Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы icon

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы



НазваниеБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Дата конвертации25.10.2013
Размер125.06 Kb.
ТипДокументы
источник

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда № 3507 тіркелді


      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.


       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің мына:
      1) «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»;
      2) «Негізгі орта, жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»;
      3) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге жатақхана беру»;
      4) «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;
      5) «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;
      6) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;
      7) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»;
      8) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;
      9) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»;
      10) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;
      11) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»;
      12) «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»;
      13) «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» регламенттері бекітілсін.
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 234 «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 9 тамызда № 3405 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2012 жылғы 16 және 21 тамыздағы № 104, 105, 106, 107 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Б.Самұратова) (бұдан әрі – Басқарма) осы мемлекеттік қызметтер регламенттерін Басқарманың ғаламтор–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      ^ Облыс әкімі                               А. Мұхамбетов


Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 464 қаулысымен
бекітілген


«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ұғымдар


      1. Пайдаланылатын түсініктер мен қысқартуларға анықтамалар:
      1) әкім аппараты - жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
      2) ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған бала (балалар) - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өз құқықтары мен мүдделерінің қажетті қорғалуын қамтамасыз етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар);
      3) жетім бала (жетім балалар) - ата-анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болған бала (балалар);
      4) қорғаншылық - он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
      5) қорғаншы немесе қамқоршы - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға;
      6) қамқоршылық - он төрттен он сегіз жасқа дейінгі баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
      7) тұтынушылар – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар;
      8) уәкілетті орган – электрондық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (мемлекеттік мекеме);
      9) құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ): мүдделі мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелер (кіші жүйелер).


^ 2. Жалпы ережелер


      2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу.
      3. «Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызметін тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Ақтөбе қаласы білім бөлімі және аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
      Уәкілетті органдардың мекен-жай тізбесі аталған мемлекеттік қызмет Стандартының 1 қосымшасында көрсетілген.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызметінің стандарты (бұдан әрі – Стандарт), Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 124 – 125 - баптары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 наурыздағы № 404 «Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы» қаулысы негізінде жүзеге асады.
      6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу (бұдан әрi - үзiндi көшiрме) болып табылады.


^ 3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талаптары


      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттардың тізімі туралы толық ақпаратты Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген уәкілетті органдардың фойесінде орналасқан стенділерде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің www.bala-kkk.kz ғаламтор - ресурсында орналастырылады. Уәкілетті органда қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) тұтынушы Стандарттың 11 тармағында көрсетілген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап отыз күнтізбелік күнiн (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
      2) өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру немесе мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту негiзi болып:
      - тұтынушының Стандарттың 11 тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн ұсынбауы;
      - қызмет көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарда жалған немесе бұрмаланған мәліметтер анықталған жағдайы.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тұтынушыдан сұраныс алған сәттен бастап және мемлекеттік қызметтер нәтижелерін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
      1) Тұтынушы, Стандарттың 11 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса жалғап, уәкілетті органға арызын тапсырады;
      2) уәкілетті органның кеңсе қызметкері тұтынушының арызын тіркеуді жүзеге асырады, уәкілетті органның басшысына ұсынады;
      3) уәкілетті органның басшысы қызметкерге орындау үшін жолдайды;
      4) уәкілетті органның қызметкері құжаттарды қабылдайды және жобаны ұсынады, рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешім шығарады, әкім аппаратының алдында өтініш береді;
      5) бас тартқан жағдайда уәкілетті органның басшысы әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеуден бас тарту туралы қаулыға қол қояды;
      6) әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеуге рұқсат берген жағдайда, әкім аппараты қарайды және уәкілетті органға қаулыдан көшірме және қорғаншының немесе қамқоршының куәлігін жолдайды;
      7) уәкілетті органның қызметкері тұтынушыға дәлелді бас тарту туралы қаулысын, әкімшіліктің қаулысынан көшірме және қорғаншының немесе қамқоршының куәлігін ұсынады.
      Уәкілетті органның қызметкері аудан (қала) әкімінің қаулысы бекітілген күннен бастап 1 тәулік мерзімінде қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде электрондық тізіліміне сәйкес деректерді енгізеді.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау уәкілетті органның бір маманымен жүзеге асады.
      12. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.


^ 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау


      13. Кіріс құжаттарды тіркеу тәртібі (соның ішінде электрондық) тұтынушының анықтама беруге ықпал жасау үшін уәкілетті органға өтініш жасаған күні рәсімделеді, ол туралы мәліметтер өтініштерді тіркейтін журналға енгізіледі.
      Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат, онда тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алатын күнi көрсетiледi;
      Уәкілетті органның тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыратын қызметкері тұтынушының деректерін дербес есепке алу карточкасына (компьютерлік дерекқорға) енгізеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлау өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға жеке өзінің баруы арқылы жүзеге асырылады.
      14. Ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар: уәкілетті орган тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) уәкілетті органның кеңсе қызметкері – ҚФБ -1;
      2) уәкілетті органның басшысы – ҚФБ -2;
      3) уәкілетті органының қызметкері – ҚФБ -3;
      4) әкім аппараты – ҚФБ - 4.
      16. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдер) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің және қарым-қатынасының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген.


^ 5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды азаматтардың жауапкершілігі


      18. Уәкілетті органның лауазымды қызметкері мен басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс - әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты.


«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1- қосымша


^ 1 кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сабақтастығы



Негізгі үдерістің іс әрекеттері (барысы, жұмыс ағыны)

Іс әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

ҚФБ атауы

ҚФБ 1

ҚФБ 2

ҚФБ 3

Іс әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамалары

Тұтынушының арызын қабылдау және тіркеу

Арызды қарау, бұрыштама салу

Құжаттарды қарау, барлық құжаттардың болуын тексеру, сұраныстарды, қаулының жобасын дайындау, қарайды және шешеді: рұқсат беру немесе бас тарту, әкім аппараты алдынан өтініш білдіреді.

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Уәкілетті органының басшысына ұсыну

Уәкілетті органының қызметкеріне жолдау

Қорғаншылық/ қамқоршылық рәсімдеу немесе дәлелді бас тарту туралы қаулының жобасы

Орындау мерзімдері

20 минут

1 күн

21 күн

Келесі іс- әрекеттің нөмірі

2

3

4




Негізгі үдерістің іс әрекеттері (барысы, жұмыс ағыны)

Іс әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

4

5

ҚФБ атауы

ҚФБ 4

ҚФБ 3

Іс әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамалары

әкімдіктің қаулысын шығарады және тіркейді, қаулыға қосымшадан үзінді көшірмені және қорғаншының/қамқоршының куәлігін дайындайды.

Есепке алу журналына тіркейді, тұтынушыға ұсыну

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық- өкімдік шешім)

Дайын құжаттарды уәкілетті органға жолдау

Қаулы, қаулыға қосымшадан үзінді көшірмені, қорғаншының/қамқоршының куәлігін ұсыну

Орындау мерзімдері

7 күн

20 минут

Келесі іс- әрекеттің нөмірі

5




2 кесте. Пайдалану түрлері. Негізгі үдеріс.



ҚФБ 1.

ҚФБ 2.

ҚФБ 3.

ҚФБ 4.

№ 1 Іс әрекет

Арызды қабылдау және тіркеу.

№ 3 Іс әрекет

Арызды қарау, бұрыштама салу

№ 5 Іс әрекет

Құжаттарды қарау, барлық құжаттардың болуын тексеру, сұраныстарды, қаулының жобасын дайындау

№ 7 Іс әрекет Әкімдіктің қаулысын шығарады және тіркейді, қаулыға қосымшадан үзінді көшірмені және қорғаншының/ қамқоршының куәлігін дайындайды

№ 2 Іс әрекет

Уәкілетті органның басшысына ұсыну

№ 4 Іс әрекет

Уәкілетті органның қызметкеріне жолдау

№ 6 Іс әрекет

Қарауға ұсыну, рұқсат беру туралы шешім, әкім аппараты алдынан өтінішпен шығу

№ 8 Іс әрекет

Дайын құжаттарды уәкілетті органға жолдау





№ 9 Іс әрекет

Есепке алу журналына тіркеу, тұтынушыға ұсыну




3 кесте. Пайдалану түрлері. Баламалы үдеріс.



ҚФБ 1.

ҚФБ 2.

ҚФБ 3.

№ 1 Іс әрекет

Арызды қабылдау және тіркеу.

№ 3 Іс әрекет

Арызды қарау, бұрыштама салу

№ 5 Іс әрекет

Құжаттарды қарау, барлық құжаттардың болуын тексеру, сұраныстарды, қаулының жобасын дайындау

№ 2 Іс әрекет

Уәкілетті органның басшысына ұсыну

№ 4 Іс әрекет

Уәкілетті органның қызметкеріне жолдау

№ 6 Іс әрекет

Қарауға шығару, бас тарту туралы шешім қабылдау





№ 7 Іс әрекет

тұтынушыға дәлелді бас тарту туралы қаулыны ұсыну


«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2 - қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба





Похожие:

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №464 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы iconБілім беру саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №476 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы