«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті



Название«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
страница1/3
Дата конвертации24.10.2013
Размер387.92 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 417 қаулысымен
бекітілген

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар


      1. Осы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұтынушы - жеке тұлғалар: Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда берілетін төлем (бұдан әрі - МАӘК);
      3) жиынтық табыс - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;
      4) жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      5) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржылындырылатын, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық, аудандық маңызы бар қаланың) қаладағы ауданның атқарушы органы;
      6) құрылымдық-функционалдық бірліктер - электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын, уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ). 
^

2. Жалпы ережелер


      2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру.
      3. Мемлекеттік қызметті «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Ақтөбе облысының қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді, уәкілетті органдардың мекенжайлары тізбесі осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі - ауылдық округтің әкімі) өтініш жасайды, олардың мекенжайлар тізбесі осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Сұраныстың қай тілде рәсімделуіне байланысты, мемлекеттік қызметтің көрсетілуі мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі ^ Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларының» негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына 2012 жылғы 17 тамызда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып көрсетіледі.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ағымдағы тоқсанда мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын хабарландыру қағаз жеткізгіштегі болып табылады. 
^

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


      8. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат алу үшін, уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін, сондай-ақ керек жағдайда мемлекеттік қызметтін сапасын бағалауға, тұтынушы уәкілетті органға, ауылдық округ әкіміне жолығуына болады, атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электронды поштасының мекенжайлары осы Регламенттің 12-қосымшаларындакөрсетілген.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 15 минуттан аспайды;
      2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтуге жол берілетін ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады; 
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетуге жол берілетін ең көп уақыты - 15 минуттан аспайды.
      10. Мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беруден бас тарту ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы мәліметтер болмаған жағдайда жүргізіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) тұтынушы уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне өтініш береді;
      2) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері алынған құжаттардың тіркеуін жүргізеді және қарау үшін басшыға жібереді;
      3) анықтап қарағаннан кейін уәкілетті органның басшысы жауапты орындаушыға тапсырма береді;
      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттардың толық және дұрыс толтырылуын тексереді, хабарландыруды рәсімдейді немесе дәлелденген бас тартуды дайындайды, сосын уәкілетті органның басшысына қол коюға жібереді;
      5) уәкілетті органның басшысы хабарландыруға немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;
      6) кеңсесінің қызметкері хабарландыруды немесе дәлелді бас тартуды тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тұтынушыға жібереді немесе уәкілетті органға өтініш жасағанда тұтынушыға береді.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдауды уәкілеттік органында, ауылдық округ әкімінде жұмыс кестесі бойынша жұмыс күннің ішінде бір қызметкер жүзеге асырады. 
^

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау


      13. Тұтынушының талапқа сай құжаттарын қабылдау және тіркеу уәкілетті органның, ауылдық округ әкімі кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.
      Тұтынушыға мынаулар беріледі:
      уәкілеттік органда немесе ауылдық округ әкімінде - тіркеу нөмірі, күні және парақ саны құжаттарды қабылдаған қызметкердің тегі мен аты-жөні көрсетілген талон.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлау тұтынушының уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне жеке өзінің баруы арқылы жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқалар мен көшірмелерде не нотариалды расталған көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.
      15. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      Қабылдау уәкілетті органда немесе ауылдық округ әкімінде кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік қызмет уәкілеттік органның, ауылдық округ әкімінің үй-жайында көрсетіледі, орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық үлгісіне, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай кіру тәртібі - еркін.
      17. Уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің жұмыс қағидаттары:
      1) адамның конституциялық құқығын және бостандығын сақтау;
      2) қызметтік борышын орындау заңдылықты сақтау;
      3) кәсіби этика мен мәдениетті сақтау;
      4) жан-жақты және толық ақпарат ұсыну;
      5) тұтынушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақтығын қамтамасыз ету.
      18. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: уәкілетті орган, ауылдық округтің әкімі тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың cақтығын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қатысатын ҚФБ-ның тізбесі:
      1) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері;
      2) уәкілетті органның басшысы;
      3) ауылдық округ әкімі;
      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.
      20. Әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімі) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігін және өзара әрекеттестігі мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.
      21. Әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реттілігі, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мен ҚФБ арасындағы, өзара байланысты көрсететін схемасы осы Регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, осы Регламенттің 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру болып табылады. 
^

5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


      23. Уәкілетті органның басшысы немесе ауылдық округтің акімі мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауап береді. 

«Өтініш берушінің (отбасының)
атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
тиесілігін растайтын анықтама беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
  1   2   3



Похожие:

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» регламентінде (бұдан әрі...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» регламентінде (бұдан әрі...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті iconӨтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру мемлекеттік қызмет регламенті
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттiк
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» (көрсетілетін қызметті берушіге...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы