|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 464 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызмет регламенті 1. Негізгі ұғымдар 1. Осы «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мына түсініктер пайдаланылады: 1) мемлекеттік қызметті алушы – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 6-тармағына сәйкес мемлекеттік мекемелердегі білім алушы мен тәрбиеленуші; 2) орындаушы – міндетіне жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау бойынша құжаттарды ресімдеу кіретін жалпы білім беретін мектеп қызметкері. ^ 2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау. 3. Мемлекеттік қызмет Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы жалпы білім беретін мектептермен (бұдан әрі - ЖББМ) көрсетіледі. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, 3-тармағының 21) тармақшасына, 4-тармағының 14) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес көрсетіледі. 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі – Стандарттың 5-тармағына сәйкес ЖББМ-де тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып (бұдан әрі - анықтама), ЖББМ-де оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін ыстық тамақ беру болып табылады. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. ^ 8. Жергілікті атқарушы органдардың мекен-жайлары туралы ақпарат осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен барысы туралы ақпаратты Ақтөбе облысы әкімдігінің www.aktobe.gov.kz ресми порталынан, аудан және Ақтөбе қаласы әкімдіктерінің интернет- ресуртарынан алуға болады. 10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген. 11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз стандарттың 16-тармағында келтірілген. 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар ұсынылған сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері: 1) мемлекеттік қызметті алушы немесе оның заңды өкілі (заңды өкілдері) (бұдан әрі - алушы) ЖББМ-ге құжаттарды ұсынады; 2) орындаушы құжаттарды тіркейді, қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат береді және құжаттарды ЖББМ директорына ұсынады; 3) ЖББМ директоры құжаттарды қарайды, шешім қабылдайды және орындаушыға жолдайды; 4) орындаушы анықтама немесе бас тартуды дайындайды және ЖББМ директорына қол қоюға ұсынады; 5) ЖББМ директоры анықтамаға немесе бас тартуға қол қояды және орындаушыға жолдайды; 6) орындаушы анықтаманы немесе бас тартуды тіркейді және алушыға береді. ^ 13. Мемлекеттік қызмет алу үшін құжаттарды тапсыру кезінде алушыға қызметті алатын күнін көрсете отырып, Стандарттың 7 қосымшасына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдап алынғандығы жөнінде қолхат беріледі. 14. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ЖББМ-ге ұсынады. 15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі-ҚФБ) қатысады: 1) ЖББМ директоры; 2) орындаушы. 16. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген. 17. Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген және ол мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысын көрсетеді. ^ 18. Қабылданған шешiмдерге және мемлекеттiк қызмет көрсету барысындағы іс-әрекетке (әрекетсiздiкке) жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген тәртіпте бiлiм беру ұйымының бiрiншi басшысына жүктеледі. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша Өкілетті органдардың мекенжайлар тізбесі Ақтөбе облысының жалпы білім беретін мектептері
|
![]() | «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Осы «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін... | ![]() | «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті Тептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік... |
![]() | Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы анықтама үлгісі «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар... | ![]() | Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар... |
![]() | Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну үшін құжаттар... | ![]() | Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды Птерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік... |
![]() | Мемлекеттік қызмет «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар... | ![]() | П/п Бөлімдердің атауы «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар... |
![]() | Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тізімі «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар... | ![]() | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының тізімі «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар... |