|
Коммуналдық қызметті, облыс әкімдігі ғимаратындағы қызмет бөлмелеріне қызмет көрсету және ұстауға қызметін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама Ақтөбе қаласы № 2 2013 жыл 31 қаңтар 10 сағат 00 мин. 1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ (одан әрі- Тапсырыс беруші), Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хана даңғылы, 40, коммуналдық қызметті, облыс әкімдігі ғимаратындағы қызмет бөлмелеріне қызмет көрсету және ұстауға қызметін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді. 2.Сатып алуға бөлінген қаражат (сома көрсетіледі) – 1728475-84 (бір миллион жеті жүз жиырма сегіз мың төрт жүз жетпіс бес) теңге 84. 3. Осы тәсілді қолдануға негіздеме: «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 32 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды іске асыру туралы ережесінің 142 тармағына сәйкес, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығарғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттіліктің болуына байланысты. («Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»ММ 2013 жылғы 17 қаңтардағы № 8 бұйрық). 4. Өнім берушінің Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келеді. 5. Шарт жасалатын өнім берушінің атауы және орналасқан жері және осындай шарттың бағасы: «Ақтөбе облысы әкімдігінің шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40. Шарттын бағасы 1728475-84 (бір миллион жеті жүз жиырма сегіз мың төрт жүз жетпіс бес) теңге 84. 6. Сарапшылар қатыспаған. 7. Комиссия осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ: 1) коммуналдық қызметті, облыс әкімдігі ғимаратындағы қызмет бөлмелеріне қызмет көрсету және ұстауға қызметін өнім беруші «Ақтөбе облысы әкімдігінің шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үйде орналасқан, сатып алынсын. 2) «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ 2013 жылғы 1 ақпанға дейін «Ақтөбе облысы әкімдігінің шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 1728475-84 (Бір миллион жеті жүз жиырма сегіз мың төрт жүз жетпіс бес) теңге 84 тиынге шарт жасалсын. 8. Осы хаттаманың мәтінін«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің интернет-ресурсына жіберсін. Комиссия: Сартаев Е. ______________ Кенжалина А. ______________ Нурмухамедова Г. ______________ |