Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым) icon

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым)



НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым)
страница1/3
Дата конвертации08.02.2013
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы «25» маусымдағы

№ 255-ө-м бұйрығымен бекітілді


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым)


1-бөлім. Жалпы ережелер


1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (62-шығарылымы) (бұдан әрі БТБА) «Тұрмыстық қызметтер саласындағы жұмыстар» бөлімінен тұрады.

2. Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарылататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.

3. Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамалары «Жұмыс сипаттамасы» және «Білуге тиіс» бөлімдерінен тұрады. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиісті жұмыстардың сипаттамасын қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуіне қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

4. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшы кәсібінің осы разрядына тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиіс барлық жұмыстарды қамтымайды. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші айрықшалықтарды ескере отырып, жұмысты орындау күрделілігіне сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбелерін әзірлей алады, олар тиісті разрядтағы жұмысшы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында бар.

5. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға тиіс.

6. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыстың (қызметтің) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, брак түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың тәсілдерін, өндірістік дабылдатуды білуге тиіс.

7. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, анағұрлым біліктілігі төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында әдетте, көрсетілмейді.

8. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық–құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде міндетті болып табылады.

9. Қызметкердің еңбек кітапшасын толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіште қосымша көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

11. «Тұрмыстық қызметтер саласындағы жұмыстар» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 1987 жылғы редакциясында берілген.


2-бөлім .Тұрмыстық қызметтер саласындағы жұмыстар


1. Іш киімдерді кептіру қондырғыларының аппаратшысы


Параграф 1. Іш киімдерді кептіру қондырғыларының аппаратшысы, 2-разряд


12. Жұмыс сипаттамасы:

іш киімдер мен бұйымдарды кептіру машиналарында (барабандарда) және кулисті кептіру шкафтарында кептіру;

радиоактивті заттармен ластанған мақта-мата және лавсанды арнайы киімдерді кептіру машиналарында (барабандарда) және кулисті кептіру шкафтарында кептіру;

кептіру барабандары мен кулистерді жұмысқа дайындау;

ішкиім мен бұйымдарды барабандарға салу;

кептіру кулистерінде белгіленген тәртіппен ілу;

ішкиім мен арнайы киім түрлерін кептіру ұзақтығын анықтау;

кептіру процесін тексеру, кептіру барабандары мен кептіру шкафтарындағы температуралық режимді бақылау;

ішкиім мен арнайы киімді, бұйымдарды кептіру барабандарынан алу және кірді кептіру кулистерінен түсіру;

кепкен киімдердің ылғалдылығын анықтау;

дезактивациялау цехынан қабылданған арнайы киімнің радиоактивті заттармен ластану деңгейін қабылдау-тапсыру құжаттарына сәйкес анықтау.

13. Білуге тиіс:

радиоактивті заттармен ластанған мақта-мата және лавсанды арнайы киімдерді кептіру машиналарында (барабандарда) және кулисті кептіру шкафтарында кептіру технологиясын;

кептіру барабандары мен шкафтарының типтерін;

іш киімдер мен бұймдарды кептіру барабандары мен кулистерге салу нормаларын;

кептіру барабандары мен кулистерді құрылымы мен жұмыс принципін, кептіру жабдығы пайдалану ережесін;

радиоактивті заттармен жұмыс істеудің санитарлық ережесін.


Параграф 2. Іш киімдерді кептіру қондырғыларының

аппаратшысы, 3- разряд


14. Жұмыс сипаттамасы:

пленкалы арнайы киімді және арнайы аяқ киімді барботаж ванналарында кептіру;

өлшеу аспаптары мен кептіру жабдығы көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру;

кептіргеннен кейін дозиметриялық бақылауға қатысу.

15. Білуге тиіс:

пленкалы арнайы киімді, жеке қорғану құралдары мен арнайы аяқ киімді кептіру технологиясын;

кептіру жабдығын пайдалану және тексеру ережесін;

стационарлық аспаптарда өлшеу әдістерін;

радиоактивті заттармен жұмыс істеудің санитарлық ережесін;

материалдардың қасиеттерін, кептірудің жылу режимін және қауіпсіздік техникасы ережесін.


