«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» icon

«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы»



Название«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
Дата конвертации28.12.2012
Размер282.29 Kb.
ТипРегламент
источник


«Шығыс Қазақстан облысы

экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2010 жылғы « » желтоқсандағы

№ бұйрығымен

«БЕКІТІЛДІ»


«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

Р Е Г Л А М Е Н Т І


1. Жалпы ережелер


1. Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма) қызметін ұйымдастыру және ішкі тәртібі мәселелерін айқындайды.

2. Басқарма туралы ережені, оның құрылымын және штат саны лимитін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі бекітеді.

3. Басқарманың құрылымдық құжаттарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

4. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Регламентті басшылыққа алады.

Басқарма басшылығын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету ұйымдастыру-құқықтық бөлімге жүктеледі.


^ 2. Жұмысты жоспарлау


5. Басқарма жұмысы ағымдағы жоспарлауға сәйкес жүзеге асырылады.

Ағымдағы жоспарлау басқарманың, сондай-ақ оның бөлімдерінің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларынан тұрады.

6. Басқарма бөлімдері алдағы тоқсанға арналған жұмыс жоспарларын әзірлейді, оны алдыңғы тоқсанның соңғы айының 25-ші күнінен кешіктірмей басқарма бастығы (немесе бастықтың жетекшілік ететін орынбасары) бекітеді. Басқарма бөлімдерінің жұмыс жоспарларының көшірмелері басқарманың тиісті тоқсанға арналған жоспарын жинақтау үшін осы мерзімде ұйымдастыру-құқықтық бөліміне тапсырылады.

Бөлімдер ағымдағы жоспарлардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын басқарма бастығы атына тапсырып отырады. Бөлімдердегі жоспарлауды жүргізуді меңгерушілер мамандардың біріне жүктейді. Бөлімдердің жұмысын жоспарлау жөніндегі істердің жағдайына бөлім бастықтары жауап береді. Басқарма бастығының, оның орынбасарларының талап етуі бойынша бөлімдердің тоқсандық жоспарларды орындауы жөніндегі ақпарат өзге мерзімдерде, ауызша да, жазбаша түрде де тапсырылуы мүмкін.


^ 3. Жиналыстар және басқа да іс-шараларды дайындау

және өткізу тәртібі


7. Басқарма бастығының, бастықтың орынбасарларының, бөлім бастықтарының ұсыныстары бойынша бір айға ұйымдастыру-құқықтық бөлімі құрастырады.

Басқарма жиналыстарында қарауға жоспарланатын мәселелер тізбесі басқарма бастығымен бекітіледі. Бекітілген тізбе барлық басқамра бөлімдеріне таратылады.

8. Жиналыстарды дайындау және өткізу тәртібі басқарма регламентінде айқындалады.

9. Ресми іс-шаралар ұйымдастыруды басқарманың осы іс-шараны өткізуге жауапты бөлімі осы мәселеге жетекшілік ететін басқарма орынбасарларының, қатысуымен жүзеге асырады.

10. Кеңестер, мәжілістер және басқа да іс-шаралар ашық болып табылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.

11. Кеңестерді, мәжілістерді, кездесулерді және басқа да іс-шараларды басқарма бастығы не болмаса ол болмаған кезде басқарма бастығының міндетін атқарушы адам өткізеді. Жекелеген жағдайларда, салалық мәселелерді қарастырған кезде міндеттерді бөлуге сәйкес тиісті салаға жетекшілік ететін бастықтың орынбасарларының басшылығымен облыстық іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

12 Кеңестердің, іс-шаралардың ұзақтығы 45-60 минуттан аспауы тиіс. Мәселелерді одан әрі талқылау қажет болған жағдайда тікелей орындаушылар мен мүдделі адамдардың қатысуымен өткізілуі мүмкін.

13. Облыстық іс-шаралардың өткізілуіне жауапты басқарма бөлімдері жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей қатысушылардың ұсынылып отырған тізімін айқындайды, ол жетекшілік ететін басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы және оның орынбасарларымен келісуге жатады. Тізім шұғыл арада, 1 жұмыс күні ішінде қатысушы ретінде көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларына, сондай-ақ күн тәртібіне енгізілген мәселелер құзыретіне жататын басқарманың құрылымдық бөлімшелері бастықтарына жіберіледі.

14. Шақырылғандардың қатысуын басқарманың тиісті бөлімі қамтамасыз етеді.

15. Мәселелерді талқылауға қатысатын шақырылушылар материалдарды өткізілуге дейінгі бес күнтізбелік күннен кешіктірмей іс-шараны өткізуге жауапты аппарат бөліміне, не болмаса осы іс-шараны өткізуге жауапты облыс әкімі инспекторына тапсырады (электрондық және қағаз жүзінде). Іс-шаралар облыс әкімінің, әкімдіктің тапсырмасы бойынша шұғыл тәртіппен өткізілетін жағдайда материалдар іс-шара өткізілетін күні тапсырылуы мүмкін.

16. Қатысушылардың материалдарын тиісті бөлім жинайды және іс-шара өткізілетін күнге дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей басқарма басшысына береді.

17. Материалдарды уақытында тапсырмағаны, сондай-ақ сапасыз тапсырғаны үшін бөлім бастықтары, жетекшілік ететін бастықтың орынбасарлары жауап береді.

18. Облыстық іс-шараларды өткізу бойынша жиынтық материалдар құрамына мыналар енгізілуі тиіс:

1) күн тәртібі;

2) шақырылғандар тізімі;

3) баяндамашылар тізімі;

4) қаралып отырған мәселелер бойынша анықтамалар, ақпараттық (талдау) материалдары;

5) төрағалық етуші сөзінің тезистері;

6) тиісті бөлім меңгерушісі әр парағына қол қойған хаттамалық шешімнің жобасы.

