Постановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года №1132 №1132 № данасы экз. № icon

Постановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года №1132 №1132 № данасы экз. №



НазваниеПостановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года №1132 №1132 № данасы экз. №
страница1/4
Дата конвертации11.11.2012
Размер0.49 Mb.
ТипПостановление
источник
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮКІМЕТІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВИТЕЛЬСТВА

РЕСПУБЛИКИ

К

АЗАХСТАН




2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года




№ 1132 № 1132




данасы экз. №







Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

2) «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы «31» тамыздағы
№ 1132 қаулысымен  
бекiтiлген


«Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай

өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты


^ 1. Жалпы ережелер


1. «Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен жұмыс кестелері бойынша, сондай-ақ тұтынушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www. elicence.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 12-бабының, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат порталда, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) орталық аппаратының www.arem.kz интернет – ресурсында, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Агенттіктің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттерінің (бұдан әрі – Агенттіктің аумақтық органдары) үй-жайларында орналасқан стендтерде орналастырылады.


Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтың телефоны (1414) арқылы ұсынылуы мүмкін.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі www. elicence.kz порталында уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанында магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану қызметіне лицензия немесе лицензияға қосымша беру не электрондық құжат нысанында уәкілетті органның мемлекеттік қызметін немесе кағаз жеткізгіште уәкілетті орган ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажеттi құжаттарды уәкілетті органға немесе порталға тапсырған кезден бастап (құжаттар қабылданған күнінен бастап) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – он бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – он жұмыс күні ішінде;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – екі жұмыс күні ішінде;

2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органға осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты ұсыну арқылы ақылы көрсетіледі.

Осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес лицензияларды (лицензиялардың телнұсқаларын) беру (қайта ресімдеу) кезінде алынады.

Лицензияға қосымшалар (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.

Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану қызметімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымдардың ставкалары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану қызметіне лицензия алуға, лицензияның телнұсқаларын қайта ресімдеуге, беруге арналған электрондық сұраныс портал


арқылы берілген жағдайда, ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

9. Агенттіктің және Агенттіктің аумақтық органдарының жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

Құжаттарды қабылдау қызмет жедел көрсетілместен жүзеге асырылады.

Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы.

10. Мемлекеттік қызмет Министрліктер үйінің ғимаратында, Агенттіктің аумақтық органдарының үй-жайларында және порталда – «жеке кабинетте» көрсетіледі.

Министрліктер үйінің ғимаратында мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

Агенттіктің аумақтық органдарының үй-жайларында күту залы, ақпараттық стендтер бар.


^ 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


11. Лицензияны және лицензияға қосымшаны (қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысандағы өтініш;

2) заңды тұлға үшiн – жарғының және мемлекеттік қызметті алушының заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмелерi;

3) дара кәсіпкер үшін – мемлекеттік қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

4) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

5) мемлекеттік қызметті алушының салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;

6) осы қызметпен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi, лицензиялық алымның мөлшері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген;

7) осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органның қызметкері түпнұсқалардың шынайылығын құжаттардың көшірмелерімен және


мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысандағы өтініш;

2) лицензияның (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;

3) осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органның қызметкері түпнұсқалардың шынайылығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды тұтынушыға қайтарады.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиаттың лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.

Лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға телнұсқаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға телнұсқа беру туралы өтініш;

2) телнұсқаны беру үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi, лицензиялық алымның мөлшері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:

1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген;

2) дара кәсiпкердi қайта тiркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;

3) заңды тұлғаны бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған;

4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.

Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың осы тармақта белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.

Лицензиат қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды, лицензия көшірмелері мен лицензияға қосымшаларды (болған жағдайда) қайта ресімдеу


кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым (лицензиялық алым өлшемі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген) төленгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ұсынады.

Лицензиат қайта ресiмделген лицензияны алған кезде бұрын берiлген лицензия мен лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) лицензиарға қайтарады.

Лицензияны порталда алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға мынадай құжаттар қажет:

1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;

2) заңды тұлға үшін – электрондық сұранысқа тіркелетін сканерленген электрондық көшірме түріндегі заңды тұлғаның жарғысы;

3) сканерленген электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұранысқа тіркелетін осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;

4) жеке тұлға үшін – мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері;

5) заңды тұлға үшін – мемлекеттік қызметті алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік;

6) дара кәсіпкер үшін – мемлекеттік қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік;

7) осы қызметпен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенi туралы мәліметтер, лицензиялық алымның мөлшері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;

2) сканерленген электрондық көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркелетін (егер лицензия қағаз жеткізгіште болса) лицензия;

3) сканерленген электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұранысқа тіркелетін осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиаттың лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.


Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;

2) осы қызметпен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенi туралы мәліметтер, лицензиялық алымның мөлшері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:

1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген;

2) дара кәсiпкердi қайта тiркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;

3) заңды тұлғаны бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған;

4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.

Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың осы тармақта белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.

Лицензиат қайта ресiмдеу туралы сұранысты:

1) осы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгені туралы мәліметтерді, лицензиялық алым өлшемі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген;

2) электрондық сұранысқа (лицензия қағаз жеткізгіште болған жағдайда) тіркелетін сканерленген электрондық көшірмелер түріндегі лицензияның және лицензияға қосымшалардың (лицензия электрондық құжат нысанында болған жағдайда) деректерін не лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қоса бере отырып,күнтізбелік отыз күн ішінде береді.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Лицензиат қайта ресiмделген лицензияны алған кезде бұрын берiлген лицензия мен лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) лицензиарға қайтарады.

12. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысандары порталда, Агенттіктің орталық аппаратының www.arem.kz интернет – ресурсында, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Агенттіктің аумақтық органдарының үй-жайларында орналасқан стендтерде орналастырылады.

13. Құжаттарды қабылдау портал арқылы және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар және уақыт бойынша жүзеге асырылады.

Порталда электрондық сұранысты қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Таңдалған қызметке сәйкес сұраныс адресат –мемлекеттік органға автоматты түрде жіберіледі.

14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанын растау Агенттіктің орталық аппаратының кеңсесінде және Агенттіктің аумақтық органдарында тіркеу (мөртабан мен күні) болып табылады.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартуды ұсынады.

Өтініш портал арқылы жасалған жағдайда мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті ұсынуға арналған сұранысты алғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

Өтініш жіберілген және оған нөмір берілген кезден бастап уәкілетті орган екі күннен кешіктірмей өтінішті тіркеуге тиіс, бұл ретте мемлекеттік қызметті алушыға «жеке кабинетіне», сондай-ақ порталда тіркелу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайға уәкілетті органның өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама қабылданған күні көрсетіліп жіберіледі.

15. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қолма-қол (жеке келуі немесе сенімхат бойынша өкіліне) және (немесе) электронды түрде беріледі.

Өтініш портал арқылы жасалған жағдайда қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.

16. Егер:

1) осы санаттағы субъектiлер үшiн қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған;

2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;

3) мемлекеттік қызметті алушы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеген;

4) келiсушi мемлекеттiк органмен мемлекеттік қызметті алушыға лицензия беру келiсiлмеген;

5) мемлекеттік қызметті алушының жекелеген қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынған заңды күшiне енген оған қатысты сот үкiмi болған;

6) сот орындаушысы ұсыну негiзiнде сот өтiнiш берушiге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту жүзеге асырылады.

Егер уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не лицензияны


және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзімі аяқталған күнінен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілді деп есептеледі.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушыға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге міндетті.

Уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынды деп есептеледі, ал лицензияның өзін алғанға дейін лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың заңдылығын растайтын құжат уәкілетті орган құжаттарды қабылдау күні туралы белгісі бар тізімдеменің көшірмесі, өтініш портал арқылы жасалған кезде - уәкілетті органның өтінішті алғаны туралы хабарламасы (сұраныс нөмірі) болып табылады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары


17. Уәкілетті органның қызметі:

1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтiк борышты орындау кезiндегi заңдылықты сақтау;

3) сыпайылық;

4) түбегейлi және толық ақпарат беру;

5) ақпаратты қорғау және құпиялылықты сақтау;

6) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.


^ 4. Жұмыс нәтижелерi


18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижелерi осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.

