|
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 469 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда № 3506 тіркелді Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шiлдедегi № 981 «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 1099 «Туризм саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ^ 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Cпорт шеберiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет регламенті; 2) «Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет регламенті; 3) «Спорт құрылыстарына санат беру» мемлекеттік қызмет регламенті; 4) «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметтер регламенті бекітілсін. 2. Ақтөбе облысының «Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) мемлекеттік қызметтердің регламенттерін басқарманың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Нұрқатоваға жүктелсін. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Облыс әкімі А. Мұхамбетов Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25.12 № 469 қаулысымен бекiтiлген «Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет регламенті 1. Негізгі ұғымдар 1. Осы «Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар қолданылады: 1) алушы – атақтары мен санаттарын ресми түрде тану мақсатында жаттықтырушылар, әдiскерлер, нұсқаушылар, спортшылар және спорт төрешiлер; 2) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдар – Ақтөбе қ. дене тәрбиесі және спорт бөлімі, аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті органдар); 3) «жалғыз терезе» қағидаты – өтініш берушілердің мемлекеттік қызметті алуға құқығын алуға растайтын құжаттар мен анықтамаларды ұсыну және әр түрлі инстанциялардан жинау барысында өтініш берушілерді шығарып тастау немесе барынша шектеуді қарастыратын мемлекеттік қызметтерді ұсыну; 4) халыққа қызмет көрсету орталығы – мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады (бұдан әрі – Орталық); 5) құрылымдық-функционалдық бірліктер – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері (бұдан әрі – ҚФБ). ^ 2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік-құқықтық анықтамасы: Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру. 3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 шiлдедегi № 981 қаулысымен бекітілген «Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет Стандарты) сәйкес көрсетiледi. 4. «Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметі осы регламенттегі 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органдармен мекен-жайлары мемлекеттік қызмет Стандартының 2-қосымшасында көрсетілген Орталықтар арқылы баламасыз негізде көрсетіледі. 5. Көрсетілетін қызметтің нысаны – автоматтандырылмаған. 6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi: қағаз жеткiзгiште екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру не болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту дәлелді жауапты болып табылады. ^ 7. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат алу үшін уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау қажет болған ретте алушы осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген уәкілетті органға немесе мемлекеттік қызмет Стандартының 2-қосымшасында көрсетілген Орталықтарға өтініш жасауына болады. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы жүгiнген сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда ұсынады); 2) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейінгi күтудiң ең шектi уақыты 20 минуттан аспайды; 3) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең шектi уақыты 20 минуттан аспайды. 9. Уәкiлеттi орган аталған мемлекеттiк қызмет көрсетуден мынадай негiздемелер бойынша бас тартады: 1) мемлекеттік қызмет Стандартының 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық тiзбесi ұсынылмаса; 2) құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса; 3) спортшыға спорттық атақтарды беру құжаттарын тиiстi норматив немесе талаптар орындалған сәттен бастап алты айдан асып кеткен мерзiмде ұсынылса. Алушы мемлекеттік қызмет Стандартының 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсырмаған жағдайда, Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Мемлекеттік қызметті тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ. 10. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері: 1) алушы Орталыққа өтініш береді; 2) Орталық инспекторы өтінішті тіркейді, Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жібереді; Құжаттарды Орталықтан уәкілетті органға жіберілгенін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қимылын бақылауға мүмкіндік беретін сканер штрихкодтың көмегімен нақтылайды; 3) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері Орталықтың ақпарат жүйесінде тіркейді (уәкілетті органда өзінің ақпараттық жүйесі жоқ жоғдайда) және алынған құжаттардың тіркеуін жүргізеді және анықтап қарау үшін басшыға жібереді; 4) анықтап қарағаннан кейін уәкілетті орган басшысы жауапты орындаушыға тапсырма береді; 5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттардың дұрыс толтырылуын және түгелдігін тексереді, хабарландыруды рәсімдейді немесе дәлелденген бас тартуды дайындайды, сосын басшыға қол қоюға жібереді; 6) уәкілетті органның басшысы хабарландыруға немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді; 7) кеңсе қызметкері хабарландыруды немесе дәлелденген бас тартуды тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Орталыққа жібереді. Уәкілетті органнан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдау кезінде Орталық сканер штрихкодтың көмегімен келген құжаттарды нақтылайды. 8) Орталық алушыға хабарландыруды немесе дәлелденген бас тартуды береді. 11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алушының құжаттарын қабылдауды Орталықта жұмыс кестесі бойынша жұмыс күні ішінде инспектор жүзеге асырады. ^ (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау 12. Алушының талапқа сәйкес құжаттарын Орталық инспекторы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қабылдап және тіркеуді жүргізіп, рәсімделген құжаттарды береді. Алушыға: 1) Орталықта - сұрауды қабылдау күнi мен нөмiрi, қызмет түрі, қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күнi, уақыты және орны, құжаттарды қабылдаған Орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетілген қолхат беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі туралы ақпарат беру пошта байланысы арқылы іске асырылады. 13) Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа мемлекеттік қызмет Стандартының 11-тармағында қарастырылған құжаттарды тапсырады. Құжаттар түпнұсқа және көшірме нұсқаларында салыстыру үшін ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарылады. 14. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі. Қабылдау Орталықта «электрондық кезек» тәртібімен, жедел қызмет көрсетусіз және алдын-ала жазылусыз жүзеге асырылады. 15. Мемлекеттiк қызмет орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, сонымен бірге санитарлық-эпидемиологиялық үлгісіне, өрт қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес Орталықтың ғимаратында көрсетiледi. 16. Уәкілетті органның және Орталықтың жұмыс қағидаттары: 1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау; 2) қызметтік борышын орындағанда заңдылық; 3) кәсіптік әдепнаманы және мәдениеттілікті сақтау; 4) жеткілікті және толық ақпаратты ұсыну; 5) алушының белгіленген мерзімде қайтарып алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету. 17. Ақпараттық қауіпсіздігінің талаптары: уәкілетті орган және Орталық алушының құжаттар мазмұны туралы ақпаратының сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді. 18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ-ның тізбесі: 1) Орталық инспекторы; 2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы; 3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері; 4) уәкілетті органның басшысы; 5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы. 19. Әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдер) өзара байланысы және реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетіліп, осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген. 20. Әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реттілігі, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схемасы осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген. ^ жауапкершілігі 21. Уәкілетті органның және Орталықтың басқарушысы мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіпте жауапты. Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру мемлекеттiк қызмет Регламентіне 1-қосымша ^
Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру мемлекеттiк қызмет Регламентіне 2-қосымша ^
^
^
Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру мемлекеттiк қызмет Регламентіне 3-қосымша Функционалдық өзара іс-қимыл схемасы ![]() |
![]() | Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы | ![]() | Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы №1099 «Туризм саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына... |
![]() | Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №469 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... | ![]() | 531 «Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық... |
![]() | Дене шынықтыру және спорт туралы Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық... | ![]() | Дене шынықтыру және спорт туралы Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық... |
![]() | Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 қыркүйектегі №285 Бұйрығы Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы | ![]() | Постановление Правительства республики к азахстан 2012 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2012 года № № № данасы экз. № Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін... |
![]() | Мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін... | ![]() | «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мазмұНЫ Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер жүйесі |