|
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда № 3507 тіркелді РҚАО ескертпесі. Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ^ 1. Қоса беріліп отырған білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің мына: 1) «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»; 2) «Негізгі орта, жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»; 3) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге жатақхана беру»; 4) «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»; 5) «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»; 6) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»; 7) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»; 8) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»; 9) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»; 10) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»; 11) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»; 12) «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»; 13) «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» регламенттері бекітілсін. 2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 234 «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 9 тамызда № 3405 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2012 жылғы 16 және 21 тамыздағы № 104, 105, 106, 107 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Б.Самұратова) (бұдан әрі – Басқарма) осы мемлекеттік қызметтер регламенттерін Басқарманың ғаламтор–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. ^ Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 464 қаулысымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті ^ 1. Осы мемлекеттік қызмет регламентіне мынадай ұғымдар мен аббревиатуралар пайдаланылады: 1) мемлекеттік қызметті алушылар - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар; 2) уәкілдік орган - мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган (мемлекеттік мекеме); 3) жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 4) құрылымдық – функционалдық бірліктер (ҚФБ) – мүдделі мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысушы ақпараттық жүйелер (ішкі жүйелер). ^ 2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік-құқықтық анықтамасы: Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау. 3. Мемлекеттік қызмет осы регламенттің 1 қосымшасына сәйкес меншіктік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттік қызмет мынадай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы; 2) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңымен; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысы; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысы (бұдан әрі – Стандарт). 6. Білім беру ұйымына қабылдау туралы жалпы бұйрық мемлекеттік қызметті алатын алушының мемлекеттік қызметінің нәтижесі болып табылады. ^ 7. Уәкілетті органдардың орналасқан жері мен жұмыс кестесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген. Білім беру ұйымдарына қабылдау алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетусіз кезек ретімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет демалыс пен мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. 8. Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат тізбесі осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген білім беру ұйымдарының стендтерінде, білім бөлімдерінің ресми сайттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында (www.edu.gov.kz) орналастырылады. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары ғана қатысады. 10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 жұмыс күнін құрайды: 1) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні құжаттарды қабылдау кезінде күтуге рұқсат берілетін уақыт (тіркелген кезде) – 30 минут; 2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні құжаттарды қабылдау кезінде қызмет күтуге рұқсат берілетін уақыт (тіркелген кезде) – 30 минут. Мемлекеттік қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі (білім беру ұйымына қабылданғандығы туралы бұйрық) - 3 айдан артық емес, өйткені қабылдағаны туралы бұйрық оқушылар үшін ортақ болып табылады. Аталған қызмет 6-18 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 11. Мемлекеттік қызметке алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден: 1) құжаттар толық ұсынылмағанда; 2) құжаттарда шүбәлі және бұрмаланған деректер (мәліметтер) анықталғанда; 3) осы білім беру ұйымының жариялаған білім беру деңгейіне сәйкес келмегенде келмесе немесе болмағанда; 4) мемлекеттік қызметті алушы оқу көрсеткіштерінің таңдаған білім беру ұйымының мәртебесіне сәйкес келмеуі; 5) аталған білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына сәйкес келмеуі бас тартуға негіз болады. 12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін берген сәтке дейін: Мемлекеттік қызметті алушы білім беру ұйымына жолыққан кезде: 1) мемлекеттік қызметті алушы білім беру ұйымына қажетті құжаттармен қоса отырып өтініш береді; 2) білім беру ұйымының жауапты тұлғасы мемлекеттік қызметті алушы берген құжаттарды тексеруді және қабылдауды жүзеге асырады; 3) мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға қажетті құжаттарды қабылдап алғандығы немесе бас тартатындығы туралы қолхат беріледі; 4) кіріс хат-хабарлар журналында тіркелген құжаттар білім беру ұйымының басшысына тексеру және білім беру ұйымына қабылдау туралы бұрыштама жазу үшін жіберіледі; 5) басшы бұрыштамасы бар құжаттар білім беру ұйымының жауапты тұлғасына білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық әзірлеуге жіберіледі; 6) қанағаттанарлық шешілген кезде білім беру ұйымының басшысы білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрыққа қол қойылады; 7) тізімдер стендке ілінеді немесе ауызша жария етіледі. ^ 13. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті алуға арналған барлық құжаттарды тапсыру кезінде осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті алған күні жазылған барлық құжаттарды қабылдап алғандығы туралы қолхат беріледі. 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін білім беру ұйымына жолыққан кезде мемлекеттік қызметті алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады. 15. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушы құжаттарының сақтығы мен қорғалуын қамтамасыз етеді. 16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мына құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады: 1) өтінішті қабылдауды, тіркеуді, өңдеуді, мемлекеттік қызметтің аяқталған нәтижесін беруді жүзеге асырушы білім беру ұйымының жауапты тұлғасы (ҚФБ-1); 2) оқуға рұқсат беру туралы бұйрыққа қол қоюшы білім беру ұйымының бірінші басшысы (ҚФБ-3). 17. Әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (үдеріс) сабақтастығы мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 3 қосымшада әрбір әкімшілік әрекеттің (үдерістің) орындалу мерзімі көрсетіле отырып келтірілген. 18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісіндегі әрекеттер мен құрылымдық - функционалдық бiрлiктердің өзара байланысының қисынды сабақтастығын көрсететін сызба осы регламентке 4 қосымшада келтiрiлген. ^ 19. Уәкілетті органдардың лауазымды қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс - әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1- қосымша Өкілетті органдардың мекенжайлар тізбесі Ақтөбе облысының жалпы білім беретін мектептері
|
![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... | ![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... |
![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... | ![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... |
![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... | ![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... |
![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... | ![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... |
![]() | Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... | ![]() | Білім беру саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №476 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда... |