|
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті 1. Негізгі ұғымдар 1. Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тұтынушы - жеке тұлғалар: әуеде және жер үстінде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949 - 1965 жылдар) радиоактивті заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтар; 1966 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңінде осы аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтар; 1949 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта жеңілдікті әлеуметтік – экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтар; осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында аталған, мүгедек деп танылған аурулары бар тұрғалардың балалары, олардың деңсаулық жағдайы мен Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңында аталған аймақтарда ата - аналарының бірінің болу факторы арасындағы себепті байланыстар анықталған ретте. 2) «жалғыз терезе» қағидаты - өтініш берушілердің мемлекеттік қызметтерді алуға құқығын растайтын құжаттар мен анықтамаларды ұсыну және әр түрлі инстанциялардан жинау барысында өтініш берушілерді шығарып тастау немесе барынша шектеуді қарастыратын мемлекеттік қызметтерді ұсыну; 3) халыққа қызмет көрсету орталығы - мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және ресімделген құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады (бұдан әрi - ХҚКО); 4) құрылымдық-функционалдық бірліктер - электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын, уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ). ^ 2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу. 3. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Ақтөбе облысының қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - арнайы комиссияның жұмыс органы) көрсетеді, олардың мекенжайлары тізбесі осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. Орталықтың мекенжайлары осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Сұраныстың қай тілде рәсімделуіне байланысты, мемлекеттік қызметтің көрсетілуі мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесінің 2-тарауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысы негізінде көрсетіледі. 7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу, есепке алу және оларға куәлік беру туралы шешім қабылдаған туралы қағаз жеткізгіште хабарландыру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. ^ 8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат алу үшін, уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін, сондай-ақ керек жағдайда мемлекеттік қызметтін сапасын бағалауға, тұтынушы арнайы комиссияның жұмыс органына немесе Орталыққа өтініш жасауына болады, атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электронды поштасының мекенжайлары осы Регламенттің 1, 2-қосымшаларында көрсетілген. 9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап: арнайы комиссияның жұмыс органында - жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде; Орталықта - жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде (мемлекеттік қызметке құжат (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); 2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтуге рұқсат берілген ең көп уақыты (талон алғанға дейін) 30 минуттан аспайды; 3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушыға қызмет көрсетуге рұқсат берілген ең көп уақыты арнайы комиссияның жұмыс органында 15 минуттан аспайды, Орталықта - 30 минут. 10. Тексеру қорытындысы бойынша іс макеті ресімделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақының төлену фактісінің анықталуы, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды тапсыру кезінде толық емес және (немесе) жалған мәліметтер ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады. Арнайы комиссияның жұмыс органы жиырма күнтізбелік күн ішінде бас тарту себебін көрсете отырып, хабарлама береді, Орталық арқылы - үш жұмыс күні ішінде бас тарту себебін жазбаша негіздей отырып, оларды кейін тұтынушыға беру үшін Орталыққа жібереді. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ. 11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері: 1) тұтынушы арнайы комиссияның жұмыс органына немесе Орталыққа өтініш береді; 2) Орталық инспекторы өтінішті тіркейді, Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды арнайы комиссияның жұмыс органына жібереді. Құжаттар пакетін Орталықтан арнайы комиссияның жұмыс органына жіберілгенін сканер штрихкодтың көмегімен нақтылайды, құжаттардың қимылын қадағалауға мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мүмкіндік береді. 3) арнайы комиссияның жұмыс органның кеңсесінің қызметкері Орталық ақпараттық жүйесінде тіркейді (арнайы комиссияның жұмыс органында өзінін ақпараттық жүйесі жоқ жағдайда) және алынған құжаттардың тіркеуін жұргізеді, және анықтап қарау үшін басқарушыға жібереді; 4) анықтап қарағаннаң кейін арнайы комиссияның жұмыс органның басқарушысы жауапты орындаушыға тапсырма береді; 5) арнайы комиссияның жұмыс органның жауапты орындаушысы комиссия бойынша құжаттардың дұрыс толтырылуын және түгендігін тексереді, хабарландыруды рәсімдейді немесе дәлелденген бас тартуды дайындайды, сосын басқарушыға қол қоюға жібереді; 6) арнайы комиссияның жұмыс органның басқарушысы хабарландыруға немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды және арнайы комиссияның жұмыс органның кеңсесіне жібереді; 7) кеңсесінің қызметкері хабарландыруды немесе дәлелденген бас тартуды тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Орталыққа жібереді немесе арнайы комиссияның жұмыс органына өтініш жасағанда тұтынушыға береді. Арнайы комиссияның жұмыс органнаң алған мемлекеттік қызметтін дайын нәтижесін, Орталық сканер штрихкодтың көмегімен келген құжаттарды нақтылайды. 8) Орталық тұтынушыға хабарландыруды немесе дәлелденген бас тартуды береді. 12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдауды арнайы комиссияның жұмыс органында және Орталықта жұмыс кестесі бойынша жұмыс күнің ішінде бір қызметкер жүзеге асырады. ^ 13. Тұтынушының талапқа сай құжаттарын қабылдау және тіркеу арнайы комиссияның жұмыс органның кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады, Орталықта - Орталық инспекторы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдап және рәсімделген құжаттарды береді. Тұтынушыға мынаулар беріледі: 1) арнайы комиссияның жұмыс органында - тұтынушыны тіркеу нөмірі, күні және парақ саны, құжаттарды қабылдаған кеңсесінің қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетілген талон; 2) Орталықта - өтініштің нөмірі мен қабылдаған күні; қызметтің түрі; қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; күні, уақыты және құжаттарды берілген жері; құжаттарды қабылдаған Орталық инспектордың тегі, аты-жөні туралы қолхат беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлау арнайы комиссияның жұмыс органға жеке өзінің баруы арқылы жүзеге асырылады. 14. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Құжаттардың көшірмелері мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады. 15. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қабылдау арнайы комиссияның жұмыс органында кезек тәртiбiмен, Орталықта - «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. 16. Мемлекеттік қызмет арнайы комиссияның жұмыс органның және Орталықтың үй-жайында көрсетіледі, орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, сонымен бірге санитарлық-эпидемиологиялық үлгісіне, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай тәртібі - еркін. 17. Арнайы комиссияның жұмыс органның және Орталықтын жұмыс қағидаттары: 1) адамның конституциялық құқығын және бостандығын сақтау; 2) қызметтік борышын орындағанда заңдылық; 3) кәсіптік әдепнаманы және мәдениетті сақтау; 4) жеткілікті және толық ақпаратты ұсыну; 5) тұтынушының белгіленген мерзімде қайтарып алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету. 18. Ақпараттық қауіпсіздігінің талаптары: арнайы комиссияның жұмыс органы және Орталық тұтынушының құжаттар мазмұны туралы ақпаратының сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қатысатын ҚФБ-ның тізбесі: 1) Орталық инспекторы; 2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы; 3) арнайы комиссияның жұмыс органның кеңсесінің қызметкері; 4) арнайы комиссияның жұмыс органның басқарушысы; 5) арнайы комиссияның жұмыс органның жауапты орындаушысы. 20. Әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген. 21. Әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реттілігі, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі мен ҚФБ арасындағы, өзара байланысты көрсететін схемасы осы Регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген. ^ 22. Арнайы комиссияның жұмыс органның және Орталықтың басқарушысы мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртібіне жауапты. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша ^
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша «Ақтөбе облыс бойынша ХҚКО» РМК филиалдары
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламентіне 3-қосымша ^
2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
^
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламентіне 4-қосымша ^
|