19. Хаттама жобасының, әр мәселе бойынша анықтамалардың, ақпараттық (талдау) материалдарының тақырыптары бірдей болуы және мәселелердің мәнін жан-жақты көрсетуі тиіс. Анықтамалар мен ақпараттық (талдау) материалдардың көлемі үлгі баспа мәтінінің үш бетінен аспауы тиіс.

20. Іс-шараларда сөз сөйлеу (баяндама) кезінде бейнеақпарат, слайдтық көрсетілімдер көрсету туралы мәселе жеке шешілуі және іс-шара өткізілетін күнге дейінгі жеті күнтізбелік күннен кешіктірілмей басқарма басшысымен келісілуі тиіс. Мәжіліс залын техникалық дайындауды (дыбыс күшейтуді, дыбыс жазуды және микрофондарды, бейнепроекторды, экранды, сусындармен, жазба құралдарымен, тиісті жарықтандырумен және кондиционермен қамтамасыз ету, слайдтарды көрсетуге дайындық және т.б.) ұйымдастыру-құқықтық бөлімі қамтамасыз етеді.

21. Іс-шараның өткізілуіне жауапты басқарма бөлімі ұйымдастыру-құқықтық бөлімімен бірлесіп, қатысушыларды тіркеуді қамтамасыз етеді. Мәжіліске қатысушыларды тіркеу мәжіліс басталғанға дейін кем дегенде 30 минут қалғанда, ал кеңейтілген мәжілістерде - мәжіліс басталғанға дейін 1 сағат қалғанда басталады.

Мәжіліске қатысушыларды тіркеу әдетте мәжіліс басталғанға дейін 5 минут қалғанда аяқталады. Тіркеуге жауапты лауазымды адам басқарма бастығына (не болмаса іс-шарада өзге төрағалық етушіге) шақырылғандардың келуі туралы ақпарат береді.

22. Кеңестердің, мәжілістердің және облыстық іс-шаралардың хаттамаларын құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүргізеді. Хаттамада күн тәртібі, қаралатын мәселелер, күн тәртібі мәселелері бойынша баяндама жасаушылар және талқылауға қатысатын адамдар, сөзалымдардың негізгі мазмұны, ескертулер мен қабылданған шешімдер көрсетіледі.

23. Хаттама кеңес, мәжіліс немесе басқа да облыстық іс-шаралар өткізілген күннен бастап екі күн ішінде ресімделеді.

24. Басқарма басшысының тапсырмасы бойынша кеңестердің, мәжілістердің және облыстық іс-шаралардың бейне және дыбыс жазбасы жүргізілуі, кейіннен толық жазылуы және басылуы мүмкін.


^ 4. Басқармада іс-қағаздарын жүргізу, электрондық құжатайналымы


25. Басқармаға келіп түсетін хат-хабарларды құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі қабылдайды және тіркейді. Құжаттарды қабылдау-беруді құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің қызметтік хат-хабарлар секторының қызметкері 9 сағаттан 18 сағатқа дейін жүргізеді. Басқа қалалық адресаттар қолма-қол жіберген құжаттарды қабылдау бүкіл жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Басқармаға жолданатын құжаттарға (хаттар, ақпараттар және т.б.) тиісті мемлекеттік органдардың (қалалар мен аудандар әкімдері, облыстық басқармалар бастықтары) бірінші басшылары қол қоюлары тиіс.

Басқарма қызметкерлеріне құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде тіркелмеген құжаттарды қабылдауға және олармен жұмыс істеуге тыйым салынады.

26. Конверттерді ашар алдында іс жүргізуге жауапты маман олардың жіберілуінің және ресімделуінің дұрыстығын, орамының бүтіндігін (мөр болған кезде) тексереді. Конверттерді ашқан кезінде мекен-жайдың жөнелтуші атауымен, пакетте көрсетілген салу нөмірлерінің құжаттарға қойылған нөмірлермен сәйкестігі салыстырылады, құжаттардың және оларға қосымшалардың жинақтылығы тексеріледі.

Құжаттар жеткіліксіз болған, пакеттер бүлінген, конверттердің нөмірлері құжаттардың нөмірлерімен сәйкес келмеген жағдайда үш данада акт жасалады, бұл ретте актінің бір данасы кеңседе қалады, екіншісі құжатпен бірге арналуы бойынша беріледі, ал үшіншісі жөнелтушіге жолданады.

Дұрыс арналмаған және ресімделмеген, қате салынған құжаттар арналуы бойынша қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады.

Құжаттар салынған конверттер құжаттарды жөнелтушінің мекен-жайын, олардың жөнелтілген және алынған күнін тек сол арқылы ғана анықтау мүмкін болатын жағдайларда сақталады.

«Жеке өзіне» деген белгісі бар конверттерді қоспағанда, барлық конверттер құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде ашуға жатады.

27. Факсимилесі, бояуы және өзге де былғанышы бар, қандай да бір бүлінген, оның ішінде тескішпен тігілген, нобайқағазға және мемлекеттік органдар бланкілерінің көшірмелеріне шығарылған құжаттар басқармаға қабылдауға жатпайды.

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды қабылдауы басқарма бастығының нұсқауы бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

28. Кіріс хат-хабарын тіркеуді құжаттың бірінші парағының оң жақ төменгі бұрышына негізгі құжаттың тіркеу нөмірі, тіркелген күні, парақтарының саны мен қосымшалар парақтарының саны көрсетілетін тіркеу мөртаңбасын қою жолымен іс жүргізуге жауапты маман жүзеге асырады, қосымшаларға «№ __ -ге» деген мөртаңба қойылады.

Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына келіп түскен құжаттарға негізгі құжаттың тіркеу нөмірі беріледі.

Құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 128 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау мен құжаттаманы басқарудың үлгі ережесіне (бұдан әрі – Үлгі ереже) сәйкес ресімделуі тиіс.

29. Кіріс хат-хабарларды тіркеу электрондық нұсқада Lotus Domino Server базасындағы электрондық құжатайналым жүйесін (бұдан әрі – «Жүйе») пайдаланумен жүзеге асырылады.

30.Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде хат-хабарлар «Жүйедегі» «Кіріс» дерекқорында «Кіріс құжаттың тіркеу карточкасы» кіріс нысаны бойынша тіркеледі, бұл жерде тіркеу нөмірі құжатқа автоматты түрде беріледі.

31. Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде алдын ала белгі қойылғаннан кейін құжаттар электрондық түрде және қағаз нұсқасында облыс әкіміне беріледі. Бұдан әрі тиісті қарар бойынша электрондық түрде оның орынбасарларына, аппарат басшысына беріледі. Қаралған құжаттарды алғаннан кейін, басшылықтың қарарын орындаушы алады. Қарарда көрсетілуі тиіс:

орындаушылар (ұйымдардың атау септігіндегі атауы, лауазымды тұлғалардың барыс септігіндегі тегі мен аты-жөні);

іс-қимылдың айқын және жан-жақты мазмұны немесе құжатты орындау тәртібі мен сипаты;

орындау мерзімі (қажет болған кезде);

басшының қолы толық жазылуымен (атының бірінші әрпі мен тегі);

датасы (күні, айы, жылы);

құжаттың нөмірі;

төменгі жақта, сызықтың астында – қарардың қай құжатқа қатысы, сондай-ақ осы құжаттың датасы мен нөмірі.

32. Басқарма бастығы өз орынбасарларына, басқарма бөлімшелеріне, , барлығына бірдей, тапсырмалар береді және қарарлар жазады.

33. Егер тапсырма бірнеше орындаушыға берілсе, онда жиынтықтың және құжатты орындаудың кімде қалатыны міндетті түрде көрсетіледі. Егер мұндай белгі болмаса, жиынтық және құжатты орындау деректері бірінші болып көрсетілген орындаушыда қалады. Бүкіл тапсырманың уақытында орындалуына қарарда көрсетілген барлық қызметкерлер бірдей жауап береді.


Құжатты орындағаннан кейін бөлімнің тиісті қызметкері оны бақылаудан алу туралы белгі қою үшін аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне береді.

Құжатты бір бөлімшеден екіншісіне беру тек құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі арқылы қол қоюмен жүргізіледі.

Барлық қайта тапсырулар мен қарарлар бақылаудан алынбағанша «Жүйенің» тіркеу-бақылау карточкасы бақылауда тұратын болады.

34. «Жүйеде» қарардың немесе қайта тапсырудың орындау мерзімін ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін уәкілетті тұлға қарардың немесе қайта тапсырудың тиісті карточкасына мынадай деректерді енгізеді:

құжатты орындаудың ұзартылған датасы;

құжатты қайта тапсыру жөніндегі барлық мәліметтер;

құжатты орындау датасын ұзартқан адамның лауазымы мен тегі.

35. Басқарма бөлімдері келіп түсетін хат-хабарлардың сипаты мен сапасын жүйелі түрде талдайды, оның әрі қарай өтуін белгілейді, өз құзыреті шегінде қойылған мәселелерді шешеді, құжатайналымын қысқарту шараларын қабылдайды.

36. Құжат дайындау кезінде мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, өзге шаруашылық жүргізуші субъектілердің атауларын жазуда Үлгі ережелерді, осы Регламентті, сондай-ақ өзге де актілерді басшылыққа ала отырып, бірізділікті сақтаған жөн.

Шығыс хаттары, әдетте, екі данада әзірленеді және қол қойылады, екінші данасында осы құрылымдық бөлімшенің орындаушысы мен басшысының визалары виза қою датасын көрсетумен болуы тиіс. Құжат мәтіні А4 және А5 форматындағы бланкіде «Times New Roman» 14-қаріппен бір жоларалық интервал арқылы басылады. (Қазақстан Республикасының Президентіне «Arial» 16-қаріппен бір жоларалық интервал арқылы басылады). Соңғы бетінде төменгі сол жағында немесе беттің артқы жағында орындаушының тегі, оның қызметтік телефонының нөмірі көрсетіледі. Барлық деректемелер басылуы тиіс. Түзетулер мен тазаруға жол берілмейді. Электрондық құжаттың мазмұны мен деректемелері қағаз құжатпен бірдей болуға тиіс. Жекелеген жағдайларда (кестелерді, қосымшаларды, орындаушы туралы белгілерді, ескертулер мен т.б. ресімдеу) қаріп мөлшері мен жоларалық интервал басқадай болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жолданатын ақпараттар мен өзге құжаттардың көлемі 3 беттен, ірі мәселелер бойынша 5 беттен аспауы тиіс. Құжаттардың мәтіні айқын, дәйекті, қысқаша баяндалуы тиіс.

Қызметтік құжаттар белгіленген үлгідегі бланкілерде басылуы тиіс. Аппарат ішінде хат жазысу кезінде бланкілер пайдаланылмайды.

37. Құжатты лауазымды адамға жіберген кезде адресаттың атауы атау септігінде, ал адресаттың лауазымы мен тегі барыс септігінде жазылады.

Құжатта төрттен артық мекенжай болмауы тиіс. Құжатты төрттен артық мекенжайға жіберген кезде тарату көрсеткіші жасалады және әр көшірмеде бір ғана мекенжай көрсетіледі. Құжат жіберілетін адресат жалпылай белгіленуі мүмкін (мысалы: қалалар мен аудандар әкімдеріне).

