық ББ әдіскері Алтайбаева Т.Қ.

мүшелері:

Асқарова Жанат Тоқташевна, № 45 гимназия мұғалімі;

Елеусізова Әзира Бекжанқызы, № 87 ОМ директордың орынбасары;

Мұсатаева Салтанат Турсыновна, № 17 ОМ мұғалімі;

Нұрфазылова Салтанат Гайнуллина, № 97 гимназия мұғалімі.

    1. Іріктеу турына 20 жұмыспен 21 оқушы қатысты, олардың 13 жұмысы қорғауға жіберілді. Әділқазылар алқасы мүшелерінің шешімімен келесі жеңімпаздар анықталды:

І орын – Садибекова Малика, №137 ОМ оқушысы;

ІІ орын – Әлкенов Әлібек, №74 ОМ оқушысы;

ІІ орын – Махатова Диана, №64 ОМ оқушысы;

ІІІ орын – Новохатская Виктория, №17 ОМ оқушысы;

ІІІ орын – Мухаметжанова Мадина, №45 гимназияның оқушысы.


Өткізілген іс-шаралар бойынша ұсыныстар:

  • Оқушылардың сырт пішіндерінің эстетикадан алшақ болмауына: кең, ұзын, үлкен костюм, киімі мен бас киімінің сәйкес келуіне, киімінің рөлге, жас ерекшелігіне сай болуына назар аудару;

  • Артистизмнің жоғары деңгейде болуына: жаттаған шығармаларын нақышына келтіріп, эмоциялы айту, іс-әрекеттің мәтін оқиғасына сәйкес келуіне көңіл бөлу;

  • Сахна мәдениетін сақтау: көрермендерге теріс қарап тұрмау, дауыс ырғағының жоғарылығы, шұғыл іс-әрекеттер жасамау және т.б.;

  • Ұйымшылдық пен тәртіпке тәрбиелеу;

  • Қорғалатын ғылыми жұмыстардың, жобалардың оқушылардың жас ерекшелігіне сай болуы, жұмыстардың рәсімделу ережесіне сәйкестігіне: әсіресе жұмыстың өзектілігі мен жаңалығының көрсетілуі, белгілі бір өнімінің болуына аса назар аудару.


^ Педагогтарға арналған іс-шаралар:

І. 2010 жылдың әдістемелік жұмысын 24 желтоқсан күні «Қазақ әдебиетінің тиімді әдіс-тәсілдері» фестивалі өтті. Фестивальға қала мектептерінен 14 мұғалім тапсырыс беріп, 13 мұғалім қатысты. Бұл жылғы қатысушылардың деңгейі де, тақырыптары да, дайындық деңгейі де әр түрлі болды. Фестивальдің жеңімпаздары

І орын – Баграмова Гүлшат Тлеуқабылқызы, № 66 ОМ;

ІІ орын – Ташпулатова Ақмарал Унербаевна, № 4 МИ

Базарбаева Заказ Оспановна, № 16 ОМ

ІІІ орын – Акимова Шамшия Кажкеновна, № 16 ОМ

Ахтаева Сабира Далбаевна, № 77 МББК Қарағанды қаласының білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталса, қатысқан өзге мұғалімдерге алғыс хаттар берілді:

Ахметбекова Ғайнеш Маликзадиновна, № 82 ОМ;

Нұрфазылова Салтанат Ғайноллаевна, № 97 гимназия;

Имангалиева Айман Каригуловна, № 45 гимназия;

Оспанбай Талғат Оспанбайұлы, техникалық лицей;

Абишева Динара Жоланбаевна, № 9 гимназия;

Ысқақов Мейрамбек Ризханұлы, № 101 мектеп-лицей;

Жақыпбекова Бақыт Оразбайқызы, № 101 мектеп-лицей;

Рахимжанова Мейраш Толеуқадыровна, № 95 гимназия


ІІ. Қарашаның 12-сі күні № 81 мектеп ғимаратында қаламыздың мектепішілік әдістемелік бірлестіктері арасында «Ең үздік ӘБ» көрмесі өткізілді. Көрмеге қатысқан 19 бірлестік арасында бекітілген ережеге сай шығармашыл ӘБ, белсенді ӘБ, жаңашыл ӘБ, жас мамандармен жұмысы озат ӘБ (немесе жақсы тәлімгер ӘБ), құжат рәсімдеуде үздік ӘБ, тәжірибелі ӘБ жетекшісі, тұрақты ӘБ жетекшісі, мектептің ӘБ белсенді мүшесі сияқты бағытқа сай бірлестіктер анықталуы қажет болатын. Іріктеу кезеңінен тек 9 бірлестіктің құжаты сытылып шықты. Олар: № 3, 9, 38, 93, 97 гимназиялар, № 101 лицей, № 25, 33, 77 мектептер. Байқаудың жеңімпаздары Қарағанды қаласының білім бөлімінің дипломдарымен (Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің үздік әдістемелік бірлестігі көрмесінің ережесіне сәйкес) марапатталды:

№ 38 гимназияның ӘБ – «Құжат рәсімдеуде үздік, шығармашыл ӘБ» номинациясы бойынша;

№ 97 гимназия ӘБ – «Белсенді ӘБ» номинациясы бойынша;

№ 93 гимназия ӘБ – «Жаңашыл, кәсіби шеберлігі жоғары ӘБ» номинациясы бойынша;

№ 101 мектеп лицейі ӘБ жетекшісі Сатбекова Күләш Мұхаметбековна – «Тәжірибелі ӘБ жетекшісі» номинациясы бойынша;

№ 33 ОМ ӘБ жетекшісі Сатыбалдина Дина Кабаевна – «Тұрақты ӘБ жетекшісі» номинациясы бойынша;

«Мектептің ӘБ белсенді мүшесі» номинациясы бойынша № 25 ОМ мұғалімі Сәметова Бибігүл Зұфаровна;

Көрмеге қатысып, номинацияға ілікпеген мектептердің ӘБ № 3, 9 гимназия, № 54, 78, 77, 13, 66, 81, 17, 82, 64, 44, 74 ОМ қатысушы сертификаттарымен марапатталды.


ІІІ. ^ 2011 жылғы 25 ақпанында орыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдері арасында ІІ қалалық «Мемлекеттік тілді оқытудың медиа-сабақтары» фестивалін өткізілді. Фестивальдің бағыттары:

1-номинация. Теле-радио сабақтар.     

2-номинация. Бейне-аудио сабақтар.     

3-номинация. Электрондық оқу құралдар.     

4-номинация. Интернет сабақтар және қашықтан оқыту курстар.     

Әділқазылар алқасының мүшелері:

Қазылар алқасының төрайымы – Нұрғалиева Төлеуғайша Ноқатовна, Облыстық тіл басқармасының бас маманы

Қазылар алқасы мүшелері:

  1. Бағжанова Баян Нұрланбековна, № 101 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

  2. Хасенова Гүлсім Төкеновна, № 13 орта мектебі директорының орынбасары;

  3. Ахтаева Сабира Далбаевна, № 77 МББК-нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

  4. Алтайбаева Толқын Қапашовна, Қарағанды қаласының ББ әдіскері

Жеңімпаздар:

І орын – Талдыбаева Панаш Секеновна №54 ОМ;

ІІ орын – Ахметова Маржан Адиловна №86 ОМ

Мардашова ЭльмираМаулетовна №13 (Ақтас кенті);

ІІІ орын – Базылжанова Мақпал Сериковна №13 ОМ марапатталсын.
ІV. Оқу үрдісінде интерактивтік құрал-жабдықтарды қолданысқа енгізу және кеңінен пайдалану мақсатында Әдістемелік кабинет флипчарттар байқауын ұйымдастырды, оған қала мектептерінің 6 қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі қатысып, жүлделі 3 орынды №97 гимназия мұғалімі Нұрфазылова С.Г. иеленді, қатысқан мұғалімдер қатысушы сертификатын алды.


Өзге де байқаулар:

  1. Фестиваль «Халықтар достығы» - 21.09.2010;

  2. Көрме «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің үздік ӘБ»

  3. «Жарқын болашақ» байқауы, ұлты өзге 5-11 сыныптар арасында - 14.01.2011;

  4. «Тіл – халық жанын танудың кілті» 14-22 жас жастар арасындағы байқау – 30.03.2011;


Жылдық жұмысқа қорытынды жасай келе мынадай проблемалар анықталды:

  • Мұғалімдердің талдау әрекетінің төмендігі;

  • Мұғалімдердің АҚТ жеткіліксіз қолдануы;

  • Қазақ әдебиеті сабақтарының бір сарында және төмен деңгейде жүргізілуі;

  • Мектептердегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ әрекеті жүйесінің жеткіліксіз деңгейі, оның талдау мен мониторингке сәйкес жоспарланбауы;

  • Жас мамандармен жұмыстың әлі де болса жеткіліксіздігі;

  • Қазақ тілі және әдебиеті пәні кабинеттерінің әдістемелік жағынан әлсіз жабдықталуы.


Жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер:

 

  • Сабақтарды беру сапасын жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану, педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізінде арттыру;

  • Қазақ тілін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесін енгізу: қала мектептері мұғалімдерінен шығармашылық топ құру, күнтізбелік-тақырыптық жоспар құру, қала мектептерінің 1-11 сыныптарына арналған оқу-әдістемелік кешен даярлау, озық педагогикалық тәжірибені тарату, жалпылау;

  • Жас мамандармен жұмысты жетілдіру;

  • Оқу-әдістемелік құралдар мен өзге материалдарды қазіргі заманғы ғылым мен педагогика және психология талаптарына сай дайындау;

  • Оқыту мен тәрбиелеудің қолда бар және жаңа әдістерін, технологияларын қолдануды жетілдіру, оқу үрдісіне озық іс-тәжірибені, жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды жалғастыру;

  • Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында АҚТ кеңінен қолдануды, деңгейлеп оқытуды қамтамасыз ету;

  • МАБ, ҰБТ-ге дайындық деңгейін арттыру, құжаттары мен материалдарын жүйеге келтіру;

  • Оқу кабинеттеріндегі әдістемелік материалдарды жүйелеу, дамыту.



Әдіскер Алтайбаева Т.К.



Похожие:

Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау iconОрыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті пәні қалалық әдістемелік бірлестігінің 2012-2013 оқу жылына жұмыс жоспары

Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау icon102 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау icon105 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау icon103 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау icon104 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау icon101 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау icon2009 ж. қаңтар айының 23-і күні оқу қазақ, орыс тілінде жүргізілетін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін «Ұстаз шеберханасы»
Конкурстың мақсаты-аттестациядан өтетін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін анықтау
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау iconОрыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдері туралы мәліметтер

Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау iconБілім беру грантының иегерлері бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда») жарияланады
Жоо-ға 70 балдан кем жинамау керек, соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған пәндерден...
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау iconОрыс мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдеріне арналған мәліметтер
Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы