|
Ақтөбе облысы бойынша автомобиль және темір жол көлігімен тасымалдау жөнінде жалпы ақпарат Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының тұрғындарына жолаушылар тасымалы қызметін 40 автотасымалдаушы іске асырады, оның 2 қала ішілік, 18 ауданішілік, 13 облысішілік, 3 облысаралық, 4 халықаралық. Бағытты желі 102 бағыттан тұрады, оның 53 қалалық, 18 ауданішілік, 17 облысішілік, 4 облысаралық, 10 халықаралық. Тасымалдаушылардың жылжымалы құрамдарының саны 841, оның ішінде 637 қалалық, 31 ауданішілік, 135 облысішілік, 8 облысаралық, 30 халықаралық. Қазіргі таңда облысымызда автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау тұрақты түрде өсуде. Себебі жолаушы тасымалының негізгі бөлігі осы салаға тиесілі. 2011 жылы 1,5 млн. жолаушы тасымалданса, 2012 жылы 1,7 млн. жолаушы тасымалданып, 15% өсімді құрады. Ағымдағы жылы автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 1,8 млн. болады деп күтілуде. Автовокзалдар мен автостанциялардың жұмыстарын жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда «Сапар» автовокзалы және Ақтөбе қаласындағы «Экспресс», Хромтау қаласындағы «Саяхат» және Қандыағаш қаласындағы «Жолаушы» автостанциялары «Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау Ережесінің» талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізіп жатыр, қалған бағыттағы елді мекендер белгіленген талаптарды сақтай отырып, автобустарға арналған аялдама пунктерімен және билеттерді сатуға арналған кассалармен қамтамасыз етілген. Облыс бойынша 389 елді мекеннің, 157 тұрақты көлік қатынасымен қамтылған, яғни 40%. Облысішілік жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау маршруттарында сапасын арттыру мақсатында тасымалдаушылар өз-қаражаттары есебінен жыл сайын автобустарын жаңартуда. Сонымен қатар, «Ақтөбе-Ырғыз», «Ақтөбе-Хромтау» және «Ақтөбе-Комсомол» маршруттарында шетел маркалы үлкен сыйымдылықты, шалқаймалы арқалықтары бар жұмсақ отырғыштарымен жолаушыларға жайлы MAN, SETRA, MERSEDES автобустары қатынап жолаушыларға қызмет көрсетуде. Бірақ барлық тасымалдаушылардың жоғары сыйымдылықтағы, шалқаймалы орындықтармен жабдықталған автобустар алуға қаржылық ресурстардың болмауына және автобустар бағасының тым жоғары болуына байланысты мүмкін болмай отыр. Осыған орай басқарма тарапымен тасымалдаушылар арасында бірнеше мәрте жиналыстар өткізіліп «Жол картасы-бизнес 2020» бағдарламасы арқылы алу мәселелері талқыланған болатын. Ақтөбе облысы бойынша жолаушыларды тасымалымен 44 такси қызметі атқарады, автокөлік 587 санын құрайды. Жергілікті атқарушы органдармен Ақтөбе қаласында 46, аудандарда 16 такси тұрағы белгіленген. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 19 маусымдағы № 119 «Ө» бекітілген іс-шаралар орындалуы тұрақты бақылауда тұр. Өкімге сәйкес 2014 жылы Қобда және Шұбарқұдық, 2015 жылы Комсомол елді мекендерінде тасымалдаушылардың өз қаражаты есебінен автостанциялар салу жоспарлануда, сонымен қатар 2016-2020 жылдар аралығында Ембі, Бадамша, Ойыл, Ырғыз, Кеңкияқ, Қарауылкелді, Қарабұтақ елді мекендерінде жалпы сомасы 21,0 млн.тг жолаушыларға қызмет көрсету орталығын салу жоспарлануда. 2015-2020 жылдар аралығында жылжымалы құрамды жаңартуға тасымалдаушылардың өз қаражаттары есебінен шамамен 1 163,4 млн.теңгеге сатып алу жоспарлануда. Әлеуметтік маңыздағы «Ақтөбе-Шалқар-Ақтөбе» темір жол қала маңы маршруты аптаның жұмыс күндерінде 4 вагон, демалыс және мейрам күндерінде 5 вагонмен жолаушылар тасымалданды. «Жем-Шалқар-Жем» әлеуметтік маңызы бар маршруты аптасына 2 рет жолаушыларға қызметін көрсетеді (сенбі және жексенбі) күндері. 2012 жылы тасмалдаушының шығынынын өтеуіне облыстық бюджетттен 273,9 млн. теңге субсидия қаржы бөлініп толығымен игерілді. 2013 жылға 250,3 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді. |