38. Дайындалатын құжатқа қысқаша тақырып беріледі (егер мәтінде 10-нан артық жол болса). Құжат мәтінінің тақырыбы құжаттың сол жақ жиегінен бері, жартылай қалың қаріппен, сөз тасымалысыз ресімделеді және әр жолда 35 белгіден артық белгі болмау қажет. Құжат мәтіні 10 жолдан кем болған, сондай-ақ А5 форматындағы бланкіде орындалған құжатқа тақырып берілмейді.

39. Шығыс құжатты дайындаған орындаушының тегі, оның қызметтік телефонының нөмірі, әдетте, құжаттың төменгі сол жағына, не болмаса құжаттың соңғы парағының артқы жағына орналасады (мысалы: орын. А.А. Қалиев, тел. 26-42-42).

40. Шығыс құжатта толық немесе қысқартылған түрде (мысалы: 2008 жылғы 20 тамыз немесе 20.01.04 ж.) келтірілген датасы (күн, ай, жыл) және тіркеу нөмірі болуы тиіс. Датаны қысқартып жазу анықтамаларға, баянжазбаларға және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттарға қол қойылғаннан кейін беріледі.

41. Құжаттың шығыс нөмірі мынадай үлгімен қойылады: алдымен аппараттың оны дайындаған құрылымдық бөлімшесінің индексі көрсетіледі, одан кейін бөлшек белгісі арқылы шығыс құжаттың реттік нөмірі (мысалы: 1/2075) көрсетіледі.

42. Телеграфтық, телефакстық хат жазысу тек шұғыл сипаттағы мәселелер бойынша жүргізіледі. Шығыс жеделхаттарын тіркеу ағымдағы хат-хабарлармен бірдей жүргізіледі.

Телефон-факс, электрондық почта арқылы жіберілетін құжаттар адресатқа қосымша почта немесе фельдъегерлік байланыспен жолданады.

43. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінен айналып өтіп құжаттарды жіберуге тыйым салынады. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде шығыс құжаттарды жіберер алдында олардың ресімделуінің дұрыстығы тексеріледі. Дұрыс ресімделмеген құжаттар түзеу үшін қайтарылады.

Жіберуге тапсырылған құжатта дұрыс көрсетілмеген мекенжай бойынша құжаттарды таратуға орындаушы жауап береді. Құжаттарды факсимильдік байланыспен жіберген кезде орындаушы адресаттың факсимильдік байланыс аппаратының дәл нөмірін көрсетуі, түпнұсқасын құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне тапсыруы тиіс.

48. Барлық шығыс хат-хабарлар Жүйеде тіркеледі, тіркеу нөмірі автоматты түрде беріледі.


5. «Электрондық әкімдік» жұмысын ұйымдастыру


49. Басқарманың ресми сайты Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметінің» Веб-порталының ақпараттық жүйесін құру бөлігінде орындау мақсатында әзірленді және енгізілді.

50. Облыс әкімінің predprom.vko.gov.kz web-сайтының мазмұндық құрылымының негізіне азаматтардың мемлекеттік ақпаратқа қолжетімділігін іске асыру мақсатында мынадай мазмұндағы позициялардың ақпараттар тізбесі келтіріледі:

1) басқарма жөнінде ақпарат:

басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің, атқаратын қызметтері баяндалатын ережелері, регламенттері және өзге де құжаттар;

облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері, салалық стандарттар, техникалық нормалар мен ережелер, нұсқаулар мен азаматтардың құқы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей қатысты немесе олардың сақталуын тексеру облыстық ақарушы билік органдарының құзырына кіретін шаруашылық қызметтің қатысушыларына міндетті талаптар қойылған өзге де құжаттар;

өңірлік бағдарламалардың тізбесі мен мәтіндері;

2) басқарма қызметі жөнінде ақпарат;

басқарманың күнделікті қызметі туралы ақпарат, оның ішінде облыстың атқарушы билік басшыларының қатысуымен іс-шаралар жөнінде ақпарат, оның ішінде алқалар жұмысының, комиссиялар мен кеңестер, жұмыс топтары отырыстарының қорытындылары, басшылар мен ресми делегациялардың ресми сапарлары мен жұмыс сапарлары туралы ақпарат;

басқарманың басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ кәсіподақтар, бірлестіктермен өзара қарым -қатынасы туралы ақпарат;

облыстың атқарушы органдарының барлық ұйымдарының мемлекеттік сатып алу өткізу бойынша конкурстар талаптары;

3) облыс әкімі аппаратының кадрлық саясаты туралы ақпарат:

басқарманың кадрлық саясаты туралы жалпы ақпарат, мемлекеттік қызметтің бос лауазымды орындарына орналасуға үміткер тұлғаларға кәсіби және өзге талаптар;

лауазымдарға орналасуға бар бос орындардың, сондай-ақ аталған бос орындарға орналасу үшін біліктілік талаптардың тізбесі;

мемлекеттік қызметке түсу тәртібі мен ережелері;

4) статистикалық, болжау және мониторингтік ақпарат;

басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың ағымдағы ахуалын және дамуын сипаттайтын негізгі экономикалық және әлеуметтік көрсеткішер;

47. Мемлекеттік органдардан түсетін ақпараттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды іске асыру және www.econvko.gov.kz web-сайтының дизайнының тұтастығын қолдау үшін ақпарат ұсынудың мынадай механизмдері қарастырылған:

Мемлекеттік органдар ақпаратты басқарманың www.econvko.gov.kz web-сайтында орналастыру үшін сайт әкімшісіне электрондық түрде (компакт-диск, электрондық пошта) мемлекеттік және орыс тілдерінде барлығына бірыңғай белгіленген форматта ұсынады.

