|
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда № 3507 тіркелді РҚАО ескертпесі. Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ^ 1. Қоса беріліп отырған білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің мына: 1) «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»; 2) «Негізгі орта, жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»; 3) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге жатақхана беру»; 4) «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»; 5) «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»; 6) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»; 7) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»; 8) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»; 9) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»; 10) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»; 11) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»; 12) «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»; 13) «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» регламенттері бекітілсін. 2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 234 «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 9 тамызда № 3405 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2012 жылғы 16 және 21 тамыздағы № 104, 105, 106, 107 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Б.Самұратова) (бұдан әрі – Басқарма) осы мемлекеттік қызметтер регламенттерін Басқарманың ғаламтор–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. ^ Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 464 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті 1.Негізгі ұғымдар 1. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен аббревиатуралар: 1) мектепке дейінгі білім беру ұйымы - отбасының балаларды күтуге деген сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру, жалпы мәдениет, ұлттық құндылықтар негізінде оларды үйлесімді дамыту, баланы жалпы орта білім берудің бастапқы сатысына дайындау, өздерінің жұмысы мен оқуын жалғастыру, қоғамдық өмірге белсене қатысуы үшін ата-аналарға қажетті жағдай жасау мақсатында құрылатын білім беру ұйымы; 2) тұтынушы — мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар; 3) ҚФБ – құрылымдық-функциялық бірліктер – бұл уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысушы мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері. ^ 2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет). 3. Мемлекеттік қызмет 1, 2 қосымшаларға сәйкес барлық түрдегі және нысандағы мектепке дейінгі ұйымдармен (МДҰ) көрсетіледі. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы 14-бабы 2-тармағының, 5-бабы 6-тармақшасының негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) негізінде жүзеге асырылады. 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің соңғы нәтижесі мектепке дейінгі ұйым (МДҰ) мен ата-аналармен (заңды өкілдерімен) жасалған 5-қосымшада келтірілген Шарт болып табылады. 7. Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі жастағы балалардың заңды өкілдеріне (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушыларға) көрсетіледі. ^ 8. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының тұрған жері мен жұмыс кестесі туралы ақпарат осы регламенттегі 1, 2-қосымшаларда көрсетілген. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде орналастырылады. 10. Мемлекеттік қызметтің тұтынушылары мектепке дейінгі балалар ұйымының белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес мемлекеттік қызметті алу үшін басшыға жолығады, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы консультация алады, стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін ұсынады. 11. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) тұтынушы мектепке дейінгі балалар ұйымына стандарттың 11- тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған және басшы тарапынан қажетті консультация алғанға дейін - 30 минуттан аспайды; 2) тұтынушы жолыққан күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін күтуге арналған ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды; 3) тұтынушы жолыққан күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға арналған ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды. 12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттың 11-тармағына көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбау мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтата тұруға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға, соның ішінде құжаттарды қабылдап алудан және қараудан бас тартуды жазбаша негіздей отырып бас тартуға негіз болады. 13. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері: 1) мектепке дейінгі балалар ұйымының басшысы осы регламенттің 14-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және тексереді; 2) мектепке дейінгі балалар ұйымының басшысы 2 данада Шарт жасайды немесе құжаттар пакетінің толық болмауына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. ^ 14. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін регламенттің 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынуға тиісті. Мектепке дейінгі түзету ұйымдары мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған топтарға оқуға қабылдаған кезде қосымша психологиялық – медициналық комиссияның қорытындысы, ал туберкулез инфекциясы ерте бiлiнген, туберкулездiң азаю және бәсеңдеу түрiмен, жиi және ұзақ ауыратын балаларға арналған санаториялық мектепке дейiнгi түзеу ұйымдарына қабылдаған кезде аумақтық емдеу - алдын алу ұйымдарының қорытындысы беріледі. Құжаттарды қабылдап алғаннан кейін мектепке дейінгі балалар ұйымының басшысы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, деректерді тексереді. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында бос орындар болған кезде балаларды қабылдау жыл бойына жүргізіледі. 15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мыналар қатысады: 1) мектепке дейінгі балалар ұйымының басшысы (ҚФБ-1). 16. Құрылымдық - функционалдық бiрлiктердің (ҚФБ) әрекеттерінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 3-қосымшасында көрсетілген. 17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісіндегі құрылымдық - функционалдық бiрлiктердің және ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің өзара байланысын көрсететін сызба осы регламентке 4-қосымшада көрсетілген. ^ 18. Білім беру ұйымының бірінші басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс - әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша ^
|
![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... | ![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... |
![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... | ![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... |
![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... | ![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... |
![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... | ![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... |
![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... | ![]() | Білім беру саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №476 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... |