|
Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау жөніндегі Ақтөбе өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Қ.Ә. Серікбаев баяндамасы Облыс бойынша білім беру саласын ақпараттандыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізілуде. Оқу жылының басында 449 мектеп интернетке толықтай қосылған соның ішінде 311 мектеп кең жолақты Интернетке қосылды, бұл 70% құрайды. Облыс бойынша 9081 компьютер техникасы бар, 1 компьютерге келетін бала саны -13. (2010ж.-14 оқушы). Ауыстыруды талап ететін компьютерлер саны-2786. Облыс бойынша 177 мектеп әмбебап, 80 мектеп физика (интерактивті тақтасы бар), 140 мектеп химия(интерактивті тақтасы бар), 160 мектеп биология (интерактивті тақтасы бар), 147 мектеп лингафонды-мультимедиялық кабинеттермен (интерактивті тақтасы бар) жабдықталған. Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау жөніндегі Ақтөбе өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығында ай сайын техникалық қызмет көрсету бақыланады, интерактивтік тақталардың ақауларын жою жұмыстары жүргізіледі, қала және аудан мектептерінің www.sabak.kz сайтында өтетін on-line сабақтарға шығуын қамтамасыз етеді. Elluminate Live ақпараттық жүйесінде орталықтың техникалық қолдауымен облыс көлемінде әр аптаның сейсенбі, жұма күндері on-line режимінде семинарлар, 101 ашық сабақ, сыныптан тыс шаралар, семинар-тренингтер өткізілді, күнделікті өткізілетін республикалық деңгейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің сабақтары қаралады. Республикалық деңгейде Ақтөбе қаласының №32 мектеп-гимназиясы қазақстан тарихы пәнінен онлайн сабақ өткізді. Arta OS, Pythagoras 2.0 бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласы №15, №3, №29 және Әйтекеби, Ырғыз, Хромтау, Мұғалжар, Темір, Алға ауданы мектептеріне әдістемелік көмектер көрсетілді. Қыркүйек айында аудан орталықтарына информатика пәні мұғалімдеріне оқу-әдістемелік көмек көрсету мақсатында www.sabak.kz сайтында он-лайн режимінде Elluminate Live бағдарламасын қолданып интерактивтік сабақты тиімді өткізу мақсатында семинар-практикумдар ұйымдастырылды. Жылдық жоспарға сәйкес жоспарланған «Қазіргі ақпараттық технологиялар және ІТ-білім беру» атты аймақтық семинар-практикум барлық аудандарда өткізілді. Онлайн режимінде ақпараттандыру жағдайына жауапты қала, облыс әдіскерлерімен дөңгелек үстелдер өткізілді. Төтенше жағдайлар департаментімен облыстық кадрлар біліктілігін арттыру институтының қатысуымен онлайн режимінде қауіпсіздіктің алдын алу шаралары бойынша семинарлар өткізілді. Сонымен қатар облыс көлемінде «Интерактивті құрал-жабдықтарды тиімді қолданатын ең үздік мұғалім» байқауы өткізілді. Байқауға облыстың мектептерінің ішінен 47 мұғалімнен қатысуға өтініш түсті. Байқаудың қорытындысы бойынша Шұбарқұдық №1 мектебінің физика пәнінің мұғалімі Л.Каршыгина «Интерактивті құрал-жабдықтарды тиімді қолданатын ең үздік мұғалім» атанды. Облыс бойынша компьютерлік парктің жартысы ескіргендіктен қазіргі заманғы электрондық оқулықтарды оқу процесінде қолдану мүмкін емес. Сондықтан компьютерлік паркті жаңартуды талап етеді. Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау жөніндегі Ақтөбе өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Қ.Ә. Серікбаев 29.12.2012ж. «Шағын жинақталған мектептерде АКТ-ны тиімді қолданатын ең үздік мұғалім» байқауының қорытындысы бойынша ... «Шағын жинақталған мектептерде АКТ-ны тиімді қолданатын ең үздік мұғалім» байқауының қорытындысы бойынша: І дәрежелі дипломмен -Шынтасова Наушагул Еркебайқызы – Қарғалы ауданы, Пацаев атындағы ОМ математика пәні мұғалімі. ІІ дәрежелі дипломмен - Скороходова Наталья Александровна- Мәртөк ауданы, №3 ОМ тарих пәні мұғалімі. ІІ дәрежелі дипломмен - Кульжанова Б.З– Мәртөк ауданы, №3 ОМ тарих пәні мұғалімі. ІІІдәрежелі дипломмен - Тілеуғали Айымгүл – Ойыл ауданы, Сапақкөл ОМ химия пәні мұғалімі. ІІІдәрежелі дипломмен -Құлпейісова Г.Б – Шалқар ауданы, Бершүгір ОМ өзін-өзі тану пәні мұғалімі марапатталды. 29.12.2012ж. «Ең үздік сайт-2012» байқауының жүлдегерлері ... «Ең үздік сайт-2012» байқауының жүлдегерлері: І орын – Ойыл ауданы, Саға мектеп балабақшасы, ІІ орын –Ақтөбе қаласының №23 орта мектеп-лицейі, ІІІ орын - Хромтау ауданының №5 мектебі, ІІІ орын - Мәртөк ауданының Құмсай бастауыш мектебі. 29.12.2012ж. «Интерактивті құрал-жабдықтарды тиімді қолданатын ең үздік мұғалім» байқауының қорытындысы ... «Интерактивті құрал-жабдықтарды тиімді қолданатын ең үздік мұғалім» байқауының қорытындысы: Бас жүлде - Шамшина Ж-Ақтөбе № 40 НМ химия пәні мұғалімі. І дәрежелі дипломменБегалина Ж-№21 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі. ІІ дәрежелі дипломмен Алматова Р-М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатының тарих пәні мұғалімі . ІІІдәрежелі дипломмен - Бралина Б-Байғанин ауданы. Қопа ОМ химия пәні мұғалімі. 07.11.2012ж. Бағдарламалау байқауының қорытындысы «Бағдарламалау» байқауының қорытындысы бойынша: Колледждер арасында: І-орын - Шетеев Асылбек ІІ-орын - Ижорский Денис, Жапбас Айғаным (Ақтөбе Политехникалық колледжінің студенттері) ^ І-орын – Жұбатқанов Мейірбек, (Шалқар ауданы, №1орта мектебінің 11 сынып оқушысы.) І-орын – Назаров Сергей (Ақтөбе қаласы, №9 орта мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.) ІІ-орын – Аминов Дәрмен (Шалқар ауданы, №1орта мектебінің 10 сынып оқушысы) ІІ-орын – Тукешова Лолита (Мәртөк ауданы, №1 орта мектебінің 7 сынып оқушысы) ІІІ-орын – Пташник Станислав (Мәртөк ауданы, №1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы) ІІІ-орын – Көшкінбаева Мөлдір (Мәртөк ауданы, №2 орта мектебінің 11 сынып оқушысы) Жеңімпаздар Ақтөбе облысының білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. 01.10.2012ж. «Бағдарламалау» байқауының ережесі
|
![]() | Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан Аудандық білім беру бөліміне қарасты 50 мектеп, оның ішінде 1 гимназия–интернаты, 36 орта мектеп, 2 негізгі мектеп 11 бастауыш мектеп... | ![]() | Шымкент қаласы білімі бөлімінің 2012 жылының 6 айында атқарған жұмыстары туралы мәлімет Шымкент қаласында жалпы білім беретін мектептер саны 2010-2011 оқу жылында 87 болса, 2011-2012 оқу жылында 86 болды. 2011 жылы бір... |
![]() | 2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат Мектеп кітапханасының өз ерекшелігі мен өзгешілігі бар. Кітапхана жалпы кітапханалық қағидаларын ескере отырып, қазіргі заманғы мектептің... | ![]() | Білім саласы туралы ақпарат (мектеп, балабақша) Аудан бойынша 42 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 36-сы орта, 6-уы негізі мектеп. Аудан бойынша 15127 оқушы болса,... |
![]() | 2009 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы құрылыс қорытындысы және 2-ші жартыжылдықтың жоспары туралы ақпарат «100 мектеп және 100 аурухана салу» бағдарламасы шеңберінде 2 білім беру объектісі және 3 денсаулық сақтау объектісі бар. Бұл мақсатта,... | ![]() | Аудандық білім беру бөлімінің 2008-2009 оқу жылында атқарылатын жұмыстар туралы Ал, 2008-2009 оқу жылында жылы мектеп бітіруші 919 оқушының 676, яғни 74% ҰБТге қатыстырылды |
![]() | От 25. 05. 2011 №268 Облыстың жалпы білім беру мекемелеріндегі 2011-2012 оқу жылының басталуы туралы Республикасы «Білім туралы» заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы... | ![]() | 100 мектеп және 100 аурухана салу шеңберіндегі жобаларды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде іске асыру барысы туралы Жоба бойынша (100 мектеп және 100 аурухана) Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша салынып жатқан білім беру саласындағы объектілер... |
![]() | Облыстық мектеп басшыларының секциясы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда білім беру... | ![]() | 2010-2011 оқу жылында оқу жоспары бойынша дене шынықтыру және спорт Бағдарламасын орындау жөнінде есеп Республикасы Президентінің жолдауың және Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спорттың дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасың... |