48. басқарманың электрондық поштасының ресми мекенжайы: uprecon@ustk.kz

49. Басқарма қызметкерлері электрондық пошта арқылы облыстың қалалары, аудандары әкімдіктеріне, облыстық басқармаларға, барлық меншік түрінің басқа ұйымдарына мыналарды жібере алады:

әдістемелік ақпарат; шұғыл ақпарат ұсынуға сұранымдар;

кеңестерге шақырулар, телефонхабарлар;

құпия, жабық және қызметтік пайдалану үшін құжаттардан басқа, өзге ақпараттық-анықтамалық құжаттар;

50. Басқарма қызметкерлерінің электрондық пошталарының ресми мекенжайларын басқарма басшысы бекітеді.

51. Басқарма бөлімдері электрондық поштаның басқарманың электрондық құжат айналымы жүйесіне күніне екі реттен кем емес қоса отырып, үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етеді.

52. Электрондық пошта арқылы берілетін барлық файлдар жіберушінің компьютерінде орнатылған вирусқа қарсы құралдар арқылы тексеруден өтуі тиіс. Ақпаратты электрондық пошта арқылы жіберуге дұрыс дайындамағаны және жіберілетін ақпараттың мазмұны үшін жауапкершілікті жіберуші алады.

53. Электрондық пошта арқылы жіберілетін хабарлардың көлемі 10 мегабайттан аспауы тиіс. Электрондық пошта арқылы жіберілетін әрбір хабардың тақырыбы және хаттың оқылғаны жөнінде хабарламаға сұраным болуы тиіс.

54. Электрондық пошта арқылы жіберілетін, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде тіркелуге жататын ресми қызметтік құжаттардың қағаз негізде түпнұсқалары болуы тиіс.

55. Жарнамалық ақпараттан тұратын электрондық хаттарды, хат мәтінін бірнеше рет қайта жіберу туралы өтініштерді жіберуге тыйым салынады.


^ 6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі

және олардың орындалуын бақылау


56. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ осы мәселені реттеуші өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

57. Басқармаға келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде тіркеледі. Өтініштің бірінші бетіне мөртабан қойылады, онда жеке өтініштер үшін автордың тегінің бастапқы әрпінен және өтініштің реттік нөмірінен (мысалы, А-1780), ұжымдық өтініштер үшін индексі, нөмірі мен күнінен тұратын тіркеу индексі көрсетіледі. Күнді белгілеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі: күні, айы, жылы (мысалы, 01.01.2010). Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі. Бұдан кейін өтініш сипаттамасының коды қойылады. Бұдан кейін хатқа аннотация жасалады, ол жүйелі, қысқа, өтініштің (ұсыныстың, арыздың не шағымның) мазмұнын көрсетуге тиіс. Бұл ретте есеп карточкасындағы жазба өтінішті қарауға жіберудің адрестілігін негіздеуі қажет.

      Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу басқа іс жүргізу түрлерінен бөлек жүргізіледі.

Жеке және заңды тұлғалардың облыс әкімінің виртуалды қабылдауы арқылы келіп түскен өтініштерін қабылдау және қарау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

58. Өтініштің орындалуы мен тіркелуінің электрондық нұсқасын бақылаудан алудың ары қарай барысы қызметтік хат-хабарды тіркеу сияқты.

59. Егер бірінші өтінішті тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің өтініші бойынша қабылданған шешіммен келіспесе, сол адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері қайталама болып саналады. Сол автордың әр түрлі мәселелер бойынша өтініштері бастапқы болып саналады.

Сол бір адамның мүддесімен сол бір мәселе бойынша бірнеше өтініш түскен кезде бірінші өтініш негізгі өтініш ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке толықтырылады және өтініш берушілерді бірінші өтініш келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешу нәтижелері туралы хабарлай отырып, бір өтініш ретінде қаралады.

Олар бойынша авторға толымды жауап берілген сол бір мәселе бойынша көп мәрте келген өтініштер қайталама болып саналмайды және қаралмайды.

Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын жеке тұлғалардың қайталама өтініштеріне «екінші», «үшінші» деп және одан әрі көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал «қайталама» деген белгісі бар есеп кәртішкесі бастапқысымен бірге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтініштерге оның алдындағы өтініштерді қарау материалдары қосып қойылады.

Жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған қайталама өтініштері қосымша қарауға жатпайды, өтініш берушіге үш күн мерзімде бұл туралы хабарланады.

60. Жеке тұлғалардың өтініштеріне орындалу мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын, ал қосымша зерделеуді және тексеру жүргізуді талап етпейтіндер 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын болып белгіленеді және оларды құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде тіркеген күннен бастап есептеледі.

Егер оған жауапта өтініштерде қойылған мәселелерді іс жүзінде шешу бойынша қабылданған шаралар туралы деректер қамтылмаса, өтінішті қарауды аяқталды деп санауға болмайды.

Өтініштерді қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда оларды қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспай ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.

Өтініштердің нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

1) өтініштерді толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;

2) мұндай шешім қабылдаудың негізділігімен өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы;

3) өтініштің мән-жайы бойынша түсініктеме беру туралы;

4) өтінішті қарауды тоқтату туралы.

Құрылымдық бөлімшелерге жолданған хаттардың орындалуын бақылау олардың басшыларына жүктеледі. Егер хаттарды қарау бірнеше құрылымдық бөлімшеге тапсырылған жағдайда, орындалуына бұрыштамада бірінші болып көрсетілген немесе атауының жанында «(шақыру)» белгісі бар бөлімше жауапты болып табылады.»

61. Жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін бақылаудан, әдетте, оның тапсырмасы бойынша қаралған лауазымды тұлғаның өзі алады. Бұл ретте оның тиісті қарары өтінішті бақылаудан алу үшін негіздеме болып табылады.

62. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін емес, қолы (оның ішінде электрондық цифрлық қолы қойылмаған), пошталық мекенжайы көрсетілмеген өтініштер жасырын өтініштер деп саналады және олар, оған мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер бар және мұндай жағдайда құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайларды қоспағанда, қаралуға жатпайды.

Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер қаралуға жатпайды.

63. Күнтізбелік жыл аяқталған соң жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштері мен оларға барлық материалдар іске түзіледі және мұрағатқа тапсырылады.

Жасырын өтініштер құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін облыс әкімінің аппаратының азаматтарды қабылдау бөлмесінде жеке қабылдауды облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі аппарат ғимаратының холында ақпараттық тақтада ілініп қойылады.

64. Жеке қабылдау жүргізеді:


1) басқарма бастығы

жұма

2) басқарма бастығының орынбасары

бейсенбі


3) басқарма бастығының орынбасары

сәрсенбі

4) басқарма бастығының орынбасары


сейсенбі



65. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау сағат 16-00-ден бастап аппарат ғимаратының бірінші қабатындағы №329,330,331,333 бөлмеде жүргізіледі.

Басқарма бастығының оның орынбасарларының қабылдауына жазылуды құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері қабылдау күні сағат 12.00-ге дейін жүргізеді.

66. Егер өтініш немесе шағым қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда азаматтар көтеріп отырған мәселелер жазбаша түрде жазылады және онымен әрі қарай жұмыс істеу жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жұмыс сияқты жүргізіледі.

67. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзімдерін бақылауды құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.

68. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша күн сайын қабылдау, қабылдау уақыты жұмыс күндері сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін және сағат 14-00-ден 18-00-ге дейін.

69. Азаматтардан және заңды тұлғалар өкілдерінен ақпараттар қабылдау 57-81-99 «сенім телефоны» бойынша жүзеге асырылады.


^ 7. Облыс әкімдігі және әкімінің нормативтік құқықтық актілері жобаларын әзірлеу, ресімдеу және келісу, сондай-ақ өту тәртібі


70. Басқарма енгізетін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақсан Республикасы Заңының, талаптарына сәйкес әзірленеді, ресімделеді және келісіледі.

71. Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес бұйрықтар бойынша өкімдер шығарады.

72. Енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобалары Қазақстан Республикасының Конституциясына, жоғарғы тұрған нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейді.

73. Мөлшерi № 14 «Times New Roman» қаріпімен (қосымшаларда кiшi мөлшерлі, бірақ №10-нан кіші емес қаріп қолданылуы мүмкін) терілген жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде, электрондық және қағаз жөнелткіштерде, мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, атқарушы- мемлекеттік орган басшыларының немесе аталған мемлекеттік органдардағы заң қызметі басшыларының әрбір бетте қол қойылуымен ұсынылады. Ұсынылатын жобаларды басқарманың заң қызметімен келісу міндетті талабы болып табылады.

74. Жобалардың сапалы әзірленуіне, олардың дер кезінде ұсынылуына (тиісті тапсырмаларда жобаларды ұсыну мерзімдері көрсетілген жағдайларда), осы мәселе бойынша бұдан бұрын қабылданған актілердің қайталануына жол бермеуге, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне дербес жауапкершілікті атқарушы- мемлекеттік орган алады.

75. Жоба Басқармада бөлімдерінде сараптамадан өтеді:

  1. заңгерде:

ұсынылатын жобаның орындалуын бақылауды жүзеге асыру қажеттілігі, осы мәселелер бойынша бұдан бұрын қабылданған актілерде берілген тапсырмалардың қайталануына жол бермеу;

жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі.

  1. Бас маман редакторда:

мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне, жобаның нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу және келісу талаптарына сәйкестігі;

Жобаны сараптамадан өткізу мерзімі жобаның аппаратта тіркелген күнінен 3 жұмыс күннен артпауы тиіс.

Облыс әкімінің аппараты жоба мәтіндерінің дәлме-дәлдігін тексеру, сараптама өткізу барысында немесе оның нәтижесі бойынша оны әзірлеушілерге мынадай негіздер бойынша пысықтау үшін қайтарып жіберуге құқылы:

  1. жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде дәлме- дәлдігінің келмеуі, нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу талаптарына сай келмеуі;

  2. жобаның Қазақстан Республикасы заңнамасына сай келмеуі;

  3. облыс әкімдігі Регламентінің, сондай-ақ осы Регламенттің талаптарын бұзумен ұсынуы.

Өзге себептер бойынша теріс қорытынды жобаны кері қайтаруға негіз бола алмайды.

77. Жобалардың аппаратта өтуін атқарушылар сызбаға сәйкес (осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес) жүргізеді.

78. Келісу мен өтудің барлық қажетті рәсімдерінен өткеннен кейін жобалар облыс әкіміне қол қоюға тапсырылады. Облыстық әкімдіктің қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне облыс әкімі қол қояды (немесе қол қою құқымен оның міндеттерін атқарушы). Қол қойылғаннан кейін актілердің түпнұсқаларына түзетулер енгізуге болмайды.

79. Әкімдіктің және облыс әкімінің қол қойылған актілері қаржы-кадр бөліміне тіркеу үшін тапсырылады.

Ол үшін құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімге мыналар беріледі:

  1. қол қойылған түпнұсқа қосымшаларымен;

  2. анықтама-негіздеме (қажеттілігіне қарай);

  3. барлық қосымшаларымен актінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінімен электрондық жөнелткіш;

  4. әрбір адресатқа данасы санын көрсетумен атқарушы толтырған жіберу парағы;

  5. жобаға түсіндірме –жазба;

  6. актіні қабылдау қажеттілігін негіздеуші бастапқы құжаттар.

80. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімде (хаттамалық бөлімше) ұсынылған актілерді арнайы журналдарға тіркеу датасы мен нөмірі беріліп, тіркеу жүргізіледі.