19. Мемлекеттік қызметті көрсететін уәкілетті органның жұмыстары бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және тиімділік көрсеткiштерiнiң нормативтік, нысаналы мәндері жыл сайын Агенттіктің орталық аппаратының тиісті бұйрығымен бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi


20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына наразылық болған жағдайда уәкілетті орган қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағым:


1) Агенттіктің орталық аппаратында лицензиялау мәселелерін қадағалайтын Агенттік төрағасы орынбасарының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша;

2) Агенттіктің аумақтық органдарында Агенттіктің тиісті аумақтық органының бірінші басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

Уәкілетті орган қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін:

1) Агенттіктің орталық аппаратында лицензиялау мәселелерін қадағалайтын Агенттік төрағасының орынбасары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша;

2) Агенттіктің аумақтық органдарында Агенттіктің тиісті аумақтық органының бірінші басшысы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша түсіндіреді.

21. Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не қолма-қол осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қабылданады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпарат call-орталықтың телефоны (1414) арқылы алуға болады.

22. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Берілген шағымға жауапты не шағымды қарау барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы алады.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.

24. Шағымда жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы, күні, заңды тұлға үшін – оның атауы, почта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке мемлекеттік қызметті алушы қол қояды.

Шағым берілген кезде іс-әрекеттеріне шағым беріліп отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру негізі мен талаптары көрсетіледі.

25. Қолма – қол да, почта арқылы да түскен шағымның алынғанын растау Агенттіктің орталық аппаратында және Агенттіктің аумақтық органдарында осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайларда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін журналға тіркеу (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртабан, кіріс нөмірі және күні қойылады) болып табылады.

Шағымды қабылдаған тұлға мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымын қабылдағанын растайтын талон береді, онда нөмірі, күні, байланыс деректері көрсетіле отырып, шағымды қабылдаған тұлғаның тегі көрсетіледі.


Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде тапсырыс тәртiбiмен почта арқылы не қол қойғызып қолма-қол берiледi.

Мемлекеттік қызметті алушының шағымын қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде тапсырыс пошта арқылы не қол қойғызып қолма-қол беріп хабарланады.

Электрондық өтініш портал арқылы жасалған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізеді, ол өтінішті мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап).

Уәкілетті органның жауабы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.

26. Пайдалы ақпаратты Агенттіктің орталық аппаратының www.arem.kz интернет – ресурсынан Агенттіктің аумақтық органдарының үй-жайларында орналасқан стендтерден алуға болады.

_____________________________


«Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

  1   2   3   4



Похожие:

Постановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года №1132 №1132 № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года №1132 №1132 № данасы экз. №
Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых Агентством Республики Казахстан по регулированию
Постановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года №1132 №1132 № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 2 423 012 жылғы Астана, Үкімет Үйі от «06» апреля 2012 года № № № данасы экз. №
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2009 года №1251 «Об утверждении Правил разработки...
Постановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года №1132 №1132 № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2012 года № № № данасы экз. №
Об утверждении перечня специализированных организаций, осуществляющих закупочные и товарные интервенции
Постановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года №1132 №1132 № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2012 года № № № данасы экз. № № исх: 366 от: 29. 03. 2012 Об утверждении Программы развития онкологической помощи в Республике Казахстан на 2012-2016 годы
Охватывают раннего выявления рака других локализаций
Постановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года №1132 №1132 № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 2 012 жылғы «06» сәуірдегі Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №423 № № данасы экз. №
«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы...
Постановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года №1132 №1132 № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2012 года № № № данасы экз. № О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2011 года №
Об утверждении отраслевой Программы развития физической культуры и спорта в Республике Казахстан на
Постановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года №1132 №1132 № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2012 года № № № данасы экз. № Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов областными
Астаны и Алматы на 2012 год на формирование региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров
Постановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года №1132 №1132 № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2012 года № № № данасы экз. №
«О республиканском бюджете на 2012 – 2014 годы», в целях повышения продуктивности и качества продукции животноводства у отечественных...
Постановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года №1132 №1132 № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 04 апреля 2012 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2012 года №572 № № данасы экз. №
«Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының
Постановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от «31» августа 2012 года №1132 №1132 № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы 31 тамыздағы Астана, Үкімет Үйі от 201 года №1119 № № данасы экз. №
Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы