|
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ТЕМІР АУДАНЫ КЕҢЕСТУЫ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ШЕШІМІ Қопа селосы № 19 27 тамыз 2013 жыл Шектеу іс-шараларын енгізіп, карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 – 1, 27 баптарына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Кеңестуы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Жылқы мал басының арасынан қатерлі ісік жұқпалы ауруының анықталуына байланысты Кеңестуы селолық округінің «Төлек» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын енгізіп, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін. 2. Кеңестуы селолық округінің бас маманы-ветеринары қатерлі ісік жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу және оны жоюдың шараларын алсын.
күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Кеңестуы селолық округінің әкімі: С. Тұранов. |