2. Химиялық бояу аппаратшысы


Парараф 1. Химиялық бояу аппаратшысы, 3-разряд


16. Жұмыс сипаттамасы:

бұйымды органикалық ерітінділермен өңдеу және оларды қолмен немесе автоматты басқарылатын химиялық бояу машиналарында арнаулы препараттармен сіңірмелдеу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу;

бактардағы ерітіндінің деңгейін анықтау және қажетіне қарай оны толтыру;

сүзу ұнтағын сүзгі элементтерін жағу;

бұйымдарды ілеспе құжатта бойынша қабылдап алу және оны жұмыс орнына жеткізу;

өндірістік партияның салмағын тексеру;

ерітіндіні дистилляциялау;

бұйымды келесі технологиялық операцияға жіберу.

17. Білуге тиіс:

өңдеуге келіп түсетін бұйымдардың ассортименті мен маркировкасын;

материалдардың түрі мен талшық құрамын;

химиялық тазалау машиналарының құрылымы, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін;

дистилляциялау қондырғысының негізгі тораптарының нысанын,бұйымды органикалық ерітінділермен өңдеудің технологиялық процесін;

бұйымды салу және түсіріп алу ережесін, органикалық ерітінділердің бұйымға әсерін: фурнитура мен өңдеу материалдарын.


Параграф 2. Химиялық бояу аппаратшысы, 4-разряд


18. Жұмыс сипаттамасы:

бұйымды органикалық ерітінділермен өңдеу және оларды қолмен немесе автоматты басқарылатын химиялық тазалау машиналарында;

сондай-ақ өзіне өзі қызмет көрсету учаскелеріндегі химиялық тазалау аппараттарында арнаулы препараттармен сіңірмелдеу процесін жүргізу;

белсендірілген көмірді адсорберде регенерациялау;

бұйымның ластану деңгейіне, ассортименті мен түсіне, түріне, талшық құрамына және материалдың тығыздығына қарай өңдеудің технологиялық режимін анықтау;

техника қауіпсіздігі және машинаны пайдалану ережесі бойынша клиенттермен нұсқаулық өткізу;

клиенттердің бұйымдарды дұрыс жинақтауын, оларды салуы мен алуын бақылауды жүзеге асыру;

тапсырысты немесе түбіртекті касса ведомосына тіркеу, өңдеу үшін прейскурантқа сәйкес ақы алу, жетондарды беруі, қажетті құжаттаманы ресімдеу және түскен ақшаны белгіленген тәртіппен өткізу;

жабдықтың жұмыс есебі жөніндегі журналды, ертінді шығысының есебін жүргізу.

19. Білуге тиіс:

химиялық тазалау машиналарының құрылымын,техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін;

бұйымды органикалық ерітінділермен және арнаулы препараттармен өңдеудің технологиялық процесін;

өндірістік партияларды жинақтау ережесін;

органикалық ерітінділердің, сіңірмелеу ерітінділерінің қасиеттерін және олардың бұйымға әсерін,фурнитура мен өңдеу материалдарын, сіңірмелеу ертінділерін дайындау ережесін;

қолданылатын химиялық материалдардың шығыс нормасын, бұйымның өңделу сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 3 Химиялық бояу аппаратшысы, 5-разряд


20. Жұмыс сипаттамасы:

бұйымды органикалық ерітінділермен өңдеу және оларды бағдарламалы басқарылатын химиялық тазалау машиналарында, арнаулы препараттармен сіңірмелдеу процесін жүргізу;

таңдалған технологиялық режимге сәйкес бағдарлама картасын іріктеу және оны құрылғыға орнату;

біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшының жұмысына басшылық ету.

21. Білуге тиіс:

орнатылған қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын;

техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін;

автоматиканың, бақылау-өлшеу аспаптарының, сүзгінің, дистиллятордың, суды айырғыштың және машинаның, адсорбциондық қондырғының басқа да тораптарының құрылымы жүйесін, бағдарламалық карталарды іріктеу принципін және технологиялық процестің жекелеген сатыларының ұзақтығын реттеу тәсілдерін.


3.Кілем бұйымдарды тазалау аппаратшысы


Параграф 1. Кілем бұйымдарды тазалау аппаратшысы, 3 разряд


21. Жұмыс сипаттамасы:

кілем бұйымдарды өңдеу процесін шаңсыздандыру машиналарында жүргізу;

бұйымдарды ілеспе құжаттар бойынша қабылдап алу және жұмыс орнына жеткізу;

бұйымдарды түрлері, көлемі және талшық биіктігі бойынша сұрыптау.