81. Құқықтық актілерінің түпнұсқалары ұйымдастыру-құқықтық бөлімінде сақталады. Құжаттарды дер кезінде адресаттарға жіберуге қаржы-кадр бөлімінің бастығы мен лауазымдық міндеттеріне құжаттарды жіберу кіретін маманы жауапкершілікте болады.

82. Актілердің бұрын жіберілген даналарын техникалық қателер болған жағдайда ауыстыру аппарат басшысының рұқсатымен жалпы бөлім жүргізеді. Бұл жағдайда бастапқыда жіберілген құжаттар аппаратың құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне кері қайтарылуы тиіс.


^ 8. Құжаттарды орындауды бақылауды ұйымдастыру тәртібі


83. Облыс әкімдігі және әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің, облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуына бақылау ұйымдастыруды және тексеруді ұйымдастыру-құқықтық бөлімі жүзеге асырады.

84. Бақылауға мыналар алынады:

1) облыс әкімдігі мен әкімінің облыстың атқарушы органдарының басшыларына тапсырмалар берген актілері;

2) облыс әкімінің кеңестерде, облысқа сапарлары барысында берген тапсырмалары;

85. Осы Регламенттің 84-тармағында аталған құжаттарды бақылау бойынша тапсырма құжаттардың өзінде, сондай-ақ қарар қоюмен берілуі мүмкін.

86. Облыстық басқармалардың құрылымдық бөлімшелерінің, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, өзге мүдделі мемлекеттік органдардың, аппарат бөлімшелерінің басшылары осы бөлімшеге бекітіліп берілген әрбір бақылауға алынған құжат бойынша қызметкерді белгілейді, оған құжатты толық немесе оның жеке бөлімдерін орындауға бақылау жасау жүктеледі.

87. Бақылауға қойылған құжаттарды дер кезінде және толық орындау үшін жауапкершілік қарарда немесе өзге тапсырмалық құжатта белгіленген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

88. Егер құжатты белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, онда орындаушы кешігу себептері туралы жазбаша хабарлауы тиіс және мерзімді ұзарту туралы өтінішін дәлелдеуі қажет.

89. Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі электрондық құжатайналымы жүйесінде тіркегеннен кейін актілер олар бойынша шешім қабылдау үшін облыс әкіміне немесе оны ауыстыратын адамға беріледі.

Басқарма бастығының қарары қойылған бақылауға жататын актілер оларды орындаушыларға таныстыру үшін және олардың орындалуына бақылау жөнінде жұмыстар ұйымдастыру үшін құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөліміне (бақылау жөніндегі маманға) қайтарылып беріледі.

Басқарма бастығының қарары қойылған бақылауға жатпайтын актілер құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөліміне (бақылау жөніндегі маманға) беріледі, ол қарарда көрсетілген лауазымды адамдарды таныстырады. Лауазымды адамдар облыс әкімінің қарарымен танысқаннан кейін есепке алу және сақтау үшін барлық актілер құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөліміне (бақылау жөніндегі маманға) тапсырылады, олар кейіннен мұрағатқа беріледі.

90. Бөлімдерде бақылау жөніндегі жұмыстың жағдайына бөлім бастықтары жауап береді.

91. Орындау және бақылау мерзімдерін ұзарту қажет болған жағдайда облыс әкіміне құжатты орындау үшін жауапты оның орынбасарының қолы қойылған тиісті ұсыныспен ақпарат әзірленеді. Ақпаратта орындау мерзімін ұзарту ұсынылатын құжаттың әрбір тармағы бойынша дәлелді негіздеме беріледі.

Облыс әкімінің қарарынан кейін аталған ақпарат орындау және бақылау мерзімдеріне өзгерістер енгізу үшін құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөліміне беріледі.

92. Актілер оларда қойылған мәселелер толық шешілгеннен кейін және бұл туралы мемлекеттік органға хабарланған соң бақылаудан алынады.

93. Ұйымдастыру-құқықтық бөлім аптасына бір рет бақылау күнін (жұма) өткізеді.


^ 10. Кадр мәселелерін шешу


94. Басқармада кадр мәселелерін шешуді Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, кадр мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіп пен ережелерге сәйкес кадрлық жұмыс және награда бөлімі жүзеге асырады.

95. Басқарма қызметкерлерін заңмен белгіленген тәртіпте басқарма бастығы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

96. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты шешімдерді ресімдеуді, кадр мәселелері бойынша актілері мен өзге де құжаттарды әзірлеуді, оларды заңмен белгіленген тәртіпте ресімдеуді қаржы-кадр бөлімі жүзеге асырады.

97. Басқармаға ДО-2, ДО-3, ДО-4, ДО-5 санатындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ басқа да қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды басқарма басшысы жүзеге асырады.

98. Басқарманың ДО-2, ДО-3, ДО-4, ДО-5 санатындағы мемлекеттік қызметшілерін әкімшілік лауазымына тағайындау конкурстық комиссияның шешімі негізінде басқарма басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

99. Басқарма қызметкерлеріне қызметтік куәлік беруді кадрлық жұмыс және награда бөлімі жүзеге асырады.

100. Құрылым және тиісінше лауазымдар тізбесі өзгерген жағдайда қаржы-кадр бөлімі басқарма бөлімдер бастықтарымен бірлесіп, аталған лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу үшін қызметкерлердің қызметтік нұсқаулықтары бойынша ұсыныстар енгізеді.

101. Қаржы-кадр бөлімі аппарат қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды.

102. Қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығына, осы мәселе жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметшіні лауазымға тағайындауға және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметшіні лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды адам енгізеді.

Мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке дәлелді тарту жөнінде барлық материалды осы мәселенің бастамашысы болып табылатын лауазымды тұлға қалыптастырады, және жетекшілік ететін басқарма бастығының орынбасарының қолы қойылып, тиісті құқықтық акті әзірлеу үшін қаржы-кадр бөліміне тапсырылады.


^ 10. Басқармада ішкі тәртіпті ұйымдастыру


103. Келушілерді басқарма бастығы, оның орынбасарлары, бөлім бастықтары, басқарма қызметкерлері қабылдайды. Келушілерді қабылдау туралы полиция қорғау өкілдеріне уақытынан бұрын жазбаша немесе ауызша түрде тиісті лауазымды адамдар хабарлайды.

104. Келушілерді облыс әкімі ғимаратына өткізуге рұқсатты қабылданған нұсқамаға сәйкес полиция қорғаушысы жүзеге асырады.

Рұқсат қағазда келу туралы белгіні тек қана басқарма бастығы, оның орынбасарлары, бөлім бастықтары, басқарма қызметкерлері қояды.

Келу уақыты: жұмыс күндері 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.00-ден 18.00-ге дейін.


11. Қызметтік құжаттарды, бланкілер мен есеп үлгілерін сақтау және пайдалану ережесін сақтау.


105. Басқарма қызметкерлері құжаттармен жұмыс істегенде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларымен жұмыс туралы белгіленген талаптарды қатаң сақтап, мемлекеттік және қызметтік құпияларды жария етпеулері тиіс, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етулері, қызмет бөлмесіне бөтен адамдардың санкциясыз кіріп, олардың қызметтік құжаттармен танысуына, компьютерді, жазу және көшірме қағаздарын, телефонды және басқа да ұйымдастыру техникасын пайдалануына қол жетуіне мүмкіндік тудырмайтындай жұмыс орнында тәртіпті сақтаулары тиіс. Қызметтік бөлменің кілтін есіктің сыртқы құлпында қалдыруға тыйым салынады.

Басқарманың құжаттарының көшірмесін кімге де болса аппарат басшысының, оның орынбасарларының немесе ұйымдастыру-құқықтық бөлімі бастығының рұқсатынсыз беруге тыйым салынады.

106. Басқарма бланкілері баспа тәсілімен дайындалады.

Басқарма бланкілерін есепке алу және беру ұйымдастыру-құқықтық бөліміне жүктеледі.

107. Құжаттарды жоғалтқаны, қызметтік ақпаратты жария еткені, құжаттармен жұмыс істеу ережесін бұзғаны үшін басқарма қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.


12. Басқарма қызметкері жұмыстан шыққанда немесе басқа жұмысқа ауысқанда істер мен құжаттарды қабылдап алу, тапсыру, құжаттарды басқарманың бір бөлімінен екінші бөліміне тапсыру, өзге де мәселелер


108. Басқарма қызметкері жұмыстан шығып кеткенде немесе басқа жұмысқа ауысқанда басқарманың тиісті бөлімі бастығының нұсқауы бойынша осы бөлімнің басқа қызметкеріне оның атқаруында болған барлық істер мен құжаттарды, жинақталған анықтама материалдарын тапсырады.

Бұл жағдайда құжаттарды тапсырған қызметкер берілетін құжаттар көрсетіліп, тапсырылған күнге шешілмеген мәселелердің орындалу жағдайы сипатталатын, қызметтік істерді тапсырғаны туралы екі данада қабылдап алу-тапсыру актісін жасайды. Актінің екі данасына да құжаттарды тапсырған және қабылдап алған қызметкерлер қол қояды және бөлім бастығыбекітеді. Бір данасы бөлімде қалады, екіншісін жұмыстан шыққан адам алады.

Аталған құрылымдық бөлімнің қызметкері акт негізінде тіркеу-бақылау карточкасында құжаттарды басқа қызметкерге бергені туралы белгі қояды.

109. Қызметкер демалыста болғанда немесе ұзақ мерзімді іссапарға кеткенде онда орындауда болған қызметтік құжаттар бөлім меңгерушісінің нұсқауымен басқа қызметкерге тапсырылады. Осы құрылымдық бөлімнің қызметкері тіркеу-бақылау карточкасында құжаттардың тапсырылғаны туралы белгі қояды. Егер қызметкер қайтып оралғаннан кейін құжаттар орындалмаған болса, онда ол тиісті белгі қойылып, қайтадан өзіне тапсырылады.

110. Құжаттарды басқарманың бір бөлімінен екінші бөліміне тапсыру басқарма бастығының қарарына сәйкес, бөлім бастықтары нұсқауы негізінде кеңсе арқылы жүзеге асырылады.

111. Басқармада істер номенклатурасын қалыптастыру және істерді аппараттың мұрағатына тапсыруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі қамтамасыз етеді.

112. Басқарма бастығының құжаттарын теріп, басуды қабылдау бөлмесінің хатшысы теріп, басады.

Басқа барлық машинамен жазу жұмыстары аппараттың бөлімдерінің өзінде жүзеге асырылады.

113. Осы Регламенттің орындалуын бақылау ұйымдастыру-құқықтық бөлімге жүктеледі. Ол осы Регламент нормаларының орындалуының сақталуына кез-келген уақытта тексеру жүргізе алады және оның сақталмағаны анықталған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі жөнінде мәселе қоя алады.




Похожие:

«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №354 қаулысы «Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
«Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» icon«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Миссиясы Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) – бұл облыстың әлеуметтік-экономикалық...
«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» icon«Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) өңірлік деңгейде стратегиялық, экономикалық және...
«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» icon450 «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық...
«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» icon«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекетік мекемесі туралы ереже
...
«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
...
«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» icon«Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» icon«Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ережелер «Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
«Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономика саласында басшылықты жүзеге асыратын...
«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» icon«Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм-нің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының (ары қарай Басқарма) миссиясы – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізетін,...
«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің регламент І жалпы ережелер Осы регламент «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі №162 қаулысы «Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-4 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экономикалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы