Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы icon

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы



НазваниеБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Дата конвертации25.10.2013
Размер130.49 Kb.
ТипДокументы
источник

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда № 3507 тіркелді


      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.


       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің мына:
      1) «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»;
      2) «Негізгі орта, жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»;
      3) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге жатақхана беру»;
      4) «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;
      5) «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;
      6) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;
      7) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»;
      8) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;
      9) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»;
      10) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;
      11) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»;
      12) «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»;
      13) «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» регламенттері бекітілсін.
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 234 «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 9 тамызда № 3405 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2012 жылғы 16 және 21 тамыздағы № 104, 105, 106, 107 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Б.Самұратова) (бұдан әрі – Басқарма) осы мемлекеттік қызметтер регламенттерін Басқарманың ғаламтор–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      ^ Облыс әкімі                               А. Мұхамбетов


Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 464 қаулысымен
бекітілген


«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті


1. Негізгі ұғымдар


      1. Терминдер және аббревиатуралар анықтамалары:
      1) мемлекеттік қызметті алушылар - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар;
      2) уәкілетті орган - мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (мемлекеттік мекеме);
      3) қосымша білім беру - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үдерісі;
      4) қосымша білім беретін ұйым - білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;
      5) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мүдделі мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер (кіші жүйелер).


^ 2. Жалпы ережелер


      2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік – құқықтық анықтамасы: «Балаларға қосымша білім беру үшін қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Балаларға қосымша білім беру үшін қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес, жергілікті атқарушы органдар белгілейтін мемлекеттік білім беру тапсырыстары есебінен қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындар болып табылатын Қазақстан Республикасының балаларға қосымша білім беру ұйымдарымен көрсетіледі.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 1-бабының 38-1), 39) тармақшаларына; 4-бабының 19) тармақшасына; 5-бабының 44-5) тармақшаларына; 6-бабының 2-тармағы 14) тармақшасына; 6-бабының 3-тармағы 5), 10) тармақшаларына; 6-бабының 4-тармағының 5), 9) тармақшаларына; 23-бабының 1-тармағына, 2-тармағының 1) тармақшасына, 3-тармағына; 26-бабының 12-тармағына; 40-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетіледі.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі ата-ана мен қосымша білім беру ұйымы арасында жасалған шарттың негізінде шығарылған қосымша білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйектелген жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне балаларға қосымша білім беру ұйымдары ғана қатысады.


^ 3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін жолығу қажет қосымша білім беру ұйымдарының орналасқан жері мен жұмыс кестесі туралы ақпарат Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген, сонымен қатар:
      балаларға қосымша білім беру ұйымдарындағы стенділерге ілінеді;
      өңірлердегі білім бөлімдерінің ресми сайттарына орналастырылады;
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтына орналастырылады.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті қарастыру 3 жұмыс күнін құрайды (балалар музыка мектептері, өнер мектептері мен спорт мектептері үшін 15 күн);
      өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызметті алу үшін күтетін (тіркелу барысында) барынша шекті уақыты - 30 минуттан артық емес;
      өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызмет көрсетудің барынша шекті уақыты - 30 минуттан артық емес.
      10. Мемлекеттік қызметті алушылар қосымша білім беру ұйымының белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғаға жүгініп, қызмет көрсету тәртібі туралы тиісті кеңестер алады, Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін ұсынады.
      Құжаттардың түпнұсқалары салыстыру үшін көшірмелерімен қоса ұсынылады, кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
      11. Осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін мемлекеттік қызметті алушының толық бермеуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату немесе одан бас тарту үшін, оның ішінде құжаттарды қабылдаудан немесе қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Бас тартудың себептері жазбаша беріледі.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) құжаттарды қабылдау және тексеру;
      2) қосымша білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйектелген жауап;
      3) өтінішті қарау қорытындылары туралы ата-аналарды хабардар ету.


^ 4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрекет ету тәртібінің сипаттамасы


      13. Мемлекеттік қызметті алушы балаларға қосымша білім беру ұйымына Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу күні көрсетіліп, барлық құжаттардың алынғаны туралы қолхат беріледі. Құжаттар қабылданып алынған соң, қосымша білім беру ұйымының жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, деректерді тексереді.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар қажет.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне:
      1) өтініштерді қабылдауды, тіркеуді, өңдеуді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді жүзеге асыратын қосымша білім беру ұйымының жауапты тұлғасы (ҚФБ-1);
      2) осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес балаларға қосымша білім беру ұйымы мен баланың ата-анасы арасында жасалған келісім шарттың негізінде шығарылған қосымша білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрыққа қол қоятын қосымша білім беру ұйымының бірінші басшысы (ҚФБ-2) қатысады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әрбір ҚФБ–тің орындалу мерзімі көрсетілген әкімшілік іс-әрекеттің (қимылдың) қисынды сабақтастығының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада берілген.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы іс-әрекеттердің қисынды сабақтастығы мен құрылымдық-функционалдық бірліктердің өзара байланысын көрсететін сызба осы Регламентке 2-қосымшада берілген.