22. Білуге тиіс:

шаңсыздандыру машиналарының құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін;

кілем бұйымдарды өңдеудің технологиялық процесін,кілем бұйымдарды шаңсыздандыру сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 2. Кілем бұйымдарды тазалау аппаратшысы, 4-разряд


23. Жұмыс сипаттамасы:

кілем бұйымдарды өңдеу процесін кептіру және булаушы қондырғыларда жүргізу, өңдеу сапасын бақылау;

материалдың түріне, талшық құрамына және қарай кетіру мен булаудың технологиялық режимін анықтау;

талшық пен кистілерді қолмен щеткамен тарау;

бұйымды экспедиция бөлімшесіне тапсыру.

24. Білуге тиіс:

өңдеуге келіп түскен кілем бұйымдардың ассортиментін;

түрі мен талшық құрамын, орнатылған жабдықтың құрылымын;

техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін;

кілем бұйымдарды өңдеу мен кептіруің технологиялық режимін;

кілем бұйымдарды өңдеудің сапасына қойылатын талаптарды.


Параграф 3. Кілем бұйымдарды тазалау аппаратшысы, 5-разряд


25. Жұмыс сипаттамасы:

кілем бұйымдарды өңдеу процесін жуу машиналарында жүргізу;

кілем бұйымдарды арнаулы препараттармен сіңірмелеу;

жуу және арнаулы сіңірмелеу ертінділерін белгіленген рецептура бойынша дайындау;

кілем бұйымдардың түріне және ластану деңгейіне қарай өңдеудің технологиялық режимін анықтау;

орнатылған жабдықты профилактикалық қарауға және техникалық қызмет көрсетуге қатысу.

26. Білуге тиіс:

жуу машиналарының құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін;

кілем бұйымдарды өңдеудің және арнаулы ерітінділермен сіңірмелеудің технологиялық режимін;

жуу және арнаулы сіңірмелеу ертінділерін дайындау ережесін және олардың бұйымға әсерін, бұйымдарды өңдеу сапасына қойылатын талаптарды.


4. Мамық-қауырсын бұйымдарды тазалау аппаратшысы


Параграф 1. Мамық-қауырсын бұйымдарды тазалау

аппаратшысы, 4-разряд


27.Жұмыс сипаттамасы:

мамық пен қауырсынды өңдеу процесін мамық-қауырсын бұйымдарды тазалауға арналған машиналарда жүргізу;

бағдарламалық картаны іріктеу және оны бағдарламалы құрылғыға орнату;

арнаулы ертінділерін белгіленген рецептура бойынша дайындау;

бұйымды ілеспе құжат бойынша қабылдау және жұмыс орнына жеткізу;

бұйымды өлшеу;

астар жіктерін сөгу;

мамық пен қауырсынның жай-күйіне қарай өңдеудің технологиялық режимін анықтау;

мамық пен қауырсынды астарға бөліп салу;

жабдықтың жұмысы жөніндегі журналды жүргізу;

бұйымды келесі технологиялық операцияға тапсыру.

28. Білуге тиіс:

мамық-қауырсын бұйымдарды тазалауға арналған машиналардың құрылымын;

техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін;

өңдеудің технологиялық режимін, бұйымды салу және түсіріп алу ережесін;

арнаулы ертінділерін дайындау ережесін;

қолданылатын химиялық материалдардың шығыс нормасын,бұйымдарды өңдеу сапасына қойылатын талаптарды.


5. Үтіктеуші


Параграф 1. Үтіктеуші, 1-разряд


29. Жұмыс сипаттамасы:

бұйымдарды қолмен үтіктеу үшін бүріккішпен немесе қолмен ылғалдандыру;

бұйымды ылғалдауға арналған бүріккіштің жарамдылығын немесе бұйымды қолмен ылғалдауға қажетті айлабұйымның болуын тексеру;

жұмыс орны мен бұйымдарды жинауға арналған стеллаждардың немесе ларьдың болуын тексеру;

жол талонының болуын тексеру;

заттарды стеллаждарға немесе ларьға салу.

30. Білуге тиіс:

үтіктеудің және заттарды үтіктеуге дайындаудың қолданыстағы технологиялық ережесін,

заттардың цехтағы жылжуы жөніндегі өндірістік құжаттаманы;

бүріккіштердің құрылымын және пайдалану ережесін, түрлі бұйымдар мен заттардың жол берілетін шекті ылғалдылық процентін,заттарды бүктеудің және ораудың ережесін;

ақ және түсті киімнің бөгу ұзақтығын.


Параграф 2. Үтіктеуші, 2 разряд


31. Жұмыс сипаттамасы:

тік және фасонды, мақта-мата, крахмалданған және крахмалданбаған киімдерді әртүрлі жүйедегі электр үтікпен үтіктеу;

киімді үтіктеудің технологиялық кезектілігін анықтау;

матаның түріне сәйкес үтіктің жұмыс табанының қызу температурасын анықтау;

ылғалды киімді жазу және үстелге салу;

электр үтікті қыздыру температурасын реттеу;

бракты анықтау және жою;

заттарды белгіленген тәртіппен бүктеу;

заттарды механикалық немесе қол таптауышпен таптау.

32. Білуге тиіс:

киім ассортиментін, матаның түрлері мен қасиеттерін,мақта-мата киімді қолмен үтіктеудің технологиялық процесін;

үтіктеуге келіп түскен киімнің ылғалдау деңгейін, крахмалданған және крахмалданбаған киімдерді үтіктеу үшін үтіктің жұмыс табанының қызу температурасын анықтау жолдарын;

үтіктегеннен кейін киімді дұрыс бүктеу ережесін,әртүрлі жүйедегі электр үтіктердің құрылымы мен пайдалану ережесін;

үтіктеу үстелдерінің типтерін,олардың мөлшері мен оларға қойылатын талаптарды;

киімді қосымша ылғалдауға арналған бүріккіштің құрылымын,брактың түрлерін және олардың алдын алу жолдарын;

жекелеген өндірістік партия киімдерін үтіктеудің кезектілігін.


Параграф 3. Үтіктеуші, 3-разряд


33. Жұмыс сипаттамасы:

тік крахмалданған және крахмалданбаған киімдерді каландрларда, бу, электр және вакуумды таптауыштарда, фасонды крахмалданған және крахмалданбаған киімдерді престерде үтіктеу;

машиналардың жұмыс бетін тегіс пайдалану үшін киімнің тиісті ассортиментін іріктеу. Киімді таптауыштың қыспа валиктеріне немесе каландрдың кірме транспортеріне қыртысын жаза отырып беру, тақта жастықшасындағы киімді жазып салу, үстіңгі тақтаның қысу күшін реттеу, ерлердің көйлектерін механикалық бүктегішпен бүктеу;

жүннен, жібектен және синтетикалық маталардан жасалған киімдер мен бұйымдарды, тоқыма бұйымдарды, қатты және айрықша қатты крахмалданған ерлердің көйлектерін мен басқа да заттарды электр үтікпен үтіктеу;

жүн, жібек және синтетикалық маталардан жасалған киімдер мен бұйымдарды, тоқыма бұйымдарды, қатты және айрықша қатты крахмалданған ерлердің көйлектерін үтіктеудің технологиялық кезектілігін анықтау;

матаның түріне сәйкес үтіктің жұмыс табанының қызу температурасын анықтау;

ылғалды киімді жазу және үстелге салу;

электр үтікті қыздыру температурасын реттеу;

радиоактивті заттармен ластанған мақта-мата және лавсанды арнайы киімдерді радиоактивті заттармен ластанудың сипатына, түріне және дәрежесіне қарай технологиялық кезектілігін сақтай отырып үтіктеу;

әр затты қарап тексеру;

арнайы киімді пульвелизатордың көмегімен қосымша ылғалдау. .

34. Білуге тиіс:

каландрларда, бу, электр және вакуумды таптауыштарда үтіктеуге жататын киімнің ассортиментін;

сондай-ақ қолмен үтіктеуге жататын жүннен, жібектен және синтетикалық маталардан жасалған киімдер мен бұйымдардың ассортиментін;

мата түрлерін және олардың үтіктеу кезіндегі қасиеттерін, технологиялық процесс ережесін;

жүн бұйымдарды буландыру тәсілдерін, үтіктелген киімді берудің және бүктеудің ережесін;

каландрлардың, бу, электр және вакуумды таптауыштардың нысанын және құрылымын, олардың негізгі бөліктерінің өзара әрекетін;

үтіктеу машиналарының буын қалыпты қысымдау параметрлерін, каландрлардың, бу, электр үтіктердің және вакуумды таптауыштардың, пресс тақталарының жұмыс бетін қыздыру температурасын;

киімнің түріне қарай машиналардың өткізу қабілетін, машиналарды өндірістік-техникалық пайдалану және оларды күтіп баптау ережесін;

киімнің өндірістік партиясының ілеспе құжаттарын, брак түрлерін және олардың алдын алу әрі жою тәсілдерін;

мақта-матаның қасиеттерін, радиоактивті заттармен ластанған арнайы киімді үтіктеу технологиясын. радиоактивті заттармен жұмыс істеудің санитарлық ережесін.


Параграф 4. Үтіктеуші, 4-разряд


35. Жұмыс сипаттамасы:

киімдерді автоматтандырылған вакуум-таптауыштарда, будың қысымы мен температурасына қарай вакуум-таптауыштардың жылдамдығы мен үтіктеуші бетінің температурасын реттей отырып үтіктеу;

фотоэлемент жұмысын қадағалау;

фотоэлемент көзін тазалау;

ерлердің көйлектерін манекенді престерде үтіктеу;

манекенді пресс тақталарының қызу температурасын анықтау;

бұйымдарды пресс жастықшасына салу және көйлектің жағасы мен жеңдерін үтіктеу;

көйлек корпусын манекенге кигізу және оны үтіктеу кабинетіне салу;

манекенді пресстің автоматика жүйесі клапандарының жұмысын реттеу.

36. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін вакуум-таптауыштар мен манекенді престердің нысаны мен құрылымын, автоматтандырылған вакуум-таптауыштар мен манекенді престерде киімді үтіктеудің технологиялық процесін жүргізу ережесін;

престердің қалыпты қысымы параметрлерін,таптауыштар мен пресс тақталарының үтіктеуші беті қыздыру температурасын;

киімді манекенді престерге берудің ережесін және үтіктелген киімді бүктеудің тәртібін;

престерді өндірістік-техникалық пайдалану және оларды күтіп баптау ережесін;

брак түрлерін және олардың алдын алу әрі жою тәсілдерін.


6. Сәнді шаш үлгерін көрсетуші


Параграф 1. Сәнді шаш үлгерін көрсетуші, 2-разряд


37. Жұмыс сипаттамасы:

конкурстар мен семинарларда сәнді шаш үлгілерін көрсету;

жаңа шаш үлгілерін жасау жөніндегі эксперименттерге қатысу;

сүретшілерге, сондай - ақ фото – кино түсірулер үшін кейіп көрсету.

38. Білуі тиіс:

шаш үлгілерін көрсетудің ережелері мен әдістерін.


7. Киімдерді жиынтықтаушы


Параграф 1. Киімдерді жиынтықтаушы, 2-разряд


39. Жұмыс сипаттамасы:

ұйымдар мен жеке тапсырыс берушілердің таза киімдерін үтіктеуге дейін және одан кейін жиынтықтау және іріктеу;

тізілімде түбіртектің болуы және санын тексеру;

түбіртектерді іріктеу үстеліне белгіленген тәртіппен және кезектілікпен қою;

әр киімнің белгісін табу және осы затты тиісті түбіртекке қою;

өндірістік партияны іріктегеннен кейін шоты мен ассортименті бойынша әр киімнің болуын түбіртек бойынша тексеру;

түбіртектерді киім байламдарына салу.

40. Білуге тиіс:

киімнің өндірістік партиясының ілеспе құжаттарын, тапсырыс берушілерге белгі берудің тәртібін;

жекелеген киім түрлерінде белгі қойылатын жерді, мата ассортименті мен түрі бойынша киімнің атауын, таза киімді белгісі мен түбіртегі бойынша іріктеу және бүктеу ережесін;

өңделген киімнің сапасын анықтауды.


Параграф 2. Киімдерді жиынтықтаушы, 3-разряд


41. Жұмыс сипаттамасы:

жабдықтың ауысымдық өткізу қабілетіне сәйкес киімдерді өндірістік партияларға және жуу машиналарының сыйымдылығына орай шағын партияларға жиынтықтау;
  1   2   3



Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (16-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (16- шығарылым) «Медициналық...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым) «Полимерлі материалдар өндірісі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (12-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (12- шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Ремиз-берд өндірісі»...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (13-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (5 шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Қаңылтыр-банкі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (50-шығарылым) «Балық және теңіз...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (33-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (33 шығарылым) «Жасанды тері жасау өндірісі» бөлімінен...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (63-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (63-шығарылымы) (бұдан әрі бтба) «Қала, ауыл және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым) iconТарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57- шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Жарнамалық-безендіру...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (18-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) (18-шығарылымы) «Синтетикалық...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым) iconТарифтік біліктілік анықтамалығы (48-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (48-шығарылым) «Тамақ өнімдері...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы