|
«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-ның сырттай оқу мектебінің 8-10 класс оқушылары арасында өткен шағын олимпиаданың қорытындысы Облыстық сырттай оқу мектебінің 2011-2012 оқу жылының жұмыс қорытындысын шығару және 8-10 класс оқушылары арасында білім рейтингін анықтау мақсатында 2012 жылғы 5 сәуірінде Ақтөбе қаласы №27 көпсалалы орта мектебінің базасында сырттай оқу мектебінің шағын олимпиадасы өткізілді. жалғасы Шағын олимпиадаға жыл бойына 4 турдың тарсырмаларын сәтті орындап, жоғары ұпай жинаған 104 оқушы қатысты. Олимпиада тапсырмалары сырттай оқу мектебінің 4 тур бойынша тапсырмаларын дайындап бағалаған облыстық дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының мұғалімдері тарапынан жасалды. Құзырлы қазылар алқасы құрамына Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары мен ғалымдары және облыстық дарынды балаларға арналған білім ұйымдарының шығармашыл педагогтері енді. Қазылар алқасының шешімі бойынша Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Шалқар аудандарының және Ақтөбе қаласының оқушылары шағын олимпиадада білімдерін дәлелдеді. І орын алған жеңімпаздар (23 оқушы) облыстық «Жалын» олимпиадалық резерв мектебіне енгізілді. Сырттай оқу мектебінің шағын олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтай отырып сәттілік, жеңіс тілейміз! Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі оқушылар жеңімпаздар деп танылды: Математика пәні бойынша: І орын - Карнасюк Анастасия - Қобда орыс ОМ, 8 кл; І орын - Кеншілік Азат - Хромтау, №5 ХМГ, 9 кл; ІІ орын - Кунтуғанова Асем - Әйтеке би Талдысай ОМ, 9 кл; ІІІ орын - Наурызова Ақбота - Қобда Ақырап ОМ, 9 кл; І орын - Даирова Райгүл - Мұғалжар,Ембі №7 ОМ, 10 кл; ІІІ орын - Жұбанова Кумис - №2 Мәртөк МГ, 10 кл. Физика пәні бойынша: ІІ орын - Тажадин Айнұр - Мұғалжар,Қандыағаш №1 ОМ, 8 кл; ІІІ орын - Байсын Венера - Мұғалжар,Қандыағаш №1 ОМ, 8 кл; І орын - Әбекен Біржан- Мұғалжар,Қандыағаш №1 ОМ, 9 кл; ІІІ орын - Кумарова Даяна - Қарағалы, №2 Бадамша ОМ, 9 кл; І орын - Меңдібекова Асылайым- Мұғалжар Қанд№2 ОМ, 10 кл; ІІ орын - Уразалина Эльмира - Ақтөбе, №17ОМГ, 10 кл. Химия пәні бойынша: ІІ орын - Дербисбаева Нурия - Хромтау, №6 ХМГ, 8 кл; ІІІ орын - Жүгініс Гүлдана - Хромтау, №6 ХМГ, 8 кл; І орын -Кажигалиева Дайана - Ақтөбе, №17ОМГ, 9 кл; ІІ орын - Сагидуллаева Айзат - Ақтөбе, №40 ОМ, 9 кл; ІІІ орын - Төлегенова Лаура Жомартқызы - Шалқар, Ә.Жангелдин ОМ, 9 кл; ІІ орын - Таубаева Бекайым - Шалқар, №8 ОМ, 10 кл; ІІІ орын - Кунарова Жулдызай - Қобда қазақ ОМ, 10 кл. Биология пәні бойынша: І орын - Көбетаева Ақнұр - Шалқар, Ә.Жангелдин, 8 кл; ІІ орын - Кононенко Светлана - Ақтөбе, №17ОМГ, 8 кл; ІІІ орын - Турмулдинова Молдір - Мұғалжар,Қанд№2 ОМ, 8 кл; І орын - Жармұханбетова Нұржайнар - Әйтеке би, Қызылжұлдыз ОМ, 9 кл; ІІ орын - Винцевская Юлия - Темір, Кеңқияқ ОМ, 9 кл; ІІІ орын - Құдайбергенова Асемгуль - Хромтау, №6 ХМГ, 9 кл; І орын - Копжасаров Руслан - Темір,С.Байішев ат.ОМ, 10; ІІ орын - Жеделбаева Айгүл - Мәртөк, №2 Мәртөк МГ, 10 кл. География пәні бойынша: ІІ орын - Айжігіт Жанна – Хромтау ауд., №6 ХМГ, 8 кл; ІІІ орын - Тимошина Настя - Ақтөбе қаласы, Пригород ОМ, 8 кл; І орын - Жетпісбаев Жангелді – Шалқар ауд., М.Тәжин ОМ, 9 кл; ІІ орын - Сулейменова Гульжанар – Қобда ауд., Қобда орыс ОМ, 9 кл; ІІІ орын - Макен Диана – Алға ауд.,№2 Алға ОМ, 9 кл; І орын - Қаппарқызы Жанар - Әйтеке би ауд., Жабасақ ОМ, 10 кл; ІІ орын - Бактыгереева Салтанат - Ақтөбе қ., №17ОМГ, 10 кл. Қазақстан тарихы пәні бойынша І орын - Пеливан Эдуард - Қобда ауд, Қобда орыс ОМ, 8 кл; ІІ орын - Мұналбай Тоқмұрат – Алға ауд., Ильинка ОМ, 8 кл; ІІІ оын - Ганеева Луиза - Мұғалжар ауд., Жарык НМ, 8 кл; ІІ орын - Айтенова Мариям – Хромтау ауд., №5 ХМГ, 9 кл; ІІІ орын - Джумабеков Мақсат – Қобда ауд., Қызылжар ОМ, 9 кл; І орын - Рахманова Гүлмира - Мәртөк ауд.,№2 Мәртөк МГ, 10 кл; ІІІ орын - Абилмажан Айжан – Мұғалжар ауд., Ембі №2 ОМ, 10 кл. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша: І орын - Кәрібай Ғазиза -Хромтау, №6 ХМГ, 8 кл; ІІ орын - Бердімұратова Фатима Әйтеке би, Т.Г.Шевченко ОМ, 8 кл; ІІІ орын - Жаулыбай Арайгүл- Мұғалжар Қанд№5 ОМ, 8 кл; І орын - Құдайбергенова Индира -Шалқар ауд.,І.Үргенішбаев ат ОМ, 9 кл; ІІ орын - Райхан Ақгүл -Шалқар ауд.,Қарашоқат орта мектебі, 9 кл; І орын - Сәтбай Жайнар - Алға,№3 Алға ҚОМ, 10 кл; ІІ орын - Даулеталина Айгерім - Әйтеке би, Еңбекту ОМ, 10 кл; ІІІ орын - Болатбекова Ақалка - Әйтеке би, Қарабұтақ ОМ, 10 кл. Орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша: І орын - Хаджиева Милана - Қобда орыс ОМ, 8 кл; ІІ орын - Пономоренко Александра - Мұғалжар, Қанд№2 ОМ, 8 кл. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша: І орын - Марденова Айнұр - Ақтөбе, №17ОМГ, 8 кл; ІІ орын - Зюзина Дарья- Ақтөбе, №17ОМГ, 8 кл; І орын - Убайдуллина Ақгүл- Ақтөбе, №17ОМГ, 10 кл. Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша: І орын - Ғалымова Дана - Ойыл ҚОМ, 8 кл; ІІ орын - Мухтарова Анара- Ақтөбе, Благодар ОМ, 8 кл; ІІІ орын - Ауельбаева Гаухар - Алға, Сарықобда ОМ, 8 кл; ІІ орын - Курманиязова Дания - Қобда қазақ ОМ, 9 кл; ІІІ орын - Құдайбергенова Ақгүл - Әйтеке би, Қызылжұлдыз ОМ, 9 кл; ІІ орын - Меңдібекова Асылайым - Мұғалжар Қанд№2 ОМ, 10 кл; ІІІ орын - Байсалхан Нұржол - Хромтау, №5 ХМГ, 10 кл. Ағылшын тілі бойынша: І орын - Кеңшілік Әйгерім – Алға ауд., №4 Алға ОМ, 8 кл; ІІ орын - Танишева Даяна -Мұғалжар, Қанд№2 ОМ, 8 кл; ІІІ орын - Алихан Дина – Хромтау ауд., №6 ХМГ, 8 кл; І орын - Таирова Джамиля – Қобда ауд., Талдысай МБ, 9 кл; І орын - Хегай Кристина – Мұғалжар ауд., ,Қанд №2 ОМ, 10 кл. ^ 2012 жылғы сәуірдің 5-де М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты базасында республикалық «Үздік мектеп психологі» конкурсының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Конкурска облыстық дарынды балаларға арналған білім ұйымдарының 3 жылға дейін;3 - 7 жылға дейін; 7 - жылдан астам еңбек өтілі бар мектеп психологтері қатысты. жалғасы Конкурстың басты мақсаты - талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтерді анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру). Конкурстың басты шарты дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары психологтарының шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелері мен психологиялық-педагогикалық идеялар, жобалары, іс-тәжірибелерімен алмасу. Конкурс қатысушылары кәсіби шеберлігінің практикалық деңгейін, білім беру мазмұнын игергенін, әдістемелік дайындығын, өз іс-әрекетін жобалау және инновациялық технологияларды меңгеру деңгейін көрсете білді. Орындаған тапсырмалары: 1.Эссе жазу: «Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым». 2.«Өзін-өзін таныстыру». Қатысушылар өздерінің көшбасшылық қабілетін, креативтілігін, пайдалана отырып, өздерін түрлі формада таныстырды. 3. Өзі таңдап алынған авторлық бағдарламаның тұсаукесері. 4. Психологиялық тест тапсырмаларын орындау. 5. Психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешу. 6. «Психологтың ғажайып әлемі» конкурсы монолог түрінде өтеді. Республикалық «Үздік мектеп психологі» конкурсының облыстық іріктеу кезеңінің нәтижесінде Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының психологі М.Истигулова республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық «Үздік мектеп психологі» конкурсы ағымдағы жылғы 14-16 мамыр күндері Ақмола облысы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өтеді. Сәттілік тілей отырып, жеңістерге жете беруіне тілектеспіз! «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» шығарма байқауының сараптамасы 2012 жылдың 17 сәуірінде «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 класс оқушылары арасында шығарма байқауы өткізілді. жалғасы «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» шығарма байқауының сараптамасы 2012 жылдың 17 сәуірінде «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 класс оқушылары арасында шығарма байқауы өткізілді. Мақсаты - оқушыларды қоршаған ортаны қорғау, оны аялау білуге тәрбиелеу және табиғат пен адамзаттың бір – біріне тәуелді екенін ұға білуге баулу. Шығарма байқауына Әйтекеби, Байғанин, Мәртөк, Мұғалжар, Қарғалы, Қобда, Темір, Хромтау, Шалқар аудандары мен қала мектептерінен қатысқан 161 оқушының жұмысы қазылар алқасына ұсынылды. Оқушылардың аудан (қала) бойынша қатысымы мен жүлделі орындарға ие болу кестесі:
Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялай білу, экология зардаптары туралы өздерінің көзқарастарын жазған. Табиғат пен адам баласының арасындағы байланысты, яғни, оны аялап, баптағанда адамзатқа бар байлығын беретіні туралы мысалдар, нақыл сөздер қолданған. Сондай- ақ, дана ғалымдардыңсөздерімен қатар, Абайдың, М. Жұмабаевтың, Қ. Мырзалиевтің,Ф. Оңғарсынованың, М. Мақатаевтың табиғат туралы айтқан өлең жолдарынан үзінділер ала отырып, шығарманың мәнін аша түскен. Оқушылар өздері де табиғатты қорғап, аялау туралы өлең шумақтарын келтірген. Олар – Т. Маруақызы (№4 Мәртөк НМ), Ә. Сүгіралина (№8 Шалқар ОМ), А. Нуруллаева (№4 Қандыағаш ОМ), Қ. Қасенов (М.Арын атындағы Қарғалы ОМ). Ғаламтордағы мәліметтермен ғана шектеліп, өздерінің пікірлерін жазбаған оқушылар да кездесті. Сондықтан, шығармалар бірін- бірі қайталап, ғаламтордан көшірілгені байқалды. Шығарма жазу байқауына Алға, Ырғыз, Ойыл аудандарынан оқушылар қатысқан жоқ. «Таза болса табиғат - аман болар адамзат» тақырыбында өткізілген шығарма байқаyы - оқушыларға қоршаған ортаны аялап, оны сақтай білу туралы мағлұматтарды ұғынуына мол әсер қалдырғаны сөзсіз. |