^ 5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


      18. Лауазымдық қызметкерлер мемлекеттік қызмет көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жауапты болады.


«Балаларға қосымша білім беру бойынша
қосымша білім беру ұйымдарына
құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
1-қосымша


^ 1-кесте. Құрылымдық – функционалдық бірліктер іс-әрекетінің сипаттамасы (ҚФБ)



Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыстар легі)

1

Әрекет №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Қосымша білім беру ұйымының жауапты тұлғасы ҚФБ-1

Қосымша білім беру ұйымының басшысы ҚФБ-2

Қосымша білім беру ұйымының жауапты тұлғасы ҚФБ-1

3

Әрекет атауы

Мемлекеттік қызмет алушының Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарын қабылдау және тексеру

Қол қойылған қабылданғаны туралы бұйрыққа немесе бас тарту туралы дәйектелген жауап

Мемлекеттік қызмет алушыға хабар беру

4

Аяқтау үлгісі

Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат

Қосымша білім беру ұйымына қабылданғаны туралы бұйрық

Қабылданғаны туралы бұйрықты немесе бас тарту туралы дәйектелген жауапты беру

5

Орындалу мерзімі

30 минут ішінде

3 жұмыс күні, балалар сазмектептері, балалар көркем өнер мектептері, балалар өнер және спорт мектептеріне – күнтізбелік 15 күн

3-5 мин

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

-



^ 2-кесте. Орындау нұсқалары. Негізгі үдеріс. 



Негізгі үдерістің (барысының, ағынының) әрекеті

Қосымша білім беру ұйымының жауапты тұлғасы ҚФБ-1

Қосымша білім беру ұйымының бірінші басшысы ҚФБ-2

1. Мемлекеттік қызметті алушының тапсырған құжаттарын қабылдау және тексеру

2. Қабылданғаны туралы бұйрыққа қол қою

3. Мемлекеттік қызмет алушыға хабар беру






^ 3-кесте. Орындау нұсқалары. Баламалы үдеріс. 



Балама үдерістің (барысының, ағынының) әрекеті

Қосымша білім беру ұйымының жауапты тұлғасы ҚФБ-1

Қосымша білім беру ұйымының бірінші басшысы ҚФБ-2

1. Мемлекеттік қызмет алушының тапсырған Регламенттің 14-тармағында көрсетілген құжаттарын қабылдау және тексеру

2. Көрсетілген құжаттар пакетін толық бермеуі негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту

3. Мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қайтару






«Балаларға қосымша білім беру бойынша
қосымша білім беру ұйымдарына
құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызмет Регламентіне
2-қосымша


Әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды сабақтастығының өзара байланысын көрсететін сызба





«Балаларға қосымша білім беру бойынша
қосымша білім бру ұйымдарына
құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша


^ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ МЕН БАЛАНЫҢ АТА-АНАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ҮЛГІ ШАРТ


____________қаласы "___"___________ 20__ ж.
 


Балаларға қосымша білім беру ұйымы___________________________
____________________________________________________________,
      (атауы)


Бұдан әрі ҚБҰ деп аталатын __________________________________
атынан ҚБҰ Жарғысының негізінде әрекет ететін директор _____________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты)


бір жағынан және бұдан әрі __________________________________
_____________________________________________________________
      (баланың тегі, аты, әкесінің аты; туған жылы)


«Ата-анасы» деп аталатын анасы (әкесі, оларды алмастыратын тұлғалар)
_____________________________________________________________
(анасының, әкесінің, оларды алмастыратын тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты)


екінші жағынан, төмендегілер туралы осы шартты жасады: 


1. ҚБҰ міндеті:


1.1. ________________________________________________________
негізінде (қабылдау туралы құжаттың атауы)


баланы ____________________________ үйірмеcіне/секциясына тіркеу
      (атауы)


1.2. Ақысыз білім беру қызметтерін қамтамасыз ету
_____________________________________________________________
      (құрылтайшы, демеушілер


_____________________________________________________________
қаржысынан төленетін ақылы білім беру қызметі түрлерінің атауы)
 


ақылы білім беру қызметтері _________________________________
      (ата-ана қаржысынан төленетін


_____________________________________________________________
      қызмет түрлерінің атауы)


оның шығармашылық қабілеттерін дамыту;
балаға оның даму ерекшелігіне қарай жеке ықпал етуді жүзеге асыру;
баланың эмоционалдық қолайлылығына қамқор болу.


1.3. Баланы__________________________________________________
      (бағдарлама атауы; бағдарламаны бекіткен органның атауы)


бағдарламасы бойынша оқыту.
1.4. Баланың жас, жеке ерекшеліктеріне, білім бағдарламасының мазмұнына сәйкес оқу жұмысын ұйымдастыру.
1.5. Баланы келесі жас ерекшелігі тобына ауыстыру


_____________________________________________________________
      (ауыстыру уақыты)


1.6. Осы шартты орындау.


2. "Ата-ана" міндетті:
2.1. ҚБҰ Жарғысын және осы шартты орындау.
2.2. ҚБҰ-ғабалаға қызмет көрсеткені үшін ____________мерзімде


____________________________________________сомада ақы төлеу.


2.3. Баланы 16-жасқа толмаған басқа адамға сеніп тапсырмай, баланы тәрбиешіге өзі тапсыру және алып кету (немесе басқа жағдайлар).
2.4. Баланы қосымша білім беру ұйымына ұқыпты күйінде; таза киім және аяқ киіммен алып келу


_____________________________________________________________
(баланың жергілікті; маусымдық; жас; жеке ерекшеліктеріне


_____________________________________________________________
      қарай қосымша білім беру ұйымдарының басқа талаптары)
 


2.5. ҚБҰ-ға баланың келе алмайтыны, оның ауырып қалғаны туралы хабарлау.
2.6. Баланы оқытудың барлық бағыттары бойынша ҚБҰ-мен бірлесіп әрекет ету.
2.7. ҚБҰ-ға Жарғылық міндеттерді ске асыру бойынша қолдан келетін көмек көрсету


_____________________________________________________________
      (бала өмірін қорғау; сауықтыру; гигиеналық;


_____________________________________________________________
      мәдени-эстетикалық; экологиялық тәрбие;


_____________________________________________________________
      Отбасы жағдайындағы түзету жұмыстары; басқалары


3. ҚБҰ-ның:
3.1. ҚБҰ-да әрі қарай баруға кедергі болатын бала денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды болған жағдайда баланы ҚБҰ-дан шығаруға;
3.2. "Ата-ананың" өтініші бойынша ҚБҰ-да балаға қызмет көрсеткені үшін төлемдердің мерзімін ұзартуға;
3.3. Баланы отбасында тәрбиелеу ісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3.4. "Ата-ана" өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаған жағдайда, "Ата-ананы" алдын ала ______күн бұрын ескертіп, осы шартты бұзуға құқығы бар.


4. "Ата-ананың":
4.1. ҚБҰ Педагогтер кеңесі жұмыстарына кеңесші дауысы құқығымен қатысуға;
4.2. балалармен жұмысты жақсарту және қосымша қызметтерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
4.3. ҚБҰ-да балалармен жұмыста қолданылатын білім беру бағдарламаларын таңдауға;
4.4. ҚБҰ-да ұсынылатын қосымша қызметтер түрлерін таңдауға.
4.5. ҚБҰ-да баланың бейімелу кезеңінде онымен _____ күн; _____ сағат; басқа жағдайларда ________________ бірге болуға;
4.6. ҚБҰ-ға балаға қызмет көрсету үшін төлемақының мерзімін ұзарту; қосымша қызметтер үшін төлемақы жөнінде белгіленген мерзімінен _____ күн кешіктірмей өтініш білдіруге;
4.7. ҚБҰ Жарғысы мен осы шарт міндеттерінің орындалуын талап етуге.
4.8. Топтағы балалармен жұмыс жөнінде қосымша білім беру ұйымының директоры мен мұғалімдерінің есебін тыңдауға.
4.9. Осы шартты бір жақты тәртіппен ҚБҰ-ны бұл жөнінде алдын ала ____ күн бұрын ескерту арқылы бұзуға құқығы бар.
4.10. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және екі жақтың келісуі бойынша мерзімі ұзартылуы; өзгертілуі; толықтырылуы мүмкін.
5. Шартқа өзгерістер, толықтырулар қосымша нысанда енгізіледі.
6. Тараптар міндеттердің тиісті деңгейде орындалуына немесе дұрыс орындалмауына жауапты.
_____________________________________________________________
      (екі жақтың жауапкершіліктері)


8. Шарттың қолданылу мерзімі: ________201_ ж бастап __________ дейін.
9. Шарт екі данада жасалған:
Бір данасы ҚБҰ-да баланың жеке құжатында, екіншісі - «Ата-анада» (оларды алмастыратын тұлғаларда).


^ Осы Шартқа қол қойған тараптар:


Қосымша білім беру ұйымы Ата-ана: анасы (әкесі, оларды
№ ___________ алмастыратын тұлғалар)


Мекенжайы: _________________ _____________________________


(индекс, қала, аудан, ауылдық (тегі, аты, әкесінің аты)
округ, көше, үй)


____________________________ Мекенжайы: _________________
      Төлқұжат деректері: ________


____________________________________________________________
      жұмыс орны;


____________________________________________________________
      лауазымы;


____________________________________________________________
      үй, жұмыс телефоны)


Қолы ______________________ Қолы ______________________
Мөр



Похожие:

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №476 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы